Бекеев фтиз 424.pptx
- Количество слайдов: 23
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті СӨЖ Тақырыбы: Туберкулиндиагностика. Туберкулиндік сынамаларды орындау әдістері мен техникасы Орындаған: Бекеев С. Н. 4 -024 -группа ЖМФ Тексерген: Тәбріз Н. С. Қарағанды 2013 ж
Туберкулинді сынамалар – ол спецификалық диагностикалық тест болып табылады. Туберкулин – туберкулез микобактериясы жасушасының элементтерінен тұрады. 1890 ж. Р. Кох ашқан, КЕТ ( Кохтын ескі туберкулині), АТК ( Кохтын алтуберкулині).
АТК (КЕТ) - туберкулез микобактериясының адам және буқа тектес түрлерінің сулы глицеринді сығындысы. Олар 6 -8 апта бойы 4 % глицерин ерітіндісі қосылған ет пептонды сорпада осірілген бактерия денелерінен тазартылған жане 90 С булатылып, бастапқы мkithyty 1/10 көлемге дейін қойытылған.
Туберкулин қолданылады • Халықтың инфицирленуін анықтау үшін; • БЦЖ ревакцинациясы үшін адамдарды таңдау; • БЦЖ вакцинациясының эффективтілігін зерттейді • Туберкулез емі мен ағымын бағалау үшін. Балаларда: • туберкулез диагностикасы ; • қауіп топтарын анықтау; • БЦЖ ревакцинациясы үшін таңдау.
Туберкулиндиагностикаға қарсы көрсеткіштер Тері аурулары; Жедел инфекциялық аурулар; Өршу кезіндегі созылмалы аурулар; Аллергиялық жағдай, ревматизм, бронхиальді астма; карантин балалар контингентінде.
Туберкулинді сынама түрлері Тері бетіне – Пирке Тері ішіне – Манту Тері астына – Кох
Клиникалық диагностика мақсатымен терілік Пирке (Pirquet, 1907) сынамасы және тері асты Кох (Koch, 1890) сынамасы туберкулезге қарсы күрес жүргізетін диспансерлерде және ауруханаларда қолданылады.
Тері асты Кох сынамасы белсенді туберкулездің дифференциалды диагностикасы немесе белсенді туберкулезді анықтау мақсатында қолданылады. Басқа сынамаларға қарағанда туберкулинді тері асты енгізу жергілікті ғана емес, сонымен коса жалпы және ошақты реакцияны шақырады. Жалпы реакция интоксикация сипмтомдарымен: температураның көтерілуі, әлсіздік, бас ауыру, шаршағандықпен жүреді. Ошақты реакция белгілері процесстің локализациясына байланысты және оның асқыну кезінде байқалады.
Кох пробасын алдын ала жасалған тері бетілік сынамадан кейін және тері ішілік титр анықталғаннан кейін жасалады. Теріастылық енгізу үшін титрден 10 есе әлсіз 0, 1 мл ерітінді алынады. ( мысалы, № 8 титрінде тері астылық 0, 1 мл № 9 ерітінді енгізеді). Сынаманы жауырын астына немесе йықтың сыртқы бетіне тері астылық жасайды. Реакцияны 24 -48 сағаттан кейін байкайды. Оң реакция болып диаметрі 510 мм инфильтраттың түзілуі болып табылады.
Терілік Пирке сынамасы 3 жасқа дейінгі балаларда реакцияның оң болуы инфицирленудің ғана емес активті туберкулездің де белгісі болып табылады. 3 жастан асқан балалар мен жасөспірімдерде реакцияның оң болуы бірінші рет болып тұрса ғана маңызға ие болады және біріншілік инфицирленуді көрсететін “вираж” ретінде қарастырылады. Ересектерде реакцияның оң болуы инфицирленудің өмірдің кез келген кезеңінде болуы мүмкін екендігін көрсетеді.
Туберкулезбен ауыратындарда Пирке сынамасын өткізу туберкулинге сезімталдылықтың дәрежесін анықтау, яғни ағзаның аллергиялық реактивтілігін анықтау мақсатында жүргізіледі. Бұл жағдайда сынаманы 100%-қ АТК-мен ғана емес, сонымен қатар 25%, 5% және 1%-қ ерітіндіні де қолдану ұсынылады, яғни градуирленген Пирке сынамасын өткізеді. Гиперергиялық жағдайда реакцияның күрт оң болуы 100%-қ туберкулинге ғана емес, басқа да аз пайыздық ерітінділеріне де болады.
Пирке сынамасын өткізу Білектің ортаңғы бөлігінде теріге жасайды Теріні 2 -3% карбол қышқылы ерітіндісімен өңдейді (спритті қолданбайды, себебі ол туберкулиннің ақуыздарын тұндырады) 100% туберкулиннің 1 тамшысын тамызады, одан кейін ланцетті отқа қыздырған соң терідегі тамшыны скарификациялауды 5 мм арақашықтықта өткізеді. Туберкулиннің сіңуіне 5 мин қажет, одан кейін қалғанын мақтамен алып тастайды. Скарификациялағанда қан болмауы қажет, себебі ол туберкулиннің сіңуіне кедергі келтіреді. 72 сағ кейін терінің скарификацияланған Пирке сынамасынының қорытындысын анықтайды. Скарификацияның орнында пайда болған папуланың диаметрін мөлдір сызғышпен сырыққа перпендикулярлы өлшейді.
Реакция түрлері 1. 2. 3. 4. Теріс. Туберкулин енгізген жерде тері скарификациясының білінбейтін өзгерістерінен басқа ешқандай өзгерістің болмауы. Күмәнді. 3 мм кем болатын папула пайда болуы. Оң. 3 мм-ден 10 мм-ге дейінгі папула болғанда. Күрт оң. 10 мм артық болатын папула пайда болуы және терінің гиперемиясы көрінуі, лимфангит болуы.
Пирке сынамасын 100% туберкулиннен басқа градуирленген сынамасын өткізетін болса, онда ерітінді тамшыларын білекке аса концентрленгенін шынтаққа қарай, ал аз концентрленгенін білезікке қарай тамызу керек. Білезікке ең жақын болып туберкулинсіз ерітінді тамшысын тамызады, бұл арнайы тексеру (контроль) үшін қажет. Тамшылардың арасы 2 -3 см болу қажет. Скарификацияны арнайы тексеру тамшысынан бастайды.
Туберкулин сынамасы
1 Пирке сынамасы 1. Теріс 2. Оң 2 3 3. Күрт оң
Манту сынамасы
Сынаманы өлшеу
Сынаманы өлшеу
Қолданылған әдебиеттер www. labstend. ru Туберкулез, 1981. Шебанов Ф. В. Фтизиатрия, 2012. Т. Ә. Момынов.
Бекеев фтиз 424.pptx