Auken_M_4038.pptx199325915.pptx
- Количество слайдов: 17
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Фтизиатрия кафедрасы СӨЖ Туберкулин диагностикасы Орындаған: Аукен М. С 4 -038 топ ЖМФ Тексерген: Тайшықова А. А Қарағанды 2015
Жоспары: Туберкулин диагностикасы Туберкулин сынамаларының түрлері Манту сынамасының нәтижелері Манту сынамасы жүргізілетін балалар Манту сынамасы жүргізуге болмайтын жағдайлар Манту сынамасын жасау техникасы
Туберкулин диагностика дегеніміз – туберкулинді қолдана отырып микобактериялық туберкулезге арнайы ағзаның сенсибилизациялығын диагностикалық тесттер арқылы анықтау. Туберкулин толық емес антиген, яғни гаптен болып табылады. Ол ауруды тудырмайды, бірақ арнайы жауаптық реакцияны шақырады. Туберкулиннің химиялық құрамы – туберкулопротеиндер, полисахаридтер, майлар , нуклейн қышқылдары, стабилизатор, антисептиктер.
ТМБ жұққан немесе БЦЖ вакцинасы егілген адамдарда жіберілген туберкулинге аллергиялық баяу дамитын жоғарғы сезімталдық реакциясы пайда болады. Денеге енген жерде туберкулин ТМБ – ға қарсы антиденемен толтырылған лимфоциттермен , моноциттермен, макрофагтармен өзара әрекеттеседі. Антидене антиген реакциясында мононуклеарлар бұзылып, одан биологиялық белсенді заттар, ферменттер тінге түседі. Туберкулин енгізілген жерде айқындығы әртүрлі дәрежедегі қабыну реакциясы пайда болады. Олар қызару, инфильтрат, пустула түрінде көрінеді.
Организмнің туберкулинге жауабы туберкулез инфекциясы мөлшеріне, ағзаның оған сезімталдығына және қарсыласу күшіне, туберкулиннің мөлшеріне байланысты. Әлсіз – гипоергиялық Қалыпты – нормергиялық Айқын – гиперергиялық Реакция болмауы - анергия
Туберкулин сынамаларының болады: мынандай түрлері тері бетіне – Пирке сынамасы, тері ішіне – Манту сынамасы, тері астына – Кох сынамасы Барлық елдерде сол сияқты біздің елімізде көбінесе тері ішілік Манту туберкулин сынамасы қолданылады. Манту сынамасын 1909 жылы француз ғалымы Ch. Mantoux ашқан.
Манту – туберкулездің алдын алу үшін жүргізілетін сынама. Ол келесідей мақсатта қолданылады: 1) Туберкулез микробактериясы алғаш рет жұққан және туберкулин сынамасы оң (яғни, қауіпті) нәтиже көрсеткен адамдарды анықтау үшін; 2) ауруды ерте анықтау үшін. Оны 72 сағаттан кейін ісіну (папула) көлемін миллиметрмен өлшеу арқылы анықтайды. Ісінудің білек осіне көлденең келетін мөлшері тіркеледі.
Манту сынамасының нәтижелері 1. Теріс (сау адамға қатысты нәтиже) – ісіну көлемі 0 -1 мм; 2. Күмәнді – 2 -4 мм болса; 3. Оң (ауру белгісі бар) – 5 мм артық (ісіну белгісі) және одан астам диаметрлі инфильтрат (ісіну) анықталса; 4. Гиперергия (қызару, домбығу) – балаларда диаметрі 15 мм және одан астам, жасөспірімдерде – 17 мм және одан астам, ересектерде – 21 мм және одан астам; Манту сынамасы бойынша туберкулинге сезімталдықтың өзгеруі байқалса, туберкулез жұқпасы жұққандығы бар деген қорытынды жасалады. Яғни: 1) алғаш рет оң нәтиже анықталса (папула көлемі 5 мм және одан астам); 2) көлемі 12 мм және одан астам инфильтраты бар реакция ұзақ уақыт бойы сақталған (4 -5 жыл бойы) жағдайда; 3) 1 жылдың ішінде туберкулинге сезімталдығы күрт өзгерген (6 мм және одан астам) жағдайда (туберкулин сынамасы оң болған балаларда).
Манту сынамасы жүргізілетін балалар: 1) «қауіп» тобындағы балалар (жиі ауыратын, иммунитеті төмен); 2) туберкулез ошақтарында-ғы балалар мен жасөспірімдер. Манту сынамасы 6 жасар (1 -сынып) балаларға мектепте оқу жылының бірінші айында (қыркүйек) жүргізіледі. Мектептерде бұл айда басқа егулер жүргізілмейді.
Манту сынамасын жағдайлар: жүргізуге болмайтын 1. Тері аурулары, жедел және созылмалы жұқпалы және соматикалық аурулардың (эпилепсияны қоса) өршу кезеңі. Манту сынамасын ауру басылғаннан кейін екі айдан соң жүргізуге болады; 2. Аллергиялық жағдайлар, жедел және жеделдеу фазадағы ревматизм, бронхиалды астма, терілік көріністері айқын өршу кезеңіндегі идиосинкразия. Бұл жағдайда да манту сынамасын ауру басылғаннан кейін екі айдан соң жүргізуге болады.
Манту сынамасын жасау техникасы. Манту сынамасы үшін бір рет қолданылатын туберкулин шприцы қолданылады. Әр адамға жеке-жеке стерилденген шприц қолданады. Ерітінді шприц поршенімен де, иненің канюлясы арқылы да шықпауы керек. Жұмыс алдында міндетті түрде 0, 1 мл ерітінді шприцтің қай бөлігіне келетінін анықтап алу керек.
Препарат құйылған ампуланы 70% этил спиртімен сүртіледі, сосын ампула мойнын аралап, сындырылады. Ампуладан шприцпен 0, 2 мл ерітінді алынып (2 мөлшері) 0, 1 мл бөлігіне дейін сұйықтық шығарылады. Ашылған ампуланы асептикалық жағдайда 2 сағаттан артық сақтауға болмайды. Манту сынамасын өткізу техникасы; білектің 2/3 -ші бөлігі 70% этил спиртімен өңделеді. Жіңішке иненің кесіндісі жоғары қаратып терінің жоғарғы қабатына параллельді енгізіледі. Тері ішіне шприц арқылы 0, 1 мл ерітінді яғни 1 мөлшері енгізіледі. Дұрыс жасалған жағдайда теріде «лимон қабығы» көлемі 78 мм диаметрлі папула пайда болады.
Балалар мен жасөспірімдерде Манту сынамасының қорытындысы, балабақшасына (бақша, мектеп) барып жүргендерде тіркеу формасында № 063/у және баланың медициналық картасында № 026/у формасында және баланың даму тарихында № 112/у формасы жазылады. мекеме, стандартты туберкулин жіберген, серия тексеруші саны және сақталу мерзімі; туберкулин сынамасын жүргізу уақыты; сол немесе оң қолын қолдануы; Манту сынамасының қорытындысында инфильтрат мөлшері мм түрінде белгіленеді.
Қолданылған әдебиеттер: Фтизиатрия –М. И. Перельмен , В. А. Корякин аударған Т. Ә. Момынов Ғаламтор жүйесі http: //yandex. kz Google Chrome
Auken_M_4038.pptx199325915.pptx