123456765.pptx
- Количество слайдов: 14
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Гистология кафедрасы СӨЖ Тақырып: «Балаларларда жүрек және тамырларды зерттеудің ерекшеліктері. Балалар жүрегінің және тамырлардың гистологиясы. » Орындаған: Абдазимова Г. Б. Тексерген: Есимова Р. Ж. Қарағанды 2013
Жоспар • Кіріспе • Жүректің дамуының постнатальды кезеңдері • Балалардың жүрегінің құрылысының ерекшеліктері • Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе • Жүрек жиырылып босаңсу арқылы қанды организмге айдайды. Жүректің құрылысы төрт камералы: екі жүрекше, екі қарынша. Жүрекшелер мен қарыншалардың арасында атриовентрикулярлы тесік орналасқан. Осы тесік арқылы жүрекшедегі қан қарыншаға ағады.
Жүректің дамуы. • Энтодерма мен спланхнотомның висцеральды жапырақшасының арасында орналасқан мезенхимада эндотелиймен қапталған 2 эндокардиальды түтікше пайда болады. Бұл түтікшелер эндокардтың бастамасы. Түтікшелер өсіп, сыртынан спланхнотомның висцеральды жапырақшасымен қоршалады. Спланхнотомның бұл аймақтары қалыңдайды және миоэпикардиальды табақшалардың бастамасын түзейді. Ішек түтікшесінің тұтасуы барысында жүректің 2 бастамасы жақындап, бірігеді. Осе кезден бастап жүректің жалпы бастамасы (жүрек түтікшесі) 2 қабатты түтікше түрінде болады. Ішкі эндокардиальдық қабаты эндокардты түзейді, ал сыртқы қабаты миоэпикардиальдық табақшаны құрайды. Табақшаның жасушалары 2 бағытта дифференцияланады, сондықтан ішіне қарай миокардтың бастамасы, сыртына қарай мезотелийдің бастамасы түзіледі. Миокардтың бастамасының жасушалары бөлінуге қабілетті кардиомиобластыларға айналады. Кейін олар 3 түрлі кардиомиоциттерге айналады: жиырылғыш, өткізгіш, секреторлық. Мезотелийдің бастамасынан эпикардтың мезотелиі дамиды. Жүйкелік айдаршадан бөлінген жасушалар жүректің әкетуші тамырларымен қақпақшаларының қалыптасуына қатысады. Мезенхимадан эпикардтың меншікті табақшасының БТДТ дамиды.
• Қалыптасқан жүрек түтікшесінің ритмдік жиырылуы 23 күндік эмбрионда байқалады. Басында қарыншалардың миокарды компактты, кеуекті және трабекулярлық қабаттардан тұрады. Эмбриогенездің 2 жартысында құрамында көптеген капиллярлары бар компактты миокардтан тұрады. Миокардтың қабырғасындағы сыртқы және ішкі қабаттарының бұлшық ет талшықтары бойлай, ортаңғы қабатының жасушалары айналмалы бағытталады. Ерте эмбриогенезде миобластылар бос жатады, контакт аймағында олардың мембраналары электронндытығыз түйіршіктер орналасқан. Ұрықта ендірме табақшалар аз йірімделген қарапайым байланыстар аймағы. Нәрестелерде жасушааралық байланыстар шекарасы ұлғая түседі, йірімделе бастайды.
Жүректің дамуының постнатальды кезеңдері • дифференциялану кезеңі - 16 -20 жасқа дейін • тұрақтану кезеңі - 20 -30 жастың арасы • инволюция кезеңі - 30 -40 жастан кейін
Балалардың жүрегінің құрылысының ерекшеліктері • Нәрестеде, емшектегі балада, ерте балалық шақта (2 жаста), бірінші балалық шақта (2 -7 жаста), екінші балалық шақта (8 -14 жаста) және жыныстық есею кезеңдерінде миокардтың дифференцировкасы әртүрлі өтеді. • Нәрестелерде екі қарыншаның қалыңдығы бірдей. Эндокард жұқа, әсіресе бұлшық етті-эластикалық қабаты нашар дамыған, анық шекарасы жоқ. Миокардтың жасушаларының бөлінуі тоқтайды, жасушаларда миофибриллалардың, митохондриялардың ЭПТордың саны ұрықтардың кардиомиоциттеріне қарағанда көбейеді. Жасушааралық байланыстардың аймағы ұлғаяды, иректеледі. Кардиомиоциттердің ұзындығы мен ені өседі, бірақ олардың көлемі әлі де болса кішірек, пішіні көбінесе дөңгелек болып келеді.
• Жасушаларда саркоплазманың және жиырылғыш аппараттың мөлшері аз, миофибриллалары жіңішке. Бұлшық еттің және капиллярлардың арақатынасы 3: 1. Олар бұлшық еттік созындылар түзейді. Созындылар босаң орналасқан, олардың арасында полиморфты күңгірт ядролар ажыратылады. Дәнекер тін, май жасушалары, тамырлар аз дамыған. Жүйкелік құрылымдар аз дамыған. • Жаңа туылған балалардың 1, 9 %-де құрсақішілік даму барысында пішіндеушілік үрдістердің бұзылуының нәтижесінде пайда болған жүректің туа біткен ауытқулары кездеседі. Олардың ішінде көбірек кездесетіндері қарыншалар арасының тосқауылының ақауы (30 -40%) және (7%) жүрекшеаралық тосқауылдың ақаулары. • 2 жасқа дейін жүрек бұлшық ет талшықтарының ұзындығы мен енінің тез өсуі жүреді. Ядролардың көлемі өсіп, олардың аралары алшақтайды. Миофибриллалардың көлденең-жолақтығы анық көріне бастайды. Миокардтың талшықтары босаңдау, дәнекер және май тіндерінің мөлшері аз.
• Талшықтар ұзарады, миофибриллалардың санының артуына байланысты диаметрі де ұлғаяды. Полиплоидты жасушалар қалыптасады. Дәнекер тіннің үлесі артады, жүректің қан тамырларының магистральды түрде қалыптасуы басталады. Жыныстық есею кезеңінде жүректің өзгерістерінің жылдамдығы арта түседі. Талшықтардың диаметрі тез өседі, ішкі тамырлардың , қақпақшалардың, жүйке аппаратының түзелуі аяқталады. Жүректің толық қалыптасуы 27 -30 жаста аяқталады
Қолданылған әдебиеттер • 1. Кузнецов С. Л. , Мушкамбаров Н. Н. Гистология, цитология и эмбриология: Учеб. для мед. вузов / М. : Медицинское информационное агентство, 2007. – 600 с. • 2. Улумбеков Э. Г. , Челышев Ю. А. Гистология, эмбриология, цитология
123456765.pptx