
Астматикалык статус.pptx
- Количество слайдов: 15
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті № 2 Жедел медициналық жәрдем кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Астматикалық статус Орындаған : Болатова Ұ. М 5 -006 ЖМФ Тексерген: Алтынай Хасикановна Қарағанды -2015 ж
Жоспары: Ø Астматикалық статус деген не? Ø Жіктелуі Ø Этиология Ø Патогенез Ø Клиникалық көрінісі Ø Жедел жәрдем шаралары Ø Қолданылған әдебиеттер Ø Қорытынды
Астматикалық статус-бронх демікпесінің ауыр асқынуы, әдетте ұзаққа созылатын жеңілдік алып келмейтін ұстамадан кейін пайда болады. Астматикалық статус – бронхиолалардың ісінуі мен тұтқыр қақырықтың жиналуымен сипатталады. Мұның барлығы тұншығудың ұлғаюымен оттегі жеткіліксіздігін тудырады.
Жіктелуі: Патогенезіне байланысты: -жай дамитын астматикалық статус( метаболикалық) -тез дамитын астматикалық статус(анафилактикалық) -Анафилактоидтық Кезеңі бойынша: - Компенсация - Субкомпенсация - Декомпенсация
Этиология: Ø Бронх демікпесінің асқынуы Ø Седативті және ұйықтататын дәрілерді көп қабылдау Ø Бронхтардың аллергиялық реакциясын тудыратын дәрілік препараттарды қабылдау (салицилаттар, анальгин, антибиотиктер, вауһк цина)
Патогенезі : Метаболикалық түрі Ø Бронхоспазмды шақыратын в 2 адренорецепторлардың терең тосқауылы Ø Глюкакартикоидтардың тапшылығы Ø Бронхтардың қабынулық процессі
Анафилактикалық түрі: Ø Аллергенмен жанасу кезіндегі анфилактикалық реакция ретінде дамиды. Бұл түр бронхоспазм және асфиксияның дамуымен көрінеді
Анафилактоидтық түрі: Тыныс алу жолдарының механикалық , физикалық , химиялық жолмен тітіркенуін айтады. Мыс: салқын ауа, өткір иіс
Клиникалық көрінісі: Астматикалық статустың клиникасында 3 кезеңді ажыратады: 1. Бастапқы кезең. Науқас мәжбүр қалыпта отырады. Есі бұзылмаған, бірақ өте қатты қорқыныш пайда болады. Еріндері көгерген. ТАЖ 26 -40 рет. Қақырықтың бөлінуінсіз қатты жөтел. Аускультацияда қатқыл тыныс, өкпенің барлық бөлімдерінен құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Аздаған тахикардия, өкпелік артерияда 2 тон акценті. Жедел тыныс жеткіліксіздігінің біріншілік белгілері пайда болады.
2. Есі сақталған. Жалпы жағдайы ауыр немесе өте ауыр. Науқас әлсіз , аздаған жүктеме жағдайын тез төмендетеді. Тағам қабылдай алмайды, ұйқысыздық. Тері мен шырышты қабаттар көгерген, мойын веналары ісінген. ТАЖ -минутына 40 тан жоғары. Тынысы алыстан естіледі, беткей. ЖСЖ 120 рет, тахикардия.
3. (гипоксиялық гиперкапниялық кома кезеңі) Жағдайы өте ауыр. Есін жоғалтқан, есін жоғалтар алдында ұстамалар болуы мүмкін. Қарашық ұлғайған. ТАЖ – 60 -тан жоғары , беткей тыныс , аритмиялық. Жүрек тондары әлсіз. АҚ жылдам төмендеген немесе анықталмайды. Жедел оң жақ қарынша жеткіліксіздігі дамиды.
Жедел жәрдем шаралары Ø Астматикалык статуста 0, 3 -0, 5 мл 0, 18 % Эпинефрин ерітіндісі тамырішілік 0, 9% Натрий хлорид ерітіндісімен Ø Маска арқылы ылғалды оттегі Ø Тамырішілік кортикостероидтар енгізу. глюкокартикоид-преднизалон 90 - 150 мг , метилпреднизалон 120 -1800 мг Ø В 2 –адреномиметиктерді ингаляциялық түрде сальбутамол 100 мкг небулайзер арқылы 5 -10 мин аралығында Ø Аминофиллин. Бастапқы доза 5, 6 мг /кг дене массасына Ø Гепарин 5000 -10000 бр тамырішілік
Комалық жағдайда: Ø Спонтанды тыныс кезінде жедел интубация Ø Өкпені жасанды желдендіру Ø Қажет болған жағдайда жүрек -өкпелік реанимация
Астматикалык статус.pptx