
Сабит Дина 3-029 ОМ пропед.pptx
- Количество слайдов: 21
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Ішкі аурулар пропедевтикасы СӨЖ Тақырыбы: Өкпе зақымдалу синдромдары: Өкпеқап қуысына ауа жиналу синдромы Орындаған: Сәбит Д. А. 3029 ЖМФ Қабылдаған: Тусупбекова Қ. Т. Қарағанды2015 ж
Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім 1. Плевра қуысындағы ауа және сұйықтық жиналу синдромы бар науқастарда зерттеу жоспарын құрастыруға үйрету. 2 Плевра қуысына ауа жиналу синдромы, клиникасы, даму себептері, белгілері, патогенезі 3. Өкпеқап қуысына сұйықтық жиналу синдромы(Пневмоторакс ) Қорытынды бөлім Қолданылған әдебиеттер. 2
Кіріспе Плевралды синдром жалпы ұғыма өкпеқап жапырақшаларының зақымдалуын немесе өкпеқап қуысында сұйықтықтың я болмаса ауаның жиналуын көрсететін симптомдар жиынтығы. Кейбір жағдайда өкпеқап жапырақшаларының қабынуы бұл осы плевра қуысына сұйықтықтың жиналу процесін алдын алады. Сонымен қатар өкпеқапта орналасқан жүйке тамырларының осы өкпеқап бөлігі зақымдалған жағдайда тітіркенумен де тікелей байланысты болып табылады. 3
объема изменение легких поток воздуха плевральное давление альвеолярное давление
Шағымдары §ентігу, § ауыру сезімі Қарау §кеуде асимметриясы, зақымдалған бөлігі қабырғаралықтарының тегістелуі және тыныстан қалыс қалуы Пальпациясы зақым бөлігінде дауыс дірілінің айқын әлсіреуі немесе жоғалуы 5
Перкуссиялағанда §тимпаникалық дыбыс Аускультацияда §тыныс пен бронхофония айқын әлсіреген немесе жоғалған Р-графияда §өкпе суреті жоғалған ақшыл, өкпе аймағы, өкпе түбірінде бүріскен өкпе көлеңкесі 6
Пневмоторакс Пиевмоторакс деп висцералды және париеталды плевра жапырақшалары арасында ауаның жиналуын атаймыз. Пневмоторакс біржақтылық немесе екіжақтылық, ал газ көлеміне байланысты ол жарым-жартылай немесе толық (тотальдық) болуы мүмкін. Бұл кезде өкпе жарым-жартылай немесе толық бүрісіп сығылады (коллапсқа ұшырайды). Егерде ауа жұтқанда атмосфералық ауа өкпе қабы қуысына бос кірсе, ал дем шығарғанда қуысынан шығып тұрса пневмоторакс ашық деп аталады. Егерде ауа әрбір жұтқан сайын өкпе қабы қуысына кіріп - дем шығарғанда кері шықпай қалса, өкпе қабы қуысы ішіндегі қысым көтеріле берсе, оны клапандық немесе вентильді пневмоторакс деп атайды. Егерде өкпе қабы қуысына ауа кіретін тесік бітеліп, жиналған ауа кері шықпаса, пневмоторакс жабық деп аталынады. 7
Клиникалық белгілері Клиникалық белгілер: Сырқат кейде аяқ астынан ауыруы мүмкін. Науқастардың негізгі шағымдары кеудедегі шаншу, ентігу, құрғақ жөтел, жүректің тарсылдап соғуы. Шаншу мойынға, қолға, төс шеміршегі астына беріпуі мүмкін. Ентігу деңгейі өкпе қабы қуысындағы ауаның көлеміне, өкпенің бүрісуіне (коллапс), аралық ағзалардың ығысуьна тікелей байланысты болады. Науқастарды қарап тексерген кезде : ауру жақ өсіңкі көрінеді және оның демалу қимылы азаяды. Пальпция арқылы: дауыс дірілі анықталмайды. Перкуссия арқылы: дабыл дыбысын және өкпе шетінің шектелуін анықтауға болады. Аускультация арқылы: тыныс алған естілмейді. Бронхофония әлсіреген, не анықталмайды. Ашық пневмоторакста амфора дыбысы естіледі. Бронхофония күшейген Синдром кеуде сарайының қабырғасы жарақаттанғанда, плевра қуысына жасанды ауа айдағанда және өкпенің кейбір ауруларының асқынғанда пайда болады.
Себептері: 1. Вицералы өкпеқаптың жарылуы (өкпенің буллезді эмфиземасы, орны босай бастаған абцесс, туберкулезді каверна. ) 2. Көкірек қуысың жарақаты 3. абсцесс, өкпе гангренасы, өкпе рагы нәтижесінде өкпе тінінің ыдырауы (деструкция); туберкулездік немесе бронхоэктатикалық кавернаның, карциноманың, өңеш дивертикулының, диафрагма астылық абсцестің жарылуы, өкпе эмфиземасының булласының, өкпе немесе өкпе қабы кистасының туа біткен немесе жүре пайда болған конституциялық кемістігі барлығынан жарылуы, т. б. болуы мүмкін. 9
Белгілері: Пальпациялағанда - зақымдалған жақта қараған кезде қабырға аралығындағы аралықтың тегістелуі , дем алғанда қалып қоюы , дауыс дірілінің әлсіреуі анықталады. Перкусссиялағанда - пневмоторакста тимпаниттің төменгі шекарасы плевралды синустардың кеңеюіне байланысты өкпенің қалыпты шекарасынан төмен түседі. Аускультациялағанда - Бір мезгілде газ және сұйықтық болған жағдайда зақымдалған кеуденің жартысында төменгі бөлігінде тұйық дыбыс , ал жөғарғы бөлімінде тимпаникалық дыбыс естіледі. Везикулярлық дыбыс бұл кезде айқындалмайды. 10
Пневмоторакс кезіндегі науқастың шағымдары: Шағымдары: Науқас ентігуге, кеудесінің оң жақ тұсындағы ауыру сезіміне, физикалық күш түскенде демнің жетіспеуі, ауаны жұтудағы, шығарудағы қиындықтар, бірден болатын тұнщығу, аяқ астынан туындайтын қарқынды шаншулар, шаншудың мойынға, қолға, төс шеміршегіне берілуі, дүркін-дүркін болатын құрғақ жөтел, әсіресе таңертеңгі мезгілде жөтелдің күшеюі, бастың ауыруы, айналуы, аяқтардың ісінуі салдарынан жүрудің қиындауы.
Пневмоторакс кезіндегі науқастың организмдегі жалпы өзгерістері Өкпеде қабыну мен қан іркілу құбылыстарында; 2. өкпе аурулары (созылмалы өкпенің қабынуы, пневмосклероз, обыр (рак) эмфизема, туберкулез т. б. ) кездерінде Өкпенің сыртынан әсер ететін ықпалдарға: 1. плевра қуысында сұйық, ауа жиналуы; көкірек орталығында өкпе дамуы; 2. кеуде қуысын тарылтатын дененің пішіні өзгеруі; 3. іш қуысында ауа жиналуы (метеоризм), бауыр ұлғаюы, іш шемені дамуы т. с. с. жағдайлар жатады. Бұл кезде өкпе сыртынан қысылып , оның тыныс алу кезіндегі тербелісін азайтады.
Пневмоторакстың түрлері: Түрлеріне қарай: 1. Ашық пневмоторакс. 2. Жабық пневмоторакс. 3. Күштемелі (клапанды) пневмоторакс. Ашық пневмоторакс кезінде плевра қуысының бронх тесігімен және атмосфералы қуыспен қатынасы болады. Дем алғанда ауа плевральды қуыс арқылы вистеральды плевраға өтеді. Осыдан өкпенің жұмысы баяулап, тыныс алудан шығады (өкпенің коллабирленуі). Жабық пневмоторакс кезінде плевральді қуысқа түскен ауа өкпенің жартылай немесе толық коллабирленуін туғызады, содан кейін атмосферадағы ауамен байланысын үзеді, бірақ қауіпті жағдай туғызбайды. Клапанды пневмоторакс кезінде ауа плевральді қуысқа еркін түседі, бірақ оның шығуы клапанды механизмге байланысты қиындайды. Шығу тегіне қарай: 1. Біріншілік - өкпе ауруларының клиникалық көрінісінсіз ( a 1 – антитрипсиннің жетіспеушілігі кезіндегі шектелген буллезді эмфиземада, Марфан синдромы ). Жиі бойы ұзын, 20– 40 жас шамасындағы ер адамдарда кездеседі. Темекі тарту 22 есе қауіп төндіреді. 2. Екіншілік - өкпе ауруларының фонында туындайды.
Ашық пневмоторакс Жабық пневмоторакс Спантонды Ашық пневмосклероз Жабық пневмосклероз Клапонды пневмоторакс 14
Спонтанды пневмотораксқа тән симптомдар: - кеуде клеткасының сәйкес жағында п. б. өткір ауыру сезімі, мойын, қолға берілетін, терең дем алғанда, жөтелгенде және қозғалғанда күшейе түсетін; - кенеттен ентігу; - тері түсінің өзгеруі ( бозару, цианоз); - тахикардия; - суық жабысқақ тер; - АҚ төмендеуі; - мәжбүр қалыпта ( жартылай отыру, зақымдалған жағына қарай иілуі, немесе ауырған жағына жату).
Объективті клиникалық зерттеуі бойынша: - қабырға аралығының кеңеюі, зақымдалған жақта тыныс алу қозғалысы шектелген немесе жоқ; - дауыс дірілі зақымдалған жақта төмендеген немесе жоқ; . - зақымдалған жақта тыныс алуы қалып отырады, перкуторлы тимпанит анықталады, өкпенің төменгі бөлігі тыныс алғанда ығыспайды. Көкірек аралық пен сау жеріне ығысуы мен бауырдың төменге түсуінің сол жақтың пневмотораксында байқауға болады; - аускультацияда зақымдалған жақта тыныс шуының едәуір төмендеуі немесе жоқ болуы, сондай-ақ сау жағында күшеюін анықтаймыз. Көкірек аралықтың едәуір ығысуында, жүрек қуысына құятын және жоғарғы қуыс венасындағы қысымның жоғарылауына алып келетін тамырлардың иілуінде мойындырық веналарының ісінуі байқалады. Пальпация кезінде тері асты эмфизема аймағында “қар сықыры” сияқты - крепитация сезілді. Ең қауіптісі кеуде аралықтың күштемелі эмфиземасы болып табылады, бұл көбінесе кеңірдектің және ірі бронхтардың жарылуында пайда болады. Бұл жағдай қуыс венасындағы қанның айдалуын бұзады және үлкен қан айналым шеңберінде қанның іркілуін тудырады – жүректің экстраперикардиальды тампонадасы. 16
Негізгі және қосымша диагностикалық шаралар тізімі: 1. Жалпы жағдайы мен өмірге қажетті мүшелердің қызметін бағалау: есін, тынысын (жиі, беткей), қан айналымын. 2. Визуальді бағалау: конституциясын бағалау (астеникалық), мәжбүр қалып (отыру немесе жартылай отыру), тері түсінің бозаруы, суық, пульсті тексеру, жүректің жиырылу жиілігін, артериалды қысымды анықтау 3. Кеуде клеткасын қарау: қабырға арасының кеңеюі, тыныс алғанда зақымданған жақтың қалып отыруы, мойын венасының ісінуі мен пульсациясы, тері асты эмфиземасы. 4. Пальпация және перкуссия: зақымданған жақта дауыс дірілінің қалып отыруы немесе жоқ болуы, тимпаникалық дыбыс (плевра қуысында сұйықтық жиналғанда төменгі бөліктері тұйықталады), жүрек түрткісінің және жүректің тұйықталған шекарасының сау жаққа ығысуы. 5. Аускультация: зақымданған жақта дыбыстың төмендеуі немесе жоғалуы. 17
Плевра қуысында ауа жиналу синдромы Солжақтық жасанды пневмоторакс 18
Қорытынды: Пневмоторакстың кез-келген түрінің клиникалық көрінісі ауаның өкпеге түскен көлемі мен жылдамдығына байланысты. Ауру қысқа уақытта спонтанды көріністермен, ұзақтығы бірнеше минутқа дейінгі, кеуденің бір жақ бөлігіндегі қатты ауырсынуымен, кейіннен ол толығымен жойылуын немесе тұйық сипатқа айналуын айтады. Науқас көбіне ауырсынудың қай кезде басталғандығы туралы айтып бере алады. Жалпы алғанда қазіргі кездегі осындай күрделі ауруларды жою мен жаңа емдеу тактикасын ойлап табу әрбір болашақ дәрігердің негізгі мақсаты болуға тиісті. 19
Қолданылған әдебиеттер: А. Л. Гребенов “Пропедевтика внутренных болезней” www. googl. kz cайтынан 20
Тыңдағандарыңызға рахмет!!!
Сабит Дина 3-029 ОМ пропед.pptx