
Prmakhanov_A_O_Lor_srs.pptx
- Количество слайдов: 11
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Оториноларингология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: “Есту анализаторы” Орындаған: Прмаханов А. О. 3 -003 топ, Стоматология Тексерген: Маханбетчин Е. Ж. Қарағанды 2016 жыл
МАЗМҰНЫ: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1. Есте сақтау мүшесінің жалпы құрылысы 2. Сыртқы құлақ Ортаңғы құлақ Ішкі құлақ Есту мүшесінің құрылысы Кортиев мүшесінің құрылысы Естудің гистофизиологиясы ІІІ. Қорытынды ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
ЕСТЕ САҚТАУ МҮШЕСІНІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ Есту анализаторы – күрделі морфо-функциональды жүйе, ол дыбыстық тітіркенуді қабылдайды. Оны талдауды және интеграциялауды қамтамасыз етеді. Есту анализаторының көмегімен біз сыртқы ортадағы өзгерістерге дыбыстың күшіне, бағытына және т. б. синапстарына көңіл бөліп, оны талдай аламыз. Осы анализатордың көмегімен кісілер бір-бірімен сөйлесе алады. Спиральды мүше (Кортиев мүшесі) 1851 A. Corti сипаттама береген. Ол бірнеше қатар эпителиальды клеткалардан тұрады: тіректік клеткалар, сыртқы және ішкі бағаналық клеткалар. Бұл эпителиальдық клеткалардың арасында ішкі, сыртқы сенсорлық, қылшықты клеткалар орналасады. Есту мүшесінің құрамына сыртқы, орталық және ішкі құлақ кіреді.
ҚҰЛАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Дыбыс толқынының таралу жолы: Дыбыс толқыны —» дабыл жарғағының тербелісі —» есту сүйекшелерінің тербелісі —» ұлуденедегі сұйықтықтың тербелісі —» есту рецепторының тітіркенуі —» жүйке қозу толқынының пайда болуы.
СЫРТҚЫ ҚҰЛАҚ Сыртқы. құлаққа құлақ қалқаны, мен сыртқы дыбыс жолы жатады. Құлақ қалқаны ауадағы дыбыс тербелістерін құлақтың ішіне бағыттайды. Сыртқы дыбыс жолдарының ішкі шеті жұқа, тығыз, керілген дабыл жарғағымен бітеді. Сыртқы дыбыс жолдары арқылы дыбыс толқындары дабыл жарғағына, содан соң ортаңғы құлаққа өтеді. Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады.
ОРТАҢҒЫ ҚҰЛАҚ Ортаңғы құлақ дабыл жарғағынан, есту сүйектернен және есту түтігінен тұрады. Дабыл жарғағы бірқабатты жазық немесе текшелі эпитеий, меншікті табақшасы сүйек қабымен тығыз байланысты болады. Есту сүйегі — табақшалы сүйек тінінен тұратын, буынның жоғарғы бөлімі гиалинді шеміршекпен жабылады. Сүйек сыртынан бірқабатты жазық эпителиймен тысталған. Олар есту тербелісін дабыл жарғағына береді. Сүйек көлденең-жолақты бұлшықетпен байланысты. Есту (евстахиева) түтігі дабыл жарғағын мұрынжұтқыншақпен байланыстырады. Сүйек қабырғасы көпқатарлы кірпікшелі эпителийден құралған, меншікті табақшасы болады. Меншікті табақшасында қарапайым шырышты бездер, сонымен қатар лимфоидты тіннің жинақталуы, бадамша безінің түтікшесін түзеді. Дабыл жарғағының ішіндегі ауа қысымы есту түтігі арқылы реттеледі. Есту түтігінің жұтқыншақ өсіндісі жабық болады, тек жұтынғанда ашылады, өйткені дабыл жарғағының теп-теңдігін сақтайды. Қабыну кезінде есту түтігін қаптайтын өсінділерде мұрынжұтқыншақтың шырышты қабатында ісінуі жүреді. Есту түтігінің өсінділері жұтынғанда көрінбейді, дабыл жарғағының денесінде герметизация жүреді, әтижесінде теріс қысым пайда болып, ауаның кері сорылуы жүреді. Бұл құбылыс дабыл жарғағының өлуіне, есту суйегінің қозғалысының бұзылуына, уақыт өте келе естудің төменденуіне әкеледі. .
ІШКІ ҚҰЛАҚ Ішкі құлақ сүйек лабиринтінен, оның ішінде орналасқан жарғақты лабиринттен тұрады. Жарғақты лабиринт аймақта есту, тепе-теңдік сақтау мүшелерінің рецепторлық жасушалары орналасады. Есту мүшесі спиральды мүшеде немесе ұлуда орналасады. Тепе-теңдік сақтау мүшесінің рецепторлық жасушалары эллиптикалық қапта, сферикалық қапта, жартылай иірімді каналдың ампула тәрізді аймағында орналасады.
КОРТИЕВ МҮШЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ Спиральды мүшенің құрамына екі түрлі клеткалар жатады: сенсорлық және тіректік. Бұл клеткалардың әрқайсысы ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Туннель шекаралық қызмет атқарады.
ҚОРЫТЫНДЫ Адам есту мүшесі арқылы коршаған ортадан әр түрлі дыбыстарды қабылдап талдайды. Есту мүшесі дыбыстарды анықтап ажыратуға көмектеседі. Адамдармен сөз арқылы қарымқатынас жасайды. Еңбек маңайында да есту мүшесінің алатын орны ерекше. Есту мүшесі дыбыс пен тепе-теңдікті сезеді.
. Пайдаланылған әдебиеттер Google. kz Р. Қ. Төлебаев Э. К. Исмагулова Б. З. Жусупов Е. Ж. Яхин Оториноларингология дәрістері. .
Prmakhanov_A_O_Lor_srs.pptx