Туберкулез.pptx
- Количество слайдов: 22
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ ВИЗУАЛДЫ ДИАГНОСТИКА КАФЕДРАСЫ СРС Туберкулез Орындаған: Карымсакова А. Уалихан Қ. 3005 ЖМФ Қабылдаған: Жанпейісов Ә. Қарағанды 2015
ТУБЕРКУЛЁЗ ПРОФИЛАКТИКАСЫ
Туберкулёз – қауіпті инфекциялық ауру. Қоздырғышы – Кох таяқшасы. Қоздырғыш өледі : - 85 градус С дейін қайнатқанда 30 мин соң - тікелей күн сәулесінен 2 сағаттан соң
Аурудың белгілері: - ұзақ уақыт бойы температураның көтерілуі (37, 2 -37, 8 градус С ) - себепсіз әлсіздік - қалыпты тамақтану барысында дене салмағының төмендеуі - 3 аптадан көп жөтел - тершеңдік (көбінесе түнде) - тыныс алумен байланысты кеудедегі ауырсыну
Туберкулёз диагностикасы - флюорография - қақырықты зерттеу -Манту реакциясы - Анамнез бен шағымдар жинау - қан мен зәрдің клиникалық анализі
Туберкулез профилактикасын жүргізу әдістері Салауатты өмір салты: - Дұрыс тамақтану - Үздіксіз физикалық белсенділік - Тынығу - Зиянды әдеттерден аулақ болу - Жеке бас гигиенасын сақтау - Бөлмені жиі желдету және ылғалды тазалау жүргізу - Гигиеналық заттар мен ыдыстарды жеке қолдану Туылған кезде БЦЖ вакцинациясын және 6 -7 жаста ревакцинацияны жүргізу Уақтылы туберкулез диагностикасы мен толық емдік курсын қабылдау
Қақырықты дұрыс жинау үшін: 1. Ашық терезеге қарсы отыру 2. Екі рет терең дем алу және дем шығару 3. Өкпе ауаға толу үшінші терең дем алу барысында орындықтан тұрыңыз 4. Осыдан соң бірден және қатты күшті өкпедегі ауаны шығаруға тырысу, Осындай дем шығару ғана нағыз жөтелді шақырады 5. Шыққан қақырықты банкаға жинаңыз 6. Қақырықты жұтпаңыз
Есте сақтаңыз! Қақырықты таңертең ұйқыдан тұра салып жинаған дұрыс Ашық терезе алдында жинау қажет Қақырық жинайтын банка стерильді, сондықтан оны тек қақырық тастар алдында ашқан дұрыс Қақырықты жинау алдында ауызды шаю, бірақ тісті жумау керек
БЦЖ вакцинациясы БЦЖ вакцинасының техникасы – сол иықтың жоғарғы жіне ортаңғы үштен бір бөлігі, теріастына Вакцинациядан кейінгі жергілікті реакциялар Инфильтрат Пустула Корочка Рубчик (2 айдан соң) ( 3 айдан соң) (4 айдан соң) (6 айдан соң)
Туберкулез белгілері пайда болғанда өздігіңізбен емделмеңіз!
Кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі Рентгенография, сызықты томография, КТ: Бронхомульмоналды лимфа түйіндерінің ұлғаюы әсерінен бір немесе екі өкпе түбірінің кеңеюі
Біріншілік туберкулезді кешен Рентгенография, сызықты томография, КТ: әдетте, субплевральды орналасатын айқын емес жиегі бар дөңгелек пішінді колеңкелер; бронхпульмоналды лимфа түйіндерінің ұлғаюы әсерінен өкпе түбірінің кеңеюі; шеткері көлеңкені өкпе түбірімен қосатын сызықты көлеңке түріндегі жол.
Диссеминирленген өкпе туберкулезі Рентгенография, сызықты томография, КТ: жедел-диффузды екі жақты, біркелкі және біртипті ошақты диссеминация; созылмалы: күшейген және деформацияланған өкпе суреті көрінісіндегі көбінесе өкпенің жоғарғы бөлігінде орналасатын бір-бірімен қосылуға бейім, әртүрлі өлшемді екі жақты диссеминация
Өкпенің ошақты туберкулезі Рентгенография, сызықты томография, КТ: әдетте өкпе ұшында орналасатын аздаған ошақты көлеңкелер
Өкпенің инфильтртивті туберкулезі Рентгенография, сызықты томография, КТ: өкпе алаңының шектелген қараюы, әдетте әртүрлі пішінді, айқын емес жиегі бар және сегментті немесе бөлікті зақымдайтын бұлт тәрізді немесе дөңгелек инфильтрат түрінде, басқаша айтқанда, бөлікаралық саңылау арасындағы өкпе тінінің инфильтрациямен бірге перициссурит; жалпы, инфильтративті туберкулезге ыдырау қуысы немесе себінді ошақтары тән.
Туберкулема Рентгенография, сызықты томография, КТ: түзу емес, бірақ айқын жиегі бар дұрыс емес пішінді, тығыз қосылыстар (әктену) және ағару ошақтары (деструкция қуыстары) болуы мүмкін, ал айналасында себіндінің ошақты көлеңкелері бар. Констрастты күшейтумен КТ: патологиялық аймақ тығыздығының жоғары болмауы
Өкпенің кавернозды туберкулезі Рентгенография, сызықты томография, КТ: құрамында сұйықтығы жоқ, қабырғасының қалыңдығы 1 -2 мм, дөңгелек пішінді қуыс; қоршаған өкпе тінінде себіндінің ұсақ ошақты көлеңкелері
Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі Рентгенография, сызықты томография, КТ: түзу емес сыртқы жиегі бар, әр түрлі өлшемді бір немесе бірнеше деструкция ошақтары; каверналардың жиі орналасатын жері - жоғарғы бөліктің ұштары және артқы сегменттері
Өкпенің циррозды туберкулезі Рентгенография, сызықты томография, КТ: өкпенің зақымдалған бөлігінің, жиі жоғарғы бөлігінің көлемі кішірейген және біркелкі емес қарайған, мұндай көріністе өкпе тінінің ауалы кеңейген аймақтары және тығыз әктенген ошақтары бар; массивті плевральды қосылыстар; кеудеаралық зақымдалған жаққа қарай ығысқан, бұл жердегі диафрагма жоғары көтерілеген; өкпенің зақымдалмаған бөлімдерінің көлемі және пневматизациясы жоғарлаған
Назар аударғандарыңызға рахмет!!!!!!
Туберкулез.pptx