Мусин А.К..ppt
- Количество слайдов: 28
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Дәрігердің әріптестерімен коммуникативті дағдыларды қолдануын бағалау әдістері. Конструктивті сынаудың негіздері. Орындаған: Мусин А. К. 212 топ ЖМФ Тексерген: Балабиева М. А. Қарағанды 2015 ж.
Жоспар I. Кіріспе II. Негізгі бөлім 1) Дәрігер – адам жанының жанашыры 2) Медициналық коллектив ұжымы 3) Дәрігердің әріптестерімен қарымқатынасында қойылатын талаптар III. Қорытынды IV. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе Қоғамның басты байлығы – адам десек, адамның денсаулығынан асыл, қымбат қазына жоқ. «Бірінші байлық – денсаулық» деп аталарымыз денсаулықты ежелден-ақ бар қазынадан артық қойған. Ал адамның дені сау болып, ел қатарлы еңбек етуіне бірден-бір жауапты адам – дәрігер. Демек, қоғамның саулығы да осы бір ақ желеңді абзал жандардың қолында.
Дәрігер – адам жанының жанашыры. Дәрігердің жұмысының негізгі мақсаты – адамдардың өмірін сақтау, денсаулықтарын жақсарту, аурулардың алдын алу. Дәрігер өзінің жұмысын адал, Гиппократ антына және Қазақстан Республикасының Конституциясына сай орындауға міндетті. Дәрігер өз шешіміне, істеген істеріне жауап беруі керек. Әрдайым білімін толықтырып, сонымен қатар медицина саласының соңғы жаңалықтарымен, жаңа дәрілік заттар жайлы және медициналық техника жайлы әрдайым хабардар болуы керек.
Дәрігердің әріптестерімен коммуникативті дағдыларды дұрыс қолданылуы және медицинадағы психологиялық жұмыс - бұлар қазіргі кезде еліміздегі денсаулық сақтау жүйесіндегі ең басты, актуалды дамушы бағыт болып отыр. Дәрігер мамандығының психологиялық қызметі кәсіптік бақылау құндылықтарымен, мақсатымен, психологиялық мәдениетімен байланысты ішкі инстанциялардың құрылуымен жүреді. Медицина қызметіндегі ең қажет мотиватор болып, қызметіне бағдар беріп, қажеттіліктерін және қызығушылықтарын анықтайтын құндылық жүйесі болып табылады. Бұл байланыста коммуникативті үрдістің және оның компоненттерінің қыр - сырын танып білу аса қажет. Кәсіптік компетенттіліктің ең қажет бөлігі коммуникация түсінігі және қатынасу дағдылары.
Медициналық коллектив ұжымы
Дәрігердің ауру адамды емдеу жұмысы табысты болуы үшін коллектив мүшелерінің өзара қарым - қатынасы жоғары моральдік деңгейде болуы керек. Ол үшін әр дәрігердің бойында: оның адамгершілігін, білімділігін, болуы қажет. Бұл қасиеттердің негізін мыналар қалайды: - жоғары деңгейдегі профессионалдылық білім -жалпы мәдениеттілік -инабаттылық -кішіпейілділік -жолдастық сезім -басқалармен санасу -басқалармен сыйласа білу.
Дәрігер және коллектив Дәрігердің өз әріптестерімен, мейірбикелермен, кіші медицина қызметкерлерімен (санитаркалармен) т. б. Коллектив мүшелерімен өзара қарым қатынастары медициналық этика мен деонтологияның бір өте маңызды және күрделі мәселелердің бірі. Дәрігерлер коллективінде өзара қарым қатынас көрсеткіші сол емдеу мекемесін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі десек қателеспейміз.
денсаулық сақтау және науқасқа көмек көрсету мақсатында құрылған медицина қызметкерлерінің бірлестігі.
Коллективтің басты міндеті пайдалы емдеу профилактикалық шараларды жүргізу және оны жоғары дәрежеде көрсете білу
Коллективтің беделі берілген тапсырманы орындауға және алға қойған мақсатқа жетуге байланысты. Ол үшін коллектив мүшелері жақсы жұмыс атқарып, бірлестікте болу керек. Сонымен қатар коллектив жетістігі қоғамдық ортаға да байланысты. Себебі: егер коллектив мүшелерінің арасында сенім, жақсылық тілеуші, жұмысқа деген творчествалық қатынас болса, онда коллектив жақсы жетістікке жетеді.
Коллектив басқарушысының орны Басқарушы өз коллективінің алдында жоғары беделде болу керек. Ол үшін жұмысқа жауапты, білімді, ақылды, кез келген жағдайда шешім қабылдай біліп, коллектив мүшелеріне сеніммен және барлығына бірдей дәрежеде қарай білу маңызды. Медициналық коллектив құрамында әртүрлі жастағы, әртүрлі дәрежедегі қызметшілер және олардың қызметті орындауға деген қызығушылықтары, іс-әрекеттері әртүрлі болады, бірақ олардың барлығына ортақ болатын – аурухана ішіндегі тәртіп пен ережені сақтау және оған көне білу.
Мерекелік іс-шара кезіндегі дәрігерлер ұжымы
Дәрігердің әріптестерімен қарымқатынасында қойылатын талаптар I. Дәрігер өзгелердің көзқарастарына (әріптестерінің, өзге мед. қызметкерлерінің және т. б. ) шыдамды қарай білу керек. Сондай-ақ өзге дәрігердің қойған диагнозына сенімсіздік білдіріп, әсіресе, науқастың алдында: Бұл емді сізге тағайындаған қай дәрігер? – деген сияқты сауалдарды қоюға болмайды. Себебі науқастың өзін емдеп жатқан дәрігерге сенімсіздігін тудырады. Дәрігер егер өз әріптесінің қателігін яғни дұрыс диагноз қоймағанын байқаған жағдайда оған бұл қателікті айту керек. Себебі ол диагноздың дұрыс қойылмауының нәтижесінде науқас жағдайы нашарлап немесе асқынып, тіпті өлімге де әкеп соғуы мүмкін.
II. Дәрігер әріптесінің берген ақыл-кеңесіне құлақ асып, түсінікпен қарау қажет. Өйткені әріптесі оған моральдық қолдау көрсетіп және кейбір келеңсіз жағдайлардан шыға білу жолдарын айтатынын ескеру қажет. Дәрігер коллективте қызмет атқара отырып науқастармен ғана жақсы қарым-қатынас жасап қоймай, сонымен қатар әріптестерімен де жақсы байланыста бола білу керек.
Дәрігер өз әріптесіне ақыл-кеңес беру үстінде
III. Дәрігер орта және төменгі персоналдардың атқаратын қызметін бағалай білу керек. Көп жағдайларда әртүрлі саладағы дәрігерлерлердің арасында конфликт туындайды. Сонымен қатар оларға айқай салу немесе тағы басқа жағымсыз қылықтар көрсетуі, бұл: IV. Орта және төменгі кіші персоналдың дәрежесін түсірумен қатар; V. Дәрігердің өз қызметін жалғастыру барысында да келеңсіздіктерге әкеп соқтыруы мүмкін; Мұның соңы операцияның сәтсіз өтуіне немесе басқада жағымсыз жағдайларға душар етеді. VI. Дәрігер өз мамандығының дәрежесімен, білімімен, жеткен жетістіктерімен мақтанбауы керек.
Дәрігер мен науқас қарым-қатынасы
VII. Паскальдың айтқан бір сөзі бар екен. Онда: Егер адамдардың өзін жайлы жақсы ойлағанын қаласаң, онда сен өзің жайлы жақсы ойларынды айтпа, бір сөзбен айтқанда өзгелерге мақтанба! Сондықтан дәрігерге жарасар ең басты қасиет – қарапайымдылық. Қарапайымдылық науқастардың, әріптестердің, жалпы қоғамның сізді сыйлауына, дәреженіздің жоғарылауына әкеледі.
Дәрігер мен ассистент арасындағы қарым-қатынас
VIII. Жаңадан келген жас дәрігер маман мен көп жыл бойы жұмыс атқарған дәрігер маман арасында біршама айырмашылықтар байқалады. Себебі: Жас дәрігер маман – өз білімін жаңадан шыққан ақпараттармен қамтамасыз етіп және жетілдіріп, толықтырып, әртүрлі әдіс-тәсілдерді үйреніп келген маман иесі болып саналады. Ал, көп жыл бойы жұмыс істеп жүрген дәрігер маман – өзінің бұрыннан білетін тәжірибесімен емдеуді қолданады.
Әріптестер
Қорытынды Қорыта айтқанда, коллектив еңбегінің жемісі тек коллектив басшысына ғана емес, ондағы әрбір қызмет етуші медицина қызметкерлерінің қосар үлесіне байланысты. Атақты хирург Н. Н. Бурденко былай деген екен: “Жас маманның мінезі сан қилы болсын, бірақ келген атмосферасына қарай бас иуі аса маңызды. Себебі: біздің мінезіміз, біздің біліміміз қоғам ортасында өз сатысына ие!”
Қолданылған әдебиеттер 1. П. И. Сидиров, М. Е. Путин, И. А. Коноплева “Деловое общение” 2. Матвеев В. Ф. “Основы медицинской психологий, этики и диентологий” 3. www. google. kz
Мусин А.К..ppt