гастроэзофегальды рефлекс.pptx
- Количество слайдов: 39
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Тақырыбы: Гастроэзофагеальді рефлюкстік аурулардың визуалды диагностикасы Орындаған: . Есенбаев Д. К. 302 топ ОМФ Қабылдаған: Жолдыбаева Г. А.
Кіріспе Негізгі бөлім Классификациясы Этиологиясы Клиникалық көріністері Балардағы ерекшелігі Зерттеу әдістері Асқынулары Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Гастроэзофагиальді рефлюкстік ауру – асқазандағы астың өңешке өтіп кетуімен сипатталатын созылмалы-рецидивті ауру. Бұл ауру көбінесе сау адамдарда әсіресе күндіз тамақтан кейін сирек түнгі уақытта шалқалап жатқанда кездеседі.
КЛАССИФИКАЦИЯСЫ: (SAVARY-MILLER БОЙЫНША) І дәрежелі: Әлсіз көрінетін ошақты және диффузды эритема дамиды. Дистальды бөлімдердің жарқырауы төмендейді. Шырышты қабатының зақымдауы байқалмайды. ІІ дәрежелі: Экссудаты бар немесе жоқ біріншілікті эрозиялар. Олар қатпарларда сызықтар түрінде орналасады. Өңештің дистальді бөлігінің шырышты қабатының 10% алып жатады. ІІІ дәрежелі: Экссудатты эрозия байқалады, кейбір жерлерде некрозды массалар да байқалады. Зақымдалу аумағы өңештің дистальді бөлігінің шырышты қабатының 50% алып жатады. IV дәрежелі: Айналмалы (циркулярлы) орналасқан кілегейлі эрозия, экссудатты некроз өңештің дистальді бөлігінің шырышты қабатының барлық беткейін алып жатады V дәрежелі: Өңештің пептидтік жаралары, өңештің шырышты қабатының цилиндрлік метаплазиясының дамуы (Баррет синдромы).
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯ (ЛОС-АНДЖЕЛЕС) А дәрежелі–шырышты қабаттағы қабынулар бір қатпар бойда 5 мм. В дәрежелі- шырышты қабаттағы өзгерістер 5 мм, екі қатпарға жайылған. С дәрежелі- қабыну бірнеше қатпарға жайылған. Д дәрежелі- шырышты қабатының 75% зақымдалған.
Негізгі қорғаныш ортасы төменгі эзофагиальді сфинктер болып табылады. Оның қызметінің бұзылуы ГЭР ке алып келеді. Төменгі өңештік сфинктердің бұзылуы оның гипотониясымен немесе спонтандық релоксациясының жоғарылауымен байланысты.
Қалыпты жағдайда өңештің төменгі үштен бір бөлігінде РН-ы 6 -ға тең. ГЭР кезінде РН-ы 4 -ке дейін төмендейді(асқазан қышқылы өңешке өткенде) немесе он екі елі ішектің сөлі өңешке өткенде 7 -ге дейін жоғарылайды.
Кофеинге бай сусындар (шай, кофе немесе кофеин қосылған дәрі дәрмектер) Сфинктердің тонусын төмендететін дәрілерді қолдану немесе темекі тарту ішімдік қолдану Кезбе нервтің зақымдануы Жүктілік (сфинктердің тонусының төмендеуіне эстрогенемия мен прогестеронэмияның жоғарылауы және құрсақ іші қысымының биіктеуі)
Невроздың өңеш перистальтикасының бұзылысы немесе дискинезиясы(жұтынған кезде пайда болады) Жүйелі склеродермия Тамақты қомағайланып көп және тез ішу, бұл кезде тамақпен бірге ауа көп жұтылады, осыдан асқазан ішінде қысым биіктеп рефлюкс пайда болады. Метиоризм Жара ауруы Дуоденостаз Асқазанда ұзақ бөгеліп, ішіндегі қысымды биіктететін ауыр тағамдар (майлы ет, тоң май қосылған немесе өткір қуырған тағамдар, ұн өнімдері-макарон, нан, печенье)
ГЭР ауруы антирефлюксті барьердің функциясының төмендеуінен дамиды. Ол үш жолымен дамуы мүмкін: А) Өңештің төменгі сфинктеріндегі біріншілік қысымның төмендеуі(нормада тоникалық қысым 10 -30 мм. с. б. ). Б) келетін жиырылу санының жоғарылауы (шамамен күніне 20 -30 рет өңештің транзиторлы спонтанды релаксациясы) В) Толық немесе бөлшектік деструктуризациясы М: Өңеш грыжасы кезіндегі диафрагмадағы тесіктің пайда болуы.
Эзофагиальді емес симптомдар
Кекіру Қыжылдау Дисфагия Ауыз қуысындағы сілекей мөлшерінің артуы Көкірек тұсының ауырсынуы Эпигастрий аймағындағы ауырсыну Құсу Ықылық
Өкпелік синдром Оториноларингофарингиальді синдром Стоматологиялық синдром Анемиялық синдром Кардиялық синдром
Балардағы ГЭР пайда болу себебі: өңеш пен асқазанды бөліп тұратын сақинаның босаңсуы, асқазан тым қатты толған кезде, өңештің патологиялық бұзылыстар. Бұл кезде бала жөтелген кезде немесе айқалаған кезде асқазанға қысым түседі, тағам өңешке кетеді. Қышқылды рефлюкс кезіндегі ұстамалар кезінде бала өзің жайсыз сезінеді, жылайды, сондықтан асқазан сөлі өңешке түсіп тітіркендіреді. Осы аурумен ауыратын балаларда симптомдар алғашқы аптада пайда болады. Егер бала ас ішкен кезде өзін жайсыз сезінсе және құсатын болса, негізгі себебі ГЭР болып табылады. ГЭР кезінде баланың өсуі баяулайды, керісінше салмақ жоғарлайды.
Кейде қышқылды рефлюкс кезінде құсу болмауы да мүмкін. Себебі, кейбір кезде балалар асқазаннан түскен асты қайта жұтады немесе астың аз болуы. Кейбір кезде асқазандағы ас өкпеге түсіп, созылмалы жөтелге және астмаға алып келеді.
Диагностикада ГЭР зерттеудің негізгі әдістерінің бірі – эндоскопия болып табылады. Бұл әдістің көмегімен рефлюкс – эзофагит ауруын және оның ауырлық дәрежесін анықтауға болады. Аурудың шырышты қабаттарға таралуына және тереңдігіне байланысты 4 - дәрежесін ажыратады. Оның ішіндегі ең ауыры III – IV дәрежесі яғни мұнда үлкен көлемді ойық жаралы зақымдалу және өңештің созылмалы ойық жарасы мен стенозы кездеседі. РЭ ауруын анықтаудың тағы бір әдісі рентгенологиялық. Арнайы стационарларда ГЭРБ ерте анықтау әдісінің бірі р. H маниторингтеу болып табылады.
1. Өңештің және асқазанның рентгеноскопиясы. Асқазан-өңештік рефлюксті анықтау үшін науқасқа тңк қалпында контрастыұ затты ішкізіп, бариидің өңештен асқазанға түсуін қадағалайды, содан кейін науқасты жатқызып горизонтальді қалыпта тексереді. Асқазан өңештік рефлюкс болса, асқазан ішіндегі бариий өңешке кері оралады, кейін белгілері анықталады, өңеш қуысының кеңуі, контурының тегіс еместігі, перисталтикасының баяулануы. Рентгендік зерттеумен диафрагманың өңештік тесігінің жарығы, өңештің стриктуралары, спастикалық тарылулары, жаралары және ісігі анықталады. 2. Метилен көгімен жасалатын сынама. Рентгендік бақылауды жүргізе отырып дуоденальдік зонд арқылы жатқан күйіндегі науқастың асқазанына бояудың ерітіндісін жібереді, содан соң зондты сумен шаяды да зондты бері тартып, ұшын кардиден бірнеше сантиметр жоғары қалдырады.
Содан кейін шприцпен өңеш ішіндегі затты ақырындап сорады. Егерде шприцте метилен көгі пайда болса, онда асқазан-өңештік рефлюкстің болғаны. 3. Фиброэзофагогастродуоденоскопия. Эндоскопия кезінде кардиальдік қысқыштың толық жабылмауы асқазан өңештік рефлкстің болуына тән. Көрінісінде кілегей қабықтың гиперемиясы, ісінуі, бүрмелерінің қалыңдауы және өңештің ішкі бетінің аұшыл шөгіндімен қапталуы анықталады. Эндоскопиялық көрінісіне қарай рефлюкс эзофагиттің келесі ауырлық
Эндоскопиялық көрінісіне қарай рефлюкс эзофагиттің келесі ауырлық дәрежелерін айырады; Iдәрежесі-асқазан өңеш қосындысының деңгейінде кілегей қабықтың қызаруы, жылтырының жойылуы IIдәрежесі –өңеш кілегей қабығы бүрмелерінің бетіндегі бір немесе бірнеше беткей эрозиялар; эрозиялар көбіне сызықша тәрізді, экссудатты немесе экссудаттсыз; зақымданулардың жалпы аумағы өңештің дистальды сегментінің, сфинктерден жоғары, бес сантиметрлік бөліктің 10% -дан кемін қамтыған. IIIдәрежесі-біріне ұласқан, беті экссудатпен немесе некроздық қабықпен қапталған IV дәрежесі –циркулярлы орналасқан, бір –бірімен ұласқан эрозиялар, өңештің дистальды бөлігіне тарайды. V дәрежесі-өңештің әртүрлі бөліктерінің терең эрозиялары мен жраралары, өңештің қысқаруы.
4 Өңешішілік мониторлық ph-метрия. 24 -сағат жүргізілген ph-метрия асқазан өңештік рефлекстің деңгейін нақты анықтайды. Асқазан өңіштік рефлюсті анықтауда бүл ең сезімтал әдіс. Мониторлық phметрия асқазан өңештік рефлекстің тәулік санын, ұзақтығын, тәуліктік динамикасын, зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар өңеш рагын ерте анықтау мақсатымен эндоскопияны қайталап, күдіктенген ошақтардан биоптат алып, цитологиялық зертеуді жасап отырады.
Өңеш жарасы Жаралық қан кету постгеморрагиялық анемиямен Аспирационды пневмония, ларингоспазм (өте сирек) Малигнизацияға ұшырайды
Қорытындылай келе ГЭР ауруы стенокардия, артериалдық гипертензия және пептидті жара сияқты аурулармен салыстырғанда науқастың жағдайын төмендететін қатерлі дерт болып табылады. Мұндағы айтылып отырған негіз алғашқы көріністерін басқа да осы сияқты аурулармен шатастырып алмай дер кезінде ем көрсете білуіміз керек. Сондықтан барлық жүйелерге қатер төнгенде толығымен көз жеткізбей қорытынды жасау қиын.
Окороков Н. Б. “Внутренние болезни” Б. Қалимурзина “Ішкі аурулар” (ІІ том) www. google. com www. yandex. com www. medline. com Г. Э. Труфанова Лучевая диагностика
Назар аударғандарыңызға рахмет !
гастроэзофегальды рефлекс.pptx