
Ахмедиева Зада.ppt
- Количество слайдов: 16
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Тамақтану гигиенасы, жалпы гигиена және экология кафедрасы Тақырыбы: Литосфера экология қызметтері. Тау жыныстарына және жер қойнауына антропогенді әсердің негативті экологиялық салдары Орындаған: Ахмедиева Зада СФ 1 -02 Қабылдаған: Мадиев Бауыржан
Литосфера жер қабығы (грек. lithos- тас, sphaira — шар) — жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі — шөгінді қабық; ол шегінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның калыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе «базальттық» аса тығыз жыныстар қабаты жатады.
Литосфера – Жер планетасының біршама берік тау жыныстары кешендерінен тұратын, төменгі жапсары ішінәра балқымалы яки онша берік емес атмосфера қабатымен шектелетін ең сыртқы қабаты. Литосфера жер қыртысын (Жердің ең сыртқы қатты қабыршағын) және осы қыртыс пен атмосфера аралығын қамтитын қатты заттардан тұратын, литосфералық мантия деп аталатын жоғарғы мантияның ең жоғарғы қабатын біріктіреді. Литосфералық мантия қабаты жер қыртысынан Мохоровичич шегі арқылы дараланады, бұл қабатты құрайтын тау жыныстарының құрамы негізінен оливин мен пироксеннен тұратын аса негізді жыныстарға сәйкес келетін болса керек. Литосфераның беткі жазықтығы атмосферамен немесе гидросферамен шектеледі. Литосфера қалыңдығы 50 -200 шақырым аралығында деп есептелінеді
Литосфера – жердің қатты қабығы Литосфераның даму заңдылықтары Жер шарын салыстырмалы түрде жұқа, біртұтас қатты қабық түрінде көмкеріп жатқан литосфера — географиялық қабықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Литосфераның жоғарғы бөлігі болып табылатын жер қыртысының 90%-дан астамын 8 химиялық элемент: оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, натрий, калий, магний құрайды (2 -кестені қараңдар). Тектоника ғылымында ұзақ уақыт бойы жер қыртысының платформалық-геосинклинальдық дамуы жайлы тұжырымдама басым болып келді. Бұл тұжырымдама бойынша, материктік жер қыртысы салыстырмалы түрде тұрақты бөліктерге — платформаларға және қозғалмалы бөліктерге — геосинклинальдарға жіктеледі. Жер қыртысының үздіксіз дамуы нәтижесінде геосинклинальдар платформаларға айналады, бұл процесс екі кезенде жүзеге асады. Ұзаққа созылған алғашқы кезеңде қатты майысып, су басқан жер қыртысының ойыстарында қалыңдығы 15— 20 км-ге жететін шөгінді жыныстар жиналады.
• Литосфералық тақталар -Жер литосферасының мейілінше ауқымды бөліктері. Литосфералық тақталар тектоникасы, немесе жаңа жаһандык тектоника деп аталатын геотектоникалық тұжырымдамаға сәйкес, жердің литосфералық қабаты он бес шамалы ірі-ірі дербес литосфералық тақталарға дараланған; бұл тақталардың әрқайсысы астеносфера бетімен көлбеу бағытта ұдайы жылжып отырады (континенттер ығуы, мұхит түбінің спредингі). Әрбір литосфералық тақта мүхиттық орталық жоталардың нақ орта тұсына сәйкес келетін мұхиттық рифтер түрінде көрініс беретін созылу аймағынан Беньофф-Заварицкий-Вадати белдемі деп аталатын сығымдалу белдеміне қарай жылжиды. Аталған белдем екі қозғалмалы тақтаның бір-бірімен соқтығысу аймағы болып табылады, бұл соқтығысу жұқа мұхиттық литосфераның біршама қалың континенттік литосфера астына қарай сұғынуы (субдукция) немесе екі континенттің соқтығысуы (коллизия) нәтижесінде туындайды. Литосфералық тақталардың созылу не бір-бірінен ажырау шекаралары "дивергенттік шекаралар" деп аталса, олардың соқтығысу аймақтары "конвергенттік шекара" деп аталады. Литосфералық тақталар тектоникасы тұжырымдамасына сәйкес, Жер шарындағы тектоникалык белсенділік (жерсілкінулер, жанартаулар әрекеті, жылу ағымдарының жоғары мөлшері, цунами толқындары және т. б. ) тек қана осы литосфера шекараларына шоғырланған (бұл өңірлер. Жекелеген Л. т-лардың көлбеу бағытта жылжу жылдамдығы орта есеппен жылына 1— 2 см-ден 10— 12 см-ге дейін жететіндігі анықталған.
Адам үшін топырақтың маңызды қасиеті-оның құнарлығы. Құранлылық топырақ типіне, сулық режимге, онда болатын минералдық және органикалық заттарға тәуелді. Өзіне керекті микроэлементтерді адам сумен және топырақтан шығатын тағамдық өнімдермен алады.
Алғаш рет адам организімінің химиялық құрылымының топырақтағы химиялық элементтер мөлшеріне тәуелді екендігін В. В Вернадский көрсетті
Топырақтар ластауының табиғи жіне антропогендік факторлары • Физикалық • Химиялық • Биологиялық
• Жерді ластануы Мемлекеттік ұлттық баяндама берілгені бойынша «ҚР-ның 2001 жылғы жерді пайдалану және оның жағдайы туралы» жердің сапалы жағдайын талдау республика территориясында топырақтың және өсімдіктің жамылғысында тұрақты беталыс дағдарысы бақылануда, ол – жердің өнімділігін және экологиялақ дағдарыс ахуалының кеңейген ареалды жайғдайларын шақыруды көрсетеді. Антропогендік іс-әрекеттердің кері жерлері мыналармен сипатталады: егістік топырағының жағдайының және басқа да ауылшаруашылық алаптардың нашарлауы, жайылымның және шабындықтың өсімдік жамылғысының құрамы, эрозия процесінің әрі қарай күшеюі, жердің ластануы және шөлейттенуі. Жердің ластануы деп жер бетінде әр түрлі химиялық, физикалық, механикалық және биологиялық заттардың жинақталуын айтамыз. Бұл заттардың зияндық дәрежесі әр түрлі болып келеді және олар жер ресурстарының кері өзгерістеріне, кейбір кезде деградацияға ұшырауына әкеп соғады.
• Жер ластануы 3 түрге бөлінеді: • Аэрогендік (ластаушылар ауа арқылы таратылады); • Агрогендік (ластаушылар топырақтың микроорганизимдер арқылы таралады); • Гидрогендік (ластаушылар жер асты және жер үсті суларымен таратылады ).
. ЖЕРДІҢ САПАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ. ЖЕР КАДАСТРЫ АҚПАРАТ ЖҮЙЕСІНДЕ ТОПЫРАҚТЫҢ САПАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ҚҰРАМА БӨЛІГІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ЖЕРДІҢ САПАСЫН ЕСЕПКЕ АЛУ ЖЕРЛЕРДІ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН, ӘР ТҮРЛІ ЖЕРГЕ ТӨЛЕМДЕРІН АНЫҚТАУ ҮШІН, ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖӘНЕ ҚОРҒАУДЫ ӨТКІЗУ ҮШІН ЖҮРГІЗІЛЕДІ. ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 20. 09. 03 Ж. № 958 ҚАУЛЫСЫНА СӘЙКЕС ЖЕРДІҢ САПАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ 5 ЖЫЛДА БІР РЕТ ӨТКІЗІЛЕДІ.
• Құнарлылығы әр түрлі әсер етілетін факторлар арқылы төмендеу немесе жоғарлату мүмкін, олар: Құнарлылығы; • Экологиялық фркторлар; • Тұрған орны; • Кеңістік-технологиялық жағдайлар
Елдi мекен жерлерінің жер мониторингiнiң ерекшеліктерi 1. Елді мекен жерлерін бағалау әдістемесінің жалпы ережелері. 2. Нарық экономикасы жағдайларыңда жердің маңызы 1. Елді мекен жерлерін бағалау әдістемесінің жалпы ережелері.
Жерлердің құның анықтау үшін 3 негізгі әдіс қолданылады : Шығындық әдісі – бағалау обьектісін ауыстыру немесе қайтадан салу құнында негізделетін шығындарды анықтау ( тозуы ескере отырып алынады ) сатуларды салыстыру әдісі - бағалау обьектісін басқа аналогтік обьектілермен салыстыру. табыстық әдісі - болжамда әкелетін табыста негізделеді. Қазіргі уақытта ең қолданылатын әдіс - сатуларды салыстыру. Оның негізгі белгілеуі - жер учаскесімен және жылжымайтын мүікпен мәмілелер туралы ақпарат болуы қажет.
Сонымен, Топырақ құрамындағы ауыр металдардың нәтижесін олардың мұнай-газ өндіретін жерлердің сандық және сапалық құрамына байланысты екенін көрсетті. Әсіресе, тікелей жақындықтан ауыр металдардың максималды белгілерінен бөлінген. Топырақтардағы ауыр металдардың жиналуы, әсіресе, атмосфераға техногендік қалдықтардың (шаң-тозаң, аэрозоль) түсуінен пайда болады.
Ахмедиева Зада.ppt