
пропед аск Айн.pptx
- Количество слайдов: 18
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Ойық жаралар Орындаған: Одаманова А. К 3 -013 топ ЖМФ Қабылдаған: Сүлейменова Ш. Б Қарағанды 2014 -2015 жж
жоспар Кіріспе Негізгі бөлім Ойық жара ауруының этиологиясы мен патогенезі Клиникалық көріністері Асқыныстары
Ойық жара ауруы дегеніміз удеу және уақытша оңалу кезеңдерінің алмасуымен өтетін созылмалы рецидивті ауру, оның негізгі көрінісіне асқазанның және он екі елі ішектің қабырғасында ойық жараның пайда болуымен сипатталады
Жара ауруының дамуы, қазіргі күнгі көзқарастар бойынша асқазанның шырышты қабатының бүтіндігін қамтамасыз ететін әсер етуші факторлар мен қорғаныс факторлары арасындағы тепе теңдіктің бұзылуына байланысты
Агрессивті факторларға: тұз қышқылы, пепсин, өт қышқылы, Helicobacter pylori мен инфицирлену, СЕҚҚЗ, алкоголь жатады. Қорғаныс механизмдеріне: шырышты бикарбонатты тосқауыл, простагландиндер, шырышты қабаттың жасушаларының үнемі қалпына келуі, тарамдалған микротамрлық тордың болуы жатады. Белгілі бір маңызға иммунды бұзылыстар, шырышты қабаттың созылмалы қабынулық инфильтрация , гастриннің гиперсекрециясы
Тұз қышқылы, пепсин және өт қышқылы Жара ауруында тұз қышқылының деңгейі қалыптыға жақын немесе төмендеген. Ауру патогенезінде шырышты қабаттың резистенттілігінің төмендеуі және асқазан қуысына асқазанның он екі елі ішекке өтетін жолдың сфинктерінің жеткіліксіздігінен өттің төгілуі аса маңызды болып табылады. Он екі елі ішектің жара ауруының дамуында басты рөлді қыщқылды пептиндік фактор ойнайды
Гастрин және парасимпатикалық жүйке жүйесі Жара ауруының дамуында ерекше маңызды рөлді асқазандық секрецияны реттеуші гастрин және кезбе жүйкенің холинергиялық постганглионарлық талшықтары ойнайды
Гистамин Гастрин және холинергиялық медиаторлардың қышқыл түзуші қызметін іске асырыуға гастрин қатысады деген жорамал бар. Ол гистаминнің Н 2 рецепторларының антагонистерінің (циметидин, ранитидин және басқалар) терапиялық әсермен дәлелденеді
Клиникалық көріністері Тән қасиеттері іштегі ауыру сезімі және тағам қабылдауға байлансты диспепсиялық көріністер Ауру сезімі эпигастрий аймағында шоғырланады. Жиі арқаға, омыртқаға таралады. Бұл асқазанның артқы бөлігінде орналасқан жараға тән. Ауру сезімі тағам қабылдаған соң ерте(30 -40 мин) немесе кеш(3 -4 сағ) пайда болады.
Клиникалық көріністері Ауру ұстамасының шыңында асқазанның қышқылды құрамы бар және одан кейін ауру сезімі басылатын құсу тән. Жара ауруының асқынуы(әсіресе он екі елі ішектің ) жиі іш қатулармен, тоқ ішектің моторлық қызметнің бұзылуымен(науқастардың 5%-да бұл симптом негізгі болып табылады) қатар жүреді. Кекіру және қыжыл болуы мүмкін
Асқынулар Жара ауруының асқынуларына науқастардың 20% да дамиды оған келесілер жатады Жараның перфорациясы Қан кетулер Асқазанның он екі елі ішекке өтетін жолдың таралуы Ығысқан ағзаға пенетрация Жараның малигнизациясы
Жараның перфорациясы жиі жіті перитонит дамуына әкелетін, іште ^қанжар^тәрізді ауру сезімімен көрінеді
Қан кетулер жараның он екі елі ішекте орналасуында көп байқалады. Кейде тек жасырын қанды анықтауға нәжісті зерттегенде анықталатын маңызды емес аз симптомды қан кетулер болуы мүмкін
Асқазанның он екі елі ішекке өтетін жолдың тарылуы пилоикалық каналда немесе он екі елі ішектің бастапқы бөлігінде орналасқан науқастарда жиі кездеседі. Тарылу деңгейінің жоғарылауында науқастар тағам қабылдағанда ауру сезімі азаймай, керісінше күшейетінін байқайды. Пальпация мен жеңіл соққылауда эпигастрий аймағында шылпыл шуы естіледі, тарылудың себебін ФЭГДС және гисталогиялық материалдардың биопсия арқылы зерттеуінде анықтайды
Жараның пенетрациясы. Осы термин асқазан немесе он екі елі ішектегі инфильтративті деструктивті үдерістердің көрші ағзаларға бауыр , бүйрек, ұйқы безі , іш пердеге таралуын айтады. Ол қарқынды ауыру сезімі, дене температурасының субфебрилді жоғарлылуы ЭТЖ ның жоғарылуы қатарласып жүреді
пропед аск Айн.pptx