
тупая травма живота.pptx
- Количество слайдов: 28
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті СӨЖ Тақырыбы: Іштің тұйық жарақаты. Қуысты ағзалардың зақымдалуының клиникасы Орындаған: Тлектесова А 5006 топ ЖМФ
Іш жарақаты немесе абдоминальды жарақат – сыртқы әсерлерден құрсақ қуысында орналасқан мүшелердің анатомиялық құрылымының зақымдалуымен немесе бүтіндігінің бұзылысымен жүретін жарақат.
Классификация Тері жабындысының қатысына байланысты: 1. Іштің жабық жарақаты. 2. Іштің ашық жарақаты. Зақымдану көлеміне қарай: 1. Оқшауланған зақымдану. 2. Бірлескен зақымдану. Жарақат санына қарай: 1. Біреулік. 2. Көптеген. Жара өзегінің сипатына қарай: 1. Жанаспалы. 2. Енген. 3. Тұйықталған.
Классификация Іш пердесіне қарай: Енбеген: 1. Іш пердесі тінінің зақымдануымен 2. Құрсақ ішінен тыс ішек, бүйрек, несепағар, қуық, ұйқы безінің зақымдануымен. Енген: 1. Ішкі ағзалардың зақымдауынсыз. 2. Құрсақ қуысы мүшелерінің зақымдануымен: - паренхиматозды (бауыр, көк бауыр); - қуысты (асқазан, ішек, қуық); - паренхиматозды және қуысты ағзалардың бірлескен зақымдануы; 3. Құрсақ арқы кеңістік мүшелерінің зақымдануы: паренхиматозды (ұйқы безі, бүйрек); - қуысты (он екі елі ішек, тоқ ішек, несепағар, қуық). 4. Құрсақ арты кеңістіктің және құрсақ қуысының мүшелерінің зақымдануы.
Оқшауланған жарақат - іштің бір ғана зақымдануымен көрінетін жарақат. Іштің көптік жарақаты – құрсақ қуысының бірнеше мүшелерінің зақымдануымен жүреді. Бірлескен жарақаттар – бауыр жарақатынан болатын дененің бірнеше жерінде орналасқан зақымданулар (бас, мойын, кеуде, жамбас, омыртқа, аяқ-қол). Торакоабдоминальды зақымданулар – іш пен кеуденің бірлескен жарақаты кезіндегі диафрагманың жарақаты. Аралас жарақаттар – адам ағзасына бірнеше зақымдаушы факторлардың әсерінен болады (механикалық, термиялық және т. б. ).
Іштің жабық жарақаты ауыр ағымда жүреді, көптеген зақымданулар мен жоғары летальды сипатта. ДДҰ анықтамасы бойынша іштің травмасында бірінші және екінші күндері хирургиялық көмек көрсетілсе, 82 % летальды аяқталады, ал алғашқы 6 сағатта көрсетілген көмек 80 % оң нәтиже береді. Науқастың жағдайының ауырлығы травманың сипаты сай болады. Көбінесе травматикалық шокпен жалғасады. Құрсақ қуысының жабық жарақаттары негізінде тері жабындыларының зақымдалуынсыз болуы мүмкін, сондықтан біз тері асты қабатына қан кетуге, бұлшық еттердің жыртылуына, апоневроз, артериялардың жыртылуына, гематомаларға бірден мән береміз.
Іштің жабық жарақаттары: 1. Ішкі ағзалардың зақымдалуынсыз болатын іштің жабық жарақаты: 1) Құрсақ қуысының қабырғасының зақымы 2) Қан құйылулар (гематома) құрсақ қабырғасына 3) Құрсақтан тыс қуыстың гематомалары ІІ. Құрсақ қуысы ағзаларының зақымдалуымен болатын тұйық травмалар: 1) Паренхиматозды ағзалардың зақымдалуы 2) Қуыс ағзалардың зақымдалуы 3) Паренхиматозды және қуыс ағзалардың қосарланған заымдалуы 4) Ірі тамырлардың зақымдалуы. ІІІ. Құрсақ қуысынан тыс жабық зақымданулар. Іштің тұйық жарақатымен екі топты ажыратады: - Клиникалық көрінісі бойынша жедел қан кетумен. - Перитониттің симптоматикасымен өршіген эндогенді интоксикацияның көріністері.
Іштің зақымдануларының диагностикалық критерийлері: Құрсақ қуысы зақымданған жарақаттанушы қимылдамай бір орында жатуға тырысады, көбінесе арқасымен немесе бүйіріне аяқтарын бүгіп жатады, қалыпын өзгертетін болса, бастапқы қалыпқа оралады (Ванька-встанька симптомы); - Беті шүңірейген үнемі сұйықтықты талап етеді; - Ес дәрежесі әр-түрлі болуы мүмкін; есінің анық болуынан, ступор, комаға дейін болуы; - Жарақаттың және қан кетудің ауырлығына байланысты, артериялды қан қысымының төмендеуі және де тахикардия көлемінің өзгеруі айқындала түседі;
Іштің зақымдануларының диагностикалық критерийлері: - Тыныс алу жиілігі мен тереңдігі жарақаттың ауырлығымен параллель жүреді; - Тіл әдетте құрғақ, ақ немесе қоңыр жабындымен қапталған; - Алдыңғы құрсақ қабырғасы – тыныс алу актісіне қатыспайды немесе қимылы шектелген; - Пальпация кезінде іш бұлшық еттерінің әр түрлі дәрежедегі тартылуы байқалады. (бұлшықеттік дефанс); Іш пердесінің тітіркенуін абайлап агрессиясыз байқауға болады (Блюмберг симптомы); - Перкуссия кезінде – ауырған аймақты, сол аймақта сұйықтың (гемоперитонеум, гидроперитонеум) немесе құрсақ қуысындағы бос газдардың болуын анықтайды(пневмоперитонеум); - Аускультация кезінде – ішек перистальтикасының төмендеуі немесе мүлдем болмауын анықтайды.
Іштің енбеген жарақаттарының диагностикалық ерекшеліктері: Жарақаттанушының қанағаттанарлық жағдайы; Жергілікті өзгерістері: жара аймағындағы ісіну, бұлшық еттердің тітіркенуі, ауыру сезімі; Жарақаттану, гематомаға алып келетін, іш қуысының алдыңғы бетінде іш пердесінің тітіркенуі симптомы пайда болады; - Асқазан ішек жарақаты кезінде – жылдам дамитын перитонит симптомының белгілері көрінеді; - Енбеген жарақаттар кезінде артқы іш пердесінің мүшелерінің зақымдануын ескеру керек.
Енген жарақаттар Болады (паренхиматозды немесе қуыста)Паренхиматозды ағзалардың оқшауланған зақымдануы сирек болады, көбінесе паренхиматозды және қуысты ағзалардың біріккен жарақаты анықталады; - Клиникалық көрінісі осы екі симптомның біреуінің басымдылығымен жүреді: жедел массивті түрде қан жоғалту немесе перитонитпен; - Госпитализация алды сатысында жарақаттарды яғни іш пердесінің алдыңғы қабырғасы, бел аймағымен қабырға доғасының жарақаттарын, құрсақ қуысына өткен жарақаттар деп есептеуге болады;
Енген жарақаттар - Ішкі мүшелердің эвентрациясы, өт және зәрдің ағуы, асқазан немесе ішектегі заттардың ағуы: енген жаралардың абсолюттік белгісі ретінде күмән тудырмайды; - Асқазан және ішек жарақатының сипаты болып, жылдам дамитын перитониттің белгісі болып табылады; - Бауыр, көк бауыр немесе құрсақ қуысы қан тамырлары жарақатының – клиникалық манифестациясы болып «жедел қан кету» болып табылады
Ерте дамитын симптомдарға жатады: Іш пердесінің алдыңғы қабырғасының тітіркенуі; - Іш экскурсиясының тыныс алу кезінде төмендеуі немесе мүлдем болмауы; - Іш пердесінің тітіркену белгілері; - Тері жабындыларының бозаруы; - Тахикардия және артериалды гипотензия.
Кеш дамитын симптомдарға жатады: Іштің кебуі; - Тілдің жабындымен қапталуы және құрғауы; - Жіп тәрізді пульс; - Артериалды қан қысымның жылдам төмендеуі.
Қуысты ағзалардың зақымдалуы . - Iштің жабық жарақаты кезінде ас қорыту жүйесінің барлық бөлігі зақымдануы мүмкін; оғаң қуық, өт қапшығы, іш перде аймағы кіреді; - Шажырқайдың жыртылуы, сондағы субсерозды гематоманың пайда болуы перитониальды қуысқа көп мөлшерде қан кетуне ықпал етеді; - Iшектің неғұрлым дистальды жыртылуы болса, соғұрлым перитониттің дамуы агрессивті түрде өтуі мүмкін; - Клиникалық манифестация іш пердесінің тітіркену белгілеріне байланысты; - Биологиялық активті сұйықтықтардың (қан, өт, зәр, ішек және асқазан құрамындағы заттар) құрсақ қуысына құйылуы, белгілі бір орналасу ошағынсыз жайылмалы сипатта болады;
Қуысты ағзалардың зақымдалуы - Уақыт өте ауру сезімнің интенсивті түрде жоғарылауы, іш пердесінің тітіркену белгісіне алып келеді; - Тахикардияның жоғарылауы АҚҚ-ың төмендеуі қанның бос құрсақ қуысына кетуінің себебі болуы мүмкін; - Iш пердесінің артқы гематомасынан және шажырқай түбіне қан құйылуынан немесе құрсақ қуысына қан жиналғанын ажырату үшін «Джойс» симптомы көмек береді: науқасты арқасымен немесе бүйірімен жатқызғанда іштің бүйірлік аймағындағы тұйықталулар ығыспайды
Паренхиматозды ағзалардың зақымдалуы *Іштің жарақаты кезінде паренхиматозды мүшелер қуысты мүшелерге қарағанда, жиі зақымдалады. Соның ішінде көк бауыр жиі жарақаттанады. *Іштің жабық жарақаты нәтижесінде ретроперитониальды орналасқан мүшелер бүйрек пен ұйқы безі зақымдалуы мүмкін. *Іш пердесі осы мүшелерді жауып тұрады, осы мүшелердің зақымдануы кезіндегі клиникалық көрініс бауыр немесе көк бауыр жарақатына ұқсас келеді. *Бауыр мен көк бауырдың тығыз қабығы болады, жарақат алған соң біраз уақыт (сағат, тәулік) өткенде қан қабық астында аккумуляцияланып субкапсулярлы гематоманың пайда болуына алып келеді. Кейін қандайда бір функционалды күштеме кезінде қабық жыртылып гематома құрсақ қуысында жарылып интенсивті кейде өлімге алып келетін қан кетуді шақырады.
*Паренхиматозды мүшелердің клиникалық көрінісі, жараланудың жалпы белгілерімен құрсақ ішілік қан кетумен негізделеді. Зақымдалған ағзаның ауру сезімінің күмәнді орнығуы іш пердесінің тітіркену белгілерімен байқалады. *Жарақаттанушының жалпы жағдайы ауыр, есі бұзылған. Тері жамылғылары бозарған, ауыр түрдегі қан жоғалтқаннан аяқ-қолдың «мрамор» тәрізді болуы. Тахикардияның айқындалуы және АҚҚ-ң төмендеп тіпті коллапс жағдайына жетуі. *Іштің жабық жарақатымен қосарласқан қабырға және жамбас сүйектерінің сынығы кезінде, диагностика жүргізу біршама қиындайды. Науқаста краниоабдоминальды зақымдану кезінде диагноз қою мүмкін емес, өйткені науқас ес-түссіз жағдайда жатады.
Іштің енген жарақатының диагностикалық ерекшеліктері: - Іштің мүшелерінің эвентрациясы, зәр, өт және асқазан немесе ішек құрамындағы заттардың шығуы; - Бауыр тұйықтығының жоғалуы құрсақ қуысындағы газдың бар екендігін көрсетеді; - Бос құрсақ қуысына қан кеткенде, тахикардия жоғарылап ал АҚҚ-мы төмендейді.
Жедел құрсақ ішілік қан кетудің жалпы белгілері: Бас айналуы және әлсіздікке шағымдануы; - Іштегі аз интенсивті ауру сезім; - Тері жамылғылары мен шырышты қабаттың бозғылттануы; - Көп қан жоғалтқандағы аяқ-қолдың «мрамор» тәріздес болу; - Тахикардияның жоғарылауы; - Альговер индексін бақылауда ұстау үшін, динамикада артериялық қан қысымның төмендеуін бақылау керек.
Жедел құрсақ ішілік қан кетудің жергілікті белгілері: - Орналасқан жеріне қарай аздаған ауру сезім; - Шеткин-Блюмберг симптомының оң болуы; - Ішітің белгілі бір бөлігінің тұйықталуы.
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар: 1. Жарақаттанушының мәжбүрлі жағдайда жатуы. 2. Жарақаттанушының сыртқы көрінісін бақылау. 3. Есін және ауырлық дәрежесін анықтау. 4. Динамикада АҚҚ-ң көрсеткіштерімен жүректің жиырылу жиілігін анықтау. 5. Динамикада тыныс алу параметірлерімен тыныс жиілігін анықтау. 6. Тіл және ауыз қуысын қарау. 7. Іштің ашық жарақатының жарақат орнын табу, сол жерден бөлінген заттармен ішкі мүшелердің сыртқа шығуын анықтауға көмек береді.
8. Iш пердесінің тыныс алу актісіне қатысуын тексеру. 9. Іш контурын анықтау. 10. Пальпаторлы іш пердесінің алдыңғы қабырға бұлшық-етінің тартылуын жәңе іш перде тітіркенуін табуға болады. 11. Ішектің перистальтикасын тындау (1 мин артық емес). 12. Құрсақ қуысында бос газдардың және сұйықтықтын бар екенін перкуторлы түрде анықтауға болады. 13. Бөлінген зәр және қуықтың қаталамалы функциялары.
Жедел жәрдем шақыруға себептер: ДТП, биіктен құлау, соққылар Іштегі ауырсынулар Бүйректің ауыруы Бел ауыруы Жүрек айну, құсу Гематурия Жиілеген дефекация немесе зәр шығару
Медэвакуация кезіндегі жабық жарақат кезіндегі жедел көмек: Науқасты тапқан жерде бірден ликвидауиялау, ауырсынуды басатын заттарды салу көрсеткіштер бойынша, науқасты жатқызу, қозғалысқа келтірмеу, есін жидыртып, қан кетулер болса танып көмек көрсету. Квалифицирленген көмек: медсұрыптау кезінде 6 топқа бөлінеді: І. Анық шок белгілері бар, құрсақ қуысына қан кеткен науқастар – лапаротомия үшін операция залына. ІІ. Ішкі ағзалары зақымдалған, бірақ шок белгілері жоқ, жағдайы орташа науқастар – бірден операция залына.
ІІІ. Іш зақымдануымен, ІІ-ІІІ ст. шокпен асқынған, ішке қан кету белгісі жоқ науқастар – шокқа қарсы бөлімге әкетіледі. Содан кейін ғана операция залына жібереді. ІҮ. Перитонитпен асқынған, кеш жіберілген, бірақ жағдайы қанағаттанарлық науқастар – госпитальға консервативті емге жіберіледі. Ү. Терминальды жағдайдағы науқастар – госпитальды бөлімге симптоматикалық емге жіберіледі. ҮІ. Ішкі ағзалардың зақымдалуынсыз құрсақ қуысы қабырғасының жарасымен науқастар – ВПХГ немесе ГЛРге жіберіледі.
тупая травма живота.pptx