
anatomialy_1179_preparat_dayyndau.pptx
- Количество слайдов: 16
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ АНАТОМИЯ КАФЕДРАСЫ СӨЖ Тақырыбы: Асқорыту жүйесі бойынша анатомиялық препарат дайындау Орындаған: 3047 ЖМФ Қабиденов Е. Тексерген: Қайырбеков Қ. Қ. Қарағанды 2015
Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім Асқорыту жүйесі препараттарын дайындау әдісі Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Анатомиялық препарат дайындаудың негізгі принциптері Анатомиялық препарат дайындау кезінде мүшенің табиғи түсін сақтау әдістерін қоладандаы. Сондықтан өңдеу алдында объектіні сумен жанастырмайды, себебі ол гемолиз шақырады. Көптеген әдістер формалин, алкоголь, глицеринді ретпен қолданудан басталады. Формалинде қан гемоглобині метгемоглобинге айналады да, мүше лайлы ала түсті болып келеді.
Анатомиялық препарат дайындаудың негізгі принциптері Келесі, алкогольмен өңдеу метгемоглобинді қызыл модификациясы катгемоглобинге айналдырады. Формалиннің диффузиялау қабілетін формалинге сірке қышқылды тұз қосу арқылы күшейтеді. Формалиннің гипотониялық ерітіндісіне тұз қосу, эритроциттердің сілтіленуінің алдын алады.
Препаратты консервілеуге арналған сұйықтықтар Формалин 40% формальдегидт ің судағы ерітіндісі
Препаратты консервілеуге арналған сұйықтықтар Алкоголь (спирт) Әртүрлі концентрацияда қолданылады (100% дейін)
Анатомиялық препарат дайындаудың негізгі принциптері Объектінің алкогольде ұзақ болуы оның түссізденуіне және майдың еруіне әкеледі. Сондықтан препаратты ұзақ сақтау үшін оны сірке қышқылды калий ерітіндісімен қосылған глицеринге салады, себебі таза глицеринде препарат түссіз болушы еді.
Препаратты консервілеуге арналған сұйықтықтар Глицерин Қайнау температурасы 290º түссіз сұйықтық
Ішкі мүшелер препаратын дайындау Денеден жекелеген мүшелерді алған кезде қоршаған тіндерді, көршілес мүшелерді, ірі қантамырлар мен нервтерді бірге алған дұрыс. Әсіресе, бұл жаңа түскен өліктен мүшені алған кезде маңызды. Ішкі мүшелерді консервациялаудың тиімді әдісі тамыр арнасына консервирлеуші сұйықтықты жіберіп, мүшені осы сұйықтықтың ішінде ілінген қалыпта сақтау. Осындай препараттарды дайындау кезінде мүшелердің пішінінің сақталуын қадағалау керек. Қуысты мүшелер жас балалардың мүшелері болса желатинмен толтыру, аса ірі мүшелер мақтамен толтырылады.
Асқорыту жүйесі препараттарын дайында
АІЖ арақатынастық өлшемін және оның әр бөлімінің пішіні жайлы толық түсінік алу үшін АІЖ проглицеринденген препаратын дайындауды ұсынуға болады. Ол үшін өліктен барлық асқазан ішек жолы, тілден бастап тік ішекке дейін, бауыр, ұйқы безі және көкбауырмен қоса алынады. Өңеш, асқазан, жіңішке ішек және тоқ ішек шажырқайдан кесіп алынады және ішін тазарту үшін ағынды сумен жақсылап жуылады. Проглицериндеу алдында өңештің артқы қабырғасын, асқазан және он екі елі ішекті бойлай кеседі. Сонымен қатар бойлай кесу жіңішке ішекке де жасалады.
Объектті өңдеуді глицерин мен су (1: 1) қоспасына 1 -2 аптаға салып қоюдан бастайды. Кейін глицериннің проценттік құрамы біртіндеп жоғарылатылады. 1 -2 апта өткен соң препаратты су қосылмаған глицеринге салады. Глицеринде препарат 3 айдан бір жылға дейін және одан да жоғары уақыт бойы, объектінің қалыңдығына байланысты, жатады.
Асқазан және ішектердің пішінін сақтау үшін , арнайы жасалаған кесінді арқылы мүшелерді глицеринге малынған гигроскопиялық мақтамен толырады. Мақтамен толтырылған ішектер кесіндісі тігіледі және асқорыту бездерімен бірге құрастырылады. Бауыр, ұйқы безі, тіл және басқа да мүшелер жақсы проглицеринденуі үшін алдын ала тамырларына глицеринмен инъекцияланады. Сонымен қоса, шприц инесімен глицеринді мүшелердің паренхимасына қосымша енгізу қажет.
Қажет болған жағдайда, осындай тәсілмен жекелеген асқорыту бездерін және басқа да мүшелерді проглицеринде у жүргізуге болады.
қорытынды Қорытындылай келе, анатомиялық препаратты дайындау күрделі болып табылады және оны тек арнайы медициналық қызметкерлер жасайды. Препарат дайындау анатомиялық білімді талап етеді. Сондықтан мүшелердің орналасуын білу өте маңызды болып келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі В. С. Пикалюк, Г. А. Мороз, С. А. Кутя Методическое пособие по изготовлению анатомических препаратов. – Симферополь, 2004. - 76 с.
anatomialy_1179_preparat_dayyndau.pptx