Oryn_B_5-035_top_ZhMF_Narkologia_SRS.ppt
- Количество слайдов: 27
Қарағанды Мемлекттік Медицина Университеті Психиатрия және наркология кафедрасы «Гашиш наркоманиясы. Каннабиноидтар пайдалану салдарынан пайда болатын психикалық бұзылыстар» Орындаған: Орын Б. 5 -035 топ ЖМФ Тексерген: Дүйсенбаева Б. Д Қарағанды – 2016 ж
Жоспары: v. Кіріспе v. Гашиш наркоманиясы v. Этиология v. Классификация v. Патогенез v. Клиникасы v. Диагностика, емі vҚорытынды
Есірткіге қарсы күрес XX ғасырдың басында халықаралық сипат алып, арнайы құжаттармен бекітілді. 1946 жылдан бақылау Біріккен Ұлттар Ұйымының құзырына көшті. Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезенде ересектер арасында да ескірткіге әуестенетіндер көбейіп келеді. Нашақорлардын саны 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда 98% өскен.
v Гаши ш (перс. « ﺣﺸیﺶ хаше ша» — «сено, құрғақ шөп» ), коноплядан жасалатын психотропты өнімдердің жалпы атауы, негізінен каннабис шайырынан жасалады. Өсімдіктің жапырақтарынан немесе гүлдерінің майлы бастарын кептіру және пресстеу нәтижесінде жасалады. Бұл өнім қатты немесе жұмсақ, құрғақ немес порошок тәрізді болуы мүмкін. Негізгі активті заты дельта-9 тетрагидроканнабинол.
Марихуанадан айырмашылығы психоактивті заттар концентрациясы жоғары, себебі канопля гүлдерінде ол зат жапырақтарынан әлдеқайда көп. Сондықтан гашиштің әсері марихуанадан күштірек. Гашиштің түсі сұр, қоңыр, тіпті қара да болуы ықтимал. Азия елдерінде гашишті ганджа немесе чаррас деп атайды.
Наркотик Гашиш немесе гашиш майы Классификация Каннабис РФ НЗ тізімі бойынша 1 тізім (наркоткалық зат) Фабрикалық атауы Хэш, хэш ойл Медицинада қолданылуы Қолданылмайды Физикалық тәуелділік Әлсіз Психикалық тәуелділік Орташа Толеранттылық ия Ұзақтығы 2 -4 сағат Қолдану тәсілі Шегу, ішке қабылдау Әсері Эйфория, тежелу, аппетит жоғарлауы, оринтация бұзылуы Дозасын шамадан тыс асыру Шаршағыштық, параноя, психоз Қабылдау үзгеннен кейінгі синдромдар Ұйқы бұзылысы, гиперактивтілік, тәбет төмендеуі
Этиологиясы Ø Әлеуметтік: мамандығы; алған ақпараттылығы , тұратын мемлекеті (үшінші елдер). Ø Отбасылық факторлар: егер ата – анасы наркотиктерді қабылдаса , толық емес отбасы. Ø Жеке тұлғалық фактор: адамның мінез-құлығы, санасы, ойлау қабілеті , алған білімі, ұлты, жасы, жынысы. Ø Қоршаған орта факторы: жиі тұрғылықты орнын ауыстыру, тұрғылықты жеріне байланысты. Ø Биологиялық факторлар: әртүрлі адамдар ағзасының индивидуалды ерекшеліктеріне байланысты. Тұқым қуалаушылық. ДНҚ құрылымының өзгерістері. Ø Психологиялық немесе психикалық факторлар: әртүрлі психикалық жағдайларда стресстік жағдайлардан құтылу үшін , депрессия әсерінен, шамадан тыс наркотикалық заттарды қолдану (ұйықтататын, тыныштандыратын, психостимуляторларды және седативті заттарды қолдануда дамиды). Ø Жарақаттар, ауыр инфекциялық аурулар, онкологиялық аурулар, мүгедектер.
Басқаша атаулары: Конопля Солома Травка Анаша Шала Косяк Гашиш Дурь Ханка
Әлем бойынша таралуы: Гашишизм алкоголизмнен кейін дүние жүзі бойынша 2 -ші орын алады. Гашишпен улану: алғашында 2 -5 мин ұзақтығы — жеңіл бас айналу сезімі, көз алдында бәрі шомылып жүргендей. Кейін жылулық, қолдағы, аяқтағы ауырлық сезімі, ақымақтану (одурение). 10 -20 мин өткен соң қоршаған ортаға, түске, дыбысқа, өз денесіне деген сезім бұзылыстары байқалады. Гашишпен уланудың ерекшеліктері: Адам өзін сырттан бақылай алатындай және өз-өзімен болып жатқанды бағалай алады.
Гашишты улану патогенезі Каннабиоидты шегу кезінде қан ағымына тетрагидроканнабинол шамамен 50% түседі. Сарысуда тетрагидроканнабинолдың концентрациясы шыңына 70 минут ішінде жетеді. Кейін психиактивті заттардың концентрациясы 1 сағат ішінде төмендейді, ал әсер етудің субъективті әсері 6 -8 сағ ішінде редуцирлейді. Каннабиоидты ішке қабылдау, шегуге қарағанда қанға тетрагидроканнабинолдың 1/3 бөлігіне аз түседі.
Клиникасы Объективті көрінісі: v Терінің қызаруы; v Көздің қызаруы мен жылтырауы, қарашықтың кеңеюі; v t°C төмендеген, терісі ылғалды, салқын, мандайы тершең; v тахикардия (ЖСЖ 100 соқ/мин), тахипноэ (ТАЖ 30 соқ/мин); v Тілде қою қоңыр жабынды, аузы мен киімінен қатты тәтті иіс, шөлдеу, аштық. Гашишты шегетін адамдардың эмоциясы өте құбылмалы болып келеді. Бұндай эмоциональды жағдайдағы адамдар өз эмоциясын тоқтата алмайды. Интоксикациядан шыққан соң — қозу жоғалады, санасы тежеледі, әлсіздік, АД төмендейді, қатты аштықты сезінеді. Егер ешкім ол адамға соқтықпаса 10 -12 сағ. ұйқыға кетеді. Ұйқысы мазасыз, ұйқыда сөйлейді, соған байланысты қозғалады. Гашишты нашақорлықпен уланғандардың ұзақтығы бірнеше сағат. Артық дозада қабылдағанда- ес бұзылыстары – есенгіреуден сопор, комаға дейін. Эпилепсия және психоз кезіндегі сияқты дірілдер байқалады. Ағымы алғашында – эпизодты қабылдау. Эпизодты шегу кезінде толеранттылық 3 -5 темекіге дейін өседі. Гашишты шегу ішімдікпен кезектес бірақ кейіннен ішімдік азайып, 6 -8 ай өткен соң организм тек гашишты керек етеді.
Гашишизм даму сатылары Нашақорлықтың бірінші сатысы психикалық тәуелділіктің дамуымен сипатталады. Ол эйфория тудыратын заттарға обссесивті әуестіну және гашиштің болмауына мазасыздануымен көрінеді. Есірткіні және өзі тәулігіне 2 -3 рет шегеді, яғни жүйелі түрде болатын гашишпен белсенді түрде өзінің есірткісін іздейді. Масаю формасының уғысуының басталуы (қоқынышсыз, үрейсіз)қорғаныш реакциялардың жоғалуы (бет гиперемиясының азаюы, мидриаз, бұлшықет босаңсуы), толеранттылық дамуын өзгерген реактивтілік синдромы анықтайды. Нашақорлықтың екінші сатысы: 2 -3 жылдан кейін ретті шегу кезінде дамиды. Алдыңғыдан физикалық тәуелділіктік және өзгерген реактивтілік синдромдарының жаңа сапасымен, психикалық тәуелділік дамуымен ерекшеленеді. Улану кезінде нашақор өте қысқа алғашқы психосоматикалық босаңсуды сезінеді. Кейін ол жинақы, күлкілі, белсенді қозғалады, жұмысқа қабілетті , ойлау жылдамдығы күшейеді. Масаю 1 -1, 5 сағатқа дейін созылады, кейін тонусы, жұмысқа қабілеті төмендейді, гашиш нашақорға, оның қызметінде стимуляторға айналады. Үшінші сатысы: Есірткіге толлеранттылық арта түседі. Психикалық тәуелділік синдромы толық дамиды. Есірткінің ынталандырғын әсері психикалық қызметке жалғыз, кейін физикалық камфорт жағдайына, есірткіге масаю кезінде қолайлы жұмысқа, қабілеттілікке жету мүмкіндігі түзіледі.
Гашишизм даму сатылары Нашақорлықтың бірінші сатысы психикалық тәуелділіктің дамуымен сипатталады. Ол эйфория тудыратын заттарға обссесивті әуестіну және гашиштің болмауына мазасыздануымен көрінеді. Есірткіні және өзі тәулігіне 2 -3 рет шегеді, яғни жүйелі түрде болатын гашишпен белсенді түрде өзінің есірткісін іздейді. Масаю формасының уғысуының басталуы (қоқынышсыз, үрейсіз)қорғаныш реакциялардың жоғалуы (бет гиперемиясының азаюы, мидриаз, бұлшықет босаңсуы), толеранттылық дамуын өзгерген реактивтілік синдромы анықтайды. Нашақорлықтың екінші сатысы: 2 -3 жылдан кейін ретті шегу кезінде дамиды. Алдыңғыдан физикалық тәуелділіктік және өзгерген реактивтілік синдромдарының жаңа сапасымен, психикалық тәуелділік дамуымен ерекшеленеді. Улану кезінде нашақор өте қысқа алғашқы психосоматикалық босаңсуды сезінеді. Кейін ол жинақы, күлкілі, белсенді қозғалады, жұмысқа қабілетті , ойлау жылдамдығы күшейеді. Масаю 1 -1, 5 сағатқа дейін созылады, кейін тонусы, жұмысқа қабілеті төмендейді, гашиш нашақорға, оның қызметінде стимуляторға айналады. Үшінші сатысы: Есірткіге толлеранттылық арта түседі. Психикалық тәуелділік синдромы толық дамиды. Есірткінің ынталандырғын әсері психикалық қызметке жалғыз, кейін физикалық камфорт жағдайына, есірткіге масаю кезінде қолайлы жұмысқа, қабілеттілікке жету мүмкіндігі түзіледі.
Ø Ø Ø Болдырмау синдромы: 2 -3 жыл жүйелі түрде қабылдағанда пайда болады. Гашишты шеккеннен кейін 4 -5 сағаттан соң тітіркенген-ашушаң мінез қалыптасады. Бұл симптомдарға есірткіге компульсивтілік келіп қосылады. Гашишке тәуелділік – болдырмау синдромының ең ұзақ әрі ең ауыр симптомы. Науқастың жағдайы нашарлаған, әлсіз. Кез-келген физикалық, психикалық жүктемеге тез шаршағыштық байқалады. Гашишизм кезінде болдырмау синдромының фазалары: Бірінші фаза. Негізгі көріністері. Қарашық кеңейген, есінеу, қалтырау, әлсіздік, бұлшықет босаңсуы, мазасыздану, дисфория, ұйқы және тәбетінің жоғалуы. Шекеннен кейін 4 -5 сағаттан кейін дамиды. Екінші фаза. Көріністері : жалпы вегетативтіқозу артады. Бұлшықеттер қатайған, аздаған тремор, гиперрефлексия, жеке бұлщықет шоғырларының тартылуы мүмкін. АҚҚ жоғарлайды, тамыр соғысы, тынысы жиілейді. Алғашқы тәуліктердің аяғында есірткі қолданбағанда көрінеді. Үшінші фаза. Синес топатиялық, яғни гашишизмге тән байқалады. Науқас кеудесінде ауырлық, басу сезімін, тынысының қиындауын, жүрегінде ауырсыну, қысу, басының әсіресе төбесінде және самайында қысу және басу сезімін сезінеді. Теріде және тері астында күйдіру, жағымсыз пісу, тартылу, өрмелеу сезімі байқалады. Науқас жалған сезімдердің себебін дұрыс бағалайды. Компульсивті әуестену өзінің қарқындылығына жетеді. Науқастар жылауық болады. Асқынбаған абсистенция кезінде астениялық депрессия дамиды. Үрейлі мазасыздану байқалғанда, қабылдамағанда 3 -5 ші тәулігінде абстинетті психоз болуы мүмкін. Бұл фаза есірткіні қолданбағанда 2 -ші тәулікте көрінеді.
ХАЖ бойынша жіктелуі F 12. 0 Каннабиноид қабылдағаннан туындаған жедел интоксикация F 12. 1 Бір реттік емес каннабиноид қабылдағаннан зиянды нәтижелері (тәуелділіктің бастапқы сатысы, ) F 12. 2 Каннабиноидтан туындаған тәуелділік синдромы (орталық дәрежедегі тәуелділік) F 12. 3 Каннабиноидтан бас тарту синдромы (абстинентті жағдай) F 12. 4 Каннабиноидтан бас тарту синдромы делириямен бірге (абстинентті жағдайделириямен) F 12. 5 Каннабиноидтан туындаған психотикалық бұзылыстар F 12. 6 Каннабиноид қолданудан пайда болған амнестикалық синдром F 12. 7 F 12. 8 Каннабиноидтан пайда болған басқа да психикалық және қимыл-әрекеттің бұзылыстары F 12. 9 Каннабиноидтан пайда болған анықталмаған психикалық және қимыл-әрекеттің бұзылыстары
Клиникалық көрінісі. F 12. 0 Каннабиноид қабылдағаннан туындаған жедел интоксикация Интоксикация белгілері наркотикті шеккен соң бірнеше минутта, ал ішке қабылдағаннан кейін 30 минуттан соң байқалады. Алғашқы белгілері – жүрек қағуы, көздегі инъекция. Ең алдымен жылу сезіну, босаңсу, денеді жеңілдік белгілерімен көрінеді. Сыртқы ортаға және уақыт деген ориентация өзгереді. Түстер анық болып көрінеді, уақыт баяулағандай болады. Координация мен тепе-теңдік сақтау бұзылады. Интоксикация ауыздың құрғауы мен асқа тәбеттің жоғарылауы, шөлдегіштікпен сипатталады. Улану ұзақтығы наркотик дозасына және қолдану түріне байланысты, көбінесе 6 -12 сағаттан аспайды.
Каннабиноидтармен интоксикация делириямен бірге (F 12, 03) Жедел токсикалық психоздар каннабиноидтарды жоғары дозада қолданғаннан кейін туындайды. Бұл жағдай психомоторлы қозумен, дезориентациямен, дереализациямен және үреймен, қорқынышпен, көру және есту галлюцинациялармен, сонымен қатар сандырақпен сипатталады. Ұзақтығы бірнеше сағаттан 2 тәулікке дейін созылады.
F 12. 2 Каннабиноидтан туындаған тәуелділік синдромы Көкнәр препараттарын эпизодты түрде қабылдау тәуелділікті болдырмауы да мүмкін. Наркотикті күнделікті қолдану 3 айдан соң тәуелділік қалыптасады. Әлсіздікпен, ұйқышылдықпен, көңіл-күйдің төмендеуімен.
F 12. 3 Каннабиноидтан бас тарту синдромы немесе абстинентті жағдай Абстинентті жағдайдың қалыптасуы әр адамда әр түрлі болып келеді. Үнемі қолданатындарда 2 -3 жылда пайда болады. Шаршағыштық, ұйқының бұзылуы, тремор, тершеңдік, жүрек айну, құсумен көрінеді. Көңіл-күйі төмен, қозғыштық байқалады. Кейде суицидальды жағдайларға да алып келуі мүмкін. Сенетопатиялық сезімдер: кеуде тұсының басылуы сезімі, тыныс алудың қиындауы, бастың самай бөлігінің қысып ауыруы. Абстинентті жағдай 3 -5 күнде шыңына жетеді, ұзақтығы 7 күнге дейін созылады.
Диагностика Клиникалық зерттеулер. Каннабиноидтармен интоксикация белгілері: v Эйфория v Босаңсу v Өзін жақсы сезіну v Уақыттың баяулау сезімі v Тәбет жоғарылауы v Ауыз құрғауы v Тахикардия o Каннабиноид қабылдағаннан соң абстинентті жағдай o Есірткіге әуестік o Апатия o Қозғыштық o Үрей o Тәбеттің болмауы, тремор o Тершеңдік o Жүрек қағуы
Лабораторлық зерттеулер Тетрагидроканнабиноидтарды немесе оның метаболиттерін анықтау үшін иммунохроматографиялық скрип-тест жүргізіледі.
Емі. Ауыр интоксикацияда психикалық жағдайды емдеу: Анксиолитиктер: диазепам 0, 03 г/тәу. Инфузинды терапия: натрий хлориді 0, 9% 400, 0 мл Симптоматикалық: витаминотерапия Абстинентті синдромды емдеуге арналған психотропты заттар: транквилизаторлар: диазепам 0, 03 г/тәу, феназепам 0, 0005 -0, 0003 г/тәу. Рецепторға қарсы препараттар: Антидепресанттар: пароксетин 0, 020, 04 г/тәу, флувоксамин 0, 1/0, 3 г/тәу, кломипрамин 0, 075 г/тәу, амитритиптилин 0 , 075 г/тәу Нейролептиктер: перициазин 0, 01 -0, 03 г/тәутиоридазин 0, 03 -0, 075 г/тәу.
Болжамы Негізінде каннабиноидтарға ұзақ тәуелділік болжамы қолайсыз. Бірақ кейбір жағдайларда опиоидтар немесе басқа психобелсенді заттарды қолдануға ауысуы мүмкін.
Қорытынды Нашақорлық - ғасыр дерті, анашалық заттар адам өміріне аса қауіпті екенін ұғына отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүру. Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ кепілі. Адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп, отыруы абзал. Жалпы халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана қағидасы әрдайым жадымыздан шықпайтын биік ұстаным болуға тиіс.
Қолданылған әдебиеттер: Национальное руководство по наркологии (2008 ж) М. Л. Рохлин наркомания және токсикология Г. И. Каплан Клиникалық психиатрия Наркология: национальное руководство / Под ред. Н. Н. Иванца. И. П. Анохиной, М. А. Винниковой. – М, : ГЭОТАР-Медиа. 2008. - 720 с. - ( Серия «Национальные руководтсва»
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ
Oryn_B_5-035_top_ZhMF_Narkologia_SRS.ppt