жаракаттан кейн.pptx
- Количество слайдов: 14
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Травматология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Жарақаттан кейінгі және гематогенді остеомиелит. Жіктелуі. Клиникасы. Емдеу тәсілдері. Орындаған: Сулайманова А. 4 -006 топ ЖМФ Тексерген: Жонкин Б. Ш. Қарағанды 2015
Жоспар: Кіріспе. Негізгі бөлім Остеомиелит Жарақаттан кейінгі остеомиелит Жіктелуі, клиникасы, емі Гематогендік остеомиелит Жіктелуі, клиникасы, емі Қорытынды. Қолданылған әдебиеттер.
Остеомиелит – тек сүйек миының қабынып шіруі сол сүйектің озінің, қабығының және сыртындағы жұмсақ тканьдердің қабынуы. Остемиелит (көне грекше: osteon - сүйек + көне грекше: myelos ) — сүйек майының қабынуы. Бет-жақ сүйегіне кариес қуысынан, жарақаттан, оқ тиіп зақымданған жерден стафилококк, стрептококк тәрізді микробтар еніп, жедел немесе созылмалы остеомиелит ауруын туғызады. Бұзылған тістен тараған жедел остеомиелит кезінде жалпы жағдай ауырлап, температура 40° дейін жетіп, жақ сүйек қақсап жанды қинайды. Лимфа бездері үлкейіп, қол тигізбейді. Инфекция ошағының ортасындағы тіс босап, тіс ұлпасы мен тіс түбір маңындағы тканьдер де қабынады. Бет ісіп, қызыл иек қьізарады. Сол сияқты организмдегі туберкулез (құрт ауруы) ошағынан бет-жақ сүйегіне енгеи бактериялар және мерез (сифилис) туғызатын бозғылт спирахета сүйек майына еніп, остеомиелит ауруын қоздырады.
Остеомиелиттің дамуы микробтардың сүйек миына түсуіне (әсіресе алтынды стафилакокктердің) байланысты болады. Микробтар ашық жарақаттанғанда немесе сүйекке операция жасалғанда түседі де, кейіннен жарақаттан кейінгі немесе операциядан кейінгі остеомиелит дамиды. Остеомиелиттер жіктелуі: Гематогендік Оқпен атылғаннан кейінгі Жарақаттан кейінгі Операциядан кейінгі
Ашық жарақаттан кейінгі болатын остеомиелит 15 тен 49%-ке дейін, ал операциядан кейінгі болатын остеомиелит небәрі 3% болады. Жарақаттан кейінгі остеомиелиттің ағымы бойынша жіктелуі: Жедел Созылмалы Жарақаттан кейін дамитын остеомиелитке мынандай фактор ықпал етеді: Жарақаттың түрі Ауыртпалығы Сынған жері Микробтардың түрі Қосымша бірінші хирургиялық тазартудың сапасы Көпшілік уақытта жарақаттан кейін пайда болатын остеомиелит сүйектің сынған ұштарын ғана қамтып қояды, ал сүйек көп жаңқаланып сынса, осы жаңқаланған сүйектерде тегіс остеомиелит болады да кейіннен сүйектің сынған жерінде жетімсіздік пайда болады.
Жарақаттан кейінгі остеомиелит көбінесе балтыр сүйектің төменгі жағында кездеседі. Себебі, үлкен жіліншік сүйегінің алдында жұмсақ ет жоқ, соған байланысты бұл сүйекте қан тамыры нашар дамыған. Жарақаттан кейінгі және операциядан кейінгі остеомиелит созылмалы болады. Денесінің қызуы көтеріледі, лейкоцитоз көтеріледі. Кейін жараны тіліп іріңді шығарғаннан кейін дененің қызуы басталады, ірің ағуы азаяды, свищ пайда болады. Бұл свищтер өз бетімен жабыла қоймайды. Жарақаттан кейінгі және операциядан кейінгі остеомиелиттің қатты түрінде ауру синдромы ерекше білінеді, жұмсақ тіндер ісінеді, дене қызуы көбейеді, көлемді лейкоцитоз болады, СОЭ жылдамдайды, біртіндеп анемия дамиды. Кейіннен рентгенде остеопороз болып, секвестрлік қорапшамен секвестрдің өзі көрінеді. Ашық жарақаттан кейін дамитын остеомиелитке профилактика жасау үшін ашық жара мен сүйекті бірінші хирургиялық тазартуды ерте, толығымен жасап жараны табу керек, ауруға үлкен көлемді спектрлі антибиотик жіберу керек. Сынықты жалғау үшін сүйектің май қуысына темір жіберуге болмайды. Оларды жалғау үшін Илизаровтікі сияқты стерженьді аппараттар қолдану керек.
Емдеуі. Остеомиелитті емдеудегі басты міндет сүйектің шіріп іріңдеген ошағын жою болып есептеледі. Негізгі ем-оперативтік ем, аяқты қосымша таңғышпен бекіту, антибиотиктермен емдеу, аурудың хал-жағдайын жақсартып, оның микробпен күресу қабілетін жоғарылату: қан құю, қанның ауыстырмаларын құю.
Созылмалы жарақаттан кейінгі остеомиелит
Гематогенді остеомиелит – организмнің көптеген жүйесінің функциясының бұзылысы, ағымы ауыр және созылмалы болатын әртүрлі клиникалық көрінімтермен өтетін ауру болып табылады. Жіктелуі: Жедел Созылмалы Жедел гематогенді остеомиелиттің 3 формасын ажыратуға болады: Токсикалық Септикопиемиялық Жергілікті Гематогенді остеомиелитпен ауырған науқас ең бастысы кенеттен қатты ауырсынуға шағымданады. Көбінесе үлкен сүйектерде байқалады. Қатты ауырсыну жай аздаған қозғалыста шаншып қатты ауырады. Науқас бас ауыруына, дене температурасының көтерілуіне, қалтырау, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Жұмсақ тіндерде ісік, гиперимия, флюктуация, регионарлық лимфа түйіндерінде ауырсыну және ұлғаюы байқалады.
Гематогенді остеомиелит көбінесе кішкентай және жас балаларда кездеседі. Ауруды анықтауда анамнездік мәліметтер, жалпы қабынулық және интоксикациялық көріністер, лабораториялық, рентгенологиялық зерттеулерде анықтауға болады. Остеомиелитте бір буын зақымдалады және метадиафизде зақымдалулар дамиды. Емдеу тәсілдері: (Краснобаев бойынша) Ауру қоздырғышына әсерін тигізу Инфекциялық бастамаға организмнің резистенттілігінің жоғарылату Жергілікті ошақты емдеу Консервативті ем. Ауруға антибиотикотерапия жүргізу.
Гематогенді остеомиелит.
Қолданған әдебиеттер: http: //kk. wikipedia. org М. А. Әлиакпаров, К. С. Садырбаев «травматология және ортопедия»
жаракаттан кейн.pptx