
Жыныс гормондары Калжанова.pptx
- Количество слайдов: 31
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Акушерства және гинекология кафедрасы Жыныс гормондарының диагностикалық маңызы Орындаған: Калжанова А. И. Тексерген: Жанабаева С. У. Қарағанды 2015 ж
Жоспар: І. Кіріспе: Гормондар туралы түсінік. Жыныс бездері ІІ. Негізгі бөлімі: 1. Жыныс гормондарының әсері 2. Аталық жыныс бездерінің гормондары 3. Аналық жыныс бездерінің гормондары ІІІ. Қорытынды. Пайдаланылған әдебиеттер.
Жыныс бездері – аралас бездерге жатады, яғни ішкі және сыртқы секреция бездерінің қызметтерін қатар атқарады: Ø Сыртқы секрециялық белгісі: ер адамдардың жыныс бездерінде жыныс жасушалары – сперматозоидтар, әйелдерде жұмыртқа жасушасы түзіледі. Ø Ішкі секрециялық белгісі: жыныс бездерінде бөлінетін жыныс гормондары бірден қанға бөлінеді.
Гормондар - арнайы эндокринді ағзалар немесе тіндер мен қан немесе лимфаға бөлінетін және оның түзілуі жерінен алшақ ағза құрылымы мен қызметіне әсер ететін арнайы физиологиялық белсенді заттар. Гормондар ағза қызметін біртұтастығын реттеуге қатысады. Гормон термині (греч. horma ono - қоздырамын, қимылға келтіремін) 1905 жылы У. Бэйлисс пен Э. Старлингпен енгізілді. Жыныс гормондарының физиологиялық әсері: Денеде зат алмасуды, анаболикалық процестерді күшейтеді, яғни күрделі органикалық қосылыстардың түзілуін күшейтеді. Екінші жыныс белгілерінің жасалып дамуына, пайда болуына көмектеседі.
Гормондар — өзінің химиялық табиғатына байланысты: стероидты гормондарға (жыныс гормондары, бұйрекүсті безі қыртысты заты гормоны), протеиндік және пептидтік гормондарға (гипофиз, қалқанша без, қалқаншамаңы безі, ұйқы безі, бұйрекүсті безінің бозғылт затының гормондары), ал нысандарға әсер ету қызметіне қарай: бірыңғай салалы ет құрылымдары мен бездерге салыстырмалы қысқа мерзім ішінде әсер ететін кинетикалық гормондарға (окситоцин, вазопрессин, адреналин, норадреналин), организмдегі зат алмасу процестерін реттейтін метабоддық гормондарға (тироксин, кальцитонин, паратгормон, инсулин, глюкаг он) және жасушалар, ұлпалар мен мүшелердің өсуі мен жетілуін бақылайтын морфогенетикалық гормондарға (соматропты гормон, фолликулды жандандырушы гормон, эстрогендер, тестостерон) бөлінеді. эстрогендер, тестостерон
Тестостерон Ер адамдарда Андроген Жыныс бездерінен бөлінетін гормон Эстроген Әйел адамдарда Гестоген
Жыныс бездері жыныс торшаларымен қатар аталық және аналық гормондар бөледі. Жыныс гормондары көбею мүшелерін физиологиялық тонуста ұстап, негізгі және қосалқы (сыртқы) жыныс белгілерін дамытады, аталық және аналық дарақтарға тән мінездерді, жыныстық дағдылы әрекеттерді (инстинкг), организмнің пісіп-жетілуін реттейді. Жыныс гормондары холестериннің туындылары болып табылады. Аталық және аналық гормондар аталық бездерде де, аналық бездерде де қатар түзіледі. Мысалы, ер адамның тәуліктік зәрінде 3 -10 мкг аталық гормондар және 5 -15 мкг аналық гормондар, ал әйелдер зәрінде 3 -10 мкг андрогендер, 18 -36 мкг эстрогендер болады.
Жыныс безінің гормондары: Андрогендер (тестостерон, андростерон, метилтестостерон);
Жыныс безінің гормондары: эстрогендер (эстрон, эстрадион, эстриол).
Аталық гормондар (андрогендер) аталық бездің (еннің) аралық ұлпаларындағы Лейдиг торшаларында түзіледі. Ал, бездің Сертоли торшаларында эстрогендер (аналық гормондар) түзіледі.
Ер адамдардан бөлінетін гормондар қызметі: Тестостеронның қызметі: ер адамдардың жыныс гормоны еркектерге тән белгілердің дамуына әсер етеді, яғни дауыстың жуандауы, сақал-мұрттың шығуы, бұлшықеттерінің даму ерекшеліктері және т. б. Андрогеннің қызметі: бауыр, бүйрек, бұшықеттегі нәруыздың түзілуін күшецтеді. Орталық жүйке жүйесіне әсер етеді.
Андрогендер (androgenae; көне грекше: ανδρεία — еркек; көне грекше: γένος — шығу, шығу тегі) — аталық жыныс гормондары. Андрогендер аталық жыныс безі — еннін бөлікшелерін құрайтын сирек тұқымдық өзекшелер аралықтарындағы борпылдақ дәнекер ұлпасында орналасқан үлкен ядролы, цитоплазмасы ацидофилді боялған ірі жасушалар — интерстициоциттерде (бүрынғы аты — Лейдиг жасушалары) түзіледі. Бұлардың цитоплазмасында эгранулалы эндоплазмалық тор мен түтікше келген митохондриялар көп болады. Кейде протеинді кристалдар да кездеседі. Андрогендер аз мөлшерде бүйрекүсті безінде және жұмыртқалық интерстициоциттерінде де түзіледі. Бүлар аталық жыныс мүшелерінің дамуы мен қызметіне және екінші жыныстық белгілердің жетіліп дамуына ықпал етеді. Андрогендер химиялық құрамы жағынан стероидтарға жатады. Бұлардың негізгі өкілі — тестостерон гормоны.
Тестостерон анабольдық стероидтардың ішінде маңызды орын алады. Тестостерон құрылысы мен құылымы 1935 жылы анықталған болатын. Оған арналған ғылыми-тәірибелік жұмыстар 40 -50 жылдары жүргізілді, бірақ айта кететін жайт ол кезде жүргізілген жұмыстар бірден өз нәтижесін бере алмады. Тестостерон қызметі жақсы зерттелді. Ол ағзада «күрестік рух» - ты көтеріп, шаршағанды басатын қасиеті бар. Тестостерон гормоны ер адамдармен қатар, әйел адамдардан да бөлінеді. Егер тестостерон гормоны әйел адамдарда көп жағдайда бөлінсе, оның даусы жуандап, бет терісінде түктер өсіп шығады.
Пол Медиана нг/дл Референтное значение, нг/дл Уровень тестостерона у мужчины 20 -49 лет 625, 0 286, 0 - 1511, 0 Уровень тестостерона у мужчины после 50 лет 438, 0 212, 0 - 742, 0 Уровень тестостерона у После пубертатного Фолликуллярная фаза 48, 0 взрослых женщин периода и до менопаузы до 118, 0 Овуляторная фаза 58, 0 21, 0 - 104, 0 Лютеиновая фаза 44, 0 до 119, 0 Общий для женщин Беременность Первый треместр 70, 0 3, 0 - 230, 0 Второй треместр 90, 0 30, 0 - 200, 0 Третий треместр 110, 0 30, 0 - 190, 0
Тестостерон гормонының уақытылы өз деңгейінде бөлінуіне әсер ететін бірнеше арнайы препараттар бар: даназол (аз мөлшерде), бузерин, карбамазепин, циметидин, циклофосфамид, ципротерон, дексаметазон, гозерелин, кетоконазол, леупролид, левоноргестрел, магний сульфаты, метандростенолон, метилпреднизолон, метирапон
Тестостеронның көп мөлшерде бөлінуінен: ∙ Иценко-Кушинга синдромы ∙ Адреногенитальный синдром (әйелдерде); ∙ Продуцирующие тестостерон новообразования яичек (ерлерде); ∙ Хромосомный набор XYY (ерлерде); ∙ Вирилизирующая опухоль яичников (әйелдерде); ∙ Снижение уровня глобулина, жыныс гормондарымен байланысатын.
Эстроген (греч. οίστρος — жарық+ греч. γενος — род) - стероидты гормондардың жалпы жинақталған атауы, бұл гормон негізінен әйелдердегі жұмыртқаның фолликулярлы аппаратынан өндіріледі. Сонымен қатар, бұл гормондар ер адамдарда да бөлінеді. Жалпы адамдарда эстрогеннің 3 типі белгілі: эстрдиол, эстриол және эстрон. Олар андрогендердің күрделі ферментативті реакция нәтижесіне өндіріледі. Эстродиол тестостероннан пайда болса, эстрон ароматаз ферментінің әсер етуінен андростендионнан пайда болады. Эстронның әсер ету қасиеті эстрадиолға қарағанда әлсіз болып келеді.
Негізен әйел адамдарға тән жыныс гормондарының бірі- эстроген. Яғни бұл термин барық әйел-жыныс гормондарының жинқтаған атауы. Бұл гормондар жұмыртқада өндіріледі, олар әйелдің дене қалпына, яғни бел аймағы мен кеуде аймағының қалыпты өсуіне, әйел мінездеріне де жауап береді. Олар жасушалардың жаңаруымен қатар, терінің жас әрі нәзік болуын, шаштың берік әрі жылтыр болуын, холестерин жетіспегенде, қан-тамырардың жұымстарын да асқарады. Эстроген жетіспегенде әйел дене пішіні «еркекшораға» айалады, бойының өсі төмендеп, теріде түктер шығады. Бел және іш аймағына артық май жиналып, жатыр миомасын тудырады.
Прогестерон – жұмыртқадағы сары дене гормоны. Химиялық табиғатына байланысты стероидты гормондарға жатады. Химиялық формуласы - C 21 H 30 O 2 Молярлық массасы – 314, 46. Прогестерон гормоны көп мөлшерде жұмыртқаларда өндіріледі. Прогестерон гормоны нейростероидты гормондардың қатарвна да жатады, яғни бас ми
Эстрогендер әйелдердің етеккір циклін бақылап отырады, қан қысымының жоғарылауы, климакс кезіндегі ауытқулар және басқа ауруларды емдеуде қолданады.
Гестогендер жұмыртқаның сары денесінде түзіледі (жүктілік кезінде). Гестогендер – прегнан туындылары. Олардың ішінде ең белсендісі прогестерон, оның екі бүйірлік бетінде көміртек атомы болады. Прогестерон гормоны жүктілік кезде көп бөлінеді, яғи ол кезде І дәрежеден ІІІ дәрежеге дейін жетіліп, өседі, бірақ босану алдында дереу азаяды.
Эстрогендер өсімдіктерде – кокос жаңғағында, гүлді өсімдіктер және т. б. Кездеседі. Қазіргі кезде медицина саласы үшін эстрогендерді арнайы өндірістік химиялық синтез жолымен алынады. Эстрогеннің жасанды өкілдерін кеңінен іздестіру нәтижесі, эстрогендік белсенділігі жоғары қосылыстар алуға алып келеді. Олар диэтильбэстрол және оны гидрленген өнімі синэстрол жатады.
Қорытынды: Сонымен қорыта келгенде жыныс гормондары зат алмасу, көбею жыныс белгілерін ажырауынан (диференция) бастап, ұрықтың пайда болып, дамып, тууына дейінгі көптеген үрдістерді реттейді.
Тақырыпты қорытындылауға арналған сұрақтар § Гормон терминін ғылымға енгізген ғалымдарды атаңыз? § Жыныс гормондары ненің туындылары болып табылады? § С 19 Н 28 О 2 қай гормонның формуласы болып табылады? § Андрогендер қайда түзіледі? § Эстрогеннің негізгі 3 типін анықтаңыз?
Қолданылған әдебиеттер: Айламазян Э. Г. Акушерство – учебник для студентов мед. ВУЗов. Санкт. Петербург. – 2005 г. Бодяжина В. И. , Жмакин К. Н. , Кирющенков А. П. Акушерство – учебник для студентов мед. ВУЗов. М. , 2001 г. Дуда В. И. Гинекология 2002 г. 77 экз. Красножон Д. - Лекции по акушерству
Назарларыңызға рахмет!!!
Жыныс гормондары Калжанова.pptx