
2 pat anatom.pptx
- Количество слайдов: 16
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Анатомия кафедрасы Пән: Бас және мойынның клиникалық анатомиясы Тақырыбы: Бас сүйек негізінің клиникалық анатомиясы. Бастың ми бөлігінің шандырлы-шелді құрлымдарының клиникалық анатомиясы
Мақсаты: студенттерді бас сүйек негізінің клиникалық анатомиясымен және бастың ми бөлігінің шандырлышелді құрлымдарының клиникалық анатомиясымен таныстыру. • Дәріс жоспары: • бас сүйек негізінің клиникалық анатомиясы • бастың ми бөлігінің шандырлы-шелді құрлымдарының клиникалық анатомиясы
Ситуациялық есеп: 35 жастағы науқас жедел көмек көрсету бригадасымен бас сүйек негізі сынған деген мағұлматпен емханаға әкелінді. Тексерген кезде мұрнынан қан кеткендігі және «көз әйнек» симптомдары анықталған. Сынық қандай бас сүйек ойысы деңгейінде екенін айтыңыз және симпомдарды түсіндіріңіз?
Бас сүйек негізінің ішкі және сыртқы негіздерін бөлеміз: Бас сүйек негізінің ішкі бетінде үш ойысты бөлеміз: алдыңғы, ортаңғы, артқы. Бас сүйек негізінің алдыңғы ойысы ортаңғыдан сына тәрізді сүйектің үлкен және кіші қанаттары және сүйекті жастықшамен бөлінеді; ортаңғы ойыс артұыдан самай сүйектің екі пирамидасы арқылы бөлініп жатыр. Алдыңғы ойыс мұрын, көз шарасы үстінде орналасқан. Бұл ойыста мидың маңдай бөлігі орналасқан.
• Әтеш желбезегі және оның екі жағында иіс сезу пиязшықтары орналасқан, одан иіс жолдары басталады. Әтеш желбезегінің екі жағындағы торлы сүйектің тесіктерінен І пар(30 талшық) иіс сезу нерві өтеді. Ол тесіктен алдыңғы торлы артерия(көру артериядан), вена және нерв(І пар үшкіл нервтен) өтеді. Алдында соқыр тесік бар, мидың қатты қабығының өсіндісі, елшілік вена, мұрын қуысын сагиталді синуспен байланыстыратын веналар өтеді. Сына тәрізді сүйектің кіші қанатының негізінде көру тесігі орналасқан, ол тесіктен ІІ пар көру нерві және көру артерия өтеді.
• Бас сүйек негізінің ортаңғы ойысын сына тәрізді сүйектің кіші қанаттарының, самай сүйектің пирамидасының алдыңғы беті мен ұшының және түрік ершігінің күмбезінің арасында орналасқан. Самай сүйек пирамидасының алдында үшкіл нервтің ізі, ал оның ұшында үшкіл нервтің түйіні және мидың самай бөлігі орналасқан. Ортасында түрік ершігінің ойысы, онда гипофиз орналасқан. Түрік ершігінің үстінен мидың қатты қабығы жауып, оған көк ет түзеді. Ортасында тесік бар, ол арқылы ми негізімен байланысады. Түрік ершігінің алдында көру нервінің айқасы орналасқан.
Түрік ершігінің екі бүйірінде мидың қатты қабығының арасында оң және сол жақ үңгірлі синус орналасқан, олар алдыңғы, артқы үңгір аралық синустар байланыстырады да Редлей сақинасын түзеді. Бұл синусқа көз шарасы веналары құйылады, одан әрі қан жоғарғы тастық және сигма тәрізді синустарға ағады. Үңгірлі синус арқылы ішкі ұйқы артерия өтеді және оның сыртқы қабырғасы арқылы көзді қозғағыш, шығыршықты, үшкіл нервтің тармағы(І пар-көз шаралық нерв) өтеді.
• Нервтер және тамырлар өтетін көптеген тесіктер бар: - жоғарғы көз шарасы саңлау-көз көзді қозғағыш, шығыршықты, әкетуші, үшкіл нервтің тармағы(І пар-көз шарасы), көз шарасы веналар өтеді. - дөңгелек тесік-үшкіл нервтің тармағы (ІІ пар жоғарғы жақ) өтеді және қанат-таңдай ойысына барады. - сопақ тесік-үшкіл нервтің тармағы (ІІІ пар төменгі жақ) өтеді. - қырлық тесік- мидың қатты қабығының ортаңғы артериясы негіз ішіне енеді. - жыртық тесік-үлкен және кіші тастық нервтер, дабыл жарғағын тартатын нерв, ұсақ веналар төменгі тастық синусты бас сүйектің сыртқы негізімен байланыстырып тұрады. - Ұйқы өзегі- ішкі ұйқы артерия енеді.
• Бас сүйек негізінің артқы ойысы: ортаңғы ойыстан мишықтың палатасымен, мидың қатты қабығының өсінділерімен бөлінген. Бұл ойыста мишық, көпір, сопақша ми орналасқан. - шүйде сүйектің үлкен тесігі-сопақша ми, омыртқа артерия, веналық өрім өтеді. - ішкі есту тесігі-бет нерві(УІІ), есту нерві (УІІІ), аралық нерв(ХІІІ), ішкі есту артерия мен вена өтеді. - мойындұрық тесік-тіл-жұтқыншақ(ІХ), кезбе(Х) нервтер, ішкі мойындұрық вена өтеді. -тіл асты өзек- тіл асты нерв(ХІІ) өтеді.
Бас сүйек негізінің сыртқы бетінде нысанаға аламыз: сына тәрізді сүйектің медиалді, латералді қанаттарын, шүйде сүйектің айдаршықтарын, жұтқыншақ төмпешігін және барлық тесіктер ішкі тесіктерге сәйкес келеді. Жұтқыншақ төмпешігінен жұтқыншақ басталады, оның сыртынды жұтқыншақ -негізгі шандыры болады: сына тәрізді сүйектің медиалді қанатынан басталып жұтқыншақты қоршап жатады. Келесі шандыр сына-біз-еміздікше(жұп), ол сына сүйектің латералді қанатынан басталып, біз, еміздікше өсінділерге барып жалғасады. Омыртқа алды шандыр шүйде сүйектің үлкен тесігінің алдынан басталады. Бұл шандырлардың арасында клетчаткалық кеңістіктер бары: жұтқыншақ арты, жұтқыншаұ маңы( алдыңғы, артқы). Оларды жқтқыншақ-омыртқа алды, біз-жұтқыншақ апоневроздары бөліп жатады.
• Жұтқыншақ артындағы клетчаткалық кеңістік бас сүйек негізінің сыртқы бетінен УІ мойын омыртқаға дейін созылып жатыр, ол кеңістікті ортасынан жұқа бөлгіш оң және сол жаққа бөледі. Бұл жердегі абсцесс бір жақты немесе екі жақты болуы мүмкін. Жұтқыншақмаңы клетчаткалық кеңістіктің алдыңғы бөлігінде құлақ маңы безінің жұтқыншақ өсіндісі орналасқан, ал алдыңғы бөлігінде ішкі ұйқы артерия, ішкі мойындұрық вена және ІХ, Х, ХІІ бас-ми нервтері, симпатикалық бағана, лимфалық түйіндер орналасқан.
• Бұл кеңістіктерге қабыну процестерінің жайылуы мүмкін: жұтқыншақ артындағы кеңістікке тонзоллит(ангина) кезінде ірің өтіп кетіп жұтқыншақ артында абсцесс пайда болады. Жұтқыншақ маңындағы кеңістікке паратит кезінде, беттің терең аймағындағы қанат аралық кеңістіктен және 7, 8 азу тістердің зақымдалуында ірің өтіп кетеді, ол кезде қанатты бұлшық ет қабынып “тризм” симптомы пайда болады. Жұтқыншақ арты кеңістікке қабыну процесі өтсе тамыр-нерв шоңырлары қабынып: қанның ағуы, сепсис және жергілікті ұанның ұюы мүмкін.
• Мидың қанмен қамтамасыз етілуі: 4 артериямен жүзеге асады: екі ішкі ұйқы артерия, екі омыртқа артерия. Омыртқа артерия бірігіп негізгі артерияны түзеді, одан екі артқы милық артерия шығады. Ішкі ұйқы артериядан алдыңғы, ортаңғы милық артерия және артқы біріктіргіш артерия шығады. Бұл артериялар бірігіп ми негізінде Вилизев артериялық айналымын түзеді. Веналар артериямен бірге жүрмейді: беткі және терең веналық жүйе болады, олар мидың қатты қабығының синустарына, одан үлкен ми венасына(Галень бағана 7 мм) құйады, одан ішкі мойындұрық венаға құйады.
Бас сүйектің негізінің сүйектерінің құрлысы әр түрлі болғандықан травма кезінде сынуы мүмкін: ашық және тесіп өтіп кеткен сынулар болады, мидың қатты қабығы бас сүйек негізімен тығыз байланысқандықтан оның жыртылуы және тамыр-жүйке шоғырларының зақымдалуы мүмкін. Бас сүйек негізінің алдыңғы ойысы деңгейі сынса торлы сүйектің тесікті пластинкасы, тамыр мен нервтердің үзілуі мүмкін. Симптомдары: иісті сезу бұзылады, мұрыннан қан кетеді, көз ішілік гематома, нервті қысу, қитарлық, птоз ж. т. б
Бас сүйек негізінің ортаңғы ойысының сынығы жиі кездеседі. Симптомдары: көз әйнек симптом, экзофтальм, көздің қаты ашылып соғуы, есту және бет нервтері- нің зақымдалу, сыртқы есту жолынан қан және ликвордың ағуы, мұрыннан қан кету ж. т. б. Бас сүйек негізінің артқы ойысы сынғанда ми бағанасы және мишық ІХ, Х, ХІІ бас сүйек ми нервтері зақымдалады. Тыныс алу, тамыр, қозғалыс орталықтары зақымдалады және жұту, сөйлеу, тырысу, мойнының қисаюы мүмкін.
• Гематомалар: Эпидуралді: 1/5 жағдайда кездеседі, негізгі көзі ортаңғы ми артерия мен вена және дипоэтикалық веналар. • Субдуралді: көзі мидың жұмсақ қабығының веналары. 1 -сағаттан 24 -48 сағат аралығында, есінен танады, басы ауырады, тітіркенгіш, ұүсу, жүрегін алу, мидың ісуі, қарашық симптомдары, эпилептикалық ұстамалар, парез, параличтер болады. • Ми ішілік гематома; ми затында, негізінде ақ затта жиналады. Көзі: мидың ортаңғы артериясы. Симптомдары: гемипарез, гемиплегия, миды қысу. • Субарахноидалді: қан ликвормен араласып, күрт басы ауырады, менгиалді және психикалық симптомдар пайда болады.
2 pat anatom.pptx