Сеитова Б.Д.4004топ.pptx
- Количество слайдов: 23
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Фтизиатрия кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Туберкулез патоморфологиясының қазіргі кездегі ерекшеліктері. Орындаған: Сеитова Б. Д. 4 -004 топ студенті Тексерген: Серикбаева Н. М. Қарағанды 2014
Жоспар ü Кіріспе ü Туберкулездік қабыну ü Бірінші ретті өкпе туберкулезінің патоморфологиясы ü Екінші ретті өкпе туберкулезінің патоморфологиясы
• Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микробактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р. Кох (1843 – 1910) ашты (1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0, 2 – 0, 6 мкм.
Туберкулездік қабыну - деп альтерация, экссудация, пролиферация сатыларынан тұратын және туберкулездік гранулеманың (туберкулездік төмпешік)түзілуіне алып келетін қабынуды айтады. Гранулема атауы латынның «дән» деген сөзінен шыққан. Гранулема қалыптасуына гематогенді(лимфоциттер, моноциттер, полиморфядролы лейкоциттер) және гистиогенді (гистиоциттер, макрофаг фибробластылар, ретикулярлы клеткалар, қантамырлар эндотелийі, плазматикалық және мес жасушалары) жасушалар қатысады.
Туберкулездік гранулеманың өзіне тән құрылысы болады. Орталық бөлігінде эпителиоидты жасушалармен қоршалған казеозды некроз ошағы орналасады. Эпителиоидты жасушалар сыртында сенсибилизацияланған Т-лимфоциттер қабатымен қоршалған. Эпителиоидты жасушалар мен сенсибилизацияланған Тлимфоциттер арасында саны 1 -3 дейн Пирогов - Лангханс алып жасушалары орналасады.
Туберкулездік гранулема
Ақыры. Эпителиоидты жасушалар фибробластыларға айналады, аргирофилді жасушалар коллагенозданады, төмпешік тыртықтанады. Кейінрек некроз ошақтары сорылып, фиброздалуға және сүйектенуге ұшырауы мүмкін.
Біріншілік өкпе туберкулезінің патоморфологиясы Біріншілік өкпе туберкулезі ТМБ - мен бірінші рет қатынасқан кезде дамиды. Ауа арқылы ТМБ өкпенің перифериялық бөлімдеріне түсіп, көбейіп біріншілік өкпелік ошақтың түзілуіне алып келеді. Сонымен қатар ТМБ жартысы лимфага түсіп жақын жатқан лимфа түйіндеріне тасымалданады.
Біріншілік өкпелік ошақта ірімшікті некрозға жылдам ауысатын альвеолит дамиды. Ошақ ортасында казеоз, перифериясында бейспецификалық қабыну элементтері түзіледі. Жергілікті лимфа түйіндерінде де казеозды некрозға ауысатын қабынулық элементтер дамиды.
Біріншілік өкпе туберкулезінің ағымында 4 фазаны ажыратады: • Пневмониялық фаза • Сорылу фазасы • Тығыздалу фазасы • Гон ошағының қалыптасуы
Пневмониялық фаза Бұл фазада үлкендігі 2 -5 смдей бронхолобулярлы пневмония ошағы(өкпелік ошақ) анықталалды. Бір уақытта үлкейген түбірмаңылық лимфа түйіндері және лимфангит анықталады. Өкпедегі, лимфа түйіндеріндегі және лимфа тамырларындағы қабынулық өзгерістер біріншілік туберкулездік комплексті құрайды.
Сорылу фазасы Екінші фазада перифокальді қабыну ошагы азаяды, казеозды ошақ жақсы анықталады, лимфа тйіндерінде және лимфа тамырларында қабынулық өзгерістер азаяды.
Тығыздалу фазасы • Үшінші фазада біріншілік ошақ жаксы боялған, перифериясында ұсақ түйіршіктер түріндегі кальцинация бастаулары көрінеді, бронхопульмональді түйіндер жанында да кальцинация белгілері байқалады.
Гон ошағының қалыптасуы Бұл фазада бронхолобулярлы пневмония ошағындағы кальцинация жинақталған, пішіні дөңгелек, контуры тегіс, үлкендігі 3 -5 мм ден аспайды. Мұндай түзілісті Гон ошағы деп атайды.
Біріншілік туберкулездік комплекстің ақыры келесідей болуы мүмкін: 1. инкапсуляциямен, сүйектенумен жазылуы 2. Генерализдену түріндегі ары қарай дамуы, немесе ателектаз, пневмосклероз сияқты бейспецификалық асқынулар.
Екінші ретті өкпе туберкулезінің патоморфологиясы • Екіншілік туберкулез – деп біріншілік туберкулез ошағы бар организмде немесе бұрын емделген организмде дамитын туберкулезді айтады. • Пайда болуы және дамуы ек жолмен: • 1. эндогенді суперинфекция – біріншілік өкпелік ошақтардың реактивациясы 2. Экзогенді суперинфекция – қайталап туберкулезбен инфицирлену
Патоморфологиялық көріністерінің көп түрлі болуы тыныс алу мүшелерінің туберкулезінің классификациясына негіз болды: • Ошақты туберкулез • Инфильтративті туберкулез • Казеозды пневмония • Туберкулема • Кавернозды туберкулез • Фиброзды - кавернозды туберкулез • Циррозды туберкулез • Туберкулезді плеврит • Бронхылар, кеңірдек, жоғарғы тыныс алу жолдарының туберкулезі • Өкпенің кәсіби шаң ауруларымен комбинирленген туберкулез
Ошақты туберкулез Бірінші және екінші ретті сегментарлы бронхтардың апикалды тармақтарында ары қарайғы бронхтардың казеозды некрозымен көрінетін эндо – және перибронхит. Бұл процесске альвеолалардың қосылуы казеозды ацинозды немесе бөліктік бронхопневмонияның дамуына алып келеді. Ошақты туберкулездің негізгі таралу жолы бронхогенді, жаңа бронхпневмония ошақтарының пайда болуымен жүреді. Лимфа түйіндері зақымдалмайды. Ақыры инкапсуляция, сүйектену, фиброз.
Инфильтративті туберкулез Инкапсулирленген ошақтардың обострение пайда болады. Өкпенің инфильтративті туберкулезі перифокалді қабыну аймағы бар бір немесе бірнеше ұсақ ірімшікті некроз ошақтарының болуымен сипатталады. Экссудат серозды, серозды – фибринозды болады. Қабынулық үрдістер, экссудат, казеозды некроз болады.
Туберкулема - деп жанындағы тіндерден фиброзды капсула арқылы бөлінген тығыз казеозды фокустардың пайда болуымен көрінетін екіншілік туберкулездің клинико анатомиялық көрінісі. Туберкулема солитарлы(гомогенді), көп қабатты, конгломератты болуы мүмкін.
Фиброзды – кавернозды туберкулез Фиброзно-кавернозды өкпе туберкулезі – өкпе туберкулезінің басқа түрлерінің асқынысы ретінде дамитын кавернамен және оның қабырғасындағы фиброзды компонентпен сипатталады. Каверна қабырғасы 3 қабаттан тұрады: ішкі – некроз қабаты, оның сыртында туберкулездік грануляциялық тін, ең сыртқы қабаты бейспецификалық грануляциялық тін.
Бронхылар, кеңірдек, жоғарғы тыныс алу жолдарының туберкулезі Кезіндегі патоморфологиялық өзгерістерге Пирогов – Лангханс алып жасушалары бар эпителиоидты төмпешіктер болуымен және дәнекер тіні пролиферациясымен сипатталады. Төмпешіктер беткей және тікелей эпителий астында орналасады.
Қолданылған әдебиеттер • Фтизиопульмонология / В. Ю. Мишин, Ю. Г. Григорьев, А. В. Митронин, С. П. Завражнов. М. : ГЭОТАР-Медиа, 2007. 504 с. • Туберкулез / В. А. Кошечкин, З. А. Иванова. М. : ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 304 с. • Фтизиатрия: научное руководство / под. ред. М. И. Перельмана. М. : ГЭОТАР-Медиа, 2007 - 512 с.
Сеитова Б.Д.4004топ.pptx