
марина.pptx
- Количество слайдов: 11
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ “ТАҒАМ ГИГИЕНАСЫ, ЖАЛПЫ ГИГИЕНА ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ” КАФЕДРАСЫ СУДЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ ОРЫНДАҒАН: МЕРГЕНОВА М. ТОБЫ: 1 -034 ҚАБЫЛДАҒАН: ДЖАКЕТАЕВА Ш. ҚАРАҒАНДЫ 2014 Ж
1. 2. 3. 4. ЖОСПАРЫ: Су - тіршілік негізі. Судың эпидемиологиялық маңызы Іш сүзегі Дизентерия мен Холера
Су- Тіршілік негізі Су — сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60 -70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады. Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар жасушаларыныңбиохимиялық үдерістерінің барлығы сулы ортада өтеді. Су әр түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің калыпты өтуіне себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген минералдық және ағзалық заттардың жақсы еруіне себепкер бола алады. Табиғи су құрамында сан алуан тұздың болатыны да сондықтан. Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген түрінде сіңіреді. Жердің 71 % су құрайды
Судың эпидемиологиялық маңызы Әлемнің көптеген елдерінде су факторы салдарынан классикалық шек инфекцияларының өршулерін түгелдей жоюға жақындап келуге қол жеткенімен, осы аурулар әлі де эпидемиялық сипатта өтіп жатыр. Холера , іш сүзегі , дизентерия аурулары мен ластанған су арасындағы байланыс көптен белгілі. Ластанған суларда осы инфекциялардың қоздырғыштары адам организміне тура немесе жанамалап түскенге дейін тіршілік қабілетін сақтайды. Шек аурулары шығуында су факторының мынадай жағдайларда мағынасы бар: üАурулардың және бацциллатасушылардың шығарындылармен аурулар қоздырғыштары суға түседі ; üҚоздырғыштар суда тіршілік қабілетін және ауру шығару қабілетін сақтайды ; üЛастанған судың тағамдық жол арқылы кілегей қабық және жарақаттанған тері арқылы организмге түсуі ; Су факторы арқылы таралудың шектік инфекциялар арасында ең жиісі іш сүзегі және паратифтер , сирегі – дизентерия және коли энтеринтер. Шек инфекциясында жататын холераның тасымалдануы мен таралуында су факторына ерекше мағына береді.
Табиғаты бактериалды ішек жұқпалы ауруларына тырысқақ, іш сүзегі, А және Б паратифтер, дизентерия, әртүрлі энтериттер мен энтероколиттер жатады. Бұл аурулардың дамуының басты себептері: ұйымдастырылмаған суды тұтыну, жеткіліксіз су мөлшері, олардың дамуына қоршаған ортада қолайлы жағдайдың болуы, суды алу және суды тазарту қондырғыларында, су құбырларында техникалық ақаулардың болуы, қарапайым жеке бас гигиенасын сақтамау. Осы топ ауруларының ішіндегі ең қауіптісі тырысқақ. Бұл ауру тұтас бір елдерді, тіпті материкті қамти алады. Тырысқақ клиникалық кезеңі ауыр және пандемиялық таралу тенденциясы тән болғандықтан аса қауіптіь жұқпалы аурулар қатарына жатқызылады. Жоғары аурушаңдық пен қаза көрсеткіші іш сүзегі мен А және Б паратифтен де болады. Аурудың қоздырғыштары сальмонеллалар. Таза суда сүзек қоздырғыштары 1, 5 жыл сақталады, су құбырындағы суда 3 айға дейін, ашық су көздерінде 12 күнге дейін тіршілік ете алады. Сүзекпен көп жағдайда ластанған арық, тоған, құдық, су қоймасының суларын пайдаланғанда ауырады. Сумен берілетін аурудың бірі дизентерия. Дизентерия жедел ішек жұқпалы ауруы, оның қоздырғышы шигелла туысты микроағзалары, ол тоқ ішектің зақымдануымен және ағзаның жалпы улануымен сипатталады. Бүгінгі таңда ДДҰ мәліметі бойынша бұл аурумен көптеген елдерде 150 000 аса адам ауырады. Сумен берілетін аурудың бірі колиэнтериттер, олар энтеропатогенді ішек таяқшаларынан туындайды. Бұл аурурлармен негізінен мекемелерде жеке бас гигиенасын дұрыс сақтамау салдарынан жас балалар ауырады.
Іш сүзегінің қоздырғышы кең жайылған сальмонелдер тобына жатады. Қоздырғыштардың 70 - тен астам фаготиптерін айырады. Сулық инфекция өршуінің сипаты су көзі ластануының молдығымен, қоздырғыштардың суда болу ұзақтығымен және бір қатар басқа факторлармен белгіленеді. Сондықтан сулық эпидемиялардың масштабы бірнеше кездесу жағдайынан топтанып ауруларға (ауыз су сақтауға арналған сыйымдылықтар суына қоздырғыштар жұққанда) дейін барады. Инфекция жұғу көзі адамдар мен бациллатасушылар болады. Іш сүзегімен барлық жас шамасындағы адамдар ауыруы мүмкін, бірақ ең жоғары аурушаңдылық балаларға (6 -7 жастағы балаларға) және жасөпірімдерге тән. Бұл жағдай, бір жағынан, осы жас шамалық топтардың бас ауруға жоғары душарлығына, екінші жағынан гигиеналық тәртіпті жеткіліксіз орындауларына (қайнамаған су ішу, су сапасы күдікті су қоймаларында шомылу)
Дизентерия Холера Дизентериямен ауыруда су факторының ролі болуы мүмкін, бірақ іш сүзегімен салыстырғанда оның ролі азырақ. Шек жағынан білінулер мен дизентерия жұғуы үшін, қоздырғыштардың мол дозасы ендірілуі керек. Өмірінің бірінші жылындағы балалар колиэнтеритпен басымырақ зақымдалғанымен колиэнтериттермен аурушаңдылыққа су факторы белгілі әсер ете алады. Шетелдік және отандық авторлардың байқаулары бойынша, мектеп жасындағы балалар колиэнтериттер таралуына су факторының мүмкіндік ролі дәлелдейді. Холера таралуында су факторының жалпы ерекше орын беріледі. Бұл жағдай факторымен тасымалдануы басты ролдегі конвенциялық инфекциялар тобының өкілі болатындығымен дәлелденеді. Оның үстіне , қаруланудағы өлтірілген вакцинаның жетілмегендігі , оның қорғау әрекетінің аз мерзімдігі мен төмен тиімділігі бірінші орынға арналған профилактикалық шараларды шығарады, негізінен су факторымен тасымалдануын жою. Су қоймаларына адамдар шомылғанда қоздырғыштарды жұқтыруын қосуға болады.
Бактериалды зоонозды жұқпалы аурулар тобына туляремия, бруцеллез, сібір күйдіргісі жатады. Су көздеріне туляремия қоздырғышы кеміргіштерден, ал бруцеллез қоздырғышы ірі қара малдардан түседі. Ағзаға бұл қоздырғыштар асқазан ішек жолы мен тері арқылы түседі. Кейбір авторлардың мәліметтері бойынша туберкулез қоздырғышының су арқылы берілуі мүмкін. Су көздеріне туберкулез қоздырғышы көп мөлшерде туберкулез ауруханаларының тазартылмаған іркінді суларымен түседі. Протозойлы инвазиялар, яғни қарапайымдылар тудыратын аурулар негізінен климаты ыстық Азия мен Африка елдерінде кездеседі. Бұлар амебиаз немесе амебты дизентерия, балантидиаз, лямблиоз. Амебиаз мен балантидиаз жедел басталып, созылмалы түрге ауысады. Ауыз сумен бірге түскен қарапайымдылар тоқ ішектің шырышты қабықшасына еніп, оны зақымдайды. Лямблиоз ішектің шырышты қабақшасын зақымдамайды, сондықтан бұл аурудың нақты клиникалық көрінісі болмайды. Халық арасында лямблийді тасымалдау орташа алғанда 15% құраса, ал қолайсыз гигиеналық жағдайдағы балалар мекемелерінде бұл көрсеткіш 30 -40% құрайды. Су арқылы берілетін аурулардыңьүлкен тобын глисті инвазиялар құрайды.
Су арқылы таралатын аурулардың алдын алу Су арқылы берілетін аурулардың халық арасында таралуының алдын алу үшін төмендегі шараларды іске асырған жөн: - ауыз судың сапасына үнемі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізу; - қайнатылған ауыз суын пайдалану; - ашық су көзіне шомылғанда сақтық шараларын жасау; - кез келген ашық су көздеріне шомылмау; - жеке бас гигиенасын сақтау; - елді-мекендерді таза ауызмен қамтамасыз ету; - мүмкіндігінше елді-мекендерді кәріз жүйесімен қамтамасыз ету; - ашық су көздерінің санитарлық қорғау аймақтарын қатаң сақтау; - балалар мекемелерінде эпидемияға қарсы шаралардың жүргізілуін қадағалау; - зиянды, ластанған іркінді суларды залалсыздандыру; - ашық су көздерінің сапасын үнемі қадағалау; - тазарту стансаларында тиімді зарарсыздандыру заттарын пайдалану және олардың тиімділігін қадағалап отыру; - кезеңді медициналық тексеруден өтіп отыру.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР : 1. 2. 3. О. Д. Дайырбеков, Б. Е. Алтынбеков, Б. К. Торғауытов, У. И. Кенесариев, Т. С. Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысшақазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9 -сыныбына арналған оқулық, 2 басылымы, өңделген/ М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. — Алматы: Атамұра, 2009 Экология (оқулық) — Алматы, 2008
НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
марина.pptx