3014-top_SRS.pptx
- Количество слайдов: 19
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Анатомия кафедрасы СӨЖ Аяқтың буындық аппаратының жастық ерекшеліктері. Орындағандар: 3014 ЖМФ Ерғалиқызы Э. Жақыпбекова Т. Зүкір Н. Қалықберді К. Уткалбаев Г. Хавдразах А. Қабылдаған: Турдыбаев А. Ж Қарағанды 2014
Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім ü ü Буын қозғалысы Оларға сипаттама Аяқ буындары Балалардағы буындардың жасқа сай ерекшеліктері. Қорытынды Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе Адам қаңқасының сүйек аралық байланыстарын зерттейтін ірі тұлғалы ілімді антропология деп атайды. Сүйек аралық байламдар, буындар, шеміршектер жә-не сүйектік ткандер байланысы мен адам қаңқасын құ-райтын сүйектер жиынтығы, құрылысы мен қызметі өте күрделі жүйені құрайды. Бұл жүенің негізгі қызметі: адам қаңқасының дара орналасқан сүйектерін бірімен жақындастыру, байламдар мен буындар арқылы сүйек-тердің азды көпті қозғалысын қамтамасыз ету. Соны-мен қатар сүйек аралық байланыстардың ішкі құрылы-мы олардың иілгіштігі, созылмалылығы және буындарда болатын қозғалыстың көлемі оның атқаратын қызметіне тікелей байланысты.
Буындық қозғалысы Цилиндр тәрізді Шығыр тәрізді Буындардың буындық беттері, пішіні Ершік тәрізді Айдаршық тәрізді Эллипс тәрізді
Буындарға сипаттама Цилиндр тәрізді буындардың, articulatio trochoideae, буын беттері дөңес, цилиндірдің кесіндісі ретінде қарастырылады. Буындасатын қарсы жағындағы сүйектің буын беттері ойыстау және бір – біріне өзара сәйкестеу болып келеді. Цилиндр тәрізді буындарға: ауыз омыртқа мен екінші мойын омыртқаның тіс тәрізді өсіндісінің аралығындағы буынды кәрі жілікпен шынтақ жіліктің проксимальді және дистальді ұштарындағы кәрі жілік – шынтақ жілік буындарын мысалға келтіруге болады. Мұндай буындарда: вертикальды білік бойынша ішке қарай – pronatio, және сыртқа қарай supinatio, айналу қозғалыстары қамтамасыз етіледі.
Шығыр тәрізді Буын беттері шығыр тәрізді буындар, аrticulatio ginglymus. Бұл буындар цилиндр тәрізді буындардың туындысы болып саналады. Цилиндр тәрізді буындардан айырмашылығы: шығыр тәрізді буынның буын басының сүйектік көтеріңкі орналасса, буын бетінің ойыс жағында, бағыттаушы сала болады. Сонымен қатар, шығыр тәрізді буындарға: қол басы мен аяқ басының бақайшықтарымен башпай аралық буындар жатады. Мұндай буындарға көлденең біліктің бойында иіледі, –flexio, және жазылады extensio.
Эллипс тәрізді Буын беті эллипс тәрізді буындар, articulatio ellepsoideae. Мұндай буындардың буын басы мен буын ойысының сыртқы пішіні эллипс тәрізді болып келген. Эллипс тәрізді буындарға қозғалыстар фронтальді және сагитальді біліктердің бойында қозғалады. Фронтальды білік бойынша: иіледі flexio, немесе жазылады, exten-sio, сагитальді білік бойынша әкелу, adductio, және әкету abductio мүмкін. Сонымен қатар, мұндай буындар екі біліктің бойында айналма бағытта қозғалады. Айналма бағыттағы қозғалыс, екі біліктің маңындағы қозғалыстың жиынтығы болып саналады. Эллипс тәрізді буындарға білезік – кәрі жілік және т. б буындарды келтіруге болады.
Ершік тәрізді буын, articulatio sellaris. Бұл буындадың буын беттері ершік тәрізді бірімен беттесіп орналасқан. Буында болатын қозға-лыстың көлемі эллипс тәрізді буындар сияқты көлденең біліктің бойында: иіледі: flexio, немесе жазылады, extensio. Қол ұшының бас бармағының бақайшығы мен трапеция тәрізді сүйектің аралық буынын мысалға келтіруге болады.
Айдаршық тәрізді Буын беттері айдаршық тәрізі буындардың, articulationes bicondylares, буын беттері айдаршақ тәрізді дөңестеу және сопақшалау болып келгендіктен, айдаршық тәрізді буын деп атайды. Бұл, буын шығыр тәрізді буын мен эллипс тәрізді буындардың туындысы болып саналады. Айдаршық тәрізді буындардың шығыр тәрізді буындардан айырмашылығы, буын беттері көлемді болып келеді, ал эллипс тәрізді буындардан айырмашылығы екі жақтық айдаршық тәрізді буын беттерінен тұрады.
Аяқ буындары Сегізкөз мықын буынының беттері: сегізкөздің құлақша тәрізді беті мен мықын сүегінің құлақша тәрізді буын беттерінің өзара беттесуінен құралған. Буын беттерінің сыртқы пішіні жазық келіп, ірі талшықты дәнекер тканмен көмкерілген.
Ұршық буыны жай буындарға жатады. Буын басы, ортан жіліктің басынан буын ойысы, ұршық ойысынан тұрады. Буын бетінің сыртқы пішініне қарай үш білікті, шар тәрізді немесе жаңғақ тәрізді буынға жатады. Ол жамбас сүйегінің буындық ернінің сырттқы бетінен басталып, ортан жіліктің алдында ұршық аралық сызықша ның бойына барып бекісе, артында ортан жіліктің ұршық аралық қырқасына жетпей барып бекиді.
Сыртқы байламдары: 1. lig. ileofemorale – денені артқа құлап кетпеуіне себеп болады. ең мықты буын салмағы 300 кг ауырлықты көтере алады. 2. lig. pubofemorale – қасағалық 3. lig. ischiofemorale – шонданайлық 4. zona orbicularis – дөңгелек аймақ, сүйекке бітісіп өседі.
Тізе буыны Буынның алдыңғы бөлігінде түзеүсті сүйегі орналасқан. Тізе үсті мен санның төртбасты бұлшықеті сіңірмен байланысқан, оның жалғасы ретінде тізеүсті байлам болып табылады. Сіңірлік аппаратқа сонымен қатар бүйірлік және кресттәрізді байламдар кіреді. Крест тәрізді байламдар тізе буынын тұрақтандырады және сираққа шамадан тысалға жылжуға мүмкіндік бермейді, сонымен қатар асықты жіліктің сыртқы айдаршығын ұстап тұрады. Тізе буынының артқы кресттәрізді байламы (лат. lig. cruciatum posterius) тізе буынын тұрақтандырып, сирақтың артқа жылжуынан сақтайды. Адамда тізе буыны бүгу жазу қозғалыстарын, ал бүгілген жағдайда — осі бойынша айналуды қамтамасыз етеді.
Тізе буыны – articulatio genus Айдаршықты, екі білікті, сәйкессіз және күрделі буындар қатарына жатады. Менискілер арқылы толығады. Үшқырлы, жиегі иілген табақша болып табылады. Бүйір жақтары: 1. латеральді – lig. collaterale fibulare 2. медиальді – lig. collaterale tibiale
Артқы жағында: lig. politeum arcuatum 2. lig. popliteum obliguum 1. Крест тәрізді байлам – lig. cricuata genus 1. Алдыңғы – lig. cricuatum anterius 2. Артқы – lig. cricuaum posterior
Балалардағы буындардың жасқа сай ерекшеліктері. Туылу кезінде буын-байламдық аппарат анатомиялық қалыптасып қойған. сүйектердің эпифизі сіңірмен берілген. ересектерге қарағанда байламдар созылыңқы, бірақ мықты. беткей буындар мен капсулалардың және байламдардың қалыптасуы тек 13 -16 жасқа жеткенде аяқталады.
Қорытынды Жас балалардың қаңқасын үлкендермен салыстырғанда көптеген ерекшеліктер бар. Қазіргі таңда буын аурулары көбеюде. Соларды алдын алуға дер кезінде емдеуге буындардың әр жасқа сай ерекшеліктерін біліп, аурулардың жасырын кезендерін анықтауда, басқада адам өміріне қауіптіауруларды, жас нәрестелердегі туа біткен ауруларды анықтауға және оларға дер кезінде ем тағайындауға септігін тигізеді.
Қолданылған әдебиеттер Н. А. Геппе, Н. С Подчерняевой “Пропедевтика детских болезней” Москва 2009 А. Рақышев “Адам анатомиясы” Алматы 1994 Мырзабеков М. Тпографиялық анатомия. Алматы 2010 ж.
3014-top_SRS.pptx