мира оз.pptx
- Количество слайдов: 12
Қарағанды Мемлекеттік Медициналық Университеті Әлеуметтік медицина және денсаулықты ұйымдастыру кафедрасы Тақырыбы: Қоғамдық денсаулыққа байланысты медицинаның этикалық мәселелері Қабылдаған: Маканова У. К. Орындаған: Жаилау М. И. 3 -004 ҚДС Қарағанды 2014
Жоспар: • Денсаулық түсінігі • Қоғамдық денсаулыққа байланысты медицинаның этикалық мәселелері • Негізгі қағидалар • Қорытынды • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Денсаулық түсінігі Қазіргі кезде денсаулық ұғымының көптеген анықтамалары бар, олар осы категорияның қандай да бір аспектілерін ұғындыруға және әртүрлі критерийлер мен ыңғайына негізделген. Дегенмен, денсаулық ұғымының қабылданған ортақ анықтамасының жоқ екендігін айта кету керек. Денсаулық ұғымының анықтамасы және денсаулық деңгейін бағалау осы сала тарихында үнемі өзгеріп отырды, ал денсаулық туралы ғылымның пайда болуы мен даму процесі көптеген қиындықтарды жеңумен қатар жүрді, бұл зерттеу объектісінің күрделілілгімен байланысты. Денсаулықтың әлеуметтік жағдайға байланысты екенін мойындау XX ғасырдағы тарихы оқиға болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жарғысында және көптеген негізгі құжаттарда: «Денсаулық – бұл ауру немесе дене кемістігініңболмауы ғана емес, бұл физикалық, психикалық және әлеуметтік толық аман – есендік» деп бекітілген.
Қоғамдық денсаулық – бұл халықтың физикалық, психикалық және әлеуметтік аман – есендігінің кешенді сипаттамасы, азаматтардың салауатты өмір салтын сақтауға, аурулар мен жарақаттардың алдын алуға, сонымен қатар қоршаған ортаның қолайсыз факторлары әсерін болдырмауға жұмсалған қоғамдық күш салудың нәтижесін көрсетеді.
Қоғамдық денсаулыққа байланысты медицинаның этикалық мәселелері • Этика (ethika, ethos)- грек сөзінен қазақшаға аударғанда әдет, әдеп деген мағына беретін, игеру, обектісі мораль болып табылатын философиялық ғылым. Адамгершілік туралы ілімді айқындау үшін «Этика» термінің енгізген Аристотель. Деонтология(гректің « deon» - парыз және « logos» - ілім -деген сөздерінен құралған)парыз туралы ілім. Деонтология терминін XIX ғасырдың бас кезінде адамнынң кәсіби мінезқұлқы туралы ғылым ретінде енгізген ағылшын философы И. Бентам.
Қоғамдық денсаулыққа байланысты медицинаның этикалық мәселелері • Медициналық этика мен деонтология- медицина қызметкерлеріне жоғары гуманистік, моралдық- этикалық және эстетикалық талаптарды, әрдайым кәсіби деңгейді білікті жетілдіруді, патриотизимді – өз Отанына, халқына шын берілгендікті жетілдіруіді, өз ісі мен парызына жауапкершілікті қалыптастырудың және тәрбиелеудің негізі ретінде. • Медицинадағы этика мен деонтология жалпы этиканың бір саласы ретінде дәрігердің науқасқа, оның туысқандарына, әріптестеріне, кіші медицина қызметкерлеріне, әлеуметтік қызымет көрсету орталықтарының қызметкерлеріне қатысты қарым-қатынасы мен іс - әрекеті, мінез-құлық принциптерін қарастырады, сондай-ақ дәрігердің медициналық деонтология қағидаларына сай келуі зерделенеді
Қоғамдық денсаулыққа байланысты медицинаның этикалық мәселелері • • Медициналық этика ( лат. еthica, грек тілінен алғанда ethice адамгершілікті зерделеу), немесе медициналық деонтология ( грек deon- парыз; термин « деонтология» соңғы жылдардағы отандық әдебиетте кеңінен қолданылуда), - медицина қызметкерлерінің өз кәсіби міндеттерін орындау барысындағы қағидалар мен этикалық нормалар жиынтығы. Қазіргі заманғы түсінік бойынша , медициналық этикаға келесі аспектілер кіреді : . ғылыми – медицина қызметкерлерінің жұмысының этикалық және адамгершілік аспектілерін зерттейтін медициналық ғылым тарауы; . практикалық - кәсіби медициналық қызмет барысында этикалық нормалар мен ережелерді қалыптастыру және қолдану міндеті болып табылатын медициналық практикасының саласы. Медициналық этика үш негізгі бағыт бойынша тұлғаралық қарым- қатынастардың әртүрлі мәселелерін зерделейді және шешеді: ·. медициналық қызметкер – емделуші, ·. медициналық қызметкер – емделушінің туысқандары, ·. медициналық қызметкер – медициналық қызметкер. Төрт этикалық қағидаттарды қамтиды: қайырымдылық, автономия, әділеттілік және толыққанды медициналық көмек. Осы қағидаттардыңпрактикада күнделікті қолданылуын талқыламас бұрын олардың әрқайсысына қысқаша сипаттама бергеніміз жөн болар.
Негізгі қағидаттар • • Қайырымдылық қағидаты : « Мен емделушіге мейіріммен қараймын, немесе, тым болмағанда, оған зиян келтірмеймін » дегенді білдіреді. Қайырымдылық дегеніміз емделушіге зергек және ілтипатты көзқараспен қарау , науқас денсаулық жағдайының күрделігімен барабар емдеудіңоңтайлы әдістерін таңдау, емделушінің медициналық араласуғадайындығы мен қабілеттілігі. Ең бастысы, медицина қызметкерінің кез келген әрекеті нақты емделушінің жағдайын жақсартуға бағытталуы шарт! Автономия қағидаты әрбір емделушіге және оның шешімдерінесыйластықпен қарауды талап етеді. Әрбір адам мақсат ретіндеқарастырылғанмен , бірақ сол мақсатқа қол жеткізетін құрал ретінде қарастырылмайды. Медициналық көмектің құпиялылықты, емделушінің мәдениетін, дінін, саяси және басқа да көзқарастарын құрметтеу, медициналық араласуға ақпаратты келісім беру, күтуді бірлесе жоспарлау және жүзеге асыру, сондай-ақ емделушінің өз бетімен шешім қабылдауы, немесе осы емделушінің заңды өкілінің шешім қабылдауы сияқты аспектілері автономия қағидатымен байланысты.
Негізгі қағидаттар • Әділдік қағидаты / зиян келтірмеу медицина қызметкерлерінен емделушілердің мәртебесіне, ахуалына, кәсібіне немесе басқа да жағдайынақарамастан барлығына бірдей қарау және бірдей көмек көрсетуді талап етеді. Осы қағидат медицина қызметкері емделушіге қандай да бір көмек көрсетсе де, оның әрекеттері емделушіге де, басқа да тұлғаларға зиянкелтірмеуі керек екендігін анықтайды. Емделуші және оның туысқандары немесе өзге де медицина қызметкерлері арасындағы кикілжің туындағанжағдайларда , осы қағидатты басшылыққа ала отырып, біздер емделушініңмүддесін қорғауымыз керек. • Толыққанды медициналық көмек көрсету қағидаты кәсіби медициналық көмекті және емделушіге кәсіби көзқарасты, сапалы диагностика менемдеу жүргізу үшін денсаулық сақтаудың барлық қолда бар арсеналын қолдануды, алдын алу шараларды және паллиативті көмек көрсетудікөздейді. Осы қағидат денсаулық сақтау саласына байланыстызаңнаманың барлық нормаларының , сондайақ этикалық кодекстіңбарлық ережелерінің сақталуын талап етеді. Медицина қызметкерініңрухани жауапкершілігі оның медицина лық этиканың барлыққағидаттарын сақтауын тұспалдайды.
Қорытынды: • Қазақстан өзін әлеуметтік бағдарланған мемлекет ретінде танытып келеді. Сондықтан да денсаулық сақтау саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру айрықша маңызды болып табылады. Оның үстіне, бүгінгі қолданыстағы нормативтікқұқықтық актілер денсаулық сақтау саласын толықтай қамтымайтынын мойындауымыз керек. Бұның ішінде - мемлекеттік басқару құзыретін шектеу, секторлардың және ведомстволардың өзара іс-қимылы, клиникалық зерттеуді реттеу, пациенттердің құқықтары және міндеттері, медициналық қызметтегі этикалық қырлар, донорлық мәселелері, тіндерді ауыстырып қондыру шаралары өзекті болып табылады. Заң жобасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіру стратегиясын жүзеге асыруға бағытталады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі • http: //www. inform. kz/kaz/article/1227784 • Google
Назарларыңызға рахмет!!!
мира оз.pptx