Бекмуратова Балауса оз.pptx
- Количество слайдов: 18
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы Тақырыбы: шетелдердегі денсаулық сақтау. Денсаулықдағы ақпараттық технология. Орындаған : 305 топ ЖМФ Джалжанова Г. У. Тексерген: Блялова Н. Н
Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім Ең үздік денсаулық сақтау жүйесі қай елде? Ең үздік ұйым Европа елдерінің денсаулық сақтау жүйесі Қолданылған әдебиеттер
кіріспе Денсаулық дегеніміз барлық дене мүшелеріміздің әлеуметтік биологиялық психикалық сәйкестігі , яғни дене мүшелерінің қалыпты қызметі. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы Біріккен ұлттар жүйесінің шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы құрылымды бағыттаушы және реттеуші болып саналады. Ол денсаулықты сақтаудың ауқымды мәселелерін шешуде, денсаулықты сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердің күн тәртібін құруда, нормалар мен стандарттарды орнатуда, нақты деректер негізінде саясатты әзірлеуде, елдерге техникалық қолдауды қамтамасыз етуде, сонымен қатар, денсаулық сақтау саласындағы және оның өзгеру қарқынын бағалау барысында басты рөлді қамтамсыз етуге жаупты. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мүшелігіне 193 мемлекет кіреді, олар өңірлер бойынша біріктірілген. ДДСҰ Бас директоры Маргарет Чен
ЕҢ ҮЗДІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ҚАЙ ЕЛДЕ? Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымы 191 елдің денсаулық сақтау саласын жете зерттеп, ең үздік деп Францияны атады. Зерттеу мынадай критерийлерге сүйеніп жасалды: тиімділік, қолжетімділік, халық мұқтаждығына сәйкестік. Францияда ең жақсы ауруханалар, ең білікті дәрігерлер, заманауи техникалық жабдықтау және осының бәріне халық толықтай қолжеткізе алады. Екінші орынға Италия мемлекеті орнықса, үшінші, төртінші және бесінші орындарға кішкентай мемлкеттер Сан-Марино, Андора, Мальта табан тіреді. Әрі қарай Сингапур мен Испания орынығып, сегзінші орын Оман мемлкетіне бұйырды. Сондай-ақ, үздік ондыққа Австрия мен Жапония да кірді. Денсаулық сақтау саласына бюджеттен қыруар қаржы бөлетін АҚШ тек 37 орынды қанағат етіпті. БДҰ (ВОЗ) тізімінде біздің Қазақстан 64 орында болса, бұрыңғы кеңес елдерінің ішінен Литва -73, Белорусия -74, Эстония -79, Молдавия -101, Армения -104, Латвия -105, Әзербайжан -109 орындарды иеленді. Рессей болса бұл тізімнің 130 орынына түсіп, 131 -орынға Гондурас мемлекеті табан тіреген. Алпауыт Қытайға тек 144 орын бұйырып, осы тізімнің соңғы орнына Сьерра-Леона орныққан.
Ең үздік ұйым Commonwealth Fund тәуелсіз ұйымы ең үздік денсаулық жүйесін тек индустриальды дамыған 7 мемлкеттің ішінен анықтады. Бұл ұйым медицина саласының сапасы, емдеудің тиімділігі және қолжетімділігі, өмір сүру ұзақтығы, өмір сүру сапасы сияқты көрсет-кіштерге негізделген. Нәтижесінде дамыған елдер мынадай тізіммен орнықты: 1 Нидерланды, 2 -Ұлыбритания, 3 -Австралия, 4 -Германия, 5 -Жаңа Зеландия, 6 -Канада, 7 - АҚШ денсаулық сақтау саласына ең көп қаражат жұмсағанымен бұл тізімде де бірінші бола алмады. Бір американдыққа денсаулық сақтау саласына жұмсалатын 7, 3 доллар, голландықтар жұмсайтын 3, 8 доллардан тиімдірек бола алмады. АҚШ та медициналық көмектің қол жетімділігі төменгі деңгейде. Себебі Америкада ең қымбат медицина, әлі де қымбаттау үстінде. Нидерландыда денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру және медициналық көмекпен қамтамасыз ету туралы заңнамалар өте жақсы жұмыс істейді. Бұл елде халық жақсы ақпараттандырылған және өзіне ең қолайлы, ең сапалы емнің түрін таңдай алады. Сол себептенде, Euro Health Consumer Index (EHCI) жүйесіде Нидерланды денсаулық сақтау саласын европадағы ең үздік деп біледі.
Американың Newsweek саяси-қоғамдық басылымының рейтингі бойынша өмір сүруге ең қолайлы мемлекет Финдляндия болса, ең үздік денсаулық сақтау жүйесі Жапонияда екен. Жапония азаматының орташа өмір сүру ұзақтығы 82 жас. Азаматтардың өмір сүру ұзақтығы денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігінің бір көрсеткіші болып табылады. Алайда Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымының пікірінше азия аймағындағы ең үздік медицина Сингапур елінде. Әр жыл сайын Сингапурға емделу үшін 500 мың адам келеді екен. Сингапурда медицинаның барлық саласы бойынша өте білікті мамандар жұмыс ісдейді. БДҰ-ның мәліметіне сүйенсек, бұндай ең көп білікті мамандар азия аймағы бойынша Сингапурда ғана бар. Бұл елдің дәрігерлері АҚШ, Европа елдерінен және Жапонияда білім алып, тәжірибе жинайды. Осы арқылы Сингапур денсаулық саласы батыс пен шығыс медицинасының ең жақсы жақтарын жинаған. Европа және АҚШ-пен салыстыр-ғанда бұл елде емделу және диагностика өте арзан, яғни, қол жетімді. Ал Қазақстан ден-саулық саласына жаңадан енгізілген Біріңғай Ұлттық Денсаулық сақтау бағдарламасы осы Сингапур медицинасының тәжірибесіне қарап жасалған. .
магнитно-резонансный томограф Аз-300
Осы уақытқа дейін Сингапурда бұл бағдарлама жақсы нәтижелер көрсетті. Медициналық қызметтің сапасын бұл елде үкімет қадағалайды. Заңнамалық жүйесі жоғары деңгейде жұмыс істегендіктен, кез-келген емделуші өз мүддесінің толықтай қорғалатынын біледі. Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының ең үздік ондықта Оман мемлкеті сегізінші орында тұр. Бұл таңғаларлық жетістік. Осыдан жиырма жыл бұрын Оманда балалардың 23% бес жасқа жетпей өлетін. Ал бүгінгі күні әлемдегі ең үздік денсаулықсақтау жүйесінің бірі болып отыр. Бұл елде 1970 -жылдары дәрігерлер өте аз болатын. Науқас медициналық көмек алу үшін төрт күн жол жүретін. Алайда бұл жағдай қазір өзгерді. Мұнай саласының дамуы бұл елде денсаулық сақтау жүйесіне қаражатты көп мөлшерде бөлуге жол ашты. Қазір Оманда жергілікті, аудандық, аймақтық медициналық мекемелерден құралған үлкен желі жұмыс істейді. Әрбір медициналық мекемеде кадр саны 5 мың адамнан кем емес.
термомассаж Hi-Master
франция Францияның денсаулық сақтау жүйесіне тоқталатын болсақ, бұл денсаулық сақтау жүйесі өзінің күрделілігімен ерекшеленеді. Бұл жүйеде медициналық көмек көрсету және денсаулық сақтауды қаржыландыру мемлкеттік және жеке секторды біріктіре отырып, міндетті медициналық сақтандыру негізінде жұмыс істейді. Медициналық көмек кең көлемде ауруханалардың деңгейде ғана емес, амбулаториялық деңгейде де жүзеге асырады. Денсаулық сақтау жүйесі Франция халқының сұранысына толықтай жауап береді. Евро Кеңестегі өзге елдерге қарағанда Францияда туылу және өлім деңгейі жақсы көрсеткішке жетті, алайда СПИД індетіне шалдыққандар және алкоголь мен шылым пайдалану деңгейінің жоғары болуы жақсы көрсеткіштерге кері әсер етеді. Медициналық көмекке халықтың бір деңгейде қолжетімділігін Ұлттық медициналық сақтандыру қамтамасыз етеді. Ұлттық медициналық сақтандыру Франция халқының 99% қамтиды. Франция азаматының медициналық сақтандыруына қаржы азаматтың жалақысынан ұсталып отырады. Тіпті зейнеткерлерден де медициналық сақтандыруға ақша ұсталады. Азамат аяқ астынан ауруханаға түскен кезде оның емінің ақысын медициналық сақтандыру төлейді.
Австрия Франциямен бірге үздік ондыққа кіретін Австрия мемлекетінің денсаулық сақтау жүйесі сақтандыруымен ерекше. Бұл елдің әлеуметтік саясаты өте тиімді жұмыс істейді. Австрия ден-саулық сақтау саласына жалпы табысының 8, 3% жұмсайды. Австирялық дәрігерлер табиғат апаттарының салдарын жою жағынан жақсы жұмысымен атақты, ал Австрияда медициналық жабдықтары ерекше сұраныс-қа ие. Австрия мемлкеті бірінші болып 2005 жылы электронды медициналық қызмет көрсетуді енгізді. Барлық азаматтарда элетронды карта болады. Бұл картада азамат туралы барлық ақпарат сақталады, оның жеке, әлеуметтік, медициналық сақтандырулардың нөмері. Осы карта арқылы азамат Австрияның кез келген жерінде медициналық көмек алуына, дәріханадан дәрі сатып алуына да мүмкіндік туды. Е-карта арқылы емделуші туралы барлық ақпарат комьпютерлік базада сақталады. Дәрігер е-карта номерін енгізу арқылы науқас туралы толық ақпаратты компьютер базасынан алады. Бұл карта адам дүниеге келгеннен бастап қолданысқа беріледі.
италия БДҰ-ның стандартына сай Италия ең үздік медициналық қызмет көрсететін мемлкеттер қатарына жатады. БҰҰ-ның деректеріне сәйкес, Италияда орташа өмір сүру ұзақтығы ерлерде 76 жас, әйел адамдарда 82 жас. Бұл елде дәрігерлер өте көп, 160 адамға 1 дәрігерден келеді. Бұл әлем бойынша ең жоғары көрсеткіш. Италия үкіметі денсаулық сақтау жүйесіне жалпы табысының 6% жұмсайды. Италия медициналық сақтандырудан Франциядан кейінгі екінші орын алады. Италияның Ұлттық денсаулық сақтау жүйесі жергілікті денсаулық сақтау органдарымен басқарылып, Евро кеңестің азаматтарына тегін немесе өте арзан медициналық қызмет көрсетеді. Шетел азаматтары да Италия жеріне аяқ басқаннан кейін медицианлық сақтандыруды алуға міндетті. Италия жерінде медициналық сақтандырусыз тұру заңға қайшы келеді. Медициналық сақтандыру жеке және мемлкеттік болып бөлінеді. Әр азамат медициналық сақтандырудың өзі қалағанын таңдауға құқылы.
испания Испанияның медициналық қызметі БДҰ –ның рейтингінде үздік ондыққа кіреді. Испанияның медициналық қызмет көрсету саласы «көп нұсқалы» болып келеді. Бұл елдің Ұлттық днесаулық сақтау жүйесі халықты түгелдей қамтиды және медицианлық қызметке тең деңгейде қолжетімділік принціпіне негізделген. Денсаулық сақтау саласы салықтың арқасында қаржыландырылады. Қазіргі кезде халықтың 93, 9% тегін медицианылқ көмек алуына құқылы. Испанияның мемлекеттік медициналық мекемелерінде емделу тегін. Дегенмен, емделуші ішетін дәрілер бағасының 40% төлеуге міндетті. Бірақ қазіргі уақытта зейнеткерлер мен жұмыссыздарға дәрілер тегін жіберіледі. Сонымен қатар Испания үкіметі алкоголь мен темекіге төленетін салықты көбейту арқылы денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражатты арттырды. Испанияда жедел жәрдем қызметі өте жақсы дамыған. Әр бір мемлекеттік медициналық мекемеде міндетті түрде жедел жәрдем қызметі жұмыс істейді. Әр әкімшілік округте білікті мамандар жұмыс істейтін, жоғары сапалы жабдықталған мемлекеттік медициналық мекеме болуға тиіс. Сонымен қатар өзге де европа елдеріндегідей Испанияда да сақтандыру жүйесі жақсы дамыған. Көптеген медициналық сақтандыру компаниялары бар. Компаниялар сан түрлі медициналық сақтандыруды ұсынады. Жеке сақтандырудан бастап, отбасылық сақтандыруға дейін бар
канада Канаданың денсаулық сақтау жүйесі» үкіметі мақтан тұтатын салалардың бірі. Медициналық қызмет көрсету Medicare деп аталатын денсаулық сақтау бағдарламасымен жұмыс істейді. Бұл бағдарлама бойынша медицианлық қызмет көрсету жергілікті басқару, федаралды басқару органдары арқылы үкімет белгілейтін ортақ принциппен жүзеге асырылады. Қаржыландыру да жергілікті округтің бюджетінен жүргізіледі. Канада десаулық сақтау саласы алғашқы емдеу, яғни, терапевттік жүйесіне негізделеді. Терапевттердің жұмысына ерекше көңіл аударылады. Канадада медициналық қызмет көрсету тегін. Америкамен салыстырғанда Канадада медициналық қызмет қолжетімді
швейцария. Ал Европаның саяси тұрақты елдерінің бірі әрдайым сапалы медициналық қызметпен ерекшеленген. Бұл « Швейцария денсаулық сақтау жүйесінің негізі « міндетті медициналық сақтандыру. Аты айтып тұрғандай, медициналық сақтандыруды барлық азаматтар жасауға міндетті. Бұл жерде медициналық сақтандырудың тек жеке түрі ғана бар. Бірақ бұл мемлекетке де, азамат-тарға да өте тиімді. Ал медицина Швейцарияда өте қымбат. Мысалы дәрігерге жай қаралу 200 доллар тұрса, толықтай диагностикалық тексеруден өту 2000 доллар шамасында болады. Швейцария нейрохирургия, кардиохирургия , онкология және пластикалық хирургиядан алғашқы қатардан көрінеді. Сонымен қатар Швейцария дәрі шығарудан да әлемдік көшбасшыладың бірі.
қорытынды Бұл әлемдегі ең үздік Денсаулық сақтау жүйесімен ерекшеленетін мемлекеттер туралы ақпарат болды. Әрбір елдің денсаулық сақтау саласында өзіне тән ерекшеліктер бар. Қазақстан денсаулық сақтау жүйесі Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының тізімінде 64 -орында тұр. Отандық денсаулық сақтау жүйесінде соңғы жылдары көптеген реформалар жасалып, түрлі бағдарламалар қабылданды, қаржыландыру да жақсарды. Денсаулық сақтау саласындағы кемшіліктерді жою арқылы болашақ ұрпаққа жарқын өмір сыйлайтынымызға сенейік. «Дәрігерге сау болып кіріп, ауру болып шықтым» деп, дәрігер емдеудің орнына керісінше боламайтынына қашан сенімді боламыз? Біздің Денсаулық сақтау саласында «Бірыңғай Ұлттық Денсаулық сақтау жүйесі» бар, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бар.
Пайдаланылған әдебиеттер Google. kz
Бекмуратова Балауса оз.pptx