Бектурган П.2036 ом.ppt
- Количество слайдов: 27
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Анатомия кафедрасы Орындаған: Бектұрған П. К. 2 036 ЖМФ Тексерген: Нұрсейітов Н. К. Қарағанды 2013 ж
Жоспар: I. Кіріспе II. Негізгі бөлім Ми-адам ағзасынын негізгі мүшесі Мидың жеке бөліктері Ми қабаттары Лимбикалық жүйе Торлы құрылым III. Қорытынды
Кіріспе Адам-эволюциялық дамудың жоғары сатысы, жер бетіндегі тіршілік біткеннің иесі. Мұндай дәрежеге жетуге адам өзінің ісәрекетімен ықпал жасады. Адам ағзасы өте күрделі құрылым. Адам ойлай, жүре, сөйлей, ренжи, күле біледі. Әр адам қайталанбас тұлға. Адамда осындай іс-әрекеттерді атқаруда мидың қызметін атап өтпеуге болмайды.
Ми-адам ағзасының негізгі орталығы Ми encephalon бассүйек қуысында орналасқан және пішіні жалпы алғанда бассүйек қуысының пішініне сәйкес келеді. Мидың орташа салмағы 1300 -1400 г. Оның жоғары латеральді немесе дорсальді беті бассүйек күмбезіне сәйкес дөңес, ал төменгі беті немесе ми негізі біршама жалпайған, тегіс емес.
1 - с у р е т. мидың жарты көрінісі.
Мидың бөліктері Артқы ми Ортаңғы ми (Ромб тәрізді) Алдыңғы ми Mesencephalon prosencephalon rhombencephalon Сопақша ми Меншікті артқы ми myelencehalon metencephalon Аралық ми diencephalon Соңғы ми Telencephalon
СОПАҚША МИ Сопақша ми myelencephalon, medulla oblongata, жүлынның ми сабауына тікелей жалғасы және ромбтәрізді мидың бөлігі болып табылады.
1 - ventriculus quartus; 2 - nucl. dorsalis n. vagi; 3 - nucl. n. vestibularis; 4 - nucl. solitarius; 5 - tr. spinocerebellaris dorsalis [posterior]; 6 - nucl. spinalis (inferior)n. trigeminalis; 7 - tr. spinalis n. trigeminalis; 8 nucl. n. hypoglossi 2 - с у р е т. Сопақша мидың олива деңгейіндегі көлденең кесіндісі. 9 - nucl. olivaris; 10 - oliva; 11 - tr. corticospinalis (pyramidalis); 12 - lemniscus medialis; 13 - n. hypoglossus; 14 - fibrae arcuatae extemae ventrales; 15 - nucl. ambiguus; 16 - tr. spinothalamicus et spinotectalis; 17 - n. vagus;
АРТҚЫ МИ Metencephalon екі бөліктен: вентралды көпірден және дорсалды мишықтан тұрады. Көпір, pons, ми негізі жағынан қарағанда артқы жағында сопақша мидың жоғарғы шетімен, алдыңғы жағынан ми аяқшаларымен шектесетін жуан ақ түсті түзіліс.
3 - с у р е т. Көпірдің жоғарғы ми желкені деңгейіндегі көлденең кесіндісі. 1 - velum medullare superius; 2 - pedunculus cerebellaris superior; 3 - fasc. longitudinalis dorsalis; 4 - tr. centralis tegmenti (BNA); 5 - lemniscus lateralis; 6 - lemniscus medialis; 7 - fibrae pontis longitudinales; 8 - n. abducens; 9 - nucl. nervi facialis; 10 - nucl. nervi abducentis; 11 - n. facialis; 12 - n. trigeminus; 13 - nucl. motorius nervi trigemini; 14 - nucl. salivatorius cranialis; 15 - nucl. pontinus nervi trigemini; 16 - nucl. solitarius; 17 - ventriculus quarrus.
Мишық, cerebellum, артқы мидың тепетеңдік рецепторларымен байланысты дамыған туындысы. Сондықтан оның қозғалыстарды үйлестіруге тікелей қатысы бар, организмнің дене массасының негізгі қасиеттері - ауырлық пен инерцияны жеңуге бейімделу ағзасы болып табылады.
4 - с у р е т. Мишықтың ядролары; горизонталды жазықтықтағы кесіндісі. 1 - ventriculus quartiis; 2 - pedunculus cerebellaris superior; 3 - nucl. fastigi; 4 - nucl. globosus; 5 - nucl. emboliformis; 6 - nucl. dentatus; 7 - cortex cerebelli.
5 - с у р е т. Ми сабауы, truncus cncephali, және мишық, cerebellum , (жартысы алынған); бүйірінен қарағандағы көрінісі. 1 - thalamus; 2 - colliculus inferior; 3 - cerebellum; 4 - pedunculus cerebellaris superior; 5 - pedunculus cerebellaris inferior; 6 - hemispherium cerebelli; 7 - oliva; 8 - n. trigeminus; 9 - tr. spinocerebellaris ventralis; 10 - lemniscus lateralis; 11 - lemniscus medialis; 12 - tr. tectospinalis; 13 - pedunculus cerebr
ОРТАҢҒЫ МИ Ортаңғы ми, mesencephalon, филогенез үрдісінде негізінен көру рецепторының әсерімен дамиды. Сондыктан оның ең басты түзілістерінің көзді нервтендіруге қатысы бар. Бұл жерде есту орталықтарыда түзілді. Олар одан әрі көру орталықтарымен бірге ортаңғы ми төбесінің төрт төбешігі түрінде үлкейіп өсті.
6 - с у р е т. Жоғарғы төбешіктер деңгейіндегі ортаңғы мидың көлденең кесіндісі(үлгі). 1 - tectum mesenccphalicum; 2 - tegmentum mesencephalicum; 3 - basis ped. Aiiculi cerebri; 4 - nuel. ruber; 5 - substantia nigra; 6 - nucl. nervi oculomotorii; 7 - nucl. oculomotorium accessorius; 8 - decussationes tegmenti; 9 - n. oculomotorius; 10 - tr. frontopontinus; 11 - tr. corticonuclearis; 12 - tr. corticospinalis (pyramidalis); 13 - tr. occipitotemporoparietopontinus; 14 - lemniscus medialis; 15 – brachium colliculi inferioris; 16 - nucl. tractus mesencephalic! nervi trigeminalis; 17 - colliculus cranialis [superior]; IX - aqueductus mesencephali (cerebri); 19 - substantia griseacentralis.
АЛДЫҢҒЫ МИ Алдыңгы ми, prosencephalon, иіс сезу рецепторымен байланысты дамиды және алғашқы кезде (суда тіршілік ететін жануарларда) таза иіс сезу миы, rhinencephalon, болып табылады. Жануарлардың судан құрлыққа (ауалы ортаға) ауысуымен байланысты иіс сезу рецепторының маңызы күрт артады, өйткені оның көмегімен жануарға жем, қауіп-қатер, табиғаттың басқа да өмірлік маңызды құбылыстары туралы алыстан хабар беретін ауадағы химиялық заттар дистанттық рецепторлар арқылы анықталады. Алдыңғы ми екі бөліктен - аралық және соңғы мидан түзілген.
Аралық ми, diencephalon, бүйірлері жағынан соңғы мидың сыңарларымен бітісе өсіп, сүйелді дене мен күмбез астында жатады. Алдыңғы мидың қызметі мен дамуы туралы жоғарыда айтылғанға сәйкес, аралық мида скі негізгі бөлікті ажыратады: 1) дорсалды бөлік, thalamen cephalon афферентті жолдар орталығы және 2) вентралды бөлік, hypo thalamus, жоғары вегетативті орталық Қуысы - III қарынша.
65 - с у р е т. Аралық ми, diencephalon, және оның мидың басқа белімдерімен қатынасы; сагитталды жазыктықтағы көсіндісі (жартылай үлгі). 1 - telencephalon; 2 - diencephalon; 3 - mesencephalon; 4 - pons; 5 - cerebellum (metencephalon); 6 - myelencephalon.
Соңғы ми Соңгы ми, telencephalon, екі ми сыңарларынан, hemispheria cerebri, тұрады. Әрбір сыңардың құрамына жамылғы, pallium, иіс сезу миы, rhinencephalon және негіздік ядролар енеді. Соңғы мидың екі көпіршігінің бастапкы қуыстарының қалдығы бүйір қарыншаларды, ventriculi lateralis, түзеді. Соңғы ми алғашында алдыңғы мидың иіс сезу рецепторымен (иіс сезу миы) байланысты пайда болады да, кейін ол жануар мінез кұлығын басқаратын мүшеге айналады. Онда түрлік реакцияларға (шартсыз рефлекстер) негізделген инстинктивті мінез-құлық орталықтары - қыртысасты ядролары, жеке тәжірибе (шартты рефлекстер) негізделген мінез-құлық орталықтары - үлкен ми қыртысы пайда болады.
Ми қабаттары Жұмсақ қабық Pia mater Торлы қабық arachnoidea Қатты қабық Dura mater
Торлы құрылым-formatio reticularis Осы атаумен ми сабауы бөлімдеріне орналасып, мынадай морфологиялық ерекшеліктерімен өзгешеленетін құрылымдардың жиынтығын түсінеді: Торлы құрылым нейрондарының құрылысында олардың басқа нейрондарынан өзгелешейтін айырмашылықтар болады. Олардың дендриттері көп тармақталмайды, нейриттері, керісінше жоғары көтерілетін және төмен түсетін тармақтарға бөлініп, олардан көптеген бүйір тармақтар шығады, соның нәтижесінде аксон аса көп нерв жасушаларымен байланысқан Нерв талшықтары алуан бағытта өтеді, микраскоппен қарағанда торға ұқсайды, осы себепті бұдан 125 жыл бұрын дейтерс оны тор немесе торлы құрылым деп атайды. Торлы құрылым жасушалары кей жерде шашырай орналысып, кей жерде ядроар түзеді. Оларды бөліп жіктеу негізін, көпір жамылғысының торлы ядроын сипаттап жазған В. М. Бехтерев қалады.
Торлы құрылымның байланыстары. Торлы құрылым орталық нерв жүйесінің барлық бөлімдерімен байланысқан. Ол байланыстардың мынадай түрлерін ажыратады: › мидың барлық бөлімдерінен шығатын reticuloпеталды байланыстар › ми мен жұлынның сұр заты мен ядроларына баратын reticulo-фугалды байланыстар › торлы құрылымның түрлі ядолары арасындағы байланыстар
ҚЫЗМЕТІ: Қазіргі кезде торлы құрылым ‘‘энергия генераторы” болып саналады және үлкен ми қыртысын қоса орталық нерв жүйесінің бөлімдерінде жүріп жататын үрдістерді реттейді деп есептеледі. Мына жағдайдың ерекше маңызы бар: торлы құрылымнан ми сыңарының барлық бөлімдеріне баратын жоғары көтеретін өткізгіш жолдар арқылы қамтамасыз етеді. Сондықтан оны жоғары көтеретін белсендіретін торлы жүйе деп те атайды. Өз жасушалары аксондарының бүйір тармақтары арқылы ми сабауы арқылы өтетін барлық арнаулы афферентті өткізгіш жолдармен байланысқандықтан, ол олардан импульстар алады және арнаулы емес хабарды ми қыртысына жеткізеді.
Лимбикалық жүйе Ежелден дамып келе жатқан лимбикалық жүйе адамның жануарларға ұқсас тіршілікті сақтау әрекеттері мен көбеюге байланысты инстиктивтік мінез-құлқына жауапты. Адамдарда осы туылғаннан болатын, қарапайым мінезқұлық тірлерін ми қыртысы басқарады. Адамдар келешекке жоспарлар құрып, үміттеніп, шаттанады, сонымен қатар ұятты сезінеді.
Лимбикалық жүйенің бөлімдері Қолқа (Жұқа қабық, күмбезді сүйелдік денемен байланыстырады) Күмбездің аяқшалары Емізіктік дене Иіс сезу буылтықтары Мишықтың (бадамшасы мінез-құлық, тәбет, ыза) Парагиппокамп (көңіл-күй) Гиппокамп (үйрену, жаңаны меңгеру) Ортаңғы ми Ми күмбезі (ақпаратты лимбикалық аймақтардан емізіктік денеге жеткізеді)
Пайдаланған әдебиеттер: 1. 2. 3. 4. 5. «Адам анатомиясы» 1 том. Алшынбай Рақышев. Алматы 2004 ж. Атлас «Адам анатомиясы» 2 том. Ә. Б. Әубакіров, Ү. Ж. Жұмабаев, Т. М. Досаев, Ф. М. Сүлейменова, Қ. Е. Сисабеков, М. З. Шайдаро в www. google. kz Fire-Aid все по медицине. Москва Оникс 2006 Атлас «Анатомия» М. Р. Сапин, Г. Л. Билич 1 том
Бектурган П.2036 ом.ppt