1 pat anatom.ppt
- Количество слайдов: 28
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Анатомия кафедрасы Тақырыбы: Клиникалық анатомияның мақсаты мен мәселелері, оның стоматологиядағы орны. Бас сүйек күмбезінің клиникалық анатомиясы.
• Мақсаты: студенттерге клиникалық анатомияның мақсаты мен мәселелерін, оның стоматологиядағы орнымен және бас сүйек күмбезінің клиникалық анатомиясымен таныстыру. • Дәріс жоспары: • КА мақсаты мен міндеттері. • Бас сүйек күмбезінің клиникалық анатомиясы.
В хирургическое отделение поступил больной с резанной раной (5 -6 см. ) мягких тканей височно-теменной области. Повязка на голове и одежда были обильно пропитаны кровью. Укажите источники кровотечения. Какими особенностями топографии мягких тканей свода черепа можно объяснить столь сильное кровотечение?
Әр бір дәрігер-клиницист немесе экспериментатор науқасты емдеу кезінде, диагноз қою зерттеулерін клиникалық анатомия негізін білмей жүргізбейді. Бас пен мойынның клиникалық анатомиясы пәнін жүргізудің мақсаты студенттерді бас пен мойынның анатомиялық ерекшеліктерін оқыту, одан әрі студенттер алған білімдерін клиникада қолдана білу. Осы мақсатқа жету үшін, осы пәнді меңгеру процесінде мынадай міндеттерді шешу керек: 1. Адам денесі мүшелерінің және аймақтарының топографиялық анатомиясын оқу, оларды анатомиялық-физиологиялық түрде негіздеу. 2. Науқастың төсегінде патологиялық процестің ерекшеліктерін талдау және ситуациялық есептерді шешу үшін алған білімдерін қолдана білу. 3. Әр бір адамға тән анатомиялық өзгешелік туралы ілімді, шандырларды, шеткі жүйке нервтерін және лимфа жүйелері туралы мағұлматтарды оқу.
• Топографиялық анатомия пәні мүшелердің және басқа анатомиялық құрылымдардың бір-бірімен байланыста орналасуын және белгілі бір адам организмі аймақтарының қабатарын оқытатын ілім. • Топографиялық анатомия екі грек сөзінен «topos» - орны, «grafpho» - жазу, яғни орналасқан орнын сипаттау. Топографиялық анатомия аймақтағы мүшелер мен ұлпалардың орналасуы және олардың басқа мүшелермен, ұлпалармен, көрші және шеткері жатқан анатомиялық құрылымдармен байланысын көрсетеді. • Топографиялық анатомияның практикадағы міндеттері, ең бірінші аймақты қабат-қабатымен оқу болып табылады. Топографиялық анатомияда аймақтар бір-бірінен табиғи немесе шартты түрде жүргізілген сызықтармен ажыратылатын дененің бөлігі болып табылады (мысалы: беттің бүйір аймағы, мойынның алдыңғы аймағы).
Табиғи шекаралары тері қатпарлары мен сүйектің шығыңқы жерлері болып табылады. Топографиялық анатомия қалыпты анатомия сияқты адам денесінің құрылысын қалыпты сау жағдайда оқиды. Бұл пәндер бірбірінен әдістері арқылы ажыратылады. Қалыпты анатомия адам денесін жүйе бойынша (тыныс алу, асқорыту, жүректамыр т. б. ) оқытады. Топографиялық анатомия мүшелердің орналасуы мен аймақтағы жүйелерді, әр бір жүйеге жататын мүшелерді оқытады Топографиялық анатомия барлық клиникалық пәндерге және барлық дәрігерлерге қосымша ғылым ретінде өте қажет пән. Қандайда аймақты және мүшелерді оқығанда қолданатын кесте: Аймақты оқыған кезде қолданатын кесте: 1. Аймақтардың шекараларын анықтау. 2. Сыртқы нысаналарын,
3. Беткі қабаттан тереңге қарай қабаттардың орналасу ретін, әр бір қабаттар құрылысының ерекшеліктерін: а. Тері; б. тері асты клетчатка; в. шандырлар /беткі, меншікті/, олардың өсінділері, шандырлы, сүйекті-шандырлы қабықтары /футлярлар/. г. бұлшық еттер /олардың топқа бөлінуі, қабаттары, жүлгелері, өзектері/, д. сүйектер, буындар, олардың топографиясы мен құрылысы, е. әр бір қабаттардың тамырлары мен нервтері, ж. негізгі тамыр-нерв шоғырларының топографиясы, құрамы, орналасуы және олардың тері бетіндегі кескіні. з. лимфа ағысы, лимфа түйіндері, и. өзіндік, жыныстық, жастық, анатомиялық айырмашылықтары.
Мүшелердің топографиялық анатомиясын оқу кезінде қолданатын кесте: 1. Мүшенің орналасуы, жүйесі, қызметі, 2. Анатомиялық құрылысы: пішіні, көлемі, бөліктері, ішкі құрылысы, 3. Топографиясы: а. скелетопия-мүшенің қаңқаға қатынасы, б. синтопия -мүшелердің бір-біріне, көрші мүшеге, тамырға, жүйкеге және басқа анатомиялық құрылымдарға қатынасы, в. голотопия-мүшенің денеге қатынасы, г. мүшенің терідегі кескіні, мүшенің көлемі, 4. Қанмен қамтамасыз етілуі және веналық қан ағысы. 5. Лимфаның ағатын жолы. 6. Иннервацияның көзі. 7. Ақаулар. 8. Өзіне тән жастық, анатомиялық айырмашылықтары.
• Оперативтік хирургия мен топографиялық анатомияның даму тарихы: • 1706 жылы император Петр І бұйрығы бойынша Москвада әскери госпиталь салынды. Оны Николай Бидло салды. Госпиталь ұлттық мамандарды даярлайтын орыстың медициналық бесігі болып табылды. 1735 жылы Петербургте үш госпитальді мектеп салынды. XVІІІ ғ. басында белгілі еліміздің хирургтары анатомиялық профессорлары болған. • "Қалыпты анатомиядан" кейін топографиялық анатомия жеке пән болып дами бастады. • Алғашқы топографиялық анатомия хирургиялық анатомия деп аталды. Хирургиялық анатомияның шығармашылық пайда болуы практикалық дәрігерлердің, оның ішінде хирургтердің практикалық қызметіне анатомиялық мәліметтерге қажеттілігіне жауап ретінде қолданды. • Шейн М. И. бірінші Россияда анатомия атласын және орысша анатомиялық және медициналық терминдерді шығарды.
• Соңынан анатомия кафедрасында оперативтік хирургия мен топографиялық анатомия мұғалімдерін жекелеп бөле бастады. • 1825 жылы Петербургте профессор Буш И. Ф. өзінің әскери медициналық академиясының хирургия кафедрасында жекеленген топографиялық анатомия курсын ұйымдастырды, онда әйгілі Соломон Х. Х. оқыды. • Буяльский – көрнекті анатом және хирург, 1828 ж. "Күре тамырларды байлаудағы операцияларды түсіндіретін анатомофизиологиялық кестелері" шықты, ол 2000 -нан астам операцияларды жасаған. • Оперативтік хирургия мен топографиялық анатомияның негізін қалаушы Н. И. Пирогов болып табылады. /1810 -1881 жж/. • Шевкуненко В. Н. - советтік кезеңде ірі топографоанатомиялық мектебінің негізін қалады.
• Қазақстанда хирургияның дамуында Н. А. Сызғановтың, М. И. Брякиннің, А. Б. Дайровтың, А. С. Идирисовтың, А. Б. Райстың, Г. К. Ткаченконың, К. Ч. Чуваковтың, А. А. Идирисовтың Н. А. Хлоповтың сіңірген еңбектері зор. • Қазақстан Республикасының барлық медициналық жоғарғы оқу орында топографиялық анатомия кафедрасы бар. Қаз. ХМУ ҚР ҰАҒ, профессор А. А. Идрисов басқарады, ол топграфиялық анатомия мектебін құрды. • Қарғанды мемлекеттік медицина академиясын профессор Лаббок А. И. басқарды, сосын ҚР еңбегі сіңген қайраткер профессор Н. А. Хлопов, профессор Т. Г. Чернова, доцент Базарбеков Ш. К. , доцент К. К. Капенова. Профессор Лаббок А. И. айналмалы қан айналым жақтан белгілі қайраткер. Профессор А. Н. Хлопов эксперименталді хирургия дамуында, рельефтік анатомия негізін салушы болып табылады.
• Бас пен мойын арасындағы шекара: иектің төменгі жиегімен, төменгі жақтың төменгі жиегімен, оның бұрышымен, сыртқы есту жолының төменгі жиегімен, еміздікше тәрізді өсіндінің ұшымен, шүйде сүйектің жоғарғы сызығымен және шүйденің сыртқы төмпешігімен шектеледі. • Бастың ми және бет бөліктерін ажыратады. Олардың арасындағы шекара көз шарасының жоғарғы жиегімен, бет сүйекпен, оның доғасымен сыртқы есту жолымен және еміздікше өсіндінің ұшына дейін келеді. Милық бөлік күмбезге және негізге бөлінеді, олардың ішкі және сыртқы беттері бар.
• Бас сүйек күмбезінде сырттан тексеруге ыңғайлы аймақтарды оқимыз: • 1. Маңдай-төбе-шүйде, • 2. Самай, 3. Еміздікше; бастың басқа аймақтары сырттан пальпация арқылы тексеруге ыңғайсыз болып келеді. Бет бөлікте: көз шарасы, мұрын, ауыз, иек, беткің бүйір аймағы (ұрт, шықшыт без шайнау) және беттің терең аймағы болып бөлінеді.
• Маңдай-төбе-шүйде - аймақтың шекарасы: алдынан – көз шарасының жоғарғы жиегі, бүйірінен – төбе сүйектің жоғарғы самайлық сызығы, артынан – жоғарғы шүйде сызығымен және сыртқы шүйде төмпешігімен. • Қабаттары: тері: маңдай аймақтан басқа жағы шашпен жабылған, май, тер бездері бар, тері асты клетчаткада - дәнекер ұлпалы бөлгіштер, тамырлар орналасқан, тамыр-жүйке бағанасы анастомоз жасайды және тармақталады да сіңірлі шлемнің үстінде орналасады және радиальды бағытта ортаға төбеге қарай бағытталады.
- апоневрозды шлем екі бұлшық еттің(маңдай және шүйде бұлшық еттері) бірігуінен түзілген. Апонврозды шлем астында жұқа клетчатка орналасқан. Апоневроз терімен тығыз байланысқан, ал сүйек қабығымен борпылдақ. Сүйек қабығы тігістерімен тығыз байланыста болады, ал сүйектің сыртқы жапырақшасымен борпылдақ байланысады, өйткені сүйек астындағы клетчатка бар. Бас сүйек күмбезі сүйектері үш қабаттан түзіледі: сыртқы жапырақшадан (қалыңдығы 1 мм) – Lamina externa, ортаңғы қабаты – торлы зат, онда диплоидты тамырлар бар, ішкі жапырақшасы «шыны тәрізді» (0, 5 мм).
• эпидуралды кеңістік мидың қатты қабығы, субдуралды кеңістік, өрмекші тәрізді қабық. субарохиналді кеңістік, мидың қатты қабығы, мидың өзі. • Мидың қатты қабығында синустар бар: жоғарғы, төменгі сагиталді, көлденең, тік, тастық, сигма тәрізді, қуысты синустар, олар бас сүйектің ішкі төмпешігі деңгейінде бірігіп қарақұсты түзеді. • Маңдай, көз шарасы үсті, самайдың беткей, құлақ арты, үлкен шүйде артериялары, аттас веналар мен нервтер қоректенеді.
Самай аймағының шекарасы: алдынан – маңдайдың бет өсіндісінің артқы жиегімен және бет сүйектің маңдай өсіндісімен, жоғарыдан – төбе сүйектің жоғарғы самай сызығымен, артынан – жоғарғы самай сызықпен, төменде – бет доғамен және сыртқы есту жолымен.
• терісі жұқа, төменгі бөліктерінде қатпарға алынады. Тері асты клетчатка жақсы жетілмеген, бұнда тамыр-жүйке шоғыры, беткі самай тамырлары және құлақ-самай жүйке орналасқан, артериялардың соғуы құлақ қалқанының түйінінің алдында 1 -1, 5 см қашықтықта сезіледі. • Беткі шандыр апоневрозды шлемнің жалғасы. Тереңде тығыз самай апоневрозы жатады, жоғарғы самай сызығына және сүйек қабығына мықты бекітілген. Апоневроз екі жапырақшалы, беткісі жұқа, ол бет доғасының сыртқы жиегіне, ал терең жапырақшасы бет доғасының ішкі жиегіне бекітіледі.
• Бұл жапырақшалардың арасында апоневроз аралық майлы клетчатка қабаты және ортаңғы самай артерия жатады. Апоневроздан кейін апоневроз асты клетчатка қабатын орналасқан, сосын самай бұлшық ет, терең самай тамырнерв шоғыры орналасқан. Сүйек қабығы, сүйектің сыртқы және ішкі жапырақшалары орналасқан, ортаңғы дипоидті қабат болмайды. Мидың ортаңғы артериясы ішкі бетінде жанасып орналасқан. • Беткі, терең самай тамыр-нерв шоғырларымен қоректенеді.
• Еміздікше тәрізді өсінді аймақ шекаралары: бүйірінен және төменен өсіндінің пішініне сәйкес келеді, жоғарғы шекарасы бет доғасы арқылы жүретін сызыққа сәйкес келеді. • Қабаттары: терісі жұқа, тері асты клетчаткада құлақ қалқаны артындағы бұлшық ет талшықтары, бет жүйкесінің тармақтары, майда лимфалық түйіндер орналасқан. • Меншікті шандыр жұқа пластинка түрінде.
• Сүйек қабығы Шипо үш бұрышынан басқа жерде сүйекпен тығыз байланысқан, сүйегі тегіс болғандықтан, сүйек қабығын оңай ажыратып алуға болады. Еміздікше өсіндінің бұл аймағы «трепанациялық үш бұрыш» деп аталады. Ортаңғы құлақ іріңді қабынғанда және еміздікше өсінді қабынғанда (мастоидит) осы үш бұрышпен жетуге болады. Үш бұрыштың шекарасы: жоғарыдан бет доғасының жалғасы, артынан сыртқы есту жолының артқы жиегі, алдынан еміздікше тқмпешігі.
• Үш бұрыштың шекарасын сақтап отырып трепанация жасау керек, өйткені алдыңғы шекарасын сақтап отырмаса бет нервінің бағанасын зақымдайды, сrista mastoidea – ден артқа қарай өтіп кетсе сигма тәрізді синусты зақымдап алуы мүмкін, жоғарғы шекарасын сақтамаса бас сүйек негізінің ортаңғы ойысында орналасқан анатомиялық құрылымдары кесіп кетуі мүмкін.
• Еміздікше өсіндінің ішінде сүйекті бөлгіштермен бөлінген cellulae mastoidea торшалары – сірлі қабықпен жабылған ауалы кеңістігі бар. Торшалардың көлемі өсіндінің жоғарғы – алдыңғы бөлімдеріне жақындағанда үлкейеді. Олар бұл жерде бір үлкен тор – үңгір – antrum mastoideum – түзеді, ол өзек арқылы ортаңғы құлақпен байланысады.
• Ликвордың айналымы: Ми затында жұп бүйірлік, ІІІ, ІУ қарыншалар орналасқан, қабырғаларында тамырлы өрім орналасқан, одан жұлын-ми сұйықтығы бөлінеді, ол Монро қарынша аралық тесікпен ІІІ қарыншаға, артындаңы сильвиев су құбыры арқылы УІ қарыншамен байланысады және Можанди тесігімен, жұп Люшко тесігі арқылы мишық-ми цистернасына (субарахноидалді кеңістік) ағып келеді, УІ қарыншаның төменгі тесігі арқылы жұлынның ортаңғы өзегімен байланысады. Барлық сұйықтық өрмекші асты кеңістікке ағып келеді, күндігіне 600 мл бөлінеді, артығы пахионды гранулацияға, жұлынның веналарына қайта сіңіп отырады.
• Кренлейн-Брюсов кестесі бойынша бас сүйек пен мидың топографиясы. • Бас сүйек сынған кезде, бас сүйек қуысына қан жиналғанда, қабыну ауруы, мида және оның қабығында жаңа құрылым пайда болғанда трепанация операциясы жасаудың көрсеткіші болып табылады. Осындай операция жасау үшін клиникалық симптомның негізінде зақымдалған орынды табу керек. Ол үшін бас сүйек түріне қарап бас терісіндегі мидың психоматорлық орталығы, орталық, латеральды жүлгелер, ми қыртыстары, қабықтық және милық тамырлар анықталады.
• Шашын алып тастап зеленкамен немесе ляписпен жүлгенің, тамыр кескіндерін сызады. Ұсынылған кестелерден бас сүйек-ми Кренлейн топографиясы, қосымша С. С. Брюсов кестесі табысты болып келеді. 1. төменгі(бірінші және негізгі) көлденең сызық көз шарасының төменгі жиегімен бет доғасы бойымен сыртқы есту тесігнің жоғарғы жиегіне жүргізіледі; 2. ортаңғы(екінші) көлденең сызық көз шарасының жоғарғы жиегі бойымен төменгі сызыққа қатар жүргізіледі; 3. сагитальды сызық мұрын мен маңдай сүйек жалғасқан жерден шүйде сүйектің төмпешігіне жүргізілген ;
• 4. алдыңғы ұзынша сызық бет доғасының ортасынан бірінші көлденең сызыққа перпендикуляр жүргізеді; 5. ортаңғы ұзынша сызық төменгі жақтың буындық басының ортасы арқылы жүргізіледі. 6. артқы-еміздікше өсінді негізінен жүргізіледі. 7. жоғарғы көлденең сызықты алдыңғы ұзынша сызықпен байланысырады, 8. биссектриса жоғарғы көлденең сызықты артқы ұзынша сызықпен байланыстырады. • Ортаңғы(роланд) жұлге 7 сызыққа, сильвиев жұлге 8 сызыққа, ортаңғы милық артерия алдыңғы ұзынша сызықтың бет доғасының жоғарғы жиегіне сәйкес келеді. Алдыңғы тармақ алдыңғы ұзынша сызыққа, артқы тармағы арқы ұзынша сызыққа сәйкес келеді.
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет
1 pat anatom.ppt