СРС ЛОР Маликова Б. 3003 стом..pptx
- Количество слайдов: 18
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Реаниматологиямен офтальмология, оториноларингология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: «Құлақтың туа пайда болған ақаулары. » Орындаған: Мәлікова Б. М. 3 -003 стом. Тексерген: курс доценті Асылбеков Н. С. Қарағанды 2015 ж.
Жоспар: 1. Кіріспе 2. Негізгі бөлім: Сыртқы құлақтың құрылысындағы туа біткен ақаулар Ортаңғы құлақтың құрылысындағы туа біткен ақаулар Ішкі құлақтың құрылысындағы туа біткен ақаулар 3. Қорытынды
Кіріспе Құлақтың туа біткен ақаулары, әдетте, құрсақішілік дамудың 3− 4, 5 айларында пайда бола бастайды. Құлақтың туа біткен ақауларының көбісі, генетикалық ақаулардың нәтижесінде пайда болады, кейбір құлақ ақаулары тұқым қуалайды. Жүктіліктің 18−ші аптасында ұрықтың ішкі құлағы пішіні мен өлшемі бойынша ересек адамның ішкі құлағына сәйкес келеді. Сондықтан, ішкі құлақтың құрылысындағы ақаулар ұрықтың құрсақ ішілік дамуының бірінші жартысында дамиды және ақауларды хирургиялық жолмен түзеу мүмкін емес болады. Ал, ортаңғы құлақ пен сыртқы құлақ баланың жыныстық жетілуі барысында дамиды және олардың ақауларын хирургиялық жолмен түзетуге болады. Құлақтың туа біткен ақаулары есту функциясының бұзылыстарына, сөйлеудің бұзылуына және мүгедектікке әкеледі.
Сыртқы құлақтың құрылысындағы туа біткен ақаулар Микротия Анотия Макротия
Микротия − туа біткен құлақ қалқанының дұрыс дамымауы. Бір жақты микротия кезінде көбіне оң жақ зақымданады. Классификация: І дәреже: сыртқы есту жолы мен құлақ қалқанының біршама кішіреюі. ІІ дәреже: сыртқы есту жолының атрезиясы мен стенозы, құлақ қалқанының жартылай немесе толық дамымай қалуы. ІІІ дәреже: рудиментарлы сыртқы құлақ, дабыл жарғағы мен сыртқы есту жолының болмауы. ІV дәреже: Анотия (құлақтың толық болмауы).
Даму себептері: Генетикалық ақау( қоян ерін, қасқыр ауыз сияқты ақаулармен бірге кездесуі мүмкін. ) Вирусты инфекция ( анасының жүктілік кезінде) Жүктілік кезінде дәрі − дәрмек қолдану, алкоголь, темекі шегу, басқа да токсикалық әсерлер.
Сыртқы құлақтың құрылысындағы туа біткен ақауларын емдеу 2 негізгі принцип: 1. Естуді қалпына келтіру (сыртқы есту жолының екі жақты ақауы кезінде, бір жақты микротия, бірақ екінші құлақта естудің төмендеуі кезінде. ) Естуді қалпына келтіру үшін қолданылады: 1. Сыртқы есту жолын қалпына келтіретін операция 2. Есту аппараты ( дыбысты сүйектен өткізеді)
2. Косметикалық ақауды жою (құлақ қалқаны мулде жоқ болған кезде, дұрыс дамымаған кезде. ) Құлақ протезі Vista. Fix. TM − жүйесі қолданылады. Бұл тәсілде протезді бас сүйектеріне титанды штифтер арқылы бекітеді. Штифтер орныққан кейін, орны жазылғаннан кейін құлақ қалқаны штифтке бекітіледі.
Дұрыс дамымаған құлақ қалқанының хирургиялық коррекциясы Құлақ қалқанының каркасы ретінде қолданылады: 1. Дененің тіндері: қабырғалық шеміршек, сау құлақтың шеміршегі 2. Жасанды материалдар: полиамидті жіп, силикон. Жасанды материалдар организм аллергиялық реакциялар шақыруы мүмкін. Коррекцияның негізгі этаптары: Есту жолын құру Құлаұтың каркасын құру ( қабырғадан немесе сау құлақтан алынған шеміршекке керекті дұрыс форма беру) 3. Каркасты орнату ( каркастың бітісуіне 4− 6 ай керек) 4. Шеміршек бітіскеннен кейін оған операция арқылы құлақтың анатомиялық формасын келтіреді. Бітісу кезінде тыртықтар пайда болса, оларды алып тастайды. 1. 2.
Ортаңғы құлақтың құрылысындағы туа біткен ақаулар Сыртқы құлақтың атрезиясы кезінде көп жағдайда дабыл жарғағы болмайды. Бұл ақаумен ортаңғы құлақтың әр түрлі патологиялары байлансты. Ортаңғы құлақтың жеңіл патоголиясы кезінде дабыл жарғағы болады, бірақ дұрыс қалыптаспаған күйде. Ауыр патология кезінде дабыл жарғағының орнында тек жұқа сүйек пластинкасы болуы мүмкін. Кейбір ақаулар кезінде ортаңғы құлақтың қабырғалары қалың болғандықтан дабыл қуысы тар болады. Ауыр патологиялар кезінде дабыл қуысы өте тар болып, саңылау сияқты болады немесе мүлде жоқ болуы мүмкін. Оның орнына сүйек қана болады. Есту сүйектері, әсіресе балғашық мен төсше, көп жағдайда патология кезінде дұрыс қалыптаспаған болады. Көбінесе балғашықтың сабы деформацияланған, кейде балғашықтың дабыл жарғағымен байланысы болмайды. Ауыр жағдайларда есту сүйектері мүлде болмайды, бірақ дабыл қуысының бұлшық еттері жақсы дамып, дабыл қуысының латералді қабырғасына бекиді. Ақау кезінде бет нервісінің һту жолы өзгеруі мүмкін. Евстахий түтігінің жартылай немесе толық атрезиялары болуы мүмкін. Ортаңғы құлақтың аномалиялары кезінде дұрыс қалыптаспаған есту сүйектерін алып тастау, естудің дұрысталуына әкеледі.
Ішкі құлақтың құрылысындағы туа біткен ақаулар 1. Ішкі құлақтың мүлде болмауы 2. Лабиринттің диффузды ақаулары 3. Кортиев мүшесі мен есту жасушаларының дамуындағы ақаулар
Ішкі құлақтың құрылысындағы туа біткен ақаулар Лабиринттің диффузды ақаулары құрсақішілік инфекция әсерінен дамиды (ұрықтың менингиті кезінде, планцентаға сифилистің жұғуынан). Олар мебрананың болмауымен, эндолимфалық сұйықтықтың немесе керісінше перилимфалық сұйықтықтың көбеюімен көрінеді. Көп жағдайда есту нервінің талшықтары болмауы мүмкін немесе атрофияға ұшыраған болады. Кортиев мүшесі зақымданғанда оның базилярлы пластинкасының эпителиі, есту нервісінің перифириялық талшықтарының зақымдалуы, немесе Кртиев мүшесі мүлде болмауы мүмкін.
Пайдаланылған әдебиеттер: http: //meduniver. com/Medical/profilaktika/772. html http: //www. lor. by/anomalii_uha. htm https: //www. google. kz
Назарларыңызға рахмет!
СРС ЛОР Маликова Б. 3003 стом..pptx