гистология.pptx
- Количество слайдов: 16
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Гистология кафедрасы Тақырыбы: Цитология, гистология, эмбриологияның зерттеу әдістері Орындаған: Садваксова Г. Н Алпысбаев Д. Н Ақшалов Ж. Ж Қабылдаған: Ұлболсын Серікқызы Қарағанды 2013
Жоспар: 1. 2. 3. 4. 5. Кіріспе Жалпы түсінік Зерттеу әдістері: гистология цитология эмбриология Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе Цитология, гистология, эмбриология жануарлар организмдері ұлпаларының құрылысын, қызметін және дамуын зерттейтін ғылым ретінде биологиялық білім беру жүйесінде ерекше орын алады. Ұлпалардың құрылысын, қызметін және дамуын білу барлық органдардың, органдар жүйесінің, тұтас организмнің тіршілік әрекетін дұрыс түсіну қажет.
Гистология, эмбриология және цитология жайлы түсінік Гистология (грекше histes — ұлпа, logos — ілім, ғылым) жануарлар ұлпаларының құрылысын, қызметін, дамуын зерттейтін ғылым
Цитология (гр. Kytos – клетка, logos – ілім) – клетканың тіршілігі, құрылысы және дамуы туралы ғылым.
Эмбриология (гр. Embrion – ұрық, logos – ілім) – ұрықтың даму заңдылықтары туралы ілім.
Гистологияның зерттеу әдістері Оптикалық әдіс Фазалық әдіс Ультракүлгіндік әдіс Флуоресценттік әдіс • Жануарлар мүшелерінің ұлпалары мен жасушаларының ұсақ құрылымын көріп таңдаудың негізгі әдісі • Жануарлардың тірі ұлпалары мен жасушаларынан алынған, мөлдір боялмаған гистологиялық нысаналарды зерттеу әдісі • Қысқа ультракүлгін сәулелерді пайдалануға негізделген • Флуоресценция құбылысына , яғни зерттелетін гистологиялық нысананың сәулелі энергия әсерінен қозуына негізделген
Гистологияның дамуы 3 сатыдан тұрады: 1. Микроскопқа дейінгі 2. Микроскопиялық 3. Электронды микроскопиялық
XIX ғасырдың басында микроскопиялық зерттеулердің кең таралуы клеткалық қүрылыстын өсімдіктерге ғана емес, жануарлар организміне де тән екенін көрсетті. Бүл бағытта Я. Пуркинье мен И. Мюллердің мектептері көп еңбек сіңірді. Ян Эвангелиста Пуркииье өзінің шәкірттерімен бірге (әсіресе Валентинмен) адам мен жануарлардың әр түрлі үлпаларын зерттейді. Пуркинье микроскопиялық анатомияның ғана емес, сонымен бірге микроскопиялық техниканың да негізін салушылардың бірі болды.
Цитологияның зерттеу әдістері гистохимиялық цитохимиялық оптикалық Цитологиялық әдістер топтастырылады цитофизиология лық ультрақұрылым ды
Цитологияда негізгі қолданылатын әдістердің бірі-жарық микроскопы. Соңғы жылдары клетканы зерттеуде жарық микроскоптарының бірнеше түрлерін қолданылып жүр (люминесценттік, фазасы қарама-қарсы, электронды микроскоптарды). Жарық микроскоптарының көмегімен ұлпадан алынған және әр түрлі бояулармен боялған жұқа кесінділерді (препарат) зерттеуге болады. Ол үшін кесіндінің қалыңдығы 5— 7 микроннан (мк) аспау керек, сонда ғана жарық кесінділер арқылы өте алады. Жарық микроскоптары арқылы тексеретін ұлпалардан кесінділер дайындау (препарат) өте күрделі жұмыс. Цитологиялық препараттар жасау бірнеше кезеңдерге бөлінеді: материал алу және оны бекіту, ұлпаларды тығыздау, парафинге күю, кесінділер жасау, бояу, бальзамға бекіту.
Эмбриологияның зерттеу әдістері Симпатикалық әр түрлі ұрықтық даму процесі қалай және қандай кезекпен өтетінін зерттейді Эксперименттік даму барысындағы әр түрлі процестер мен ұрық бөлшектері арасындағы өзара қарым-қатынастарының байланысын анықтауды көздейді.
ВИЛЬГЕЛЬМ РУ Эксперименттік эмбриологияның негізін қалаушылардың бірі Вильгельм Ру оны «даму механикасы» деп бекер айтпаған. Əр түрлі физикалық, химиялық, ішкі және сыртқы факторлардың ұрықтың дамуына тигізетін әсері бүгінгі күні аса зор ықыласпен зерттелуде.
ХХ ғасырдың ортасына қарай дамуды айқындайтын сан алуан себептердің арасында генетикалық фактордың аса маңыздылығы анық болды. Бұл жағдай эмбриогенезді биохимиялық және молекулалық биологиялық тұрғыдан зерттеуге үлкен ықылас туғызды, солардың арқасында даму процесінің негізін қалайтын нәзік механизмдер табылды
Қорытынды: Қорытындылай келетін болсақ, гистология, цитология және эмбриологиянын зерттелу тарихы 19 ғасырдан бастау алады. Бірнеше ғалымдардың тәжірбиелері нәтижесінде, биология және эмбриология салалары біршама алға жылжып, олардың зерттеу нәтижелері бүгінгі таңға дейін қолданылып келуде. Бұл зерттеулердің арқасында әлеуметтік қоғам медициналық салада жетістіктерге жетті.
Пайдаланылған әдебиеттер М. Нұрышев Гистология және эмбриология негіздері Алматы 2007 Ю. И. Афанасьев, Н. А. Юрина Гистология Москва 2004 www. wikipedia. org www. google. kz
гистология.pptx