
3033 Шырымхан М. Юсупова А.ppt
- Количество слайдов: 28
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Кафедра Анатомия -2 Жүрек және тамырлар, дас ерекшеліктері Орындағандар : Шырымхан М. Юсупова 3033 топ ЖМФ Тексерген: 2014 -2015
Жоспар l l l l Қанайналым жүйесіне сипаттама Жүректің ұрық жапырақшаларынан дамуы Жүректің құрылысы Ұрықтағы қан айналым шеңбері. Жүрек-қантамыр жүйесінің жас шамалық ерекшеліктері Қорытынды Қолданылған әдебиеттер
Қанайналым жүйесі қан тамырлрдан және орталық қанайналымына қатысатын орталық мүше – жүректен тұрады. l Жүрек (cor) - өзіне құйылатын вена сабауларынан қанды қабылдап және артерия жүйесі арқылы айдайтын қуыс бұлшықетті ағза болып табылады. l
l Жүректің бірінші жапырақшасы 3 -аптасында мезинхима жасушаларынан дами бастайды. Бұл жасушалар висцеральды жапырақшаның астында орналасады. Кейінірек бұл жасушалар висцеральды жапырақшамен қосылып екі ұзынша түтікшеге айналады. Одан әрі пайда болған түтікшелер қосылып кетеді де, олардың қабырғасынан эндокард пайда болады. Осы түтікшелерге жақын жатқан мезодерманың висцеральды жапырақшаларының аймағы миоэпикардиальды пластинкалар деп аталады. Пластинкалар екіге бөлініп : ішкісі – миокард, ал сыртқысы – эпикардтың бастамасы болып табылады.
Жүрек құрылысы- 4 камерадан: оң жақ жүрекше, қарынша; сол жақ жүрекше мен қарыншадан тұрады. l
Оң жақ жүрекше(atrium dextrum) – артқы бетінің үстіңгі жағынан оған жоғарғы қуысты вена және төменнен төмеңгі қуысты вена келіп құяды. Жүрекшелер арасындағы қалқа septum interatriale. Осы қалқада сопақ пішінді шұңқыр fossa ovalis орналасқан. Бұл шұңқыр құрсақтық джаму кезіндегі жүрекшелердің өзара жалғасып қатынасатын тесігінің – foramen ovale бітіскен орны болып табылады. Жүрекшені төмеңгі алғы бөлімінде оң жақ жүрекше қарынша тесігі ostium atreventriculare dextrum орналасады. l
l Сол жақ жүрекше atrium sinistrum – артқы жағынан төмен кететін қолқа мен өңешке жанасып жатады. Әрбір жағынан оған екі-екіден өкпе веналары келіп құйады. төмеңгі алғы бөлімінде сопақ пішінді жүрекшеқарынша тесігі – ostium atreventricularis sinistrum орналасады.
Оң жақ қарынша ventriculus dexter – Жоғарғы қараған негізінен өкпе сабауы Truncus pulmonalis шығады. Ostium atreventriculare dextrum үшжармалы қақпақпен valva atreventricularis dextra, valva tricuspidalis жабтықталған. Қан оң жақ қарыншадан қақпағы бар тесік – ostium trunsi pulmonalis арқылы өкпе сабауына келеді, ол қақпақ диастола кезінде қанның өкпе сабауынан кері қарай оң жақ қарыншаға ағуына кедергі жасайды. l
Сол жақ қарынша ventriculus sinister – сол жүрекшеден ашылатын тесік ostium atreventricularis sinistrum сол Жақ жүрекше –қарынша (митральды) қақпағымен жабтықталған. Қолқа қақпағы valva aorta - өкпе сабауы қақпағының құрылысына ұқсас, бірақ valvula semilunalris posterior, dextra et sinistra-дан тұрады. l
l Құрсақтағы нәрестеге оттегі мен қоректік заттар ана қанынан плаценталық қанайналым көмегімен жеткізіледі. Оттегі мен қоректік затқа артерия қаны ана қағанағынан кіндік венасына енеді, бұл вена кіндік аймағында нәресте денесіне кіріп жоғары жүреді де, бауырға келіп оның сол жақ бойлық жүлгесінде орналасады.
Ұрықтағы қан айналым шеңберін схема түрінде көрсететін болсақ l V. umbilicalis қақпа венасына құяды ductus venosus төмеңгі қуысты вена оң жақ жүрекше (foramen ovale) Қолқа сол жақ жүрекше сол жақ қарынша
Ұрықтағы қан айналым шеңберін схема түрінде көрсететін болсақ l Оң жақ жүрекшеде қалған қан Оң жақ қарынша Өкпе сабауы Ductus arteriosus қолқа
Бала дүниеге келгендегі өзгерістер Құрсақтағы нәрестенің дүниеге келуі организм дамуындағы секіріс болып табылады. Қоректік зат пен оттегіні анаснан алатын нәрестенің тыныс алу мен асқорыту жүйесі іске қосылып организмде бірнеше өзгерістер болады: 1. Ductus venosus – бауырдың жұмыр бұлшықетіне айналады 2. Ductus arteruosus – Lig. arteruosum-ға айналады. 3. Foramen ovale –fossa ovale-ге айналады.
Қорытынды Жүрек адам организміндегі ең басты орталық қан айналым мүшесі болып табылады. Жүректің құрылысын білу болашақ дәрігерлер үшін өте маңызды. Жүректің атқаратын қызыметінің алуан түрлілігін, құрылысын оқып үйрену де болашақ дәрігерлердің міндеті болып табылады. Себебі нәрестелік шақтан бастап жүрекке байланысты ақаулар жетіп жатыр(жүрек жеткіліксіздігі, өкпе артериясы стенозы т. б. )
Қолданылған әдебиеттер 1. Адам анатомиясы – Алшынбай Рақышев – Алматы 2004; 2. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы. Б. Н. Айтбембет-Алматы 2005 3. Цитология, эмбриология және гистология – Ж. О. Аяпова – Алматы 2007 4. Интернет сайттары – 1. Google. kz 2. Mail. ru Презентациядағы суреттер де осы интернет сайттарынан алынған.
Назар аударып тыңдағандарыңызға рахмет!!!
3033 Шырымхан М. Юсупова А.ppt