Мусакулов Н 2001 стом.pptx
- Количество слайдов: 20
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Эпидемиология және коммуналдық гигиена кафедрасы Тақырып: Жанасу инфекцияларының эпидемиологиялық сипаттамасы және оларды алдын алу шаралары. Жанасу әдісімен тікелей берілетін сырқаттылық (венерологиялық аурулар). Орындаған: 2 -001 Стом Мусакулов Нурсейт Тексерген: Омарова. А. О Қарағанды 2014 ж.
Кіріспе Жанасу механизмді инфекциялардың қоздырғыштары ауру немесе тасымалдаушымен тұрмыс заттарын бірлесіп пайдаланғанда жаралардың, күйген, үсіген жерлердің ластануы, залалды киімді пайдалану немесе тікелей жанасу (жыныс қатынасы, қол алысу) арқылы таралады. Одан басқа парентеральдық жолдардың да болуы мүмкін.
Жанасу беріліс механизмі. Жанасу арқылы берілу механизмі ек екіге бөлінеді: тікелей және тікелей емес жанасу. Қоздырғыштың тәндік орналасуы тері қабатында және кілегей қабаттарында болса (ас қорту, демалу жүйесінен басқа), оның басқа организмге өтуі қоздырғыш көзімен тікелей емес жанасу арқылы іске асады (мысалы, күйдіргіде топырақ арқылы, микоздарда тұрмыстық заттар, киімкешек, төсек-орын). Қоздырғыштары тері жамылғыларында және шырышты қабаттарда паразиттеуші(өмір сүруші) инфекциялық аурулар тікелей немесе тікелей емес жанасу(контакт) арқылы беріледі.
Жанасу әдісімен тікелей берілетін сырқаттылық Жанасу әдісімен тікелей берілетін инфекцияларға тері және жыныс жолдары арқалы жұғатын аурулар кіреді. Жыныстық жолмен жұғатын аурулар Мерез, соз, АИТВ және ЖИТС. Бұл соңғы кездері атыраулық тұрғындар арасында көбейіп бара жатқан ауру түрлері. Дәрігерлер қауымы жыл санап саны артып келе жатқан аты жаман аурулардан сақ жүруге шақырып әлек. Сонымен қатар, жұмысшы күші көп компанияларға барып, дәріс оқуды өздеріне міндеттеп қойған. Алайда кейбір бастықсымақтар қызметкерлерінің жағдайы жақсы екенін айтып, ақ халаттыларды маңайларына да жолатпайтын көрінеді.
Әлемде ғасыр дерті – ЖИТС-ке шалдықтыратын АИТВ, яғни адамның иммунды тапшылық вирусын жұқтырушылар саны артып келеді. Бұл жағдай Атырау облысын да айналып өтпей тұр. Өңірде алғашқы вирус жұқтырған адам анықталған 1993 жылдан бері науқастар саны 171 -ге жетіпті. Қазір оның 84 -і облыстық ЖИТС орталығында тіркеуге алынған. Бұл туралы Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы және алдын-алу жөніндегі орталық дәрігерлері айтып отыр.
1 -ші желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні. Осыған байланысты республикада 11 қараша мен 10 желтоқсан аралығында айлық өтеді. Биылғы шара «Мақсат бағытымыз-нөл, Жаңа АИТВ жұқпасы-нөл, Кемсіту – нөл, ЖИТС зардаптарынан болатын өлімжітім – нөл» ұранымен ұйымдастырылуда. Мақсаты - аурудың алдыналып, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету. Қазіргі күні Атырау облысында вирусты тасымалдаушылар саны артқан. Биылғы жылдың өзінде АИТВ жұқтырған 22 адам анықталыпты. Тіркелгендердің барлығы 15 пен 49 жас аралығындағы жастар.
2013 жылдың бірінші қарашасына дейінгі мәлімет бойынша, тіркелгендердің 13, 6 пайызы инемен есікрткі тұтынушылар, ал 72, 7 пайызы жыныстық жолмен жұқтырғандар екен. Сонымен қатар, аса қауіпті вирустың денеге түрлі суреттер салып, яғни татуаж, персинг жасатқан кезде де жұғып кету қаупі басым екен. Өңірдегі тағы бір өзекті мәселе – жыныстық қатынас арқылы таралатын венерологиялық аурулардың да көбейіп отырғандығы. Жыныстық қатынас арқылы берілетін 20 -дан астам инфекциялық аурулар бар. Ең көп таралып отырғаны Мерез бен соз. Бұл аурулардың трихомониз, уреплазмоз, хламидоз, микоплазмоз, кандиоз, герпес және В, С гепатиті секілді бірнеше түрлері бар. Жыл басынан бері мерезге шалдыққан екі адамның АИТВ жұқтырғандығы да анықталыпты.
Тері венерологиялық диспансер мамандарының мәліметінше, өткен жылы мерез жұқтырған 105 адам болса, биыл олардың саны 155 -ке жетіпті. Ал созбен ауыратын 240 адам бар. Жыныстық жолмен жұғатын венерологиялық ауруларды жұқтырушылар әсіресе, Жылыой ауданында көп тіркелген. Бір сорақысы мұндай аты жаман ауруларды жұқтырғандардың басым бөлігі сырттан келген келімсектер емес, жергілікті тұрғындар екен. Айта кету керек, бұрын АИТВ көбіне қан арқылы есірткі заттарын қолданған кезде таралса, қазір ол көрсеткіш азайған. Облыстық наркологиялық диспансер дәрігерлерінің айтуынша, қазір ине арқылы салынатын есірткі заттарының жолы мүлдем кесіліпті. Сонымен мұндай аурулардан сақтанудың бірден-бір жолы – жыныстық қатынас кезінде сақтық шараларын қалт жібермеу дейді дәрігерлер.
Қазігі таңда, жыныстық қатынас арқылы жұғатын классикалық венерологиялық аурулар, - екінші буынды деп аталатын, - урогениталдық хламидиоз, мико- мен уреаплазмоз, гарднерелез бен жыныстық органдарының вирустық ауруларға орын беріп кетті. Дәрігерлер, - ЖҚАЖА ХХІ ғасырдың аса қауіпті індет деп айтады. Нақты айтатын болсақ, ЖҚАЖА жыл сайын қарқынды көбеюде және дерттің асқынған түрлері жиі кездеседі. Қазіргі таңда ЖҚАЖА 150 түрі тіркелген. ЖҚАЖА шалдыққан адам, өзін-өзі емдеумен жиі айналысады. Соның салдарынан дерт жасырын түрге айналып, дәрідәрмек әсеріне тұрақты болып қалады. . Мұндай дертті емдеу, -аса ауыр міндеттердің бірі. Дегенмен де оны емдеу қажет. Айқын клиникалық сипаттамасыз және симптомсыз өтуі мүмкін, - хламидия, гениталдық герпес, уреаплазмоз, цитомегаловирус ЖҚАЖА байланысты аурулар көп диагноздалады.
Мерез (сифилис) негізінен жыныс қатынасы арқылы тарайтын жұқпалы ауру болып есептеледі. Бұндай аурудың пайда болуына адам денесінде өмір сүретін солғын спирохета деген микроорганизм әсер етеді. Бұл микроорганизм кепкенде дезинфекциялық құралдың әсерімен жылдам өлетін болғанымен, адам денесінде, ауру денесінен шыққан іріңдерде ұзақ өмір сүреді. Мерезді жұқтырудың негізгі жолы — жыныстық қатынас. Бұдан басқа ауру адамдармен жақындасып, олардың тұтынған заттарын бірге пайдаланғаннан да сау адамға жұғады, бірақ мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі. Өзіне мерезді жұқтырған адам әуелгі кезде ештеңені сезбейді. Тек 3 -4 аптаға созылған инкубациялық кезеңнен кейін солғын спирохета іріңі шыға бастаған жерлерді сипағанда без сияқты сезілетін қатты шанкр пайда болады.
Қатты шанкрдың пайда болған кезінен бастап мерез ауруының бірінші кезеңі басталады. Осы кезде қатты шанкрға жақын орналасқан лимфатикалық түйін өсе бастайды. Көбіне ауру өзінің жеңіл сырқаттанғанын, қалжырағанын, басының ауырғанын, қалтырағанын сезінеді. Кей уақыттарда мерездің бірінші кезеңі жылдам өтіп кететін болғандықтан, ауырған адам оған айтарлықтай көңіл бөлмеуі мүмкін. Бірақ ауру одан әрі үдей береді. Осы уақыттан 1, 5 -2 ай өткеннен кейін аурудың денесінде неше түрлі көлем мен формалардағы бөртпелер пайда болады. Бұл — мерез ауруының екінші кезеңінің басталғандығының белгісі. Бөртпе көбіне адамның ішіне, төсіне, санына, жыныс мүшелерінің айналасына қызғылт түстес дақ түрінде шығады. Осы кезде көптеген науқастардың шаштары түсе бастайды, мойындарында, иықтарында ақ таңдақтар пайда болады.
Екінші кезеңде мерез ауруы біресе асқынып, біресе бәсеңдейді. Науқастың әрбір асқынуы қайталанған сайын олардың ағзалары, әсіресе жүйке жүйесі бұрынғысынан да қатты бұзыла бастайды. Ауыра бастағаннан 3 -5 жыл өткеннен кейін мерез ауруының соңғы — үшінші кезеңі басталады. Бұл кезде адам ағзасындағы жасушалар бұзылады, ауру денесінде ісіктер пайда болып, олар жарылып, іріңдер шыға бастайды. Мерез ауруы ұрпаққа тарайды. Мерезбен ауырған әйел босанғанда нәресте не жансыз, не мерез ауруына шалдыққан болып дүниеге келеді.
Эбола ауруы (EVD) немесе Эбола геморрагикалық лихорадкасы (EHF), эболавирус себепші болатын адамдар мен приматтардың ауруы. Аурудың алғашқы белгілері екі күннен үш аптаға дейінгі аралықта көрінеді. Бұлшықет пен бас ауруымен бірге жүретін қызба (лихорадка). Әдетте диарея, құсу басталып, бауыр мен бүйректері істен шығады. Осы уақытта науқастың ағзасында іштей және сыртта қан ағу басталады. Вирус жұқпалы жануар немесе науқас адамның сұйықтығы арқылы беріледі. Табиға ортада ауа арқылы таралу жағдайы тіркелмеген. Өсімдік жарқанаттары арқылы таралады, бірақ оларға аурудың вирустары әсер етпейді. Эбола белгілері. Ауруды емдейтін арнайы ем әзірге жоқ. Әзірге науқас адамдарды емдеуде регидрацилялық терапия және ағзаға керекті қоректерді жүйе құю пайдаланылады. Аурудың қауіптілік деңгейі жоғары, науқастардың 50% мен 90% аралығында қайтыс болады.
Кандидоз, кандидамикоз (латынша сandіda – ашытқы, грекше mykes – саңырауқұлақ) – ашытқы тәрізді саңырауқұлақтармен қоздырылатын терінің, шырышты қабаттың, ішкі органдардың жұқпалы ауруы. Жер шарында кең тараған, әсіресе, тропиктік жәнесубтропиктік аймақтарда жиі кездеседі. Аурудың қоздырғыштары теріні зақымдап, органдардың ішкі шырышты қабаттарында (ауыздың, өңештің, ішектің, әйелдің жыныс мүшелерінің, т. б. ) өніп көбейеді. Кандидоздың дамуына иммунитеттің төмендеуі, эндокринопатия, гиповитаминоз, организмде зат алмасудың бұзылуы (мысалы, диабет ауруы), гигиена ережелерін сақтамау (маникюр жасатқанда, т. б. ), дисбактериозға алып келетін кейбір дәрілерді (антибиотиктерді, кортикостероидтарды) шамадан тыс, орынсыз пайдалану әсер етеді. Ашытқы саңырауқұлақтарын тасымалдаушылар мен Кандидозбен ауыратын науқас адамдар инфекция көзі болып есептеледі. Кандидоз, негізінен, тікелей жанасу арқылы жұғады.
Ластанған жеміс-жидек, көкөніс арқылы да жұғуы мүмкін. Кандидоздың созылмалы гранулематозды, висцералды және аллергиялық түрлері ажыратылады. Кандидозбен, әсіресе, жас балалар мен қарт адамдар жиі ауырады. Жас балаларда, әдетте, организмде иммундық тапшылық кезінде – созылмалы гранулематозды кандидоз дамиды. Ішкі органдардың шырышты қабаттарында пайда болған кандидоз өте ауыр өтеді. Бұл бірте-бірте ауыздың шырышты қабатының уылуына – кандидозды стоматитке әкеледі. Ерінге, тілге, таңдайға, қызыл иекке ақ бөртпелер шығып, көлемі ұлғаяды. Айналасы қабыршақтанып, ыстық, суық тамақ ішкенде қатты ауырып, адам тамақтың дәмін сезбейді. Қазақ халқы мұны ауыз уылу деп атайды. Әйелдердің жыныс мүшелерінің шырышты қабаты кандидозында (вульвовагинит, баланопостит) жыныс мүшесінен ірің бөлініп, денеде қышыма пайда болады.
Сондай-ақ, қол саусақтарының арасы, тырнақ көбесі, тырнақ, сүт безі асты, шап, т. б. кандидозға шалдығады. Кандидоз ауруының диагнозын клиникалық белгілеріне қарап анықтайды. Ол үшін лабораториялық зерттеулер (серологиялық реакциялар және кандидааллерген мен терілік аллергиялық сынамалар) жасалады. Кандидоз ды емдеу үшін, тек дәрігердің рұқсатымен, қабынуға қарсы және залалсыздандыратын дәрі-дәрмек, сондай-ақ, ашытқы саңырауқұлақтарын жоятын антибиотиктер, витаминдер ішу керек.
Мусакулов Н 2001 стом.pptx