гиста срс - копия.pptx
- Количество слайдов: 17
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Гистология кафедрасы Тақырыбы: Жыныс жүйесі. Адамның жасына байланысты ерекшеліктері Орындаған: Аймбетова Г Тексерген: ______
Жоспар • Жыныс жүйесі, дамуы • Аталық жыныс жүйесі, жасқа байланысты ерекшеліктері • Аналық жыныс жүйесі, жасқа байланысты ерекшеліктері
Жыныс жүйесі • Жыныс жүйелері ағзада репродуктивтік қызмет атқаратын мүшелердің жиынтығы. Жыныс жүйесінің құрамында жыныс жасушаларын түзетін, гормондар жыныс бездері жатады. Жыныс жүйесінің ерекшелігі жыныстық хромосомаларында: ер адамдарда XY, ал әйел адамдарда XX болады. Аталық жыныс жасушаларының дамуы спермотогенез 4 сатыдан, аналық бездерінің жыныс жасушалары 3 сатыдан н тұрады.
Аталық жыныс жүйесі Аналық жыныс жүйесі Ен, тұқым жүретін жолдар, көпіршікті бездер, қуық түбі безі Аналық жыныс безі мен қосымша мүшелер: жатыр, жатыр түтігі қынап
Дамуы • Жыныс жүйелерінің дамуы зәр шығару жүйесімен тығыз байланысты. Алғащқы пайда болған жыныстық жасушалар гонодобласттар ұрықтың үшінші аптасында саруыз қапшығының қабырғасында білінеді де, артынан ішектің соңғы бөлігінің қабырғасындағы қан тамырлары арқылы қанмен жыныс бездерінің бастау алатын жеріне келіп қоныстанады. Аналық жыныс безінің бастамасында алғашқыда фолликулярлы жасушалары, ал аталық безде тіректік жасушалары немесе сустентоциттер дамиды. жыныс бездеріндегі тіректік жасушалары жыныстық жасушалардың пісіп жетілуіне демеуші болып табылады. Ал, эндокринді жасушалары гормональді қызмет атқарады. Бұлар мезенхимадан дамыған белсенді түрде бөлінетін эндокриноциттер болып табылады. Кейінірек, ұрықтың 22 ші аптасында бұлардың саны азаяды. Мезенхимадан пайда болған жыныс безінің бастамасы біртіндеп жыныс жіпшелері түрінде, ал одан эпителиальді жасушалар тізбегіне айналады. Индифферентті жыныс жасушаларының адам ұрығындағы жіктелуі эмбриогенездің алтыншы аптасынан басталады.
Аталық жыныс жүйесі • • • Аталық жыныс безі – аталық жыныс жасушасы мен аталық безінің гормоны тестостеронды түзуге қатысады. Дамуы: біріншілік бүйректің үстіңгі бетінен алғашқыда еннің дәнекер тінді қабық пайда болып, одан алдымен жіпше түрінде, ұрық түтікшелері дамиды. Олар ақырындап еннің торын түзеді. Пайда болған ұрық түтікшелерінің ішінде біразы гонадоциттер түрінде көбейеді де, ал қалғаны эпителиальді тіректік жасушалар түрінже сақталады. Бездің онтогенезінде генеративті қызметінен эндокринді 8 -10 аптасында тестестеронның синтезі білінеді, ал белокты андрогендер одан бұрын синтезделе бастайды. Құрлысы: сырты сірлі қабықпен қапталған. Сірлң қабық астында тығыз дәнекер тінді ақ қабық орналасады. Еннің артқы бөлігңнде бұл қабық қалыңдап mediastinum testis түзіледі. Одан бездің ішіне перделер тарап, безді бөліктерге бөледі. Әр бөлікте 1 -4 ке жуық иректелген ұрық түтікшелері болады. Иректелген ұрық түтікшелері біртіндеп түзу тік түтікшелерге айналып, бірімен байланысып еннің торын түзеді. Ен түтікшелерінің қабырғасы меншікті қабықпен қапталған. Оның үш қабатын ажыратады; базальді, миоидты, талшықты. Түтікше ішін спермотогенді эпителий тыстайды, ол базальді мемберанаға бекінген. Ұрық түтікшелерінің арасында қан мен лимфа капиллярларымен дәнекер тінді құрылым бар. Гемокапиллярлар мен ұрық түтікшелері арасында гематотестикулярлы сүзгі орналасады. Сүзгінің қызметі- ұрық түтікшесінің ішіне қанмен келген аттарды таңдамалы түрде өткізумен қатар, қорғаныс қызметін атқарады. Спермотогенді эпителий – екі түрлі жасушадан тұрады, Сперматогенді жасушалар Сертоли жасушалары
Генеративтік қызметі • Сперматогенезаталық жаныс жасушаларынң дамуы, кезестесіп отыратын төрт сатыдан тұрады: • Көбею (сперматогонийлердің көбеюі) • Өсу(бірінші реттік сперматоциттерге айналуы) • Пісіп жетілу(екіншң реттік бөлінуі) • Түрлену(сперматидтер сперматозоидтарға айналады) Сперматогенез ер адамда шамамен 75 тәулік жүреді. Бұл процесс еннің иректелген ұрвқ түтігінің ішінде толқын түрінде жүріп отырады. Эндокриндік қызметі • Иректелеген ұрық түтікшелерінің арасында борпылдақ дәнекер тініндегі қан тамырлары мен қан капиллярларының жасушалары яғни гландулоциттер болады. Цитоплазмасында гликопротеиндер мен гликоген түйіршіктері және белоктар болады. Адам жасы ұлғайған сайын. Бұл жасушлардың цитоплазмасында пигменттер жиналады.
Ұрық шығару жолдары • Ұрық шығару жолдары аталық безінің ұрық түтікшелері мен оның қосалқысын құрайды. Бұлар арқылы сперма несеп ағар түтікшесіне жылжиды. Ұрық жолдары аталық бездің тік түтікшелерінен басталып, одан бездің торына, тордан шығатын 12 -15 иректелген ұрықты алып шығатын түтікшелерінен, ұзап барып ен қосалқысымен жалғасады. Еннің қосалқысы бірінеше рет иректетіп келіп, одан соң қуық асты безіне өтіп, осы жерде несеп шығару түтікшесіне байланысатын ұрық шығаратын тік түтікшеге ұласады. Еннің ұрықты алып шығатын жолдарының қрлысына тән қабықтары: кілегейлі. бұлшық етті, адвентициальді. Ен қосалқысының қабырғасындағы эпителиі екі қатарлы. Ол сперма жылжитын резервуар болып саналады.
Жасқа байланысты ерекшеліктері • Аталық бездің генеративті қызметі препубертатты шақта басталады да, бірақ бұл кезеңде сперматогенез процесі ең алғашқы сатыларында тоқтап та қалады. Спермотогенез процесінің жыныстық жетілу пубертатты кезеңге жеткенде ғана аяқталады. Жаңа туған баланың ұрық түтікшелері біріңғай жасушалар тізбегінен тұрады да, кейінірек тіректік және сперматогонийлерге жіктеледі яғни төрт жас шамасында. 7 -8 жаста түтікшелердің қуысы саңылауға айналады. 9 жаста бірінші реттік сперматоцидтер түзіледі. 10 -15 жас аралығында ұрық түтікшелері иректеледі, олардың саңылауларында бірінші және екінщі реттегі сперматоциттер мен сперматидтер байқалады. 12 -14 жасқа қарай ұрық шығаратын өзектері мен бездің қосалғысының өсіп, дамуы едәуір күшейе түседі. Бұл аталық гормонның мол мөлшерде айналуға түскенін айғақтайды. Осыған сәйкес бездің құрамында ірі интерстициальді эндокриноциттер пайда болады. Аталық бездің жас шамасына байланысты инволюциясы 50 -80 жас аралығында өтеді, ол сперматогенез процесінің бәсеңдеуінен дәненкер тіннің ұлғаюымен байқалады. Алайды, қартайған кезде де кейбір ұрық түтікшелерінде процесс сақталады.
АЖЖ қосымша бездері • Ұрық көпіршіктері, қуық түбі бездері, бульбоуретральді бездер жатады. Ұрық көпіршіктері - ұрық шығатын түтікшенің қабырғасының дистальді бөлігінің қалыңдап өсуінен пайда болған. Қабырғасы үш қабаттан: • кілегейлі – бұл қабатта шырышты экзокриноциттерден тұратын альвеоларлы бездердің терминальды бөлігі орналасады. • бұлшық етті – жақсы дамыған, екі қабаттан тұратын миоциттер тобы. • сірлі – құрамында эластинді талшықтары бар, тығыз дәнекер тінде құрылым. • Бульбоуретральді бездер - құрылысы жағынан альвеоларлы – түтікшелі. Секреторлы өзегі зәр шығаратын түтігінің жоғарғы бөлігіне ашылады.
Жасқа байланысты ерекшеліктері • Адамның бүкіл өмірі бойына бұл без жасқа қарай, өзгеріске ұшырайды. • Сәбидің қуық түбі безінің секреторлы бөлігінде екі түрлі жасушалары болады. Оларға: биік және аласа эпителиоциттер жатады. Бездің стромасында миоциттер аз. Жыныстық пісіп жетілу кезеңінде бездің секреторлы соңғы бөліктеріндегі безді жасушалардың цитоплазмасында секреторлы процестер күшейеді. 20 -35 жас аралығында бездің қызметі өте белсенді өтеді. 35 -60 жас аралығында без бөліктері солады, дәнекер тінді элементтері ұлғаяды да, қалыңдайды. Бездің эпителиі бірте аласара береді. • Егде шақта бездің секреторлы бөліктерінің қуысында конкрециялар пайда болады.
Аналық жыныс жүйесі • Аналық жыныс жүйесіне аналық жыныс бездері мен қосымша жыныс мүшелері (ұрық жолы, жатыр, қынап, сыртқы жыныс мүшелері) жатады. • Дамуы: Эмбриогенездің 7 -8 аптасының соіына қарай бездің бастамасы біліне бастайды. Аналық бездің құрамындағы мезенхимасының ұрық дамуы алғашқы бүйрек денесінен бастау алады. Ұрықтың алтыншы аптасының басына қарай бездің мезонефронынан бөлінуі мен аналық бездің тамырлы аяқшасының қалыптасуы басталады. 6 -8 апталық ұрықта аналық бездің қыртысы заты біліне бастаса, ал боз заты бұдан кейінірек дамиды. • Эмбриогенездің 3 -4 айында бездің алғашқы жасушалары овогонийлердің тез көбеюінің нәтижесінде жыныс жасушаларының мөлшері ұлаяды. Нәрестелік дамудың үшінші айынан соң овогонийлердің тең жартысын мейоздың үздіксіз фазасында біріншілік овоциттерге жіктеледі. Нәрестенің дүниеге келер сәтіне қарай олардың саны кемиді де, қсу кезеңіне өткен біріншілік овоциттер саны өседі.
Құрлысы: • Безідің ұстіңгі қабаты мезотелиймен қапталған, тығыз дәнекер тінінен тұратын ақ қабықпен қоршалған. Бұл қабықтың астында бездің қыртысты заты, ал одан тереңде боз заты орналасқан. Қыртысты заттың дәнекер тінінде пісіп жетілудің әр түрлі деңгейдегі фолликулдары орналасқан. Оларды пирамидальді фолликулдар дейді. Овоциттер өскен майын олардың цитолеммасының айналасында мөлдір қабық пайда болады, бұдан сыртқары орналасқан базальді мембранада 1 -2 қабат куб тәрізді фолликулярлық жасушалары бір қабат орналасады.
Генеративті қызметі. Овогенез • Овогонийлердің көбею кезеңі құрсақ ішіндегі нәрестенің даму кезеңінде басталады. • Өсу кезеңі туғаннан кейінгі даму барысындағы аналық безде өтеді де, алғашқы фолликулдардың бірінші реттік овоцитке айналуы болады. • Пісіп жетілу кезеңі екі сатыдан тұрады. • Овуляция немесе фолликулдың жарылып, екінші реттік овоциттің құрсақ қуысына шығуы лютеин гормонының әсер етуінен болады. Гипофизден бөлінуі көбейеді. Фолликулярлық эпителиймен қоршалған екніші реттік овоцит жарылып шығып, құрсақ қуысына жатыр түтігіне өтеді. Жатыр түтігінде пісіп жетілудің екінші рет бөлінуі тез жүзеге асып, ұрықтануға дайын, жетілген жұмыртқа жасушасы пайда болады.
• Сары дене. Овуляцияға себепші болған лютеин гормонының әсер етуі нәтижесінде пісіп жарылған овоциттің қабырғасындағы қабықтары бездің құрамында қалып, өзгеріске ұшырайды да, бұдан бездің құрамындағы уақытша қосымша эндокринді қызмет атқаратын сары дене қалыптасады. Сары дененің дамуы 4 сатыда өтеді: • Пролиферация • Васкуляризация • Метаморфоз • Толысу сатысы • Атрезия. Бездегі фолликулдардың біразы пісіп жетілу кезеңіне жетпей ыдырап, қайта өзгеріп атрезияға ұшырайды. Ең алдымен овоцит жойылады да, одан қатпарланған тығыз дене түзіледі.
Жасқа байланысты ерекшелігі • Қыз балалардың жыныстық пісіп жетілу кезеңіне, сүт безінің құрамындағы альвеолалары мен синустары қарқынды тұрде өседі. Бұл процесс менустрациядан кейін бірқалыпқа түсіп, қайта бәсеәдейді. Ал ересек әйелдарде климакстан кейін, бездің инволюциясы басталады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
гиста срс - копия.pptx