Siniy-stetoskop оригинал Акерке.pptx
- Количество слайдов: 23
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Тақырыбы: Цитомегаловирусты , герпесті, хломидиялы инфекция және жүктілік. Орындаған: Марқабаева А. М Топ: 4 -049 ЖМ Тексерген: Альтаева А. М
Жоспар 1. Кіріспе 2. Негізгі бөлім 2. 1. Цитомегаловирусты инфекция ü Анықтамасы ü Берілу жолдары ü Диагностикасы ü Жүктілік ü Емі 2. 2. Герпесті инфекция ü Анықтамасы ü Берілу жолдары ü Диагностикасы ü Жүктілік ü Емі 2. 3. Хламидиялы инфекция ü Анықтамасы ü Берілу жолдары ü Диагностикасы ü Жүктілік ü Емі 3. Қорытынды
Кіріспе Жыныс инфекциялары (Жыныс жолдары арқылы берілетін ) бактерия , вирус, саңырауқұлақ, қарапайымдылармен шақырылған инфекциялық аурулардың жиынтығы. Аталмыш инфекцияларды тек берілу жолдары ғана біріктіреді, яғни жыныс жолдары арқылы берілуі. Осының салдырынан тек несеп – жыныс жолдары ғана емес , сонымен қатар басқада тіндер , бүкіл организм зақымдалуы мүмкін.
Цитомегаловирусты инфекция Герпесті вирус тобына жатады. Негізгі резервуар ол – адам. Вирус ауа – тамшылы жолмен , жыныс жолдарының шырышы арқылы, қан және зәр арқылы жұғады. Қоздырғышы организмге енгеннен кейін мәңгілікке қалатын Cytomegalovirus hominis. Цитомегаловирусты инфекция тек адам организмінде өмір сүруге бейімделген және қожайынының қалыпты жасушаларының үлкеюіне әсер етеді. Организмге енгеннен кейін вирус иммунды жүйенің қайта құрылуын қалыптастырады. Аурудың клиникалық көрінісі айқындалуы үшін арнайы факторлар қажет.
Цитомегаловирус берілу жолдары v. Жыныс жолдары арқылы v. Ауа тамшылы жол арқылы v. Транспланцентарлы жол арқылы vҚан құю процесінде v. Босану процессі барысында v. Инфицирленген анасының сүті арқылы балаға
Жүктілік кезіндегі Цитомегаловирус Вирустың ұрыққа әсер етуі жүктіліктің мерзіміне де байланысты. Мысалы жүктіліктің ерте кезеңінде ұрық инфицирленсе ерікті түсік немесе бала дамуының аномалиясы болуы мүмкін. Егер жүктіліктің кеш кезеңінде инфицирленсе ұрықтың дамуында ақау байқалмайды, бірақ көп жағдайда қағанақ суының көп болуы байқалады және «туа біткен цитомегалия» деп аталынатын уақытынан бұрын босану болуы мүмкін.
Цитомегалиямен туылған сәби Туа біткен цитомегалиямен туылған сәбиге төмендегідей клиникалық көріністер тән: Сарғаю, бауыр және көкбауыр көлемінің ұлғаюы, гемоглобин Hb төмендеуі ( Анемия) және басқа да қан талдауындағы өзгерістер, орталық нерв жүйесінің зақымдалуы, есту , көру қабілетінің төмендеуі. Босанғаннан кейінгі алғашқы 3 айда балада Ig. G анықталуы туа біткен цитомегалияны білдірмейді , егер анасы жасырын вирус тасыиалдаушы болса , сол себепті 3 айдан кейін балада анықталған Ig. G өздігінен жойылады. Балады Ig. M анықталуы цитомегаловирусты инфекцияның жедел түрі бар екендігін дәледейді.
Жүктілік кезеңіндегі цитомегаловирус Диагностика және профилактика Қоздырғыш организмге түскеннен кейін организмде бірден антиденелер (иммуноглобулин) өндіріле бастайды. Нәтижесінде көп жағдайда жедел түрде немесе жасырын түрде өтеді. Ұрықтың зақымдалуы вирустың қандағы көлеміне байланысты. Вирустың қандағы концентрациясы қорғаныш антидене деңгейіне байланысты анықталады: антидене көп болған сайын , вирус концентрациясы соғырлым аз болады. Бірінші рет цитомегаловирус жұқтырған адамдарды антидене болмайды, сол себепті вирус концентрациясы жоғары , осыган байланысты ұрықтың зақымдалуы да абден мүмкін.
Цитомегаловирусты инфекция Емі Негізгі препаратты және емді емдеуші дәрігер гинеколог тағайындайды. Қолданылатын препараттар: 1) интерферон препараттары 2) интерферон синтезінің индукторлары 3) Спецификалық вирусқа қарсы препараттар 4) спецификалық емес иммуномодуляторлар NB! 1. Ем толық зерттелініп болғаннан кейін және қоздырғыштың максимальді санына байланысты тағайындалуы қажет. 2. Керек болған жағдайда этиотропты антибактериальды терапия жүргізілуі қажет. 3. Менструальді цикл фазасын ескере отырып , генитальді инфекциясы бар әйелдерге кешенді ем тағайындау қажет. 4. Емдеу барысында контрацепция тәсілі арқылы сексуалды партнерін де емдеу қажет етіледі.
Герпесті инфекцияға мына аурулар тізбегі жатады: Ø Цитомегаловирус Ø Эпштейн –Барр Ø Жай герпес вирусы Ø Желшешек Жай герпес вирусы 2 топқа жіктейді. 1. I тип- терінің зақымдалуы, ауыз қуысының шырышының зақымдалуы жатады. 2. II тип- гениталияны зақымдайды, бас миының қабатын, ақ және сұр заттарын зақымдайды.
Герпесті инфекция Берілу жолдары • Герпесті инфекцияның негізгі берілу жолдары контакты арқылы , бірақ ауа – тамшылы жол арқылы да, транспланцентарлық жол арқылы да берілуі мүмкін. Герпестік инфекцияның ең негізгі ерекшелігі нервтік ганглияларда жиналып қалуы. Герпестік инфекцияның көріністеріне герпес лабиалис, гениталды герпес, висцеральді герпес, генерализацияланған герпес, герпестік стоматит және конъюктивит
Герпес және жүктілік Егер әйел жүктілік кезеңінде герпес вирусын жұқтырып алса, ұрыққа кері әсерін тигізеді. Себебі жүктілік кезеңінде вирусқа қарсы антиденелер , яғни иммуноглобулин G және M болмайды , осыған байланысты генитальді вирус пайда болғанынан бастап, плацента арқылы еніп, ұрықтың тіндеріне жайылады. Нәтижесінде ұрықтың өлуіне, түсікке және туа біткен аномалияға, бауыр және бас миының зақымдалуына, жүктіліктің ары қарай дамымауына алып келеді. Біріншілікті генитальді герпес жағдайында ұрық зақымдалуы 75 % жағдайда кездеседі. Егер әйел герпес вирусын босануға дейін 30 кун бұрын жұқтырса , кесер тілігі жүргізіледі.
Герпес және жүктілік Рецидивті генитальді герпес Егер әйелде жыныстық герпестің рецидиві жүктілікке дейін болса, жүкті әйелдің қанында герпеске қарсы антидене циркуляцияланады , ал бұл болса вирусты бейтараптап, инфекцияны шектейді. Бұл антиденелер плацента арқылы ұрық организміне түсіп, оны қорғайды. Сол себепті рецидивті генитальді герпес жүктілік кезінде ешқандай зиян келтірмейді. Сонымен қатар рецидивті генитальді герпес вирусымен сәби туылу барысында жыныс жолдары арқылы жұқтырып алуы мүмкін. Жұқтырып алу қаупі 2 -5 % құрайды. Жыныс жолдарын және баланың денесін құрамында повидон – йод бар антисептиктермен өңдеу неонатальді герпестің дамуын 1 -2 % жағдайда шектейді. Жүктіліктің 36 –шы аптасында неонатальді герпес дамыса , дәрігер ацикловир тағайындайды. (өз еркімен қабылдауға тыйым салынған!). Рецедивті генитальді герпес жүктілікті үзу көрсеткіші болып табылмайды.
Герпес және жүктілік Диагностикасы және емі Жүктілік кезеңінде генитальді герпес белгілері көрінсе , міндетті түрде емдеуші дәрігер ге жүгіну керек. Диагнозды нақтылау мақсатында дәрігер арнай зерттеу әдістерін жүргізеді: ü Жалпы қан анализі ü Гинекологиялық жағындыны зерттеу (қабыну процесін анықтау мақсатында - лейкоцитоз) ü ПТР (Полимеразды тізбекті реакция) –вирусты анықтап қана қоймай, оның белсенділігін де анықтауға көмектеседі. Ең негізгң диагностикалық көрінісі- герпестік бөртпе науқастардың 1/3 ғана кездеседі. Герпестік бөртпе анықталған жағдайда науқас әйелдің жыныстық партнерін де тексерістен өткізу міндетті.
Хламидиялы инфекция Хламидиоз жыныстық жол арқылы берілетін кеңінен таралған ауру. Жыныстық өмірге ерте жастан араласу, жиі партнерін ауыстыру, оральді конрацептивтік препараттарды қолдану генитальді хламидиоздың дамуына себеп бола алады.
Хламидиялы инфекция Берілу жолдары Инфекция көзі – хламидиозбен ауыратын адам. Ауру ұзақ уақыт бойы симптомсыз өтуі мүмкін. Берілу жолдары: Ø Жыныстық қатынас арқылы Ø Вертикальді (анасынан ұрыққа берілу ) Жүктілік кезеңінде хламидия амнион сұйықтығына еніп, ұрықты зақымдайды. Хламидии при беременности попадают в амниотическую жидкость, а затем они поражают плод. Хламидияның инфицирленуі амнион сұйықтығын жұтуымен байланысты. Хламидия баланың шырышты қабатында орнығуы мүмкін.
Жүктілік кезеңіндегі хламидиоздың симптомдары Көп жағдайда ауру симптомсыз жүзеге асады. Хламидияның ерекшелігі де осы. Шамамен 67 % әйелдер жұқтырып алдым деп тіпті күмәндана алмайды. Қалған жағдайларда көріністері анық емес. Хламидиозбен сырқаттанатын және сырқат жайлы хабары жоқ әйелдерде қынаптан шырышты немесе іріңді- шырышты бөліністер кеткенін байқауымызға болады. Бөліністер қалыпты сары түсетен ерекшеленеді және жағымсыз иіске ие . Сыртқы және ішкі жыныс мұшелерінде орташа ауырсыну сезімі және қышыну , күйдіру сезімі байқалынады. Жүктілік кезеңіндегі хламидиозда іштің төмеңгі бөлігінде дискомфортты сезім болады.
Хламидиоз және жүктілік Хламидиозды инфекцияның асқынуы жүктілік кезеңінде қауіпті , себебі көптеген асқынуларға алып келеді: q. Жүктіліктің ерте кезеңінде түсік тасталуы мүмкін q. Жүктіліктің кеш кезеңінде уақытынан бұрын қағанақ суының кетуі және уақытынан бұрын босану болуы мүмкін q. Босану барысында баланың инфицирленуі ( конъюнктивит, фарингит, отит, пневмония)
Хламидиоздың диагностикасы Ең ақпаратты әдіс хламидия антиденелеріне (иммуноглобулиндерге) қан анализін тапсыру. Егер антиденелердің аздаған мөлшері анықталынса, хламидияның созылмалы тасымалдаушысы жайлы айтылады. Концентрациясы жоғары болса, хламидиялы инфекцияның асқынғаны. «Хламидиоз» диагнозын микроскопия әдісімен зерттеу арқылы және хламидия антиденелеріне қан анализін(биохимия әдісі) жүргізу арқылы нәтижесі оң болған жағдайда ғана қоя аламыз. Титр (концентрация ) жоғары болған жағдайда курстық ем тағайындалады. Күмән келтіретін немесе теріс титр 1: 5 қатынасында немесе одан төмен . Ig. G концентрациясының жоғарылауы процесс асқыну кезеңінде екенін көрсетеді. Мұндай жағдайда емдік процесс шағымына байланысты жүргізіледі. Ig. A санының жоғарылауы жедел түрінде кездеседі(біріншілікті зақымдалуда).
Қорытынды Жыныс инфекциялары (Жыныс жолдары арқылы берілетін ) бактерия , вирус, саңырауқұлақ, қарапайымдылармен шақырылған инфекциялық аурулардың жиынтығы. Аталмыш инфекцияларды тек берілу жолдары ғана біріктіреді, яғни жыныс жолдары арқылы берілуі. Осының салдырынан тек несеп –жыныс жолдары ғана емес , сонымен қатар басқада тіндер , бүкіл организм зақымдалуы мүмкін
Пайдаланылған әдебиеттер • http: //lekmed. ru/info/literatyra/hlamidiinayainfekciya-v-akysherstve-i-ginekologii. html • http: //medportal. ru/enc/venerology/clamidios/2/ • http: //mama 66. ru/pregn/777 • http: //www. fhmclinic. ru/diagnostic/51 infections. html
Siniy-stetoskop оригинал Акерке.pptx