Карабаева Ж 4015.pptx
- Количество слайдов: 17
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Балалар хирургиясы кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: “Кіші жастағы балалардағы жедел аппендициттің ағымының ерекшеліктері” Орындаған: Қарабаева Ж. Қ 4 -015 ЖМФ Тексерген: Бакеева М. О.
ЖОСПАР КІРІСПЕ НЕГІЗГІ БӨЛІМ v. Жедел аппендициттің патогенезі v. Балалардағы ерекшелігі v. Жедел аппендициттің формалары v. Катаральды аппендицит v. Флегмонозды аппендицит v. Гангренозды аппендицит v. Перфоративті аппендицит v. Диагностикасы v. Симптомдар v. Емі ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ Жедел аппендицит (ЖА) – құрт тәрізді өсіндінің бейспецификалық қабынуы, балалар арасында өте кең тараған ауру. ЖА балаларда кездесетін аурулардың ішінен ең жиі кездесетін және құрсақ қуысының жедел хирургиялық ауруларының ішінен 1 -орын алады. Ресейде 1894 жылы П. И. Дьяконов балада ең алғаш болып құрт тәрізді өсіндісін алып тастаған. Балалардағы жедел аппендицитті оқуды дамытуға зор үлесін қосқан балалар хирургиясының негізін қалаған Т. П. Краснобаев айта кету керек.
Жедел аппендициттің патогенезі Жедел аппендицит өсінді саңылауының обструкциясы жүретін энтерогенді аутоинфекциялы бейспецификалық қабыну үрдісі. Бұл кезде шырышты қабаттың секреті өсіндіден шыға алмай, оның саңылауында жиналып, оны созады. Нәтижесінде саңылауішілік қысым көтеріледі, ол артериялық обструкция мен ишемияға әкеледі. Шырышты қабат ошақты, кейде толық деструкцияға ұшырайды, соңынан фиброзды-іріңді экссудат сірлі қабатта да пайда болады. Ішек бактериялары өзгерген шырышты қабатқа еніп, қабырғасының диффузды интрамуральды зақымдалуына әкеледі. Бактериальды инфекция мен артериальды инфаркт құрт тәрізді өсіндінің гангренасы мен перфорациясына әкеледі.
Балалардағы ерекшелігі Бала кезінде жедел аппендициттің біраз айырмашылықтары болады, ол өсуші организмнің анатомофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Емізулі балаларда ЖА сирек байқалу себебі, олардың тамақтануына, яғни көбіне сұйық сүтті тағамдармен және өсіндінің шырышты қабатында инфекцияның дамуына жағдай жасайтын лимфоидты фолликулалардың аз болуы. Өскен сайын фолликулалар саны өседі, соған сәйкес аппендицитпен ауыру да жиілей түседі.
Жедел аппендициттің формалары Аппендициттің классификациясының негізіне оның дамуының клинико-морфологиялық кезеңдері жатты. Патологоанатомиялық бейнесінің негізінде жедел аппендициттің 4 формасын ажыратады: Ø катаральды; Ø флегмонозды; Ø гангренозды: Ø перфоративті.
Катаральды аппендицит кезінде өсіндінің сірлі қабаты гиперемирленген, өсінді қатайған, оның саңылауында нәжістік тастар болуы мүмкін.
Флегмонозды аппендицитке құрт тәрізді өсіндінің барлық қабаттарының қабынуы тән. Оның қабырғасы гиперемирленген, жиі фиброзды-іріңді қабыршақпен жабылған. Саңылауында ірің жиналғандықтан өсінді қалыңдайды. Бұл құрт тәрізді өсіндінің эмпиемасы. Флегмонозды аппендицит кезінде оның шажырқайы қалыңдап, ісінеді. Жартысынан көбінде құрсақ қуысында сірлі-іріңді экссудат табылады.
Гангренозды аппендицит кезінде өсіндінің барлық қабырғасы бойына деструктивті өзгерістер болады. Ол қалыңдап, жер түстес болып, іріңді жабынмен жабылады. Өсінді қабырғасы енжар тартып, оңай жыртылады. Қабыну үрдісі париетальды ішастарға, соқыр және мықын ішектерге өтеді. Құрсақ қуысында сірлі-іріңді немесе іріңді экссудат жиналады. Құрт тәрізді өсінді шарбымен қоршалады, бұл аппендикулярлық инфильтрат түзілуінің бастамасы болып табылады.
Перфоративті аппендицит өсіндінің қабырғасы іріңнің әсерінен еріп, оның құрамының құрсақ қуысына шығуы болған кезде дамиды. Аппендициттің бұл түрі үлкен жастағы балаларда медициналық көмекке дер кезінде жүгінбегендіктен немесе ауруды уақытылы диагностикаламағанда дамиды. Үлкен жастағы балаларда перфоративті аппендицит кезінде аппендикулярлық инфильтрат, ал кіші жастағы балаларда (3 жасқа дейінгі балалар) – генерализацияланған перитонит дамиды.
Диагностикасы Аппендицитті емдеуде ең бастысы – ерте диагностикалау, яғни уақытылы хирургиялық араласу. Көп жағдайда диагнозды анамнез бен ішті қарау негізінде қояды. Кіші жастағы балаларда (3 жасқа дейінгі) Айқын жалпы симптомдар: Ø жоғары температура (38 -40◦С); Ø енжарланып, көп қимылдай бермейді; Ø құсу: Ø сусыздану; Ø интоксикация; Ø сұйық үлкен дәрет; Ø қан анализінде айқын өзгерістер (гиперлейкоцитоз). Минимум жергілікті симптомдар: Ø іштің оң жағында ауырсыну; Ø іштің оң жағында бұлшықеттердің пассивті керілуі; Ø ішастарлық симптомдар (жанама).
Кішкентай балаларды қарау өте қиын. Сондықтан бала ұйықтап жатқанында қараған дұрыс (физиологиялық немесе медикаментозды ұйқы). Медикаментозды ұйқы препараты ретінде 3% хлоралгидраттың ерітіндісі пайдаланылады, 1 жыл өміріне 10 мл-ден. Алдынала тазалау клизмасыжүргізілгеннен кейін тік ішекке енгізіледі. Бала ұйықтаған соң құрсақ қабырғасын пальпациялағанда жергілікті ауырсынуды, іштің алдыңғы қабырғасы бұлшықеттерінің қатайғандығын, “қолды итеру” симптомын, Щеткин-Блюмберг симптомын анықтауға болады.
Симптомдар • “Ситковский” симптомы – бала сол жақ қырына жатқан кезде оң жақ мықын аймағында ауырсынудың күшеюі; • “Ровзинг” симптомы – науқастың ішінің сол жағында сигма тәрізді ішектің саңылауын оң қолмен басып, осы жерден сәл жоғары сол қолмен соққы тәрізді қимыл жасайды, осы қимылдың әсерінен тоқ ішектегі газ ретроградты жылжиды. Құрт тәрізді өсінді қабынған болса, осы аймақта ауырсыну байқалады; • “Воскресенский” симптомы – науқастың алдыңғы құрсақ қабырғасында тартылған көйлегінің үстімен дәрігер оң қолының 2 -4 саусақтарымен эпигастриядан оң және сол шап қатпарларына қарай жылжиды. Егер оң жақ мықын аймағында ауырсыну байқалса, симптом оң болып есептеледі; • “Филатов” симптомы – терең пальпация кезінде оң жақ мықын аймағындағы ауырсынудың күшеюі; • “Щеткин-Блюмберг” симптомы - құрсақ қабырғасына оң қолдың 2 -3 сайсағымен ақырын терең басып, тез тартып алу кезінде ауырсуну күшейсе симптом оң.
Емі Аппендициттің емі 3 этаптан тұрады: 1. Отаалды дайындық – интоксикацияны төмендету, гемодинамика бұзылыстарын болдырмау, гипертермияның алдын-алу жатады; 2. Оталық араласу – дәстүрлі түрі – аппендэктомия, ол Волкович. Дьяконов-Мак-Берней бойынша тілік жүргізу арқылы жүргізіледі, немесе қазіргі кезде жасалып жүрген лапароскопиялық аппендэктомия, ол балаларда аппендициттің кез келген кезеңінде жасала береді; 3. Отадан кейінгі кезең – науқасқа лайықты күтім жасалуы тиіс.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ü “Балалар хирургиясы” А. А. Дюсембаев ü www. kazmedic. kz ü www. medportal. kz ü www. med-edu. ru
Карабаева Ж 4015.pptx