23.pptx
- Количество слайдов: 27
Қарағанды Мемлекеттік Медициналық Университеті Терапиялық стоматология кафедрасы ДӘРІС Тақырыбы: Ауыздың сілекейлі қабығының жүйелі аурулары кезінде жарақаттануы. Клиникасы, нақтамасы, емі. Дәрігерстоматологтың тәсілі.
Дәріс жоспары Ауыздын кілегей қабығының жүрек ауруларында болатын өзгерістер. Асқазан ішек жолдары ауруларында ауыздын кілегей қабығында болатын өзгерістер. Эндокриндік жүйесі ауруларында ауыз қуысында болатын өзгерістер.
Дәріс мақсаты: Дәріс аяғында студент білуі керек: Жүрек ауруларында ауыз қуысы кілегей қабығында болатын өзгерістерді, клиникасын. Асқазан ішек жолдары ауруларында ауыз қуысы кілегей қабығында болатын өзгерістерді, клиникасын. Эндокриндік жүйе ауруларында ауыз қуысы кілегей қабығында болатын өзгерістерді, клиникасын. Және осы аурулардың ауыз қуысындағы көріністерін емдеу кезіндегі дәрігер-стоматолог тактикасын.
Ауыз қуысындағы өзгерістер ішкі без секрециясының қызметі бұзылғанда немесе оның гипофункция, гиперфункциясы кезінде дамиды. Кейбір эндокриндік бүзылыстардың стоматологиялық көріністеріне қатты диагностикалық мән беріледі, өйткені бұл көріністер жалпы клиникалық белгілерден басым келеді. Айта кететіні ауыз қуысы кілегей қабығындағы көріністер көбінесе басқа да эндокринді емес аурулардың өзгерістеріне ұқсас келеді.
Ауыз қуысы кілегей қабығындағы өзгерістер (катаральды стоматит, эпителий десквамациясы және басқалары) эстроген секрециясы бұзылуы нәтижесінде жыныс бездерінің қызметінің бұзылуы кезінде де кездеседі. Стоматологтардың эндокринді бұзылыстар кезіндегі ауыз қуысы кілегей қабығындағы өзгерістердің ерекшеліктерін білуі ауруды алғашқы сатыда анықтауға жалпы патология кезінде жергілікті көріністерді дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Қантты диабет. Ауру негізіне көмірсу алмасу бүзылысы жатады. Кейінірек ақуыз және май алмасуының бүзылысы байқалады. Ауыз қуысындағы көрінісі көбінесе аурудың бірінші белгісі болып табылады.
Аудиторияға сұрақ Жүйелі аурулар кезінде болатын ауыз қуысындағы қандай өзгерістерді білесіздер? Қантты диабет кезінде олардың қайсысы болуы мүмкін?
Ксеростомия ауыз қуысының қүрғауы науқасты ауру басталысымен мазалайды. Бүл симптомның дамуы әр науқаста әр түрлі көбінесе қатты шөлдеп, аппетит ашылады. Кілегей қабықты қарағанда төмен немесе қүрғақ, жылтыр аздап қан кернеген. Диабет кезінде дамыған кілегей қабығының қүрғақтығы дегидтрация әсері деп қаралады. Есте үстайтыны ксеростомия көбінесе басқа да аурулар мен жағдайларда кездесуі мүмкін.
Катаральды стоматит, глоссит Диабет кезінде ауыз қуысы кілегей қабығы немесе оның кейбір бөліктерінің қабынуы инфекция түскенде жеңіл жарақаттанады да дамиды. Өйткені кілегейлі қабықтың барьерлік қызметі нелеттен тқмендеп дисбактериоз қүбылысы дамиды. Бүған сілекей көлемінің азаюы мүмкіндік жасайды. Науқастар тамақ ішкендегі ауру сезіміне, әсіресе ыстық пен қатты тамақ қабылдағандағы аурушаңдыққа шағымданады. Кілегейлі қабық қүрғақ, қан кернеген, кейде эрозия, қан үю, сияқты механикалық зақымдану іздері көрінеді.
Саңырауқұлақты стоматит, микотикалық ауыздық Ауыз қуысының әр бөлігіндегі саңырауқүлақты зақымданулар тұрақты келеді. Әсіресе жай кездесетіні микотикалық ауыздық. Осы кезде ауыз бұрышында ақ - сұр қабықпен жабылған сызаттар пайда болады. Ауыз қуысында саңырауқұлақты зақымданулар организмнің қарсыласуы төмендегі дисбактериоз әсерінен дамиды. Осыған тотығып үлгермеген алмасу өнімдерінің көбеюі әсерінен туған қышқыл сілтілі жағдай өзгерісі де мүмкіндік жасайды.
Парестезия диабет кезінде кілегейлі қабықта ерте оның құрғауымен бірге дамиды. Парестезияның клиникалық белгілері басқа да аурулардың мысалы нерв жүйесінің асқазан ішек жолдарының клиникалық белгілеріне үқсас келеді. Диабет кезіндегі кілегейлі қабықтағы күйдіру сезімдері эпителий маңайындағы және дененің басқа да бөліктерілерінің қышуымен жүреді. Диабет кезіндегі нерв жүйесі бүзылыстарына неврит, үштік нерв бүтақтарының невралгиясы жатады. Мүндай науқастардың дәм сезгіштігі бүзылады. Дәм сезудің бүзылуы, функционалдық сипатта болғандықтан ол жүргізілген емнен кейін қалпына келеді. Трофикалық бүзылыстар.
Аудиторияға сұрақ Қантты диабет кезіндегі АҚ-ғы көріністер бойынша басқа қандай аурулар туралы ойлауға болады?
Иценко Кушинга ауруы Ауру негізіне май алмасуының бүзылуы жатады. Бірақ осы кезде белокты, сулы, углеводты және алмасудың басқа түрлері де бұзылады. Ауру глюкокортикоидтардың гиперпродукциясы болып табылады, ол : а) бүйрек үсті қыртысының біріншілік бүзылысы б) аденогипофиздің АКТГ гиперпродукциясы. в) гипоталамус қызметінің бүзылуы мен қызметінің артуы.
Аддисонов ауруы Бүл аурудың негізіне бүйрек үсті қыртысының созылмалы жетіспеушілігі жатады. Аурудың негізгі белгісі - тері мен кілегейлі қабықтың өзіндік пигментациялануы. Ауыз қуысында, ерінде, тіл шетінде, үрт кілегейлі қабығында, көгілдір сүр қара түсті жолақтар мен дақтар пайда болады. Бүл кезде науқастарда субъективті сезімдер болмайды. Терідегі пигментация сәуле түсетін жерлеріне орналасады. (қолдың сыртқы жағы бет) Ауру өршігенде тері ақшыл қоңыр түске енеді. Жалпы симптомдардан -астения, асқаіан ішек жолдарының бүзылысы (қүсу, іші өту) арықтау. Ауыз қуысы мен терідегі өзгерістер көп мөлшерде меланин түзілуі әсерінен пайда болады. Бүл ауруды кейбір халықтың туа пайда болған пигментациясынан ауыр металл түздарымен уланудан салыстырады. Негізгі ауруды емдейді: жергілікті ем қажет емес.
Миксидема қалқанша безі жүмысының бүзылуы. Көбінесе әйелдер ауырады. Бұл аурудың алғашқы сатысында ауыз қуысында еш өзгеріс болмайды. Дамыған сатысында тілі ұлғайып, сөйлей алмайды. Бұл белгілер ұзақ дамиды. Науқас түрі өзіндік пішінге енеді: мұрын мен ерін қақсап, жоғарғы қабақ ісінеді, көз саңылауын жабады, бет тіл көлемі күрт үлғайып, (макроглоссия) оның шеттерінде тіс іздері қалады. Жүтқыншақ кілегей қабығының ісінуімен дауыс өзгереді. Ісіну терімен, кілегей қабықтың қүрғауымен қабаттасады. Жалпы өзгерістер психоневроз клиникасына үқсас. Жергілікті ем қажетемес. Көрсеткішіне байланысты ауыз қуысын сауықтыру. Эндокринолог қалқанша без гармонын тағайындайды. Ауыз қуысы адам организмдегі әр түрлі мүшелер және жүйелермен тығыз байланысты
Аудиторияға сұрақ Миксидема кезіндегі ауыз қуысындағы негізгі клиникалық белгілерді атаңыздар.
Гиперацидті гастрит - тіл тығыз қақпен жабылған. Аздап ісінген. Тамақ іщкенде күйдіру, аурушаң сезім байқалады. Гипоцидті гастрит - тілдің көлемі кішірейеді, қақпен жабылмайды, жіп тәрізді бүртік атрофияланады. Тілдің беті әр жерінде дақтар мен сызықшалар орналасқан жылтыраған күйге енеді. Бүл кезде дәм сезуі бүзылып, ксеростомия байқалады. Асқазан мен 12 бүрлі шектің жаралы ауруы кезінде тіл сүр түсті қақпен жабылады. Бетінде десквамация бөліктері байқалады. Саңырауқүлақ тәрізді бүртіктердің кейбірі үлғайып, гипермаливация байқалады, тәттіні сезу сезімі төмендейді, жедел катаральды гингивит дамиды. Асқазанның рак ауруында -ащыны, тәттіні сзу сезімі төмендейді. Тілдің барлық беті тығыз ақ қақпен қапталады.
Жүрек қан тамыр аурулары кезінде ауыз қуысында болатын өзгерістер Декомпенсирленген жүрек парогінде кілегей қабық құрғақ, таңдай доғасы мен қызыл иек шеті көгілдір түске енген. Ерін мен оған жақын орналасқан тері бөлігі көгілдір болып, катаральды стоматит дамиды. Негізгі аурудың ауыр түрінде жаралар пайда болады да қабыну процесі болмайды. Ауыздан жағымсыз иіс шығады, Өлі еттенуі зақымдану үлкен көлемді болып, қанағыш келеді. Миокардтың инфарктісі кезінде. Кілегей қабықтың көгілдір түске енуімен қатар, тіл ашық - қызыл түске енеді, кейде жарылып, күйдіргі аурушаң сезім пайда болады. Сөйлеу мен тамақ іпгу қиындайды. Стоматоскопия арқылы тілдің бүртіктері мен бүртік аралық тіндердің жарылу эрозия, жара, қан үйығыштық көруге болады.
Патогенезі бойынша жедел лейкоз мынадай мүшелерге бөлінеді: Миелобласты Лимфобласты Пролимелоцитарлы Гистомонобласты Эритромиеолоз Мегакариобласты Дифференцияға үшыраған түрлері.
Жедел лейкоз кезіндегі науқастардың шағымы:
Созылмалы лейкоз - қалыпты жағдайдағы қан түзілуімен байланыссыз органдардың ретикулярлы клеткасымен келетін қан элемнеттерінің патологиялық метаплазиясымен сипатталады, мысалы бауырдың ретикулогистоцитарлы жүйесінің клеткасын әр түрлі органдардың дәнекер тілінен оның ішінде тістің пульпасы мен периодонтымен ақкқ этиологиясы белгісіз, инфекциялы вирусты, радиациялы, алмасу, генетикалық неопластикалық теория орын алады.
Созылмалы ретикулез Аз кездеседі. Алғашқы симптомы - 1 -ші регионарлық сосын барлық лимфа түйіндерінің үлғаюы. Аздаған лейкоцитоз 10 -12 мың /мм. З лимфоцитоз, лейкоциттердің саны 11 - 40% жетеді, (ТЧ -1 -2) бөлінбеген ретикулярлы клеткалар пайда болады. Ауыз қуысы лимфа аппараты үлғайады, қызыл иектің кілегейлі қабаты қабынады, пародонтальды абсцесстер, қан үюы, қызыл иек бүртіктері өлі еттеніп, жараланады. Созылмалы қайталанбалы афтозды стоматит, кандидоз дамиды.
Әдебиеттер Негізгі әдебиеттер: Боровсий Е. В. , Иванов В. С. , Банченко Г. В. и др. Терапевтическая стоматология. - М. , 2007. Дмитриев А. А. Лечение и профилактика болезней зубов и пародонта. – 2008. Терапевтическая стоматология: Учебник. В 3 -х ч. / Под ред. Г. М. Барера. М. ; ГЭОТАР-Медиа. Ч. 3: Заболевания слизистой оболочки полости рта. 2005. Қосымша әдебиеттер: Бер Р. , Бауманн М. Ким С. Атлас по стоматологии. – М. , 2006. Леманн К. , Хельвиг Э. – Основы терапевтической и ортопедической стоматологии. - М. , 2009. Рациональная фармакотерапия в стоматологии: Руководство для практикующих врачей/ Под общ. Ред. Г. М. Барера, Е. В. Зорян. - М. : Литтерра, 2006. Царинский М. М. Терапевтическая стоматология. - Ростов-на-Дону, 2008
Назар аударғандарыңызға рахмет!
23.pptx