
CРС тулегенова.pptx
- Количество слайдов: 12
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Клиникалық – оқу орталығы СӨЖ Тема: Әртүрлі этиологиялық гипокальциемияның көрінісінен туындайтын тырыспалы синдром кезіндегі шұғыл жәрдем көрсету және диагностикасының алгоритмі Орындаған: Тулегенова А. Б Е-082 топ Тексерген: Омарбекова Н. К Карағанды 2015
Тырысу синдромы • Тетания– патологиялық жағдай ретінде ажыратылады. Осыдан аяқ басының (жылқы тұяғы), қол ұштарының (акушер қолы), көмейдің, беттің бұлшықеттерінің (балық аузы) сіңірлері тартылады. Қалыпты электірлікхимиялық потенциал төмендейді де бұлшықеттің әсерсіз жиырылуы, кұрысутырысу пайда болады.
Гипокальциемия • Гипокальциемия —бұл кальцийдің қандағы мөлшері 1, 87 ммоль/л, ал ионизированный — 1, 07 ммоль/л төмен болуы. Тұрақты гипокальциемия жүйелік бұлшықеттік қозғалысының жоғарылауына және тетанустық кұрысу тырысуға әкеледі. Кальций жетіспеушілігі кезінде нейрондардың да қозғыштығы жоғарылайды. Кальций иондары жасушаға өтіп жиырылуын тудырады. Гипокальцемияның жеңіл дәрежесінде латентті тетания байқалады. Ол Труссо симптомыммен(тонометр манжетімен иықты байлағаннан 2 -3 минуттан кейін “акушер қолының” болуы ), Вейс симптомымен (көз ұясының сыртқы қырынан ұрғылағанда көздің айналмалы бұлшықетінің жиырылуы) немесе Хвостек симптомыммен(бет жүйкесінің шығатын жерінен неврологиялық балғашықпен ұрғанда мимкалық бұлшықеттердің жиырылуы) сипатталады. Тағыда гипокальциемияның симптомы әр түрлі терінің сезімталдылығының бұзылысымен көрінеді. (ұйып қалу, шаншып ауыру, күйдіріп ауыру).
Гипокальциемияның этиологиясы • Гипопаратиреоз (идиопатиялық, операциядан кейінгі не псевдогипопаратиреоз) • Гипомагнезиемия • Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі • Мальабсорбция синдромы • Жедел панкреатит • Аш ішек арқылы кальций сіңірілуінің тежелуі • Д витаминнің жеткіліксіздігі • Цитратты қан мен фосфаттың инфузиясы • Жедел лейкомея кезіндегі химиотерапия • Маскүнемдік
Гипокальциемиялық тетанияның анық көріністері v Ларингоспазм v Апноэ ұстамасы v Беттік бұлшықеттердің тоникалық тырысуы v Барлық дене бұлшықеттерінің тоникалық тырысуы v длительные тонические судороги; v Тоникалық тырысудың ұзақтылығы v Карпопедальді спазмтонико-клонустық тырыспа.
Диагностикасы v Ø Ø Ø Ø Ø Анамнез жинау кезінде басты назар аударатын жағдай: Ұстаманың сипаттамасы мен ұзақтығы Қызбаның болуы , бас ауруы, қозғыштық, шүйде бұлшықеттерінің ригидностьлығы; Жақын арада алған бас-милық жарақат; Алдында ұстама болуы, отбасылық анамнез (эпиприпадка және басқада созылмалы аурулар) Дәрілік заттарды қолдану Уланудың болу мумкіндігі Физикалық тексеру кезінде бағаланады: Жүрек-қантамырлық және тыныс алудың бұзылысының дәрежесі(ЖЖЖ, АҚҚ, пульс, тыныс алудың тереңдігі мен ырғағы, кеуде клеткасының экскурсиясы); температура; Тері жамылғысының түсі (мраморность, цианоз, гипопигментации); Травма көріністері (қанталау, жара, тіннің ісінуі); Сепсиситің көріністері(геморрагиялық бөртпе); Көз қарашығының жарыққа реакциясы; Көру нервінің және көздің ішкі тор қабығының жағдайы(көру нервісі дискісінің ісігі, көздің ішкі тор қабығына қан кұйылу); Еңбекті бағалау(у детей младше 18 месяцев проводят диафаноскопию); Бұлшық ет тонусы және рефлекс; ұстаманы сипаттау
Диагностика v Лабораториялық зерттеу кезінде анықтау керек: Ø Қандағы глюкозаның деңгейін; Ø Электролиттердің деңгейін, Na, Ca, Mg, мочевины; Ø р. H, CO 2 плазмы; Ø Ұстамаға қарсы препараттардың деңгейін анықтау;
Жедел көмек көрсету кезіндегі алгаритм • • Жалпы және физикалық жағдайын бағалау; Кальцийді көк тамыр ішіне енгізу: - кальция хлорид (10% - 10 мл) 10 мин ағамында - кальция глюконатты (10% - 20 мл) 5%глюкоза ерітіндісіне араластырып көк тамырға 10 минут бойы кұямыз. • Жүрек – қантамыр жүйесіне инотроптарды қолдану керек • Эндокринологиялық немесе терапиялық бөлімдерге госпитализациялау; • Емдеу және себебін анықтау үшін биохимиялық зерттеу жүргізу(электролиттер, мочевина, плазмадағы креатинкиназа, паратиреоидты гормон)
Емдеу • Гипокальциемия кезінде кальций жеткіліксіздігінің орнын толтырумен қатар, оның даму себептерін және пайда болатын бүліністерінің түріне байланысты емдейді. Гипокальциемиялық тетания ұстамасын емдеу үшін көк тамырға хлорлы кальций (10% - 10 мл), кальций глюконаты (10% - 20 мл) немесе лактаты жіберіледі. Сонымен қатар Д витаминінің препараты: (кальцитриол, холекальциферол 25000 -75000 БР, дигидротахистерол 0, 5 -2 мг тәулігіне 12 -40 тамшы) енгізіледі.
Тырысуға карсы терапия Бензодиазепиндер: • Диазепам –тез әсер ететін тырысуға қарсы препарат. Алғашқы дозасы 0, 1 -0, 2 мг/кг (максимально 10 мг) 1 -4 мин енгізеді. Эффект болмаған жағдайда екіншілік доза 0, 25 -0, 4 мг/кг (максимально 15 мг). • Лоразепам –тез әсер ететін тырысуға қарсы препарат. Алғашқы дозасы 0, 05 -0, 1 мг/кг (максимально 4 мг) 1 -4 мин бойы. Эффект болмаған жағдайда 0, 1 мг/кг. • Бензодиазепинның қарсы көрсеткіштері –тыныс алудың қиындауы. • Егер жоғарыдағы препараттар эффект бермесе фенобарбитал енгіземіз. Препарат дозасы 10 мг/кг көктамырға 15 мин ағымында. Егер 20 -30 мин соң эффект бермесе қайтадан жаңағы дозаны енгіземіз.
Дегидратационды терапия 1. Фуросемидті көктамырға не бұлшықет ішіне 3 -5 мг/кг тәулігіне 2. Диакарб дозасы 0, 06 -0, 25 г/тәул. ішке тағайындалады 3. Плазманың осмостық қысымын жоғарылату үшін тамыр ішіне альбумин және жаңа тоңазытылған плазма енгіземіз
CРС тулегенова.pptx