Балтабаева Б.С - копия.ppt
- Количество слайдов: 20
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Гистология кафедрасы СӨЖ Орындаған: Балтабаева Б. С Тексерген: Есимова Р. Ж. Қарағанды 2011 ж.
Жоспар I Кіріспе II Негізгі бөлім 1. Гистология, цитология, эмбриологияның дамуы. 2. Гистологияның дамуына микроскопиялық зерттеу әдісінің жетілуінің әсері. 3. Ресейдегі гистологияның дамуы. 4. Қазақстанда гистология ғылымының дамуы. III Қорытынды IV Қолданылған әдебиеттер
Гистология ( грекше histos- ұлпа, logos- ілім, ғылым) органдардың, ұлпалардың, клеткалардың дамуын, микроскопиялық және ультрамикроскопиялық құрылысын, тіршілік әрекетін зерттейтін ғылым. Гистология ұлпаларды зерттейтін ғылым саласы ретінде микроскопты ойлап тапқанға дейін пайда болған. Организмді ұлпаларға бөлу жөніндегі алғашқы пайымдамалар Аристотельдің, Галеннің, Авиценаның, Везалийдың тағы басқалардың еңбектерінде кездеседі. Аристотель өзінің “Жануарлар бөліктері туралы” деген трактатында организмде, кейін ұлпа деп аталған, біртекті бөліктер мен біртекті емес бөліктерді немесе органдарды ажыратқан.
Цитология мен гистологияның дамуындағы жаңа кезең (XYIII соңы, XIX ғасырдың басы) микроскоптың жақсартылуы және микроскопиялық зерттеу әдістері мен техниканың онан әрі жетілуіне байланысты болған. Осы кезеңде практикаға микроскоптың көрсету қабілетін арттыратын окуляр мен иммерсиялық объективтер енген. Я. Пуркиньенің шәкірті А. Ошац клеткалар мен ұлпалардың нәзік құрылысын зерттеуге мүмкіншілік беретін микротом деп аталған құралды жасап, гистология тәжірибесіне ену микроскопиялық зерттеудің жедел дамуына жағдай жасады.
Гистологияның дамуындағы жаңа дәуір микроскоптың шығуымен байланысты. Микроскопты ойлап табу тарихы әлі күнге нақты емес, бірақ микроскопты жасап шығаруда көзілдірік өндірісінің әсері бар. Алғашқы көзілдірік 1285 жылы Италияда шыққан. Кейбір аңыздар бойынша алғашқы микроскопты Голландиялық оптиктер Янсендер 1590 жылы жасап шығарған делінеді. Атақты Галилей де 1612 жылы микроскопты құрастырған деген мәлімет бар. Ағылшын математигі, физигі және механигі Роберт Гук 1665 жылы өзі құрастырған микроскоппен тоз ағашының және басқа да көптеген өсімдіктердің құрылысын зерттеп “ұяшықтардан” тұратынын байқаған. Осы “ұяшықтарды” Р. Гук араның балауыздан түзілетін ұяшықтарына ұқсатып “ұяшық” немесе “клетка” деп атаған (гректің китос қуыс деген сөз). Қазіргі кезде клетканы иненің жасуына теңеп жасуша деп атау ешбір сын көтермейді. Массасы 2000 г. түйеқұстың жұмыртқасы да - клетка.
XIX ғасырдың ортасынан бастап гистологияның жедел даму кезеңі басталған. Клеткалық теорияның негізінде түрлі органдар мен ұлпалардың құрамы мен олардың гистогенезі зерттелген. Осы кезде Еуропада Келликер мен Лейдигтің алғашқы гистология оқулықтары жарық көрген. Осы аталған авторлар жоғарғы сатыдағы жануарлар мен адамның ұлпаларын 4 типке бөлген: дәнекерлеуші заттардың ұлпалары клеткалық ұлпа бұлшық ет ұлпасы нерв ұлпалары
Шет елдерде гистологияның өркендеуіне орай, бұл сала Ресейде де дами бастады. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Санк-Петербург (1864), Мәскеу (1866), Харьков (1867), Қазан (1871), Томск (1883) университеттерінде және Санкт. Петербургтың Дәрігерлік – хирургиялық академиясында (1869) Гистология кафедралары ашылды. Осы кафедралардың алғашқы меңгерушілері А. И. Бабухин, Ф. В. Овсянников, Н. М. Якубович, Ф. Н. Заварыкин, К. А. Арнштейн, П. И. Перемежко, Н. А. Хржонщевский болған еді. 1869 жылдан бастап Мәскеу университетінің гистология кафедрасын А. И. Бабухин (18351891) басқарды.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы университеттер Санкт – Петербург - 1864 Москва - 1866 Харьков - 1867 Қазан - 1871 Томск - 1883
• Қазан гистологтар мектебін ашқан К. А. Арнштейн (1840 -1919). Оның негізгі еңбектері шеткі нерв ұштарын зерттеуге арналған. Қазан нейрогистологтар мектебіне жататындар: А. С. Догель А. Е. Смирнов Д. А. Тимофеев Б. А. Лаврентьев А. Н. Миславский
v Санкт-Петербург Гистологтар мектебінің негізін салушылардың бірі М. Д. Лавдовский (1847 -1903) қуықтың ганглия клеткаларына, нерв талшықтарының регенерациясы мен дегенерациясы жөніндегі еңбектерімен әйгілі. Ол Ресейдегі салыстырмалы гистология мен микрофизиология саласында да танымал. v Санкт-Петербург университетінде гистология кафедрасын 1864 жылдан бастап академик Ф. В. Овсянников (1826 -1906) басқарды. Ол морфологиядағы гистофизиологиялық бағыттың негізін салушылардың бірі болды. Ф. В. Овсянников әр түрлі жануарлардың нерв жүйесі мен сезім мүшелерін зерттеген.
Санкт-Петербург дәрігерлік хирургиялық академия кафедра меңгерушілері А. И. Бабухин Ф. В. Овсянников Н. М. Якубович Ф. Н Заварыкин
Орыс гистология ғылымының негізін салушылардың біріорталық нерв жүйесінің нәзік құрылысын зерттеумен есімі танылған Н. М. Якубович (1817 -1879). Киев университетінің гистология, эмбриология және салыстырмалы анатомия кафедрасын ұйымдастырған П. И. Перемежко (1823 -1863). Оның негізгі еңбектері клетканың бөлінуіне арналған. Кеңес өкіметінің гистология мектебі цитологияның, гистологияның онан әрі дамуына үлкен үлес қосты.
v Қазақстанда гистологияның дамуы 1932 жылы Қазақ Мемлекеттік Медицина Институтында гистология, цитология және эмбриология кафедрасының ашылуымен байланысты. 1934 жылы кафедра меңгерушісі болып З. Ф. Гусева тағайындалған. 1937 жылдан бастап кафедрада ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады. v 1937 жылдары кафедра қызметкерлері адам ұрығының даму барысындағы патологиясын зерттеді және көздің мүйізді қабатын ауыстырып салу жұмысы бойынша А. В. Кирилличеваның қатысуымен ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді.
1959 -1971 жылдар аралығында кафедраны А. В. Кирилличева басқарды. Ол кездегі негізгі ғылыми зерттеу жұмыстар гистогенез, тканьдердің реактивтілігі, регенерация, эволюциялық динамика тақырыптарына арналды. Қазақстандағы Гистология кафедрасының меңгерушілері 1934 жылы З. Ф. Гусева 1941 -1945 жж Л. И. Фомин 1959 -1971 жж А. В. Кирилличева
v 1971 -1980 жылдары негізгі ғылыми бағыттар Д витаминінің жетіспеушілігі және аминоқышқылдың дисбаланс мәселелерін зерттеуге бағытталды. Одан кейінгі жылдары иондық сәулелердің және динамикалық факторлардың бірігіп ішкі мүшелердің морфофункционалдық жағдайына арналды.
v 1980 -1990 жылдары профессор А. Т. Толыбековтың басшылығымен сыртқы орта факторларының адам ағзасына әсері деген тақырыбын зерттеу жұмыстары жүргізілді. v 1998 жылдан бастап гистологиялық және цитологиялық зерттеулер тақырыптары “Тіршілік ортаның өзгеруіне байланысты ішкі мүшелердің тәуліктік ритмінің цитологиялық негізін” шешуге арналды.
Б. А. Домбровский Т. Масенов Қазақстандық ғалымдар Ф. Мухамедгалиев А. Мурзамедиев М. Х. Нұрышев Ф. Халилов
Қорытынды Сонымен гистология органдардың, ұлпалардың және оларды түзуші клеткалық және клеткалық құрылысы жоқ элементтердің құрылысы мен дамуын дұрыс түсінуге жалпы биологиялық және тарихи негіз болып саналады.
Қолданылған әдебиеттер: • • • М. Х. Нұрышев Ж. О. Аяпова www. google. kz www. yandex. kz Ю. И. Афанасьев
Балтабаева Б.С - копия.ppt