срс анатомия.ppt
- Количество слайдов: 15
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Анатомия кафедрасы Тақырыбы: "Халықаралық анатомиялық номенклатура. Латынша анатомиялық сөздіктер" Орындаған: Әбен Н 127 ЖМФ Тексерген: Шапатова Г. Б Қарағанды, 2011 ж
Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім 1. Алғашқы халықаралық анатомиялық номенклатураны құрушылар 2. Анатомиялық терминдерді жетілдіру мәселелері 3. Қазақ анатомиялық номенклатурасын жасаудың негізгі қағидалары 4. Латынша - орысша - қазақша жалпы терминдер Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Бір кездегі еліміздегі ұлттық саясаттың саяз, қиын жылдарында алғашқы анатомия терминдерді қазақшаорысша-латынша сөздіктерді жарыққа шығарған (1963, 1966) қазақ халқының көрнекті азаматтары — Қарынбаев Сибағадолла Рысқалиұлы мен Сүбханбердин Сәлкен Хасенұлы еді. Олар өздерінің мемлекеттік деңгейде үлкен қызмет атқаруларына қарамастан (Қазақстанның денсаулық сақтау министрі, республикалық дәрі-дәрмек басқармасының төрағасы), "ұлтшыл" деген жала жабылудан қорықпай көмектесіп, кейіннен білім, ғылым салаларында және әкімшілік қызметтерінде жетіліп қалыптасуына әсерін тигізген.
Медицина ғылымының негізгі бір саласы - адам анатомиясы медицинаның іргесін қалайтыны белгілі. Болашақ дәрігеpлердің адам денесінің құрылымы туралы білім алуы «медицина әліп песін» анатомиялық терминдерді игеруден басталады. Жоғарғы оқу орындарына түскен студенттерге ең алғашқы күндерден бастап-ақ анатомиялық латын терминологиясының сөздігі қажет болады. Мұндай сөздіктің, орта мектепті бітірген жастар үшін латын терминдерін орыс және қазақ тілдерінде оқып түсінуінде маңызы өте зор. Тілді, әсіресе латын және орыс тілдерін игеру қиындыққа түскен студент кездердің өзінде-ақ анатомиялық терминдердің үш тілдегі сөздігін қүрастыра жүргенді. Осы көп жылдық жұмыстың нәтижесі ретінде «Анатомия терминдерінің қазақша-орысша-латынша сөздігі» деп аталатын екі бөлімдік кітап (I бөлім, Алматы, 1963, II бөлім, Алматы, 1966) оқу құралы ретінде жарық көргенді. Кейіннен бұл сөздіктер белгілі толық тырудан кейін, 1994 жылы (Алматы, "Демеу") бір кітап болып баспадан шықты.
«Гребень» (латынша — сristа) деген термиңді қазақ тіліне бірнеше сөздермен аударуға болады: қыр, арқа, жота, жал; «Вырезка» (incisura) — тілік, кетік, ойынды, ойық; «Край» (limbus) - жиек, шет, ернеу; «Канатик» (funiculus) - арқан, жіп, шылбыр; «Связка» (ligamentum) жалғама, байлам; «Губчатый» (spongiosus) - кеуекті, кемікті деп аударылады. Сүйек жүйесіне байланысты терминдерді қарастырғанда, бір сүйек ті қазақ тілінде белгілеу үшін бірнеше термин синонимдерді табуға болады: «Плечевая кость» (humerus) — тоқпан жілік, тоқпақ жілік, иық сүйек; «Решетчатая кость» (os ethmoidale) — кеңсірік, торлы сүйек; «Большеберцовая кость» (tibia) — асықты жілік, үлкен жілік; «Крестец» (os sacrum) — сегізкөз, жая; «Бедренная кость» (femor) — ортан жілік, сан сүйек; «Затылочная кость» (оs occipitale) — қарақұс, шүйде сүйек. Іш қуысындағы мүшелерді қарастырғанда «Слепая кишка» (caecum) деген терминді қазақша соқыр ішек, тұйық ішек, бүйен деп аударуға болады; «Тонкая кишка» (intestinum) — аш ішек, ащы ішек, жіңішке ішек деп аталады.
Г. Себепов (Известия ФАН, 1944) түйе шаруашылығына байланысты қазақ тіліндегі 112 терминді есепке алғанда, оның 40 -ы тек қана түйе және оның төлдері атауларына арналғанын айтады. С. Толыбеков "Қазақтың көшпелі қоғамы" (1971) атты кітабында жылқы малының 38 -ден астам түрлерін атап көрсетеді. Терминдердің байлығын академик В. В. Радлов қазақтардың өмір сүру салт-тұрмысымен байланыстырады. Алайда нерв, қан тамыр лары жүйелері мен сезім мүшелері құрылымдарына қатысты кейбір баламаларда орыс анатомиялық терминологиясын құру кезінде қолданғанындай, терминдерді латыншадан транскрипциялауды және транслитерациялауды пайдаланған. Мәселен: орыс анатомиялық термині «Гипофиз» (латынша hypophysis) — қазақ терминологиясы бойынша — гипофиз; «Лимфа» (lympha) — лимфа; «Миокард» (myocardium) — миокард; «Паренхима» (parenchyma) — паренхима; «Нефрон» (nephron) — нефрон; «Строма» (stroma) — строма; «Эпифиз» (epiphysis) — эпифиз; «Конус» (conus) — конус; «Пронатор» (рronator) — пронатор; «Нейрон» (neuron) — нейрон; «Полюс» (polus) — полюс және т. б.
Халықаралық анатомиялық номенклатураны құрудың жауапты редакторы, белгілі кеңес анатомы С. С. Михайлов (1987): "қазір орыс анатомия номенклатурасын жасау кезеңінде транскрипция және транслитерация әдісін пайдаланбау мүмкін емес. Тіл дамытудағы мүмкін жолдарының бірі осы тәсілдер" — деп жазды. Ал В. Даль өзінің атақты сөздігін «Тірі ұлы орыс тілінің түсіндірме сөздігі» деп кездейсоқ атамағанын ескертеді де: "Тіл әрқашан да дами береді, ол шындығында да тірі" — деп есептейді. Орыс анатомиялық номенклатурасында латын терминдерінің орысша баламалары бола тұра, латыңданған түрін жиі беру кездеседі: Diafragma — грудобрюшная переграда — диафрагма; Тгасһеа — дыхательное горло — кеңірдек; Аcinus — пузырек — ацинус; Pericardium — околосердечная сумка — перикард. Осыған сәйкес қазақ терминдері келеді, мысалы: Аonevrosis — жалпақ сіңір, апоневроз. Diafragma — көкет, диафрагма. Sphincter — қысқыш, сфинктер.
Көптеген ғылым салаларында және оның ішіндегі анатомия пәніндегі ғылыми ойдың біртіндеп дамуына орай, анатомиялық терминология да біртіндеп, баяу және кейде ретсіз түрде дамып, құрастырылды, сол себепті де ол жан-жақты бола алмады. Біз жамбас астауы қуысындағы вегетативті нерв жүйесін (симпатикалық, парасимпатикалық бөлім өрімдерін) арнаулы мақсатпен тексергенде(А. Рақышев, кандидаттық диссертация, Қарағанды, 1960), ондағы атау-терминдердің әртүрлі аталып бір жүйеге келмегендігін көрсеткен едік. Мәселен, латын тіліндегі "п. epigens: п. pelvicis. n. splanchnicus saralis "деген терминдер бір ғана мәні бар нерв талшықтарын әр түрлі атайды. Біз ең алғаш оларды "n. n. splanchnici pelvini" деп атауды ұсынған еді. Бұл ұсыныс тек 1980 жылы ғана іске асты. Оны С. С. Михайловтың "Международная анатомическая номенклатура" кітабынан көруге болады. Анатомиялық терминдерді жасауда әр елдің өз дәстүрлері пайдаланылды, сондықтан да, кейбір мүшелер әр жерде әр түрлі аталып жүрді. Көптеген анатомиялық құрылымдар, соларды алғаш рет зерттеген ғалымдардың есімдерімен аталды.
Анатомия терминдерінің ең алғашқы латын тіліндегі тізімі 1887 жылы Германияда шетелдің көрнекті ғалымдарының қатысуымен қүрастырылды. Бұл тізім Германия анатомиялық қоғамының 1895 жылы Базельде өткен конгресінде бекітілді. Тізім Базель анатомия лық номенклатурасы (В. N. А. — Basler Nomina Anatomica) деген атпен жарияланды. Алайда, бұл номенклатура анатомдар арасында баяу таралды, ал Англия мен Францияда тіптен қолданылмады десе де болады. Көптеген анатомдарға, В. М. А. -ны түзетіп, толықтыру қажет екені аян болды. Сондықтан, Германия анатомиялық қоғамының 1935 жылы Иенде өткен съезі, анатомиялық терминдер дің жаңа тізімін қабылдады. Бүл тізім, ғылыми әдебиетке — Иен анатомиялық номенклатурасы (І. N. А. — Ienar Nomina Anatomica) деген атпен енді. 1955 жылғы Париждегі конгресте халықаралық анатомия номенклатурасы комитетінің (І. А. К. С. ) үсынуымен, Париж анатомия лық номенклатурасы (Р. Ы. А) деп аталған анатомия терминдерінің жаңа тізімі бекітілді. Егер бұрынғы ІШ. А. тізімінде 5600 анатомия лық терминдер болса, Париж номенклатурасы 200 -ден аса жаңа терминдер енгізді де, Базель номенклатурасына кірген 4286 термин дерді қалдырды.
Голландиялық хирург және анатом Г. Бидлооның 1685 жылы латын ті ліңде шыққан «Адам денесінің анатомиясы» атты кітабын белгісіз бір оқы мысты орыс тіліне аударған. Бұл еңбекті «Белгісіз ғылыми ерлік» деген ма қалада Н. А. Оборин мен А. Н. Оборин, орыс анатомиялық терминологиясы ның негізін салды деп атап көрсетті. Көптеген авторлар, әсіресе клиницистер орынсыз, жүйесіз жаңа сөздер жасауға жол берді. Сондықтан, КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық Ғылыми Кеңесі 31/1, 1959 жылғы қаулысында Р. Ы. А. терминдеріне сәйкес тек орыс анатомиялық номенклатурасы қолданылсын деп тапты. Алғаш рет Р. ИА. терминдеріне сәйкес келетін орыс анатомиялық терминдерінің ресми тізімін ДЛ. Жданов пен профессор Ю. Н. Копаев жасады (Халықаралық анатомиялық номенклатура, М. , «Медицина» , 1970). Д. А. Жданов: «Бұл ғылым тарихында бірінші рет халықаралық дәрежеде ресми түрде мойындалған латын анатомиялық терминдерінің тізімі. Өйткені ғылымның әр түрлі салаларында латын тілі бұрынғыдай халықаралық тіл болып қала береді. Сөз жоқ, кеңес анатомдарының жақын арадағы міндеті ұлттық анатомиялық терминологияны құрастыру болып табылады. Бүл салада Н. А. Шейн, Н. М. Максимович-Амбодик, Е. О. Мухин, Г. А. Загорский, Н. И. Дьяконов, Н. А. Карузин және басқа орыс ғалымдары көп еңбек еткен» — деп жазды.
Орыс анатомиялық номенклатурасын жасаудың негізгі қағидалары «Халықаралық анатомиялық номенклатура» деген кітаптардың (1980, 1986) алғы сөздерінде баяндалған. Бұл қағидалар қазақ анатомиялық терминдерін кұру кезінде негізге алынған. Бұлар : 1. Орыс анатомиялық терминдері мағынасы бойынша мүмкіндігінше ресми латын терминдеріне жақын болуы керек. Алайда сөздің шығу тегін (этимологиясын) сақтау әрекеті үстем болмауы керек. Сондықтан терминдерді сөзбе-сөз аударып, анатомия лық құрылымдардың мәнін бұрмалауға жол беруге болмайды. 2. Эпонимикалық терминдер, яғни ғалымдардың есімдерімен аталған анатомиялық құрылымдар аттары, клиникалық терминдердің негізі ретінде қалыптасып кеткен жағдайда ғана орыс анатомиялық номенклатурасында синонимдер ретінде сақталады (мысалы, «Гаймор қуысы» - «Гайморит» , «Евстахий түтігі» — «евстахит» және т. б. ). 3. Шет тілден алынған, халықаралық ресми терминдерге сәйкес келетін және медицинада кеңінен пайдаланатын кірме сөздердің де (медиалді, латералді, миокард, ганглии және т. б. ) қолданылуына жол берілуі керек. 4. Шет тілдік терминдердің орыс тілінде қолданылатын қанағаттанарлық және қолайлы эквиваленттері жоқ болса, олардың орысша транскрипциясы пайдала нылуы керек (мысалы, гипокамп, таламус, гипоталамус т. б. ). Сонымен қатар, егер шет тіл терминдері медицинада кеңінен таралған болса, олардың орыс тіліндегі транскрипциясын қолданған дұрыс. 5. Мүмкіндігінше белгілі бір латын сөзін аударғанда, оның орысша бірнеше эквиваленттері болмауына тырысу керек.
И. Р. Лазовскис (1989): "Медициналық терминдердің құрамы мен саны ғылым мен техниканың дамуына тікелей бағынышты. Әрбір жаңалық жаңа терминдерді қажет етеді. Медициналық терминдер саны бес жүз жыл ішіңде (1380 -1880) екі есе өссе, ал соңғы жүз жылдықта (1980 жылға дейін) оның саны тағы да екі есе өсті және үстіміздегі жүз жылдықтың соңына дейін термиңдер әлі де екі есе өсе түсетінін мөлшерлеп айтуға болады", — деп жазды. Француз ғалымы Пуанкаренің де сөзін еске түсіру орынды: "Жақсы табылған бір сөз арқылы қандай үлкен ой үнемін іске асыруға болады. Кейде жаңа бір сөз жасаудың өзі жаңалықтың басы болып табылады".
Қорытынды Медицина саласында терминдер өте үлкен, зор орынды алады. Әр болашақ медицина қызметкері алға басуын осы медициналық терминдерден бастайды. Терминдерді білу медицина қызметке рін науқаспен қарым – қатынас жасауда біліктігін көрсетеді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: • М. Исамбаев. Орысша-латынша-қазақша терминология сөздігі. Қазақ ССР Ғылым Академиясының баспасы. Алматы, 1960. • Рақышев А. Р. Казахско-русско-латинский словарь анатомических терминов, 1 -бөлім. Каз. мем. оқу-пед. басылым, Алматы, 1963. • Тибор Донат. Толковый анатомический словарь. Будапешт, 1964. • Рақышев А. Р. Казахско-русско-латинский словарь анатомических терминов, 2 -бөлім. "Мектеп" басылымы, Алматы, 1966. • С. Толыбеков. Кочевое общество казахов в XVII - начале XX века. "Наука" басылымы. Алматы 1971. • Михайлов С. С. Международная анатомическая номенклатура. Москва, Медицина, 1980. • Куприянов В. В. Отечественная анатомия на этапах истории. Москва, 1981. • Kaplan Arinci. Anatomi terimleri. Анкара, 1983.
Назар аударғандарыңыз үшін рахмет !!!
срс анатомия.ppt