
3012_OM_top_an2.pptx
- Количество слайдов: 18
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Топографиялық анатомия кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: “Ірі қан тамырлардың кескінін дене бетінде анықтау” Орындаған: Абил Л. Бактибаева А. Базарова Э. 3 -012 ЖМФ Тексерген: Ахметова Г. Ж Қарағанды 2015 ж
Жоспар I. Кіріспе II. Негізгі бөлім А. Жүрек қабырғаларының кеуде қабырғасына проекциялануы Б. Жүректің ірі қан тамырларының кеуде клеткасының алдыңғы қабырғасына проекциясы В. Дене бетінде қан тамырларын тыңдау нүктелері Г. Дене бетінде қан тамырларын басу нұктелері III. Қорытынды
Кіріспе Қан- тамыр жүйесі -жүректен және онымен байланысқан көлемі әр түрлі, қан тамырлары деп аталатын түтікшелерден тұрады. Артериялар -жүректен мүшелерге қарай шығып, оларға қан әкелетін тамырларды атаймыз. Жүректен алыстаған сайын артериялар тармақталып ұсақтала береді. Сондықтан жүрекке жақын тамырларды ірі тамырлар деп атаймыз. Веналар -артериялардан қарама-қарсы бағытта мүшелерден жүрекке қан әкеледі. Веналар бір-бірімен қосылып ірі вена бағандарын, жүрекке құятын веналар түзеді. Артериялар мен веналар әдетте қатарласа жүреді, Ұсақ және орташа артериялармен екі вена, ірі артериялармен бір вена қосарлана жүреді. Бірақ теріастындағы веналар еш уақытта артериялармен қосарланып жүрмейді.
Жүрек қабырғаларың кеуде қабырғасына проекциялануы • Жүрек ұшының соғуы linea mammillaris sinistra – дан 1 см ішке қарай, бесінші сол жақ қабырғааралықта сезіліп тұрады. Жүрек проекциясының жоғарғы шекарасы үшінші қабырға шеміршектерінің жоғарғы жиегі деңгейімен өтеді. Жүректің оң жақ шекарасы төстің оң жақ жиегінен 2 -3 см оңға қарай, III қабырғадан V қабырғаға дейін өтеді; төменгі шекарасы көлденең V оң жақ қабырға шеміршегінен жүректің ұшына қарай, сол жақ шекарасы V қабырға шеміршегінен жүрек ұшына дейін өтеді.
Жүрек камераларының және ірі қан тамырларының проекциясы 1 -arcus aortae; 2 -pars descendens aortae; 3 -truncus pulmonalis; 4 auricula sinistra; 5 -ventriculus sinister; 6 -ventriculus dexter; 7 atrium dextrum; 8 -pars ascendens aortae.
Жүректің ірі қан тамырларының кеуде клеткасының алдыңғы қабырғасына проекциясы. • Қолқаның жоғарылаған бөлігі (pars ascendens aortae) кеуде клеткасының алдыңғы қабырғасына сол жақта III қабырғааралықтан оң жақта II қабырғаның төске бекитін жеріне дейін проекцияланады. • Қолқа доғасы (arcus aortae) кеуде клеткасының алдыңға қабырғасына төс аймағында I қабырға шеміршегі деңгейінде және I қабырғааралығында проекцияланады. Қолқа доғасының жоғарғы нүктесі төс тұтқасының ортасына сәйкес келеді.
• Өкпе сабауы (truncus pulmonalis). Өкпе сабауы басының кеуде клеткасының алдыңғы қабырғасына проекциялануы сол жақ III қабырға шеміршегінің төске бекитін жерінде. Өкпе сабауының оң және сол өкпе артериялық тармақтарға бөлінуі сол жақ III қабырға шеміршегінің жоғарғы бөліміне немесе төртінші кеуде омыртқасы деңгейіне сәйкес келеді. • Артериалды өзек (ductus arteriosus) немесе Баталлов өзегінің кеуде клеткасының алдыңғы қабырғасына проекциялануы алты айға дейінгі балаларда сол жақ II қабырға шеміршегінің төске бекитін жерінде, алты айдан жоғары балаларда төстің сол жағында II қабырғааралықта. • Жоғарғы қуыс венаның (v. cava superior) кеуде клеткасының алдыңғы қабырғасына проекциялануы төстің оң жағында II және III қабырға шеміршегі деңгейінде.
Кеуде клеткасының алдыңғы қабырғасына жүрек тесіктерінің жармалы және жартыайлы қақпақтарының проекциясы
• Жүрек қақпақтарының кеуде сарайының алдыңғы бетіне проекциялары төмендегідей: • Қос жармалы қақпақтың проекциясы сол жақтағы III қабырғаның төске бекіген жеріне сәйкес келеді. • Қолқа қақпақтарының проекциясы III қабырғаның төске бекіген деңгейдегі төс ортасына сәйкес келеді. • Үш жармалы қақпақ проекциясы сол жақтағы III және оң жақтағы V қабырғалардың төске бекіген жерлерін қосатын сызықтың ортасына сәйкес келеді. • Өкпе артериясы қақпақтарының проекциясы төстің сол жақ шетінен 1 -1, 5 см қашықтықтағы Iiқабырға аралығына сәйкес келеді.
Тамырларды тыңдау Жүрек-тамырлар жүйесінің қызметі перифериялық артериялар пульсінің көрсеткіштері арқылы анықтауға болады. Пульс- жүрек жиырылу кезіндегі оның қанға толуының өзгерісіне негізделген артерия қабырғасының ритмді толқуы.
Тамырлардың пульсін анықтау Пульсті тексеру үшін дәрігер науқастың қолын сырт жағынан білезік буынының тұсында өз қолына алады. Дәрігер қолының бас бармағы науқас қолының шынтақ жағына, басқа бармақтары науқас қолының білек жағына орналасады. Білек артериясын сипап, тапқаннан кейін оны сұқ және ортаңғы саусақпен сүйекке қысып және саусақтарды артерияның бойымен жүргізіп тексереді. Саусақ астынан пульс толқыны өткенде артерия қабырғасы бір кеңіп, бір басылып тұрады.
Ұйқы артерисы Табан артериясы Иық артерияс Пульсті анықтау Тақым артериясы Кәріжілік артериясы Сан
Пульсті анықтаудағы қолайлы орындар.
Тамырларды тыңдау орындары: Ұйқы артериясы Иық артериясын созылған қолдың шынтақ шұңқырында • Бұғана- төс сүйір бұлшықетінң ішкі жағында қалқан шеміршегінің жоғарғы шет деңгейінде Сан артериясын • Адамның шалқадан жатқан қалпында шапта пупарти сіңірі ортасының төменгі жағынан, Бұғана асты артериясын • Моренгейм ойығында Мойындырық венасын бұғана-төс сүйір бұлшықеті аяқтарыныңортасында
• Ірі қан тамырларының басу орындарын анықтау • Қан тамырларының басу орындарын анықтау үшін олардың шектерін білу керек. Жүрек шегін төстің екі жағынан II қабырға аралықта анықтайды. Екі жақта да қалыпты жағдайда тамыр будаларының шектері төс шетінен сыртқа шықпайды. Оң жақта тамыр будасының құрмына қолқаның жоғарылаған бқлігі мен жоғарғы қуыс венасы, сол жақта тамыр будасының құрамына қолқаның төмендеген бөлімі мен өкпе артериясы кіреді.
Артерияларды Саусақпен қысудың негізгі нүктелері Артерия Сыртқы ориентирлер Маңайындағы сүйек a. temporalis Сыртқы есту жолының тесігінен 1 см алға жоғары Самай сүйегі a. facialis Төменгі жақтан алға 2 см Төменгі жақ a. Carotis communis Қалқанша шеміршегінің жоғ жиегі VI мойын омыртқасының көлденең өсіндісінің ұйқы төмпешігі a. subclavia Бұғананың ортаңғы бөлігінің артында I қабырға a. axillaris Қолтық шұңқырының алд. жиегі Тоқпан жіліктің басы a. brahialis Екі басты бұлшықеттің медиальді жиегі a. femoralis Пупарти қатпарының ортасы a. poplitea Тақым шұңқырының төбесі Асықты жіліктің артқы беті
Қорытынды Жүрек және қан тамырлар адам ағзасының біртұтас жүйесін құрайды. Сондықтан перифериялық тамырлар жағынан патологиялық симптомдар анықталған жағдайда жүрек ақауымен байланысты екенін ескеру қажет.
Пайдаланған әдебиеттер: • Н. А. Мухин, В. С. Моисеев “Пропедевтика внутренних болезней” • Қ. А. Жаманқұлов “ Ішкі аурулар пропедевтикасы” • С. В. Петров “Общая хирургия” • А. Рақышев “ Адам анатомиясы”
3012_OM_top_an2.pptx