Даулбаева С.О. 4045 ЖМФ.pptx
- Количество слайдов: 18
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ БАЛАЛАР ХИРУРГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ Орындаған: Даулбаева С. О. 4045 топ ЖМФ Қабылдаған: Елубаев Ж. К. Қарағанды 2014
ЖОСПАР: Кіріспе § Негізгі бөлім 1. Ішек инвагинациясына түсінік 2. Этиологиясы 3. Клиникалық көрінісі 4. Диагностикасы 5. Емі § Қорытынды § Пайдаланған әдебиеттер §
Ішек инвагинациясы – ішектің бір бөлігінің екінші бөлігіне кіріп кетуін айтады. Бұл кезде ішектің ену аймағында үш цилиндр пайда болады: сыртқы (қынабы) және екі ішкі (инвагинаты). Инвагинаттың жоғарғы жағын басы деп атайды (ішкі цилиндрдің ортаңғы цилиндрге енген жері). Инвагинация дерті барлық ішек өтімсіздіктерінің бұзылу түрлерінің ішінде 50% жиілікте кездеседі. Жас сәбилерде, 3 -9 ай аралығында инвагинация жиі (80%) кездеседі. Үш айға дейінгі балаларда инвагинация дерті өте сирек кездеседі.
Инвагинацияның пайда болуына әкелетін себептерге нәрестелерге «қосымша» немесе «жаңа» тамақтану салдарынан ішектің қозғалысы бұзылады. Сонымен қатар – ішектің қабыну инфекциялары (колит, диспепсия т. б. ). Бір жастан асқан балалардың көбінде механикалық себептерден туындаған инвагинация байқалады (полип, дивертикул, ішек ісіктері, мезаденит, ішек қуысының тарылуы т. б. ). ЭТИОЛОГИЯСЫ.
Инвагинация түрлері: (Фельдман жіктемесі) § Соқыр ішек-тоқ ішек инвагинациясы § Ащы ішек-ащы ішек инвагинациясы § Тоқ ішек-тоқ ішек инвагинациясы § Аппендикстің инвагинациясы
Соқыр ішек-тоқ ішек инвагинациясы
Ащы ішек-тоқ ішек инвагинациясы
Ащы ішек-ащы ішек инвагинацясы
Тоқ ішек-тоқ ішек инвагинациясы
Клиникалық белгілері инвагинацияның түрлеріне байланысты ерекшеленеді. Ащы ішек және тоқ ішек инвагинацияларында ішті сипалап қараған кезде оң жақ мықын аймағы бос болады, бұл белгіні «ДЭНС» белгісі деп атайды. Мықын инвагинациясының негізігі белгілері болып: Іштің ауырсынуы немесе жас сәбидің мазасыздануы Тік ішектен қан кетуі Ішті пальпациялаған кезде инвагинанттың анықталуы Бұл үш белгіні «МОНДОР» синдромы деп атайды
Диагностикасы Анемнездік мәліметтер Клиникалық белгілері Тік ішекті саусақпен қарау Рентгенография
Емі Инвагинацияны емдеудің негізгі мақсаты – ертерек дезинвагинация жасау. Дезинвагинацияның екі тәсілі бар: консервативті және операциялық. Консервативті ем өте қарапайым және жарақатсыз. Бұл емнің негізі тоқ ішекке ауа жіберу арқылы инвагинантқа механикалық әрекет жасау. Оперативті ем ерте жасалған уақытта, оның асқынуы да аз болады. Іш қуысын трансректальдық, параректальдық әдіспен ашады, Инвагинанттың басын анықтағаннан кейін, біртіндеп саусақпен дезинвагинация жасалынады. Ішекті толық жазғаннан кейін, оның толық жұмыс істеу қабілетін анықтайды. Егер ішете тіршілік қабілеті жоқ болса, немесе ішек қабырғасы қарайып шірісе, ішектің шіріген бөлігін кесіп алып (резекция) тастайды да, ішек арасына анастомоз салады
Пайдаланған әдебиеттер: А. А. Дюсембаев, К. С. Ормантаев «Балалар хирургиясы» Алматы 2008 ж Ю. Ф. Исаков «Детская хирургия» 2005 ж К. У. Ашкрафт, Т. М. Холдер «Детская хирургия» 1996 -1997 жж www. google. ru www. yandex. ru
Назарларыңызға РАХМЕТ!!!
Даулбаева С.О. 4045 ЖМФ.pptx