
гистология.ppt
- Количество слайдов: 37
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Гистология кафедрасы CӨЖ Тақырыбы: Адам эмбриологиясы. Дамудың қатерлі кезеңдері. Орындаған: Сапанова. Н. Д 2 -021 топ ЖМФ. Қабылдаған: . Қарағанды 2014 ж
Жоспар: n Кіріспе 1. Адам эмбриологиясы туралы жалпы мағлұмат. n Негізгі бөлім 1. Адамның жыныс жасушаларының құрылысы. 2. Ұрықтану және бөлшектену. 3. Гаструляция туралы жалпы түсінік. 4. Ұрықтан тыс мүшелер. n Қорытынды 1. Дамудың қауіп-қатерлі кезеңдері.
Адам эмбриологиясы. n Адам ұрығы дамуының, яғни оның құрылысы және қызметтерінің қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әртүрлі ішкі және сыртқы зиянды факторлардың әсерінен қалыпты эмбриондық даму, ананәресте жүйесіндегі қатынастар бұзылуы болады. Осы эмбриопатияларды алдыналу, емдеу шараларын жете зерттейді.
Адамның құрсақ ішілік даму кезеңділігі. 0 0 0 1 -4 0 күн Ұрықтану Бөлшектену 5 -7 күн Бластоциста сатысы 7 күн Гаструляцияның бірінші фазасы Ұрықтық кезеңі 14 -17 күн Біліктік бастамалар кешенінің түзілуі Ұрықтан тыс ағзалардың біріншілік түзілуі Гаструляцияның екінші фазасы 18 -28 күн Имплантация 3 апта соңынан 8 аптаға дейін 9 аптадан бастап 40 аптаға дейін Эмбрионды кезеңі Амнион көпіршігі мен бала жолдасының түзілуі Тіндер, Ағзалар мен жүйелердің біріншілік түзілуі Тіндер, Ағзалар мен жүйелердің әрі қарай дамуы Бала жолдасы мен ұрық қабықшаларының қызмет етуі Нәрестелік кезең
Адам ұрығының эмбриогенезі онтогенездің бір бөлігі де, бірнеше сатылардан тұрады. I-ұрықтанудың нәтижесінде зиготаның пайда болуы. II-пайда болған зиготаның бөлшектенуі, осының нәтижесінде бластоцистаның пайда болуы. III-гаструляция, ұрық жапырақшаларының түзіліп, одан ұрықтың біліктік мүшелерінің дамуы. IV-гистогенез бен органогенез немесе ұрықтың тіндері мен мүшелерінің дамуы бұлармен қоса ұрықты қоршаған, ұрықтан тыс мүшелердің қалыптасуы. V-жүйелердің дамуы-системогенез.
Аталық жыныс жасушасы Сперматозоидтардың ұзындығы шамамен 70 мкм, құрамында басы, мойны және құйрығы бар. Сперматозоидтың басында тығыз, әрі шамалы ғана ядросы орын алады. Басынан кейін орналасқан жіңішке мойын бөлігі құйрығымен байланысады. Құйрығы-аралық, негізгі және терминальды болып бөлінеді. Қызметі: -хромосомдардың гаплоидты жиынтығын жұмыртқа жасушаға ендіру -оның даму бағдарламасын іске қосу n
I-сперматозоидтің БАСЫ; 1 -басының плазмолеммасы 2 -акросома 2 А-акросомалық көпіршік 3 -ядро II-сперматозоидтің ҚҰЙРЫҒЫ; 4 бөлімнен тұрады. IIА-мойыны немесе байланыстырушы бөлім 4 -проксимальді және 5 -дистальді центриольдері; екіншісінен 7 -құйрық аксонемасы IIБ-құйрықтың аралық бөлімі а)тоғыз сыртқы фибрилла б)митохондриялы шиыршықты қабықша в)плазмолемма IIВ-құйрықтың негізгі бөлігі а)фибриллярлық қынап(8)9 -сыртқы фибрилла мен талшықты қабықша б)плазмолемма IIГ-құйрықтың соңғы бөлігі
Аналық жыныс жасушасы Овоциттің d-130 мкм. Цитоплазмасы мөлдір(жылтыр)және фолликулярлы қабықтармен қоршалған. Ядросында гаплоидты хромосомасы бар, ядрошығы жақсы көрінетін жасуша. Ерекшелігі-жасуша орталығы болмайды, сары уыз синтезі белсенді, пісіп-жетілу кезеңінде овоциттің цитоплазмасының шетінде кортикальді гранулалары: саны 4000 -дай, мөлшері 1 мкм пайда болады. Мұндай гранулалардың құрамында гликозамингликандар мен ферменттер болады. n
1 -жұмыртқа жасушасының ЯДРОСЫ; 2 -ЦИТОПЛАЗМА. Оның арнайы құрылымдары: а)сарыуызды түйіршіктер б)қыртысты түйіршіктер(3) в)мультивезикулярлы денешіктер 4 -плазмолемма бетіндегі микробүрлер Жұмыртқа жасушасының ҚАБЫҚШАЛАРЫ 5 -жылтыр 6 -дәнді
Ұрықтану Сперматозоид пен жұмыртқа жасушасы қосылуы нәтижесінде, жаңа организмге дамуға қабілетті диплоидты зигота, яғни бір жасушалы ұрықтың пайда болуы. n Ұрықтану бір мезеттік емес-ол үш кезең бойы өтетін процесс: 1)гаметалардың дистанттық (лат. distantiaалыстан)әрекеттесуі және жақындасуы; 2)Олардың контакттық (лат. contactus-жанасу) әрекеттесуі және овоциттің активтендірілуі (белсенділігінің қоздырылуы); 3)Сперматозоидтың аналық жыныс жасушаға енуі және кейін-онымен бірігуі, яғни сингамия. n
Зигота n Аталық және аналық гаметалардың қосылуы нәтижесінде пайда болған, хромосомдардың диплоидтық жиынтығына ие жасуша; жаңа буынның әзірше бір жасушалы организмі, жаңа организм дамуының бастапқы сатысы. Әрбір гамета хромосомдарының гаплоидты жиынтығының құрамындағы генетикалық материал геном деп аталады.
Синкарион астысындағы адам зиготасы 1 -ұрықтану қабықшасы: жылтыр қабықшадан түзілетіндіктен, жасу шалық құрылымы болмайды. 2 -көлемдері бірдей 1 аталық және аналық пронуклеустар. 2
Эмбриогенез Эмбриондық даму-зиготаның бірінші бөлінуінен бастап, нәресте дүниеге келуіне дейінгі процестерді қамтитын онтогенездің бастапқы кезеңі. Ананың құрсағында эмбриондық даму орта есеппен 280 тәулік өтеді. Акушерлік бөлімде осы мезгілді үш кезеңге бөледі: бастапқы(ұрықтанудан кейінгі бір апта), ұрықтық(2 -8 апталар), нәрестелік(9 -аптадан бастап, туылғанға дейін). Өзіндік эмбриондық немесе ерте кездік эмбриогенез деп аталатын алғашқы екі кезеңде, тіндер мен мүшелер құрылысының негізін қалау процестері басым болады. n Өзіндік эмбриогенездің (1 -8 апталар)үш негізгі сатыларын ажыратады: бөлшектену, гаструляция, гисто- және органогенез. n
Ұрықтану Сперматозоид пен жұмыртқа жасушасы қосылуы нәтижесінде, жаңа организмге дамуға қабілетті диплоидты зигота, яғни бір жасушалы ұрықтың пайда болуы. n Ұрықтану бір мезеттік емес-ол үш кезең бойы өтетін процесс: 1)гаметалардың дистанттық (лат. distantiaалыстан)әрекеттесуі және жақындасуы; 2)Олардың контакттық (лат. contactus-жанасу) әрекеттесуі және овоциттің активтендірілуі (белсенділігінің қоздырылуы); 3)Сперматозоидтың аналық жыныс жасушаға енуі және кейін-онымен бірігуі, яғни сингамия. n
Бөлшектену n Көп жасушалы бір қабатты ұрық-бластула(гр. blasteөскін, өркен) қалыптасуымен аяқталатын, зиготаның және одан пайда болған бластомерлердің, бір ізді митоздық бөлінулер қатары. Бөлшектену кезінде бластоциста қалыптасады. Бластоциста-ішкі жасушалық масса мен бластоцельден және оларды қоршаған трофобласттан құрылған. Трофобласт(гр. tropheo-қоректену)-тығыз контакттармен байланысқан ұсақ ақшыл жасушалардан тұратын ұрық кешенінің жамылғысы. Ішкі жасушалық масса-саңылаулы контакттар арқылы байланысқан, ұрық түйіншегі түрде бластоцельге қарай шығып тұратын ірі қоңыр түсті жасушалардың жиынтығы. Болашақта ішкі жасушалық массадан өзіндік эмбрион дамиды. Сондықтан, оны эмбриобласт деп те атайды.
Сперматозоидтардың жұмыртқа жасушасына енуі 2 -II ооцитке енген С 3 7 6 біреуінің ядросы С 3 ядросымен бірге II ооцитке: 3 -екі центриоль енеді. 4 - ооцит ядросы. Центриольдердің пайда болуына 2 байланысты, бұл ядро мейоздық екінші бөлінуден жылдам өтеді. Нәтижесінде: а)аналық пронуклеус және 3 б)хромосомалар жиынтығы осындай тағы бір редукциялық денешік (5) түзіледі. 6 -қыртысты түйіршіктер 7 -периветилленді кеңістік
Гаметалардың байланысуы 1 -II ооциттің қабығымен байланысқан сперматозоидтар (С 3).
Зиготаның бөлшектенуге дайындығы 2 А 2 А-синкарион жақындасқан (бірақ бірікпеген) аналық және аталық пронуклеустары. 3 -центриольдер: бұлар да екі еселенеді.
Бірінші митоздық бөлінудің басталу 8 -бірегей аналық жұлдыз: пронуклеус тардың қабықшаларының ыдырап, хромосома ларының бірігуінен пайда болады.
Гаструляция n Көп жасушалы организмдердің ұрықтық дамуының ерте кезеңдерінде жасушаларының күрделі орын ауыстыруы-иммиграциясы және т. б. әдістер арқылы өтетін процесс. Нәтижесінде, бір қабатты ұрықбластула, орталық білік және билатеральді-екі бүйірлі симметрияға иеленген, үш қабатты ұрық-гаструлаға айналады.
Имплантацияның басталуы. Имплантацияжатырдың кілегейлі қабығына-эндометрийге ұрықтың енуі. Ол екі сатылы процесс: 1)адгезия-жатырдың ішкі бетіне ұрықтың көбінесе эмбриобласт орналасқан полюсінің трофобласттарымен жабысуы, бекітілуі; 2)инвазия-ұрықтың жатыр қабырғасының тіндеріне, әдетте, денесінің болашақ дорсальді бетімен енуі;
Имплантацияның жалғасуы. Дамудың 2 ші аптасы бойы имплантация процесі жалғасып, аяқталады; трофобласт екі қабатқа ажырайды; гаструляция процесі басталып, ішкі жасушалық масса екі қабатқа-эпибласт және гипобластқа бөлінеді. Сонымен бірге, ұрықтан тыс құрылымдар-амнион қуысы, сары уыз қапшасы, хорион және дәнекертінді аяқша қалыптасады.
Гаструляцияның фазалары n Деламинация. Алғашқыда біртұтас болған ішкі жасушалық масса немесе эмбриобласт екі қабатқа-эпибласт және гипобластқа ажырайды. Бұл құбылысты деламинация деп атайды.
Гаструляцияның бірінші фазасы 1 -гипобласт 2 -амниондық эктодерма 2 А-ұрықтан тыс эктодерма 3 -ұрықтық эпибласт 4 -трофобласт 5 -эндометрий жасушалары
Иммиграция. Дамудың 9 -шы тәулігінде басталып, әсіресе, 3 -аптасында ұрықтық дискіде белсенді өтеді. Олардың ең маңызды нәтижесі-біріншілік жолақ, үш ұрықтық жапырақшалар, хорда және нерв түтікшесі қалыптасуы.
Гаструляцияның екінші фазасы I-ҰРЫҚТЫҚ ЭПИБЛАСТ 1 -біріншілік жолақ 2 -біріншілік жүлге 3 -біріншілік төмпешік 4 -біріншілік ойық 5 -хорда алды пластинка II-ГИПОБЛАСТ III-АМНИОНДЫҚ ЭКТОДЕРМА
Гистогенез және органогенез Эмбриондық бастамалардың аз дифференцияланған жасушалық материалынан мамандандырылған тіндер даму процесін гистогенез деп атайды. Қалыптасып жатқан тіндер оқшауланып өмір сүреді емес, олар үнемі басқа тіндермен әрекеттесіп және бірігіп, мүшелер қалыптасуына-органогенезге қатысады. n Органогенез-мүшелердің және мүшелер жүйесінің құрылуы. Бұл процесс гаструляциялық қимылдар аяқталған соң 4 -аптада орталық нерв жүйесі қалыптасуынан басталады. Органогенез барысында telencephalon-алдыңғы миға дамиды, diencephalonаралық миға, mesencephalon-ортаңғы, metencephalonартқы және myelencephalon-сопақша миға айналады. Нерв түтігінің артқы бөлігінен жұлын дамиды. n
Ұрықтан тыс мүшелер n Эмбриогенезде ұрық денесінен тысқары қалыптасып, оның өсуі мен дамуын қамтамасыз ететін өте маңызды функцияларды атқаратын және онтогенездің тек қана пренатальді кезеңінде болатын құрылымдарды атайды. Провизорлық мүшелерге амнион, сары уыз қабы, аллантоис, хорион, плацента жатады.
Дамудың 4 аптасындағы ұрық ҰРЫҚТАН ТЫС АҒЗАЛАР 1 -амнион қабырғасы 2 -сарыуыз қапшығы 3 -аллантоис n ҰРЫҚ АҒЗАЛАРЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМДАРЫ 4 -хорда 5 -жүрек 6 -нерв түтігі 7 А-7 В-ішек 8 -қалқанша безінің бастамасы 9 -тыныс алу жүйесінің бастамасы 10 -бауыр бастамасы 11 -терілік эктодерма n
Дамудың 5 аптасындағы ұрық n НЕРВ ЖҮЙЕСІ n ЖҮРЕК-ТАМЫР ЖҮЙЕСІ n АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ n ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ n ЗӘР ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ЖЫНЫС ЖҮЙЕЛЕРІ n БАСҚА ДА ҚҰРЫЛЫМДАР Нерв түтігінің бастық бөлігінде қуысты бес ми көпіршігіне бөлетін-1 А-1 Д иірімдер түзіледі. 2 -жұлын 3 -жүрек Алдыңғы ішек: 4 А-жұтқыншақ 4 Б-өңеш 4 В-асқазан 4 Г-ортаңғы ішек Артқы ішек: 4 Д-тік ішек пен несеп-жыныс қойнауы 5 -бауыр 6 -ұйқы безі 7 -кеңірдек 8 -мезонефрос 9 -қалқанша безі 10 -көк бауыр 11 -түзіліп жатқан омыртқалары бар хорда 12 -аллантоис
Дамудың 7 -8 апталарындағы ұрық n ІШКІ АҒЗАЛАР 1 -бас миы 2 -жұлын 3 -жүрек 4 А-жұтқыншақ 4 Б-өңеш 4 Б 4 В-асқазан 4 Г-ортаңғы ішек 5 -бауыр
Жүктіліктің түрлі сатыларындағы ұрық
Белгілері I. ЭНДОМЕТРИЙДІҢ ұрық қабықшалары мен бала жолдасының түзілуіне қатысуы 1 А-decidua basalis(аналық бөлігі) 1 Б-decidua capsularis(сыртқы қабықшасы) 1 В-decidua parietalis n II. ХОРИОННЫҢ ұрық қабықшалары мен бала жолдасының түзілуіне қатысуы 2 А-бүрлі хорион 2 Б-тегіс хорион n III. АМНИОННЫҢ ұрық қабықшалары мен бала жолдасының түзілуіне қатысуы 4 -хорион қуысы 5 -амниондық қуыс 3 А-бала жолдасының бөлігі 3 Б-плацентарлық емес бөлік n IV. Суреттерде көрініп тұрған басқа да құрылымдар 7 -сарыуыз қапшығы 8 -аллантоис n
Дамудың қауіп-қатерлі(кризистік) кезеңдері Кризистік кезеңдер деп әртүрлі зақымдатқыш факторлар әсеріне ұрық дамуының ең сезімтал кезеңдерін атайды. Бұл кезеңде , тіпті, өте әлсіз әсерлер де дамудың бұдан былайғы барысына ықпалын тигізіп, әртүрлі ауытқуларға ұшыратады. n Ауытқулар мен кемтарлықтардың себебідетерминация процесінің бұзылуы. Дамудың туа біткен ақаулары арасында ең жиі ұшырасатын түрлері-нерв жүйесінің ақаулары(анэнцефалиямидың жоқтығы, микроэнцефалия-мидың кішкентай болуы, ми және жұлынның жарықтары). n
Сонымен жалпы қарастырғанда адам онтогенезінің бірнеше қауіп-қатерлі кезеңдерін атап кетуге болады: -прогенез-жыныс жасушаларының дамуы -ұрықтану -имплантация-дамудың 7 -8 тәуліктері -мүшелердің білік бастамаларының дамуы және плацента қалыптасуы-дамудың 3 -8 апталары -мидың қарқынды өсу кезеңі-15 -20 апталар -организмнің негізгі функциялық жүйелері қалыптасуы және жыныс аппаратының дифференциялануы-20 -24 апталар -нәрестенің дүниеге келуі -нәрестелік кезең-1 жасқа дейін -жыныстық жетілу
Қолданылған әдебиеттер тізімі: n n С. Ж. Ажаев Цитология және адам эмбриологиясы Ж. О. Аяпова Цитология, эмбриология және гистология Ю. И. Афанасьева, Н. А. Юриной Гистология П. Қазымбет, М. Рысұлы, Ж. Б. Ахметов Гистология, цитология және эмбриология АТЛАСЫ
Назарларыңызға рахмет!
гистология.ppt