3023 top.ppt
- Количество слайдов: 20
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Паталогиялық анатомия кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Вена аурулары (веналардың варикозды кеңеюі, флебит, тромбофлебит, флеботромбоз) Орындаған: 3023 -топ ЖМФ Қарағанды 2014 ж
Жоспар: I. II. Кіріспе Негізгі бөлім Ø Патогенезі Ø Патоморфологиялық сипаттамасы Ø Асқынулары III. IV. Қорытынды Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе Веналар 1. Бұлшықетті: Нашар дамыған Орташа дамыған Жақсы дамыған 2. Бұлшықетсіз 3. Талшықты Вена аурулары- әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулары. Вена ауруларына жатады: веналардың варикозды кеңеюі, флебит, тромбофлебит, флебротромбоз.
Қан тамыр жүйесі
Веналардың варикозды кеңеюі Варикоз — аяқтағы вена қан тамырларының кеңейіп түйінделуі. Ауру кезінде вена тамыры кеңейіп, ұзарып, түйінделіп, білеуленіп, серпімділік қасиетін жояды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Жер шарындағы халықтың 10 — 15%-і осы кеселге шалдыққан, ерлерге қарағанда әйелдерде бұл ауру 4 есе жиі кездеседі.
Патогенезі Варикоз-бен ауырғанда көбіне вена қан тамыр қабырғаларының әлсіздігіне байланысты қан айналысының жылдамдығы төмендеп, қан вена ішінде ұйиды немесе тамыр қабырғасында ісік болса, соның салдарынан тамыр қысылып, кей жерлері түйінделеді (қ. Тромбофлебит). Ауру баяу басталады да, бірте-бірте тамыр созылып, үстіндегі терісі көгереді, кейде сол жер жұқарып тесіледі. Науқас адам аяғына ауыр салмақ түскендей сезініп, балтыр еті тартылып, тез шаршағыш келеді. Аяқ ісініп, ауру күшейе түседі. В. көбіне ұзақ уақыт аяғынан тұрып ауыр жұмыс істейтін адамдарда (шаштараз, аспаз, мұғалім, т. б. ) кездеседі.
Алдын алу жолдары Варикоздың тұқым қуалайтын жағдайлары да анықталып отыр. Аурудан алдын ала сақтану үшін (егер бұл ауруға ағза іштен туа бейім келсе) ондай адамға жалпы ағнаны шынықтыратын, әлдендіретін ем қолданылады (емдік физкультура, түрлі витамин қабылдау, ванна алу). Жүкті әйелдер В-дың алғашқы белгілері білінісімен (2 — 3 айлығынан бастап) созылмалы бандаж кию керек. Аурудың асқынған түрінде хирургиялық операция жасалып, түйінделген веналар алынып тасталады.
Флебротромбоз Флеботромбоз – бұл қантамыр ауруы, тромбылық түзілістердің вена тамыр беткейінде түзілуі. Пайда болған тром венаның қуысын жауыр қалады. Бұл ауру ұзақ уақыт клиникалық белгісінің жоқ болуымен қауіпті. Көбіне өкпе артериясының тромбоэмболиясынан болады.
Флебротромбоз
Этиологиясы v. Пайда болу себебі көбіне тамақтану v. Гормондық циклдің бұзылуы v. Тұкымқуалау v. Семіздік vҰзақ тұрып жұмыс істеу (шаштараз) v. Остеопороз, ревматоидты артрид vҚайталанған аяқауырлық
ПАТОГЕНЕЗІ Конституциялық тұқым қуалайтын - дәнекер тіні мен эластикалық – бұлшықет аппаратының вена қабырғасында өзгеруі. Варикозды вена қабырғасында коллаген талшығының көбеюі ортастатикалық жүктеме кезінде вена қабырғасының кеңиуіне әкеледі. Клапандардың аплазиясы, гипоплазия құрылуы жас шақта варикозды ауру кезінде болады. Гормональды дисбаланс әйелдерде жүкті кезінде болады. Жыныс гормондарының әсері гипофиздің артқы бөлігінің гормондардың нейтрализациясы немесе вена қабырғасын босаңсытатын жалпы тамыр тонуысын төмендеуіне әкеледі.
Патоморфологиялық сипаттамасы Гистологиялық тексеріс кезінде барлық үш қабаты да зақымдалады, бірақ көбіне ортаңғы бұлшық етті қабаты. Процес басында гипертрофия болады және жасуша элементтері көбейіп вена қабырғасы қалыңдайды.
Гипертрофиямен бірге бұлшық ет жасушасы өліеттенеді және орнына дәнекер тің қалыптасады. Вена қабырғасының созылуы фибробласттардың коллаган талшықтарын бөлуді күшейтеді. Коллаген талшығының көбеюі вена қабырғасының қоректенуін төмендетеді, ол дегенеративті өзгерістерге әкеледі.
Асқынуы Варикозды веналардың тромбофлебитіне алып келеді
Тромбофлебит деп вена қабырғасының қабынуы вена беткейіне тромб түзілуімен жүреді. Тромбофлебит беткей және терең веналарда да болады. Варикозды ауру кезінде ол көбіне беткей веналарда болады. Веналардағы тромбофлебит себебі қанның ірі вена тармақтарында баяу ағуы. Бұл жағдайда көптеген фактор тромб түзілуіне себеп бола алады.
Асқынуы варикозды трофикалық язва. Варикозда трофикалық язва – көп уақыт бойы терең және беткей веналардағы қан кету тоқтамау. Кез келген варикоз ауруымен ауыратын адам ем қабылдамағанда трофикалық язваға ұшырайды. Ол варикозды венаның ең соңғы сатысында дамиды және ауыр өтеді.
Қорытынды Қан тамырлары тасымалдау қызметін атқаратын, мүшелерді қанмен қамтамасыз етумен қатар тіндер арасындағы зат алмасу процесін реттейтін диаметрі әр түрлі тұйық түтікшелер жүйесі.
Қолданылған әдебиеттер: • А. И. Струков, В. В. Серов “Патологиялық анатомия” • Василенко“Ішкі аурулар” • О. И. “Патофизиология” • www. medline. com • Google. kz
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!
3023 top.ppt