Мусин А..ppt
- Количество слайдов: 14
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті СӨЖ Тақырыбы: Әріптестердің өзара қарым – қатынастарының ерекшелігі Орындаған: Мусин А. К. 209 топ ЖМФ Тексерген: Балабиева М. А. Қарағанды 2015 ж.
Жоспар § Кіріспе § Негізгі бөлім Әріптестер арасындағы қарым – қатынас: Сипаттамасы, механизмдері Жоғары дәрежелі дәрігерлер - әріптестер арасындағы қатынас Жоғары дәрежелі дәрігер мен өтілі төмен жас маман - әріптестер арасындағы қатынас Жас мамандар - әріптестер арасындағы қатынас § Қорытынды § Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе Дәрігер – ол біріншіден, жеке тұлға, өзінің өмірге деген ұстанымы мен мақсаттары бар, екіншіден, қоғамдық қатынастардың тікелей, белсенді қатысушысы болып табылады. Сол себепті де жан – жақты коммуникациялы болуы керек. Ондай қасиет дәрігердің қызметі барысында: науқаспен тығыз қарым – қатынасында, сонымен қатар дәрігер - әріптестер арасындағы байланысында көрінеді.
Әріптестер арасындағы қарым – қатынас Әріптестер – «collega” латын тілінен аударғанда бірге жұмыс жасау, көмек беру деген сөз. Қызмет барысында бірге жұмыс атқаратын, ұжымдағы қызметтің алға басуына бірігіп себепкер болатын адамдар. Әріптестер арасындағы қарым – қатынас – кез – келген мамандықтың тынысы. Себебі жақсы қарым қатынас арқылы тиімді нәтижелерге жетуге болады.
Қарым – қатынастың механизмі Қарым – қатынас негізделеді: Ортақ мақсаттар мен міндеттерге; Бір – бірін сыйлау; Әріптестің біліміне сену; Ортақ шешім таба білу; Екіжақтық көзқарастарды сыйлау.
Жоғары дәрежелі дәрігерлер – әріптестер арасындағы қатынас Дәрежесі жоғары дәрігер әріптестер арасындағы қатынас – өз саласында жемісті еңбек еткен, үлкен жетістіктерге қол жеткізген адамдар арасындағы қатынас. Ол қиындықтар мен қайшылықтарға толы. Себебі екі маман да көшбасшы, бір – бірінің көзқарасын қабылдай алмай, ортақ шешімді таба алмай жатады. Осындай кезде толеранттылық сияқты асыл қасиет көмекке келеді. Нәтижесінде әріптестер арасында жақсы байланыс орнап, жұмыс нәтижелі болады.
Дәрігерлер арасындағы ақылдасу
Жоғары дәрежелі дәрігер мен өтілі төмен жас маманәріптестер арасындағы қатынас Дәрежесі жоғары дәрігер мен өтілі төмен жас маман дәрігер әріптестер арасындағы қатынас – ең бастысы, дәрежесі мен өтілінің, білім деңгейінің сәйкес келмеуімен сипатталады. Бұл жерде дәрежесі жоғары дәрігер уйретуші, үлгі беруші ретінде қызмет атқарады.
¡Теория жүзінде ғана емес, практикада бар білімін үйрету, болшақта өзі сияқты жоғары дәрежелі маман болуға тәрбилеу – негізгі қызмет. Ал жас мамандар жаңа ғана оқу бітірген, әлі де теориялық білімі практикамен ұштаспаған, білімін шыңдауды талап етеді. Осы кезде жоғары дәрежелі дәрігер көмекке келеді, оны қолдап, қанаттандырады. Бірақ кейбір жас мамандар осындай көмекті керек етпейді, олардың ойынша, өтілі жоғары дәрігер жаңа технологиялармен, медицина саласындағы жаңалықтармен таныс емес, үйрететін білімі жеткіліксіз деп есептеп, өзімшілдікті басшылыққа алады. Бұл түсініспеушлікке әкеледі. Оның басты себебі - өтілі жоғары дәрігердің жас маманға білімін, ең бастысы, сенімді тудыра алмауы. Сондықтан да дәрігерден көшбасшылық қасиет көріну керек.
Жас мамандарға кеңес
Жас мамандар - әріптестер арасындағы қатынас Жас мамандар арасынағы қатынас дәрежелерінің теңдігімен ерекшеленеді. Жеке тұлға ретіндегі мінез – құлық қақтығысы, келіспеушіліктер көптеп туындайды. Кезекшілік барысы, науқастармен жұмыс кезіндегі ортақ шешімге келе алмаушылық, басшылық тарапынан дәрежесін көтеру сұрақтары негізінде туындайды. Басты шешім: Бірігіп нәтижеге жету, бірігіп үйрену және бірігіп әрекет ету.
Қорытынды Дәрігерлер - әріптестер арасындағы қарым – қатынастың тиімді де нәтижелі болуы тараптарға байланысты. Әр адамның психологиялық ерекшелігі мен кәсіптік компитенттілігі қатынасты құрады. Әріптестер арасындағы қатынас ең әуеліден ортақ мақсаттар мен міндеттерге негізделсе, болашақта қақтығыстар мен шиеленістер болмайды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. Antony Garelick и Leonard Fagin. “Врачи: налаживание отношений с коллегами» . 2004 Royal College of Psychiatrists. Интернет беттері: google. ru: Суреттер. Матвеев В. М. “Основы Эмедицинской психологии, этика и деонтологии”. М. : Медицина 1991. П. И. Сидиров, М. Е. Путин, И. А. Коноплева “Деловое общение” Карбасарский “Психология” www. google. ru www. wikipedia. ru
Назарларыңыз үшін рахмет!!!
Мусин А..ppt