
Ермекбай О 5062 проект.pptx
- Количество слайдов: 15
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Неврология кафедрасы Тақырыбы: Трансплантология Орындаған: Ермекбай О. Н. 5 -062 топ ЖМФ Қарағанды 2017 ж
Жоспар: I. Кіріспе Трансплантология деген не? I. Негізгі бөлім. 1. Түрлері 2. Мәселелері 3. Тарихы 4. Әлемде, Ресейде және Қазақстанда 5. Трансплантология қажет пе? III. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе Трансплантология (ағылш. transplantati on of organs and tissues; нем. Transplantation von organen und Geweben; лат. transplantare - қайта отырғызу) — зақымданған, тозған ағзаны, оның бөлігін немесе тіндерді ауыстыру (немесе ауыстырып қондыру), өмірді құтқару құралы және адамның денсаулығын қалпына келтіру болып табылады; заңнамалар мен адам құқықтарын сақтау негізінде жүзеге асырылады.
Трансплантология тарихы Қазіргі заманға сай трансплантология 1937 жылы оның негізін салған студент Владимир Демиховқа 21 жаста болғанда ашылды. В. Демихов әлемдік деңгейде ондаған оталар жасады: 1937 ж. – әлемде алғашқы рет жасанды жүрек; 1946 ж. – кеуде қуысында жүректі әлемде алғашқы рет гетеротопикалық (атап айтқанда өзінің орнында емес) алмастырып салу; 1946 ж. – әлемде алғашқы рет жүрек-өкпе кешенін алмастырып салу; 1947 ж. – әлемде алғашқы рет оқшаулап алынған өкпені алмастырып салу; 1948 ж. – әлемде алғашқы рет бауырды алмастырып салу; 1951 ж. – әлемде алғашқы рет жасанда қанайналымды пайдаланусыз (оның алғашқы рет жасап шығарған пневмоприводтан (шаңсорғыш) жұмыс істеп тұрған жүректің жетілген протезімен) жүректі ортотопиялық (атап айтқанда өз орнында) алмастырып салу; 1952 ж. – әлемде алғашқы рет маммарлыы-коронарлық шунттау; 1954 ж. – итке екінші басты алмастырып салу;
Дәрігер В. Демихов – жүректі, бауырды, бүйректі, өкпені алмастырып салумен айналасатын барлық клиникаларда технологияларын пайдаланатын, әлемдегі ең ұлы тәжірибе жасаушылардыың бірі» - деді кардиохирург Ренат Акчурин. Танымал хирург шумахер Демиховты «адамзаттың ұлы тәжірибешісі» деп атады. 1960 ж. Владимир Петрович «Тәжірибеде тіршілік ету үшін маңызды ағзаларды алмастырып салу» монографиясын шығарды. Ол транспланттау жөніндегі бірінші әлемдік нұсқау болды. Кітап бірнеше тілге аударылды.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ҚР ДСМ клиникалық және эксперименттік хирургиясының ғ ми-зерттеуинституты, хирург А. Д. Сутыко 979 ж. алғашқы рет бүйректі транспланттау 992 ж. алғашқы рет ұйқы безін гетеротопикалық транспланттау А. Н. Сызғанов атындағы хирургия институты хирург М. Ә. Әлиев және Ж. А. Досқалиев 996 ж. алғашқы рет бауырды гетеротопикалық транспланттау А. Н. Сызғанов атындағы хирургия институты хирург М. Ә. Әлиев және Ж. А. Досқалиев 011 ж. тірі донордан бауырды алғашқы рет ортопедиялықтранспланттау А. Н. Сызғанов атындағы хирургия институты хирург О. Руммо (Белоруссия) 012 ж. алғашқы рет жүректі транспланттау «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ кардиохирург Ю. В. Пя және Я. Пирк (Чехия Республикасы) 012 ж. ұйқы безін және бүйректі алғашқы рет аралас транспланттау Алматы қ. № 7 ҚКА Хирург Kwan-Tae Park (Оңтүстік Корея) 012 ж. алғашқы рет баланың бүйрегін транспланттау «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ Қазақстандық және шетелдік мамандар 013 ж. алғашқы рет баланың бауырын транспланттау «Республикалық жедел медициналық көмек көрсету ғылыми орт ы» АҚ хирург О. Руммо (Белоруссия) 013 ж. алғашқы рет мәйіттік донордан бауырды ортопедиялықтранспланттау «Республикалық жедел медициналық көмек көрсету ғылыми орт ы» АҚ хирург Т. Сұлтанәлиев 013 ж. алғашқы рет мәйіттік донордан ағзаларды мультиағзалық алу А. Н. Сызғанов атындағы хирургия институтында бір мезгілде 4 р иентке 4 ағзаны транспланттау жасалды.
Түрлері Изотрансплантант-ол генетикалық ұқсас индивидумдар арасында салынған тіндер мен мүшелер. 2. Аллотрансплантант-ол бір биологиялық түрге жататын генетикалық түрлілі организмдердің арасындағы алмастырған тіндер мен мүшелер 3. Ксенотрансплантант деп- әр түрге жататын организмдер арасында салынған тіндер немесе мүшелерді айтады. 1.
Трансплантан алу түрлері Донор-тірі адам Донор-өлік Донор-жануар Донор-клон
Мәселелері 1. Трансплантологиядағы негізгі проблема өлген адамнан оның мүшелерін алуға туыстарынан келісім алудың өте қиындығында болып отыр. Мұның себептері бірнешеу: халықтың сауатсыздығы, діни сенімдер, сондайақ үгіт жұмысының әлсіздігі.
2. Әділдік мәселесі: Донорлық мүшелерді трансплантациялау белгілі бір топтарға және қаржылық жағдайға қарамау керек. Донорлық мүшелер медининалық көрсеткіштерге сай ең оптимальды науқастарға берілу керек. 3. Донорлы мүшені коммерциялау мәселесі: Мүшелер мен тіндерді саудалау заңмен қудалану керек. 4. Бас тарту мәселесі.
Трансплантология басқа елдерде
Қазақстандағы трансплантология «Қазақстанда жыл сайын 138 адам жүрек алмастыру отасына мұқтаж. Бауыр ауыстыруға - 250 -300, бүйрекке - 1384, өкпеге - 3 -5, ұйқы безіне - 37 адам. 2012 жылдан бері Қазақстанда 445 бүйрек алмастыру, 76 - бауыр және 21 жүрек алмастыру оталары жасалды. 2015 жылы 11 адамға жүрек алмастырылды. 2016 жылы 13 адамға жүрек алмастырылды.
Ермекбай О 5062 проект.pptx