Turdyku_A_Fazylova_Sh_3005.ppt.pptx
- Количество слайдов: 18
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ ВИЗУАЛДЫ ДИАГНОСТИКА КАФЕДРАСЫ СӨЖ. Тақырыбы: Өкпе тінінін тығыздалу синдромы визуалды диагностикасы Орындаған: Турдыкұл А. Х Фазылова Ш. С. 3005 ЖМФ Қабылдаған: Жанпейісов Ә. Қарағанды 2015
Жоспар n n n n n Кіріспе Негізгі бөлім 1) Өкпе тіндерінің тығыздалуы синдромының анықтамасы 2) Өкпе тіндері тығыздалуының пайда болу себептері және механизмдері 3) Өкпе тіндері тығыздалуының клиникалық көріністері 4) Өкпе тіндері тығыздалуы синдромы диагностикасы 5) Өкпе тіндері тығыздалуы синдромының балалардағы ерекшеліктері. Қорытынды бөлім Қолданылған әдебиеттер:
Кіріспе n n Өкпе – сәулелік тәсілдермен зерттелетін объектілердің бірі боп табылады. Әдетте өкпені сәулемен зерттеу тәсілдерінің ішінде жиі қолданылатыны – көкірек қуысының рентгенографиясы, ол өкпенің дерттерін анықтауда және басқада мүшелердің дерті кезінде өткізіледі. Басқа да арнайы тәсілдер, бронхография, томография және ангиографияға қарағанда, өкпенің ренгенографиясы бүгінгі күні жиі қолданылатын тәсіл боп қала бермек. Соңғы кезде рентгенологиялық тәсілдердің бір түрі компьютерлік томография өкпе, оның түбірі және көкірек аралық мүшелердегі патологиялық өзгерістерге сапалы да және сандық баға бере алады.
Өкпе тіндерінің тығыздалуы синдромы n Өкпе тіндерінің тығыздалуы синдромы деп әр түрлі патологиялық жағдайларға байланысты өкпе ұлпалары сұйық жиналғандықтан, басқа тығыз тіндермен алмасқандықтан немесе ауадан босап солып қалуынан қатайғанын атайды.
Пайда болу себептері және механизмдері n Өкпе паренхимасының тығыздалып қатаюы бір неше механизмдерге қарай туындайтын дерттік жағдай: альвеолаларға түрлі сұйықтықтар жиналуы, өкпе тіндері басқа тығыз тіндермен алмасуы, өкпе тіндері ауадан босап солып қалуы. Ең алдымен, өкпенің қатаюы альвеолалардың зақымдануына байланысты болып келеді, альвеолаларға түрлі сұйықтықтар жиналу салдарынан. Альвеолаларға экссудат (қабынба сұйықтығы), транссудат (тамыр іргелерінен сүзіліп өткен қабынба емес сұйықтық), қан сияқты сұйықтықтар жиналуы мүмкін. Экссудат жиналу – қабыну процесс көрінісі, пневмония, туберкулез ауруларына тән.
n Альвеолаларға құрамында жасушалық элементтер, лейкоциттер көп, фибрин талшықтары бар, микроорганизмдер және олардың токсиндері бар жабысқақ сұйықтықтар жиналады. Өкпе тіндерінің тығыздалуы альвеолаларға қан жиналғандықтан да пайда болатын синдром. Қан жиналу – өкпе ұлпаларының ыдырауымен (деструкциясымен) жүретін патологиялық жағдайларға тән: өкпе инфарктісі, өкпе туберкулезі, өкпе қатерлі ісігі, өкпе іріңдігі. Транссудат жиналу – организмде суэлектролиттер тепе-теңдігі бұзылу, қанның осмостық, онкотикалық қысымының өзгеруі, тамырлардағы гидростатикалық қысым жоғарылауына байланысты туындайды.
Механизмі n Өкпе ұлпаларының тығыздалып қатаюы туындайтын келесі механизм - өкпе тіндерінің басқа ауасыз тығыз тіндермен алмасуы: дәнекер фиброзды тіндермен алмасуы – пневмосклероз, қатерлі ісіктер тіндерімен алмасуы - өкпе обыры, өкпе тіндерінің іріңдеп ыдырауы - өкпе абсцессі
Клиникалық белгілері n Қарап тексергенде, науқас ентігіп отырғанын көреміз. Қатайып тығыздалған өкпе көлеміне қарай цианоз (терінің көгеруі) байқалуы мүмкін. Көкірек қуысын қарап тексергенде ауырған жағының тыныс қозғалыстарынан қалып отырғаны көрінеді. Пальпация әдісін пайдаланып тексергенде өкпе тіндері тығыздалған тұстардан дауыс дірілі күшейгені білінеді, өйткені қатайып тығыздалған өкпе паренхимасының дыбыс өткізу қабылеті жоғарылайды.
Пальпациялау
n n Перкуссия әдісімен тексергенде өкпенің ашық дыбысы дәрежесі әр түрлі келетін тұйық дыбысқа айнала бастайды. Әсіресе айқын өзгерістер зақымданған өкпе ұлпалары беткей жатқанда, және де оның көлемі айтарлықтай үлкен болғанда анықталады. Аускультация тәсілімен тексергенде қатайған өкпе тіндерінің дыбыс өткізу қабылеті жоғарылағандықтан, дәл осы тұстан көкірек қуысының сыртына бронхтар бойымен жоғарыдан келіп түскен көмей-кеңірдек шуылы тарап өте бастайды (патологиялық бронхылық шуыл). Бронхофония тәсілін қолданатын болсақ, өкпе тіндері тығыздалған тұстардан бронхофонияның күшейгенін анықтауға болады.
Зертханалық және аспаптық зерттеулер n Рентгенограммада тығыздалған өкпе тіндері қарайған ошақтар ретінде көрінеді. Қарайған ошақтын сипаты патологиялық процесс ерекшеліктеріне байланысты болады. Мысалы, пневмония ауруында қарайған ошақ көлемі қабыну көлеміне сәйкес келіп тұрады, ол біркелкі емес, шеттері айқын көрінбейтін, көбіне өкпенің төменгі бөліктерінде орналасатын болады. Рентгенологиялық зерттеуден басқа спирометриялық тексеру қолданылады: өкпенің тіршілік сиымдылығы (ӨТС), өкпенің максималды вентиляциясы (ӨМВ), тыныс алудын резервтік көлемі азайғандары анықталады. Қанның газдық құрамын тексеретін болсақ: оттегі парциалды қысымы (75 -100 мм сбб) төмендеуі, көміркышқыл газы парциалды қысымы (35 -45 мм сбб) жоғарылауы анықталуы мүмкін.
Рентгенография
Өкпе тіндері тығыздалуы синдромының балалардағы ерекшеліктері. n Балаларда өкпе тіндерінің тығыздалуы синдромы көбіне пневмония ауруына байланысты болып келеді. Жаңа туған нәресте пневмониясының ерекшеліктеріне орталық жүйке жүйесінің бұзылыстарына байланысты тез арада пайда болатын токсикоз; қабыну процестің генерализациясы, анемия, гиповитаминоздардың туындауы. Аурудың бас кезінен бастап неврологиялық статус өзгерістері анықталады: әлсіздік, немесе қозғыштық, ұйқының бұзылуы, бұлшықеттер гипертонусы, қимылқозғалыстардың артуы. Бала жылағанда дауыс дірілінің күшейгені білінеді. Жөтел болмаса, оның орнына науқас баланың ауызынан көпіршіктенген сілекей бөлінуін көруге болады.
Балаларды рентгенография әдісімен зерттеу
n Перкуссия әдісімен тексергенде көбіне ашық өкпе дыбысы естіліп тұрады, кейде аздаған тимпаникалық реңі болуы мүмкін. Пневмония жайылмалы болып кетсе, айқын тұйық дыбыс пайда болады. Аускультациялық көріністерге құбылмалылық тән, тыныс шуылдарының сипаты, бұлардың жан-жаққа таралуы әр түрлі болып келеді. Крепитация, көпіршікті сырылдар бала терең дем алғанда ғана естілуі мүмкін. Пневмонияның ерте пайда болатын рентгенологиялық көріністеріне өкпе ұлпалары мөлдірлігінің төмендеуі, тамырлар суретінің күшеюі, пневмониялық инфильтраттар өкпенің медиалды бөліктерінде орналасқан ошақты көлеңкелер болып көрінеді.
Қорытынды бөлім n Тыныс алу мүшелерінің морфологиясын зерттеуде рентгенологтың орны бөлек, өйткені көптеген патологиялық процесстерді анықтау, мысалы, пневмония, туберкулез, саркоидоз, пневмокониоздар, өкпенің қатерлі ісіктері сияқты дерттерді дер кезінде анықтау ренгенологиялық мәліметтерге жүгінген. Көптеген жасырын өтетін аурулар флюорографиялық тексерулер кезінде қалың қауымның ішінен табылып жатады.
Пайдаланылған әдебиеттер § § § <Сәулелі диагностика> Г. Е. Труфанов редакциясымен <Ішкі аурулар пропедевтикасы> Н. А. Мухин, В. С. Моисеев Ғаламтор мәлімет көздері
Turdyku_A_Fazylova_Sh_3005.ppt.pptx