
4004 жмфАБУЛОВ.pptx
- Количество слайдов: 11
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Фтизиатрия кафедрасы СӨЖ тақырып: Біріншілік өкпе туберкулезінің дәлелді медицина тұрғысынан диагностикасы Орындаған: Абулов ш. р. 4 -004 топ ОМФ студенті Тексерген: Серикбаева Н. М Қарағанды 2014 ж.
• Бірінші реттік туберкулез бұрын инфекцияланбаған адамдарға ТМБ-ның жұғуы салдарынан пайда болып, лимфа бездерінің зақымдалуымен, инфекцияның лимфгематогенді диссеминациясымен және организмнің туберкулез қоздырғышына үлкен реактивтілігімен сипатталады. • Бірінші реттік туберкулезбен негізінен балалар ауырады. Сол сияқты ол жасөспірімдер туберкулезінің 20%-н құрайды. Кейбір жағдайларда бірінші реттік туберкулез ересек және егде жастағы адамдарда кездеседі.
• Біріншілік туберкулезді комплексінің осындай даму жолымен қатар кеуде қуысындағы лимфа бездерінің бірінші болып зақымдалып, өкпе ошағы кейінірек пайда болып даму жолы бар. Бұл кезде өкпедегі ошақтың көлемі үлкен болмайды және үлкен перифокальды өзгерістер болмайды. Мұндай жағдайларда өкпедегі зақымға қарағанда кеуде қуысы лимфа бездері туберкулезінің зақымдануына клиникалық белгілері басым болады. Туберкулезді қоздырғышы ағзаға ауыз арқылы енгенде алғашқы аффект ішекте орналасуы мүмкін.
Клиникасы • Алғашқы туберкулез комплексінің асқынбаған түрінде клиникалық белгілердің жеделдігі туберкулезге қарсы дәрілерді қабылдамаған жағдайда 2 -4 аптадан кейін азаяды, дене қызуы төмендейді, дұрыс емес субфебрилитет ұзақ уақыт сақталады. ЭТЖ мен лейкоцитоз азаяды, лимфоциттер саны көбеейеді. Интоксикация симптомдары бұл кезде сақталып, кейде шамалы өседі. Балада айқын анорекция сақталады, оның салмағы мен бойы өсуі қалып қояды, тітіргенгіші, қыңыр болады.
Диагностика • Алғашқы туберкулез комплексінің рентгенологиялық диагностикасы, оның негізгі компоненттерін алғашқы туберкулез пневмониясын, кеуде қуысындағы лимфа бездеріндегі өзгерістерін және оларды жалғап тұратын лимфа тамырларын анықтауға негізделген. • Рентгенологиялық бейнеде алғашқы туберкулез комплексі әркелкі болады. Локальды өзгерістердің әркелкілігі алғашқы өкпе ошағының көлеміне, оның патоморфологиялық субстратына, кеуде қуысындағы процесстің көлеміне, сипатына және болуы ықтимал асқынуларына байланысты. • Өкпе ошағының үлкендігі 0, 5. . . 0, 9 см-ден 1. . 1, 2 см-ге дейін немесе сегментті, екі сегментті, бөлікті алып жататын фокустардай болады. Қазіргі кезде үлкен көлемді зақымдар сирек кездеседі. Кейде ерте жастағы балаларда ғана байқалуы мүмкін.
Ақыры • Алғашқы туберкулез комплексінің ақыры инфильтрация кезеңіне процесстің көлеміне, кеуде қуысы лимфа бездерінің зақымдану дәрежесіне терапияның дер кезінде және толық жүргізілуіне байланысты болады. • Өкпе ткані мен кеуде қуысы лимфа бездерінде шектелген арнамалы өзгерістер кезінде толық этиопатогенетикалық терапия жүргізу өкпедегі және димфа бездердегі арнамалы өзгерістердің толық жазылуына әкеледі.
• КЕУДЕ ҚУЫСЫ ЛИМФА БЕЗДЕРІНІҢ ТУБЕРКУЛЕЗІ • Қазіргі кезде балалар мен жасөспірімдер туберкулезінің ішінде кеуде қуысы лимфа бездерінің туберкулезі - бірінші орын алады, бұл кезде өкпе түбіріндегі және кеуде аралық қуысындағы лимфа бездер спецификалы зақымдануға ұшырайды. Туберкулез бронхоаденитінің морфологиясы зақымның сипатына және көлеміне қарай әр түрлі болады. • Кеуде қуысы лимфа бездерін патологиялық анатомия суреттемесіне қарай шағын инфильтратты және ісікті түрлеріне бөледі. • Кеуде қуысы лимфа бездерінің шағын түрінде 1 -2 топ лимфа бездерінің ғана гипеплазиясы (0, 5 -ден 1, 5 см-ге дейін) болады. Шағын түрлердің диагностикасын аурудың клиникалық және рентгенологиялық белгілерін қатар қолдана отырып жасайды. • Туберкулез бронхоаденитінің инфильтратты түрінде перинодулярлы қабыну басым болады, лимфа безінде туберкулез ошағы аз ғана. Ісікті түрінде процесс көлемі біршама үлкен болатын лимфа бездерінің капсуласынан сыртқа шықпайды. Бірақ бронхоадениттерді инфильтратты және ісікті түрлерге бөлу шартты түрде ғана, өйткені олар бір түрден екіншісіне ауыса береді.
Патоморфологиясы • Туберкулез кезінде патоморфологиялық өзгерістері әркелкі болып келетін бір немесе лимфа без топтары зақымдалады. Ауыр және ағымы нашар түрлерінде лимфа жолдары анастомоздары торының себебінен пайда болатын көп топты екі жақты процесстер кездеседі. Лимфа бездерінде арнамалы процесстер ұзақ уақыт өзінің белсенділігін сақтайды, жазылуы баяу жүреді. Уақыт өткеннен кейін капсуланың гиалинозы, кальций тұздарының жиналуы пайда болады. Петрификаттардың көлемдері казеоздық айқындық дәрежесіне байланысы болады.
клиникасы • • Кеуде қуысы лимфа бездерінің клиникалық ағымын асқынбаған және асқынған деп екіге бөледі. Кеуде қуысы лимфа бездерінің туберкулезі клиникасы ақырындап басталады. Балада қатты шаршау, тәбеттің нашарлауы, тітіркенгіштік, дене қызуының көтерілуі (әдетте субфебрильді) пайда болады. Ауыр клиникалы бронхоаденит өте сирек жағдайда кішкентай жастағы балаларда кездеседі. Жөтел науқастардың азғана бөлігінде байқалады, ол кейде «көкжөтел түрінде» , сирегірек «екітонды» болып келеді. «Екітонды» жөтел кезінде негізгі төменгі тонмен қатар жоғарғы обертон естіледі. «Екі тонды» жөтел ерте жастағы балаларда кеуде қуысы лимфа бездері біршама ұлғайған кезінде естіледі. Сол сияқты ерте жастағы балаларда экспираторлық стридор - бірқалыпты жағдайда демді ішке тартқанда шулы ұзарған дем шығару байқалады. Көкжөтел түріндегі жөтелдер ересек жастағы балаларда кездеседі. «Битонды» жөтел, экспираторлық стридор ұлғайған лимфа бездерінің қысымынан ғана емес, сол сияқты қабыну процессіне бронхтар немесе нервтер қабырғаларының қатысуы кезінде болады.
• Кеуде қуысы лимфа бездерінің туберкулезі кезінде бір немесе азғана лимфа бездері топтары зақымданатындықтан өкпе түбірінің ассиметриясы немесе жоғарғы көкірек қуысының біржақты кеңеюі тән болады. • Кеуде қуысы лимфа бездерінің көптеген лимфа бездер топтарын зақымдауы, екі жақты болуы және көлемінің біршама ұлғаюы туберкулез кезінде сирек кездеседі де, әрқашан ажыратпалы диагностика жасауды қажет етеді. • Кеуде қуысы лимфа бездерінің инфильтратты түрінің рентген суреттемесінде перинодулярлы қабынудың себебінен өкпе түбірінің контуры анықталмайды.
қорытынды • Бірінші реттік туберкулезбен негізінен балалар ауырады. Сол сияқты ол жасөспірімдер туберкулезінің 20%-н құрайды. Кейбір жағдайларда бірінші реттік туберкулез ересек және егде жастағы адамдарда кездеседі. • Бірінші реттік туберкулезден кейін бала өлімі сирек кездеседі. Нәрестенің жатыр арқылы инфекциялануы өте сирек кездеседі. Мұндай жағдай нәрестенің шешесі туберкулездің асқынған түрімен ауырғанда кездесуі мүмкін, бұл кезде ТМБ плацента арқылы енеді. • Балалардың инфекциялануы ТМБ-ның тыныс жолдарына түскен кезде, сирек жағдайда асқазанға түскенде болады.
4004 жмфАБУЛОВ.pptx