3004_ayak.ppt
- Количество слайдов: 27
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Анатомия кафедрасы Аяқтың буындық аппаратының жастық ерекшеліктері Орындағандар: Жұмабекқызы А Бегалы Н Жабаева Е Әбіл Н Сатыбалды А Бархы А Сейтбеков С Насритдинов З Қабылдаған: Қайырбекова Қ. Қ
Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім 1)Балалардағы қаңқалық өзгерістер 2)Балалардағы негізгі ерекшелігі а)Ұршық буыны б)Тізе буыны с)Балтыр-табан буыны және табан буыны Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе Аяқ-буын аппараты балалар мен ересектерде біршама ерекшеленеді. Аяқта келесі ірі буындарды бөлуге болады: жамбас-сан буыны, тізе буыны, сирақ-аяқ басы буыны, аяқ башпайларының буыны. Адам қаңқасының сүйекаралық байланыстарын зерттейтін ірі тұлғалы ілімді артрология деп атайды. Сүйекаралық байламдар, буындар, шеміршіектік және сүйектік тіндер байланысы мен адам қаңқасын құрайтын сүйектер жиынтығы, құрылысы мен қызметі өте күрделі жүйені құрайды. Бұл жүйенің негізгі қызметі адам қаңқасының дара орналасқан сүйектерін бір-бірімен жақындастыру, байламдар мен буындар арқылы сүйектердің азды көпті қозғалысын қамтамасыз етеді. Аталған буындардың жас ерекшеліктеріне байланысты өзгерістері бар және оны осы жұмысымыздың барысында оқи аласыздар.
Балалардағы қаңқалық өзгерістер Буындардың неғұрлым ұдайы дамуы 2 -3 жас арлығында баланың қозғалыс белсенділігінің артуына байланысты байқалады. 3 -8 жас аралығындағы балаларда барлық буындардағы керілісі көбейеді, буын капсyласының, байламдардың коллагенизация үрдісі жылдамдайды. 9 және 12 -14 жас аралығында буын сіңірлерінің қайта дамуы ақырындайды. Буын беткейлерінің, капсуланың және байламдардың қалыптасуы негізінен 13 -16 жас аралығында аяқталады.
Жамбас-сан буыны 1 -буындық ойыс 2 -ортан жілік басы 3 -ортан жіліктің басының байламы 4 -дөңгелек аймақ немесе байлам 5 -буындық ерін
Жамбас-сан буынының байламдары Мықын-сан байламы - буынның алдыңғы бетінде орналасып, мықын сүйегінің алдыңғы жоғарғы қылқанынан басталып төмен және латеральді бағытта өтеді де ортан жіліктің ұршық аралық сызықшасына бекиді. Қызметі: ұршық буынының жазылуын тежеп тұлғаны тік ұстау Қасаға-сан байламы – шат сүйегінің денесі мен жоғарғы бұтағынан басталып, ортан жіліктің ұршықаралық сызықшасына бекиді. Қызметі: жамбас буынының алшақтап қозғалуын тежеу. Шонданай -сан байламы – шонданай денесінің алдыңғы бетінен басталып алға бағытталып буын қапшығымен бітісе жалғасып ұршық аралық қырқаға бекиді. Дөңгелек аймақ – буын қапшығының ішкі бетінде ортан жіліктің мойынына оранып орналасқан. Қызметі: буынға түсетін салмақты жеңілдету Ортанжілік басынының жұмыр байламы – буын қапшығының ішінде орналасып сыртқы беті синовиалды қабықшамен қапталған. Қызметі: ортан жілік басын буын ойысында бір деңгейде ұстап, буын қапшығына түсетін салмақты жеңілдету.
Жамбас-сан буыны Жаңа туылған нәрестеде ұршық ойығы формасы овальді болады. Шетінен шеміршкті ойық ерінй болады. Ойық терең емес әрі беті жылтырай тегіс келеді. Ұршық ойығы жамбасты құратын 3 сүйектін бастамасы болатын шеміршектермен қапталған. Әлй сүйектері толығымен жетілмеген. Байлам қапшығы жұқа әрі созылыңқы болады. Жоғарғы және артқы әлі дұрыс қалыптасып ұсталынбаған. Сондықтан буынның тайып кетуі оңай. .
Жасы өсе келе ұршық ойығы домалақтана әрі тереңдей түседі. Нәрестелерде бұл буыннын аяқты жазу және пронациялауы тежейтын үшбұрышты формада тұратын байламдары болады Жасы өсе келе байламдар ұзарып , қапшықтардың дамуы әсерінен қимыл іс ~әрекет көбейеді
Жамбас-сан буынының байламдары 1 -мықынның алдыңғы жоғарғы қылқаны 2 -мықын қыры 3 -мықын-сан байламы 4 -буын қапшығы 5 -қасаға-сан байламы 6 -шонданай-сан байламы 7 -ортан жіліктің кіші айдаршығы 8 -айдаршықаралық сызық 9 -ортан жіліктің улкен айдаршығы
Тізе буыны Күределі буынға жатады; Қозғалысы: фронтальды білік бойында иіледі, жазылады. вертикальды білік бойында ішке және сыртқа бұрылады. Буын басы: ортан жіліктің медиалді және латералды айдаршығының буын бетінен тұрады. Буын басының сыртқы пішіні эллипстәрізді, айдаршықты Буын ойысы: асықтыжілік айдаршығының буын бетінен және тізе тобығының буын қуысына қараған беті.
Буынның негізгі элементтеріне: буын қапшығы; қосымша элементтері: буын байламдары, буын менискілері, май қатпарлары. Буын қапшығы: ортан жіліктің және тізе тобығының буын беті жиегі айналасында бекиді. Артқы бетінде синовиалді қатпарлар түзілген, арасында май тіндері орналасқан. Олар май қатпарларының қызметі: тізе буынының буын беттерін жақындастыру. Буын беттері ойыстау келіп буын басының буындық бетіне сәйкес келмегендіктен, тізе буынының буын беттері медиалді және латералді мениксілермен толықтырылған. Мениксілердің алдыңғы беті: менискіаралық көлденең байлам, ұштары айдаршық аралық көтеріңкі арқылы байланысқан.
Синовиальды қалталар Тобық үстілік қалта: ортан жіліктің дистальды ұшы, тізе тобығының жоғарғы бөлігі, төрт басты бұлшықеттер арасында. Тобық астылық қалта: тобық байламымен асықты жілік арасында. Тері астылық тобықалды қалта: тобық пен тері астында.
Тізе буыны жас нәрестенің буындық капсуласы тартылған, менискілері жұқа дәнекер тінді пластинкалар түрінде болады. Тізе буынының қысқа кресттәрізді байламдары бұл кезеңде буынның қозғалыс серпілісін шектеп тұрады. Екіншілік балалық шақ кезінде сан сүйегі ересек адамдардыкындей қалыпқа келеді. Тізеүсті қалтасы нәрестелерде буын қуысымен байланыспаған, ол өмірдің алғашық жылдарында қалыптасады, бірақ 6% жағдайда қалташа ересек адамдарда тізе буынның қуысынан тәуелсіз қалып қояды.
Синовиальды қалталар Тобық үстілік қалта: ортан жіліктің дистальды ұшы, тізе тобығының жоғарғы бөлігі, төрт басты бұлшықеттер арасында. Тобық астылық қалта: тобық байламымен асықты жілік арасында. Тері астылық тобықалды қалта: тобық пен тері астында.
Тізе буынының байламдары Ішкі байламдар: Алдыңғы кресттәрізді байлам, ортан жіліктің айдаршығының ішкі бетінен басталып, алдыңғы айдаршықаралық алаңға бекиді Артқы кресттәрізді байлам, ортан жіліктің медиальды айдаршығының латералды бетінен басталып, артқы айдаршықаралық алаүңға барып бекиді
Тізе буыны
Сирақ-топай буыны Балтыр сүйек пен асық сүйектің арасындағы буын. Пішіні шығыршық тәрізді, екі білікті. Байланыстырушы аппараты: v Латеральды топ байламдары: ü Алдыңғы асық-жіліншілік байламы (лат. ligaméntum talofibuláre antérius) ü Артқы асық-жіліншілік байламы (лат. ligaméntum talofibuláre postérius) ü Жіліншілік-табан байламы (лат. ligaméntum calcaneofibulare) v Медиальды топ байламдары ü Дельтатәрізді байлам
Балтыр-табан буыны және табан буыны
Сирақ-аяқ басы буыны сүйектерін • Асықты жілік • Шыбық сүйек • Табан сүйектері • құрайды
• Сирақ-аяқ буынының жастық ерекшеліктерінің бірі нәрестелерде буын капсуласы нәзік, байламдары толык жетілмеген болады. Буынды одан әрі дамыту үшін тұрақты және жаяу параллель әдістерін қолданады.
Тілерсек сүйектерінің көлденең буыны, articulatio tarsi transversa, анатомиялық құрылымы жағынан бөлек, асық – өкше – қайықша буыны мен өкше – текше буынынан тұрады. «S» әріпіне ұқсас, «Шопаров буыны» деп те атайды. Бұл буынды екі жақтылық байлам(lig. bifurcatum) бекітіп тұрады
Асық-өкше-қайықша буыны(articulatio talocalcaneonavicularis) – буын беттері асық, өкше және қайықша сүйектерінің бір-біріне қараған беттерінен тұрады. Асық сүйектің басы буын басын құраса, өкше сүйегі мен қайықшатәрізді сүйектің буынға қараған беті - буын ойысын құрайды. Буын қапшығының байламдары: Ø Асық – қайықша байламы(lig. talonavicularis) Ø Өкше – қайықша байламы (lig. calcanonavicularis) Буын құраушы сүйектердің санына қарай бұл буын күрделі буынға жатса, сыртқы пішініне қарай шартәрізді, үш білікті буынға жатады. Буындағы қозғалыс 55ºĆ-тан аспайды.
Өкше – текше буыны Өкше – текше буыны(articulation calcaneocuboideus) – текше сүйектің артқы беті мен өкше сүйегінің текше сүйектік буын бетінің беттесуі нәтижесінде құралған. Буын бетінің сыртқы пішініне қарай ертәрізді, екібілікті буындарға жатады. Буын қапшығының байламдары: Ø Табанның ұзын байламы(lig. plantare longum) Ø Табанның өкше – текше байламы(lig. calcanocuboideum plantare)
Қорытынды ретінде айта кетсек, жаңа туған нәрестенің буындық капсулалары қатты тартылған, байламдардың көпшілігі оларды құрайтын борпылдақ орналасқан талшықтардың жеткіліксіз дифференцировкасымен ерекшеленеді.
Пайдаланылған әдебиеттер Мәліметтер: Уч. Оперативная хирургия с топографической анатомией детского возраста ЮФ Исаков Н. А. Геппе, Н. С Подчерняевой “Пропедевтика детских болезней” Москва 2009 А. Рақышев “Адам анатомиясы” Алматы 1994 Тірек қимыл жүйесі модулі. Серия ред. Р. С. Досмағамбетова Атлас 1, 2 том Идирисов Ә. А. Клиникалық анатомия Идирисов Ә. А. Алматы 2009 ж редакторы А. п. Ерохин 184, 189, 190, беттер
3004_ayak.ppt