
ОБА.pptx
- Количество слайдов: 26
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ
ЖОСПАРЫ 1. Оба туралы жалпы түсінік 2. Эпидемиологиясы 3. Патогенезі 4. Клиникасы 5. Лабораториялық диагностика 6. Медицина қызметкерлері жеке басын сақтау үшін 7. Емі 8. Алдын алу 9. Оба ауруынан сақ болайық!! Маман пікірі 10. Тарихи деректер 11. Түйін 12. Видео ролик
Табиғатта түрлі кемірушілер арқылы таралады. Адамдарға кемірушілерден, не бүргелерден жұғады. Ауру қоздырғышы таяқша тәрізді бактерияларды 1894 жылы бір-біріне байланыссыз жапон микробиологі С. Китасато (1853 – 1931) мен француз бактериологы А. Йерсен (1863 – 1943) (адамнан; 1897 жылы егеуқұйрықтан) тапқан. Оба таяқшасы (Yersіnіa pestіs) пішіні жұмыртқа тәрізді, ұсақ, қозғалмайды, талшықтары болмайды, спора түзбейді, анилинді бояғыш заттармен тез боялады. Кемірушілер денесінде 4 – 5 ай, бүргелерде 1 жылға дейін тіршілік етеді.
КИТАСАТО СИБАСАБУРО АЛЕКСА НДР ЭМИЛЬ ЖАН ЙЕРСЕ Н
Эпидемиологиясы Табиғаттағы резервуары болып кеміргіштер және қоян, түлкі есептелінеді. Оба адамға ауа – тамшы, жарақатталған тері арқылы және трансмиссивті жолмен жұғады. Түрлері: 1. Өкпені зақымдайтын түрі ( ауа арқлы жұғады ) 2. Тері жамылғысын зақымдайтын түрі 3. Бубон және тері бубонды түрі Ø Адам организміне оба қоздырғышы тері арқылы, тыныс алу жолдары және асқазан – ішек жолдары арқылы енеді
БЕРІЛУ МЕХАНИЗМДЕРІ 1. Трансмиссивті ( кене ) 2. Контактты – жаралы (жануарлар немесе арқылы ) және алиментарлы 3. Респираторлы 4. Контактты - тұрмыстық
Патогенезі Бүрге адамды шаққан кезде қоздырғыш қанға түсіп, лимфа бездерінде жайласады. Егер бүрге қолды, бетті, мойнын шаққан болса, қолтық астындағы лимфа безінде арнайы қабынулы процессі өтіп ол бубонға айналады. Қоздырғыш ауа, шаң арқылы өкпеге түсетін болса, өкпені зақымдайтын түрі дамиды.
Клиникасы I. Теріні зақымдайтын түрінде қоздырғыш түскен жерде әуелі қызыл дақ, сосын папула – визикула – пустула түрлі бөртпелер пайда болады. Бубон түрінде: зақымдалған бездер ісінеді, өте күшті ауырсыну. Науқастың басы ауырады, әлсіздік, дене қызуы субфибрильді. Бубон үстіндегі тері қызыл түсті , жалтырайды, бубон аймағындағы қоршаған ткандермен қосылған; 8 – 10 – шы күні өзінен – өзі жарылады. II. Тері бубонды түрі. III. Өкпені зақымдайтын түрі: ауыр пневмония тәрізді өтеді, жасырын кезең 2 – 3 күн. Ауру жедел басталады, көкірегі ауырады және ентікпе пайда болып, күшті жөтел ақ түсті қақырық, улану белгілері болады. Аускультация кезінде әртүрлі сырылдар естіледі. Көбіне өкпені зақымдайтын түрі арнайы емделмейді.
Бубонды формасының клиникасы Ерте көрінісі ¤ жедел қызба ¤ жалпы әлсіздік, басының ауруы, миалгиялар ¤ қатты ауырсыну және бірнеше лимфа түйіндерінің ұлғаюы ( бубон ) шап немесе қолтық асты аймақтарында ¤ лимфадиент периаденитпен Инкубациялық кезең 2 – 6 күн Кеш көрінісі ¤ Септицемия, ТШҚҰ, шок ¤ Ем дұрыс жүргізілмесе шоктана және сепсистеннауқас өліп кетуі мүмкін
Өкпелік обаның клиникасы Ерте көрінісі ¤ жедел қызба, қалтырау, басының ауруы, миалгиялар ¤ көкірек тұсының ауырсынуы, тынысының бұзылуы ¤ тахикардия ¤ жөтел ( іріңді, қанды, көпіршікті қақырық ) ¤ қан қақыру Инкубациялық кезең 2 – 6 күн Кеш көрінісі ¤ Респераторлы дисресс синдромы ¤ Өкпе ісінуі, тыныс бұзылуы, цианоз ¤ Менингит ¤ Гипотония, ТШҚҰ, септицимия, өлім ¤ Лабораториялық мәліметтер – бактериальді инфекция ¤ Сепсис
Лабораториялық диагностика 1. Теріні зақымдайтын түрінде пустула ішіндегі сұйықтықты зерттеуге алады 2. Бубон түрінде бубоннның сұйықтығын зерттеуге алады 3. Өкпені зақымдайтын түрінде жұтқыншақтан жағынды және қақырық алынады. Осы жинақтар бактериологиялық зерттеуге жіберілуі тиіс. Барлық түрлерінде 5 мл қан күре тамырынан алынып серологиялық зерттеуге жіберілуі керек.
Медицина қызметкерлері жеке басын сақтау үшін: 1. Қолын және денесінің ашық жерлерін 0, 5 % хлорамин немесе 70 % спиртпен жуу керек 2. Көз және мұрынға стрептомицин ерітіндісін тамызулары тиіс ( 1 мл 250000 Б ) 3. Арнайы обаға қарсы киім киюі қажет, киіну реті: a. Носки b. Пижама c. Етік d. Орамал e. Халат f. Көзілдірік g. Сүлгі h. Қолғап
Емі Обаны емдеудің ең негізгі әдісі антибиотиктермен емдеу. 1. Стрептомицин 500000 * 1 тәулікте 2 рет өкпе түрінде 1000000 * 1 тәулікте 4 рет 2. Улануға қарсы ем ( 5 %глюкоза, трисоль т. б ) 3. Жүрек тамыр жеткіліксіздігіне қарсы: кордиамин, кофеин, эфедрин. Колапста норадреналин, мезатон 4. Симптоматкалық ем 5. Қатаң төсекті режим 6. Боксқа изоляциялау
Алдын алу 1. Обаға қауіптелген, жақын қарым – қатынаста болған адамдарды изоляциялау 2. Карантинді қауіпті жұқпаларды тпратпау шараларын қолдану 3. Халықаралық төтенше хабар жіберу 4. Мемлекет шекарасын жабуға дейін, карантин шараларын қолдану 5. Дезинфекция, дезинсекция, дератизация шараларын толық жүргізу 6. Медицина қызметкерлері науқасқа күтім жасағанда, обаға қарсы киім кию керек 7. Реконвалесценттер толық клиникалық сауығудан соң шығарылады. Шыққан соң 3 айға дейін медициналық бақылауда болады
Адамзатты сан рет қырғынға ұшыратқан оба ауруы XIХ ғасырда ғана ғылыми түрде зерттеліп, жұғу, таралу, одан қорғану жолдары қарастырыла бастады. Маңғыстау жерінде обамен адам ауыруы 1926, 1948 және 1964 жылдары Каспий жаға- лауындағы Түпқараған ауданында (Киров атындағы колхозда, «Қитым» қыстағы, «Красный Долгинец» колхозының Тасқұдық аңғарында) және Маңғыстау ауданында ( «Путь к коммунизму» , «Ворошилов» , «Жаңалық» колхоз- дарында, «Беке» кыстағында, Таушық елді мекенінің «Басшор» аңғарында) обаның ошақтары табылып, бүрге, дала және үй жануарлары, әсіресе түйе арқылы тарауы тіркелді. Әлия БОРАНБАЕВА, Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясының маманы
Обамен күрес атам заманнан бері жалғасып келеді. Қасиетті хадисте: «Егер оба ауруы шыққан жерге бара қалсаңыз, ол жерден қайтып шықпаңыз » -дегені, осы күнгі карантин туралы ескерткені болса керек.
Тарихқа жүгінсек өткен ғасырдың ортасынан бастап Арал өңірі оба ауруы бойынша аса қауіпті аймақтарға жатқызылып, «Арал обаға қарсы күресу станциясы» ашылған. Содан бері оба індетінің Арал, Қазалы өңірінде ірілі-уақты 15 ошағы тіркеліп, 45 адам ауырып, оның 19 -ы көз жұмған. Ал 1996 -2006 жылдар аралығында Республика бойынша оба ауруымен ауырған 15 адамның сегізі осы аймақта тіркелген.
Түйін Оба індетінен сақтану үшін далада тышқандар ініне таяу бармау керек, уақытша баспана, киіз үй тіккенде кеміргіштер жоқ жерді таңдау, тұрғын үй жайды, оның айналасын таза ұстау маңызды. Егер үйде тышқан көбейіп кетсе бұл туралы арнайы мекемеге хабарласу керек. Мал дәрігердің рұқсатынсыз малды союға болмайды. Осы хақында нақты деректі жергілікті әкімшіліктен немесе ОҚК мекемелерінен алуға болады. Ауырған жағдайда емдеуді уақытылы бастаса, обадан әбден сауығуға болады!!
ОБА.pptx