209 ЖМФ.ppt
- Количество слайдов: 24
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Тақырыбы: ”Жасушаның өзгергіштік механизмі” Орындаған: Мусин А. Әбіл А. Искакова Д. Балташева Г. 209 -топ ЖМФ Қарағанды 2015 ж.
Жоспар: Жасушаның ашылу тарихы Жасуша құрылысы Жасушаның зат алмасуы Жасушалардың қартаюы мен өлуі
ЖАСУША Жасуша - тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Жасуша өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп жасушалы жануарлар, өсімдіктер жәнесаңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі жасушасыз формада өтеді.
Жинақталуының бірінші бөлімі және жасушаның дамуы туралы көз қарастар. 1. Жасуша туралы пікірдің пайда болуы. 2. Жасуша анықтамасының пайда болуы. 3. Жасуша анықтамасының дамуы. . 1665 ж-Р. Гук ең бірінші болып прокидің кесіндісін микроскоп арқылы көрген және «жасуша» терминін енгізген. 1680 ж-А. Левенгук бір жасушалы ағзаны ашқан. 1838 ж. Т. Шванн, И. Шлейден жасуша туралы білімді және бүкіл анықтамалардың барлығын жинақтап біріктіріп, өсімдіктер мен жануар ағзалары жасушадан тұратынын , құрылысы жағына ұқсас екеннін анықтаған. 1858 ж-Р. Вирхов сенімді болды, әрбір жаңа жасуша тек қана басқа жасушаның бөлінуінен пайда болады деді. 1858 ж-К. Бэр анықтады, яғни бүкіл ағза өзінің дамуын бір жасушадан бастайды деді.
Жасуша құрылысы Плазмалемма Цитоплазма Ядро Органоидтардан: v. Эндоплазмалық тор v. Митохондрия v. Гольджи аппараты v. Рибосома v. Лизосома v. Жасуша орталығы
Плазмалемма Плазмалық жарғақша (лат. membrano - жарғақ, қабық) жасушаның сыртын қаптайды, май мен нәруызды заттардан түзілген. Өсімдіктердің плазмалық жарғақшасының сыртында цитоплазмадан бөлінген өлі заттан түзілетін жасунықты (целлюлозалы) қалың қабықшасы болады. Мұндай қабықша жануарлар мен адамның жасушаларында болмайды. Олардың жасушалары тек плазмалық жарғақшамен ғана қапталады. Жарғақшаның қызметі: Жасушаның ішіндегі барлық қоректік заттар мен кажетсіз өнімдер жарғақша арқылы өтеді. Плазмалық жарғақша жасушаның ішіне қажетті заттарды оңай өткізіп, зиянды заттарды өткізбейді; Жарғақша арқылы жасуша қоршаған ортамен қатынас жасайды. . Қатар жатқан екі жасушаның цитоплазмалары саңылау арқылы бір-біріне өтеді.
Цитоплазма (гр. kytos - жасуша, гр. plasma - іркілдек сұйықтық) - жасушаның ішін толтырып тұратын іркілдек сұйықтық. Жасуша мен сыртқы орта арасында жүретін зат алмасуды қамтамасыз ететін жасушаның қажетті бөлімі. Цитоплазма жасушаның ішінде үздіксіз қозғалыста болады. Егер қоршаған ортаның температурасы көтерілсе (жоғарыласа), цитоплазманың козғалысы да күшейеді, төмендесе - баяулайды. Жоғары температурада цитоплазмада зат алмасу үдерісі (қоректену, тынысалу) жылдамдайды.
Ядро - жасушаның реттеуші орталығы. Пішіні - домалақ, таяқша, үрмебұршақ тәрізді, екі жағы қысыңқы және т. б. эритроциттер (қан жасушасы) мен тромбоциттерде (қанның пластинкасы) ядро болмайды. Ядроның сыртын цитоплазмадан бөліп тұратын екі қабат жарғақша қаптайды. Ядроның ішінде толтырып тұратын іркілдек ядро шырыны болады. Ядро қабықшасында да өте ұсақ тесіктер - шұрықтар бар. Ядро солар арқылы цитоплазмамен байланысады. Ядро цитоплазмамен тығыз байланысып, жасушаның барлық тіршілік әрекеттеріне (өсу, көбею, зат алмасу) қатысады. Ядро кабықшасы (жарғақшасы) заттардың козғалысын (ядроға енуі, ядродан шығуы) реттейді. Ядро шырынында хромосомалар мен ядрошықтар болады.
Жасуша органеллалары Мембраналы 1. Митохондрия 2. Эндоплазмалық торлар 3. Гольджи комплексі 4. Лизосомалар 5. Периоксисомалар Мембранасыз 1. Рибосомолар 2. Микротүтікшелер 3. Жасуша орталығы Арнайы 1. Кірпікшелер 2. Жіпшелер 3. Тонофибриллалар 4. Миофибриллалар 5. Нейрофибриллалар
Митохондрия (гр. mitos - жіпше, гр. chondrion - дәнек) - барлық тірі жасушаларда болады. Пішіні таяқша, жіпше, дәнек тәрізді түзіліс. Жасушада ондаған, мыңдаған митохондриялар кездеседі. Сыртын 2 қабатты жарғақша қаптайды. Сыртқы жарғақшасы тегіс, ішкі жарғақшасы қатпарлы. Митохондриялар - май қышқылдарьш синтездеп, жасушаларды энергиямен қамтамасыз ететін энергия жинақтаушы құрылым. ішкі жарғақшадағы ферменттер глюкоза мен аминқышқылдарды ыдыратып, май қышқылдарын тотықтырады.
Эндоплазмалық тор (ЭПТ) - (гр. эндо - ішкі, гр. плазма - жапсырылған) - жасушаның ішін түгелдей бірімен-бірі тығыз байланысқан түтікшелермен торлап жататын 2 жарғақшалы түзіліс. Сыртқы жарғақшаларына рибосомалар бекінсе - түйіршікті ЭПТ, бекінбесе, тегіс жарғақшалы ЭПТ дейді. Тегіс жарғақшалы ЭПТ майлар мен полисахаридтердің алмасуына қатысады. Түйіршікті жарғақшалы ЭПТ рибосомаларында нәруыздар синтезделеді. ЭПТ торланған түтікшелері жасуша ішіндегі басқа органоидтардың қатынас жасауына көмектеседі.
Гольджий жиынтығы Гольджи жиынтығы - ядроға жақын, жасуша орталығын (центриоль) айнала қоршап жататын көпіршік, түтікше тәрізді түзіліс. Жасушада заттардың тасымалдануына, қажетсіз соңғы өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысады.
Рибосома (рибонуклеин қышқылы, лат. soma - дене) - цитоплазмада бос күйінде, жарғақшаға (ЭПТ) бекінген күйінде болатын нөруызды дөнек тәрізді өте ұсақ органоид. Ол нәруыз синтезіне қатысады
Лизосома (гр. mitos - еріту, гр. soma - төн) - домалақ немесе сопақша пішінді, бір қабатты жарғақшалы түзіліс. Құрамындағы ферменттердің әсерінен нәруыз молекулаларымен полисахаридтерді ыдыратады. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді.
Жасуша орталығы - центриоль (лат. centrum - орталық нүкте, орталық) Гольджи жиынтығына жақын орналасқан цилиндр пішінді 2 денешік. Жасуша бөлінуінің алғашқы кезеңінде 2 центриоль бірінен-бірі екі полюске карай ажырайды. Ортасында ұршықша жіпшелер пайда болады. Жасушалардың бөлінуіне қатысады.
Жануар және өсімдік жасушасының ұқсастығы мен айырмашылығы 1. Жануарлар жасушасында центриоль болады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жасушаларында центриоль болмайды. 2. Жануарлар жасушасында пластидтер болмайды, дайын ағзалық заттармен қоректенеді. Өсімдіктер пластидтері арқылы ағзалық зат түзеді. 3. Қалың, тығыз, жасунықты (целлюлозалы) қабықша тек өсімдік жасушасында болады. Ол өсімдіктің пішінін өзгертуге кедергі жасайды. Жануарлар жасушасындағы жарғақша (қабықша) өте жұқа цитоплазма қабатының тығыздалуынан пайда болған. Сондықтан жануарлар пішінін өзгертіп, қозғалады. 4. Ірі вакуольдер өсімдіктерде болады, ал жануарлардың тек бір жасушалы қарапайым түрлерінде (асқорыту, жиырылғыш вакуольдер) ғана болады.
Жасушаның қасиеттері Зат алмасу. Жасуша мен қоршаған орта арасында тынысалу, қоректену, қажетсіз өнімдерді шығару арқылы үздіксіз зат алмасады. Жасушадан сыртқы ортаға тотығу өнімдері шығарылып, корек заттар мен оттек қабылданады. Көпжасушалы ағзалардың жасушалары ағзаның ішкі ортасында тіршілік етеді. Ағзаның ішкі ортасына қан, лимфа, ұлпа сүйықтығы жатады. Осы ортадан жасушаның жарғақшалары арқылы су, тұздар, витаминдер, гормондар, оттек өтеді. Бұлар - жасушаны түзетін құрылыс материалдары. Оттек нәруыздарды, майларды, көмірсуларды тотықтырып, энергия бөлінеді. Энергия жасушаның барлық тіршілік әрекеттерін жүзеге асырады. Оттектің жасушаның құрамды бөліктерімен қосылуы - жасушалық тынысалу деп аталады. Бұл кезде ағзада қажетсіз заттар (көмірқышқыл газ, тұздар) түзіліп, қан ағынымен зәр шығару мүшелері арқылы сыртқа шығарылады. Зат алмасу - тірі ағзаларды өлі табиғаттан ажырататын негізгі белгі.
Тітіркенгіштігі. Жасушалар сыртқы ортаның түрлі тітіркендіргіштерінің әсерінен қозады. Қозғыштық - барлық тірі ағзаға тән қасиет. Мысалы, суықтын, ыстықтың, жанасудың, химиялық заттардың барлығы тітіркендіргіштер. Көбею жасушалардың бөлінуі арқылы жүзеге асады. Алдымен ядро, содан соң цитоплазма екіге бөлінеді. Әрбір бөлінудің алдында ядродағы хромосомалар ұзынынан екі еселенеді де, бірінен-бірі ажырап, жасушаларға бөлінеді. Өсу мен даму зат алмасудың нәтижесінде жасушадағы жай заттардан күрделі ағзалық заттар (нәруыздар, майлар, көмірсулар) түзіледі. Цитоплазма, ядро осы заттардан түзіліп, жасуша өседі. Цитоплазма мен ядро өзгеріп дамиды. Ересек жасушалардың жаңа пайда болған жасушалардан көптеген айырмашылықтары бар екені байқалады.
Жасуша өлімі Цитокендер мен бактериялды өнімдері жасушаның генетикалық ақпаратына тікелей және жанама әсері медиаторлардың тізбектеле бөліну реакциясына ғана емес ұлпалық гипоксия тудырады. Жасуша анаэробтарының медиаторларының өтуі жасушалардың бағдарламаларының өнімінің процесін бастайды”апоптоз”. Жасушаның осындай ыдырау әртүрлі гендердің активатциясын тудырады. Олар жасуша энзимдерінің экспресиясына жауапты. Полимерлі каспазалар бұл ДНҚ прагментірі көрінеді және митохондриялардың қызметін бұзады және жасушаның энергетикалық кризисі пайда болады. Жасушалар өледі. Апоптоз бен некроздың айырмашылығы қабынуға қарсы медиаторлар өнімі түзіледі.
Жасушаның өлуі: цитологиялық сурет. Цитологиялық
Жасушаны зақымдаушы факторлар q. Эндогенді v гармондар v алмасуынын бұзылуы v иммунотоксиндердин әсері q. Экзогенді v механикалык(ұрылу, қысылу) v физикалык(ультра кулгин саулелери, температура т. б. коптеген саулелер) v химиялық (қышқылдар, сілтілер, күйдіргіш заттар жане т. б. заттар ) v биологиялық (вирустар, антиденелер, санырауқұлақтар, бактериялар).
Қолданылған әдебиеттер. v. Готтдалк Г. Метаболизм бактерий. – М. : Мир. 1992. v. Монгаев М. С. , Складнев А. А. , Котов В. Б. Общая технология микробиологических производств. – М. - Легкая и пищевая промышленность. – 1982. і v. Безродов А. М. Биохимические основы микробиологического синтеза. - М. - Легкая и пищевая промышленность. – 2001. v Стонт Г. , Калиндор Р. Молекулярная генетика. – М. : Мир. 1991.
НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ
209 ЖМФ.ppt