Акмолда Нурсауле 2045.pptx
- Количество слайдов: 23
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Анатомия кафедрасы Студенттің өзіндік жұмысы Тақырыбы: “Ми қыртысының цитоархитектониясы” Орындаған: Ақмолда Н. Ж. 2 -045 топ ЖМФ Тексерген: Нұржанов Е. А. Қарағанды 2015
Жоспар: q Кіріспе q Негізгі бөлім Ø Миға жалпы шолу Ø Ми бөлімдері Ø Ми қыртысының дамуы Ø Ми қыртысының цитоархитектоникасы q Қорытынды q Қолданылған әдебиеттер
Ми • Ми(encephalon), бассүйек қуысында орналасқан және пішіні жалпы алғанда бассүйек қуысының пішініне сәйкес келеді. Оның жоғарғы латералды немесе дорсалды беті бассүйек күмбезіне сәйкес дөңес, ал төменгі беті немесе ми негізі біршама жалпайған, тегіс емес.
Ми 3 ірі бөлігі Үлкен ми(cerebrum) Мишық(cerebellu m) Ми сабауы(truncus encephalicus)
Ми қыртысы, паллиум (лат. cortex cerebrі) – адам мен сүтқоректі жануарлардың үлкен ми сыңарларының сыртын жауып тұратын, нейронның сұр затынан түзілген қабат.
Ми жарты шарлары-мидың ең жоғары және филогенездік тұрғыда ең жас бөлімі. Сыртынан ол жалпы қалыңдығы 1, 5 -4, 5 мм шамасын құрайтын сұр затпен қапталады. Оны үлкен ми қыртысы деп атайды. Ми қыртысы мидың ең күрделі құрылымы, ол түрлі сенсорлық тітіркеністерді қабылдап, өңдеп, әрекеттерді қалыптастыратын сигналдарды тудырады, организмнің күрделі мінез-қылығын үйлестіріп, бағыттап отырады.
Мидың бұл бөлігі эволюциялық даму барысының соңғы кезеңінде пайда болып, жоғары дәрежелі жүйке жүйесі қызметін жүзеге асыруда өте маңызды рөл атқарады.
üБалықтарда ең алғашқы ми қыртысы – палеопаллиум; üАл жануарлардың тіршілік ортасының құрлыққа ауысуына байланысты, мысалы, қосмекенділерде палеопаллиуммен бірге архипаллиум (ескі Ми қыртысы); üБауырымен жорғалаушыларда неопаллиум (жаңа Ми қыртысы) пайда болған.
üСүтқоректілер мен адамдарда жаңа ми қыртысы өте жақсы дамыған. Адамның ми қыртысының 95, 6% осы неопаллиумнан түзіледі. Ми қыртысының құрылысы мен ондағы нейрондардың орналасу реті оның әрбір бөлегінде әр түрлі болады. Мұны ми қыртысының цитоархитектоникасы деп атайды. ü Ми қыртысының қалыңдығы 1, 3 – 5 мм-дей. Ми қыртысы шамамен 10 – 14 миллиард нейрондардан тұрады. Олардың әрқайсысы мыңдаған басқа нейрондармен синапс арқылы байланысқан. Олардың пішіні әр түрлі: пирамида, жұлдыз, ұршық, тағы басқа тәрізді болады.
Морфологиялық тұрғыдан ми қыртысы орасан көп (12 -18 млрд. ) нейрондардан, олардың өсінділері мен синапстардан, нейроглия торшаларынан құралған. Ми қыртысын құрайтын нейрондар пішіні мен қызметіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Олардың бірін пирамидалық торшалар құрайды. Олар ми қыртысы беткейінде вертикаль (тігінен) орналасады және үшбұрыш пішіндес келеді. Бұл торшалардан жоғары қарай Ттәрізді тармақталған дендрит, ал төменгі табанынан аксон басталады да, ол ми қыртысының басқа аймақтарына бағыталатын немесе қыртыстан басталатын, төмендеу жолына қосылады.
Адам ми қыртысының ең жақсы жетілген қатпарларында нейрондардың алты қабатын ажыратуға болады: 1. Молекулалы қабатта-ұсақ клеткалар мен көптеген нейрон өсінділері байқалады; 2. Сыртқы дәнді қабаттыпирамида және жұлдыз тәрізді нейрондар құр айды; 3. Ең қалың пирамидалы қабат-(мөлшері 10 – 40 мкм), пішіні пирамида тәрізді нейрондардан т ұрады;
4. 5. 6. Ішкі дәнді қабат-ұсақ жұлдыз пішінді нейрондардан түзіледі; Ішкі пирамидалы қабатпирамида пішінді ірі нейрондардан тұра ды. Мұны орыс ғалымы В. А. Бец (1834 – 94 жылдары) ашқан, сондықтан бұл қабатты кейде Бец қабаты деп те атайды; Полиморфты қабат-көп пішінді әр түрлі мөлшердегі нейрондардан түзіледі. Сондай-ақ, ми қыртысының құрылымдық бірлігіне нейроглиялар да жатады.
Қорытынды: Жалпы, ми қыртысы мидың ең күрделі құрылымы, ол түрлі сенсорлық тітіркеністерді қабылдап, өңдеп, әрекеттерді қалыптастыратын сигналдарды тудырады, организмнің күрделі мінез-қылығын үйлестіріп, бағыттап отыратын күрделі құрылым болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер v Адам анатомиясы – Алшынбай Рақышев – Алматы 2004 ( 2 кітап) v. Атлас. Адам анатомиясы 4 том 2012 жыл v. Интернет желісі: www. google. ru www. yandex. kz
Назарларыңызға көп рахмет!!!
Акмолда Нурсауле 2045.pptx