Қарағанды мемлекеттік медицина университеті « Әлеуметтік медицина және
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті « Әлеуметтік медицина және қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы» С Ө Ж Қазақстан үшін мыңжылдықтағы даму мақсаты. «Денсаулық жүйесі мен халық денсаулығы туралы» Қ.Р кодексі Орындаған: Колбаева К.А. 307 топ, ЖМФ Тексерген: Аубакирова Д.С Қарағанды 2012
Жоспар І.Кіріспе ІІ.Негізгі бөлім а) Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі б) ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОДЕКСІ в)Денсаулық жүйесі мен халық денсаулығына сараптама ІІІ. Қорытынды
Кіріспе Халық денсаулығының жай-күйi қоғамның әлеуметтiк бағдарлылығының, мемлекеттiң өз азаматтарының алдындағы жауапкершiлiк дәрежесiн сипаттайтын әлеуметтiк кепiлдiктерiнiң интегралды көрсеткiшi болып табылады. Қазақстан, мемлекеттiк қалыптасуы кезеңiнде елеулi экономикалық құлдырауға ұшырап, әлеуметтiк салада, соның iшiнде кеңес уақытында құрылған және негiзiнен жұмыстың сандық көрсеткiштерiне бағдарланған медициналық ұйымдардың икемсiз жүйесiнен тұратын денсаулық сақтау жүйесiнде елеулi оңтайландыру жүргiздi.
Денсаулық сақтау жүйесі Соңғы жылдары Қазақстан едәуiр экономикалық өсуге қол жеткiздi, осының нәтижесiнде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру елеулi өстi (соңғы үш жылда екi рет), сондай-ақ олардың одан әрi дамуының перспективалары жасалды. Әлеуметтiк бағдарлана отырып мемлекет бұдан әрi де саланың дамуына елеулi түрде көңiл бөлуге ниеттенедi. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегi бойынша азамат денсаулығының тек 8-10 %-i ғана денсаулық сақтау жүйесiнiң жұмысына байланысты екендiгiне қарамастан, мемлекеттiң қоғамдық денсаулық сақтау жөнiндегi күш-жiгерi экономикалық және әлеуметтiк прогреске қарай өсе түсуге тиiс.
Денсаулық сақтау жүйесі Қазақстан Республикасында тәуелсiздiк жылдарында саланы реформалау қадамдары бiрнеше мәрте жасалды. Айталық, 1996-1998 жылдары денсаулық сақтау жүйесiне принциптi түрдегi жаңа екi элемент: сатып алушы мен сатушы қатынастарының және медициналық көмектiң көлемi мен сапасына байланысты сараланған еңбекақы төлемiнiң пайда болуына мүмкiндiк туғызатын денсаулық сақтауды қаржыландырудың бюджеттiк-сақтандыру моделi енгiзiлген болатын. 1999 жылдан бастап бөлінетін қаражатқа байланысты түпкiлiктi нәтижеге бағдар ұстануға мүмкіндік беретiн бағдарламалық қаржыландыру енгiзiлдi.
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қ.Р. Кодексі ЖАЛПЫ БӨЛІМ 1-бөлім. Жалпы ережелер 1-тарау. Негізгі ережелер 2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу мен басқару 3-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы лицензиялау, аккредиттеу және аттестаттау 4-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы стан¬дарттар, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сәйкестігін растау және жарнама
5-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау 6-тарау. Денсаулық сақтау жүйесін қаржы¬ландыру 7-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру 8-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық ЕРЕКШЕ БӨЛІМ 2-бөлім. Денсаулық сақтау жүйесі және медициналық көмекті ұйымдастыру 9-тарау. Денсаулық сақтау жүйесі және медициналық көмекті ұйымдастыру 3-бөлім. Медициналық қызмет 10-тарау. Медициналық қызметтің мазмұны мен түрлері 11-тарау. Медициналық көмек 12-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама түрлері
4-бөлім. Фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы 13-тарау. Фармацевтикалық қызмет 14-тарау. Дәрілік заттардың, медициналық мақ¬саттағы бұйымдар мен медициналық тех¬никаның айналысы 15-тарау. Дәрілік заттардың, медициналық мақ¬саттағы бұйымдар мен медициналық тех¬никаның қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар 5-бөлім. Азаматтардың денсаулығын сақтау 16-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы құқықтар мен міндеттер және оларды қамтамасыз 17-тарау. Адамның ұрпақты болу құқықтарын қорғау 18-тарау. Туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету
19-тарау. АИТВ инфекциясын жұқтырғандарға және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға меди-циналық-әлеуметтік көмек көрсету 20-тарау. Психикасының бұзылуынан (ау¬руынан) зардап шегуші адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету 21-тарау. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарға медици¬налық-әлеуметтік көмек көрсету 22-тарау. Азаматтардың жекелеген санат¬тарына медициналық көмек көрсету 23-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы жекелеген қатынастарды реттеу 6-бөлім. Халықтың санитариялық-эпиде¬миологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет және қоғамдық денсаулықты сақтау 24-тарау. Халықтың санитариялық-эпидемио¬логиялық салауаттылығы саласындағы қызмет 25-тарау. Қоғамдық денсаулықты сақтау 7-бөлім. Донорлық және транспланттау 26-тарау. Қан мен оның компоненттерінің донорлығы 27-тарау. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау 28-тарау. Адамның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін), қан мен оның компоненттерін әкелу, әкету 8-бөлім. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми қызмет 29-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі
30-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет 9-бөлім. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі, оларды әлеуметтік қорғау 31-тарау. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері, еңбек қатынастары, Ар-намыс кодексі 10-бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер 32-тарау. Қазақстан Республикасының ден¬саулық сақтау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық және осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
Сонау тоқсаныншы жылдардың соңында-ақ ел Президенті 2030 жылға дейінгі дамудың ауқымды бағдарламасын бекіткенін және осы орайда негізгі басымдықтар анықталғанын, сондай-ақ осы дамудың аясында Қазақстан алға жылжып, белгіленген мақсаттар тиянақты орындалғанын айта келіп Үкімет басшысы «2000-2007 жылдар аралығында экономиканың жылына 7-8 пайыздық қарқынды өсімі – бұл нарықтық қалыптасудың және тоқсаныншы жылдары атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесі» екенін атады. Сондай-ақ Премьер-Министр өз сөзінде 2007 жылдан басталған әлемдік қаржы дағдарысының бірінші кезеңінде еліміз алдында тұрған қауіп-қатерлер еңсеріліп, Қазақстан жүйесі өзінің тұрақтылығын дәлелдегенін жеткізді. Осының нәтижесінде 2010-2011 жылдардағы экономикалық дамудың Қазақстанның экономикалық өсіп-өркендеуінің тұрақты кезеңіне, яғни 7 пайыздық өсімге шығуына мүмкіндік бергеніне де тоқталды.
Қазақстан үшін үшінші мыңжылдықтың мақсаты Форум барысында «Елдің әлеуметтік саясаты мен әлеуметтік басымдықтары», «Елдің қаржы саясаты: қалыптасу кезеңдері және даму келешегі», «Экономикалық даму қорытындысы және келешек бағдар» тақырыбындағы мәселелер талқыланып, «Елдің инвестициялық саясаты», «Аймақтық кәсіпкерлікті дамыту аспектілері», «Отандық кәсіпкерліктің даму жағдайы мен беталысы», «Doing Business» есебі бойынша Қазақстанның даму көрсеткіштері», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдары «Мыңжылдықтағы даму мақсаты мен орнықты даму қағидаттары» атты жобалардың іске асырылуын қорытындылады. Форум аясынды
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, экономикалық жағынан дамыған елдерде орта және шағын бизнес барынша кең етек алады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ Қазақстан жеке меншік институтын қорғауға және кәсіпкерлік бастаманы жан-жақты қолдауға негізделген нарықтық экономиканы құруды басты бағыт етіп алды. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, Қазақстан 2008-2012 жылдар аралығы кезеңдегі рейтингінде 80-орыннан 47-орынға көтеріліп, экономикалық белесте өз ұстанымын биіктете білді. Форумда сөйлеуші сарапшылар мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдау саласындағы белсенді саясаты жаһандық экономикалық дағдарыс кезінде орта және шағын бизнестің дамуына оң әсер еткеніне, соңғы төрт жыл ішінде еліміздегі орта және шағын кәсіпкерлік секторына көрсетілген мемлекеттік қаржылай көмек көлемі және аталмыш қолдау шараларының пәрменділігі мен тиімділігі көрші елдерге қарағанда, әлдеқайда жоғары болғандығына айрықша тоқталды. Сонымен қатар, дағдарыстан кейінгі даму міндеттерін жүзеге асыру үшін Қазақстан 2010 жылдан бастап жүзеге асырған «Бизнестің жол картасы-2020» – кәсіпкерлікті кешенді дамыту бағдарламасының тиімді болғаны да атап айтылды.
Қорытынды Жинақталған проблемалар денсаулық сақтау саласын басқару қағидаттарын түбегейлі қайта қарауды талап етедi. Мемлекет басшысының 2005 жылға арналған Жолдауында саланың басқару жүйесiн, денсаулық сақтау iсiн қаржыландыруды, ұсынылатын медициналық көмек берудi ұйымдастыруды, денсаулық сақтау жүйесiнiң нормативтiк базасын, саланың статистикасы мен оны ақпараттандыруды, есептілiктi оңтайландыруды жетiлдiруге, сондай-ақ қаржы ресурстарын тиiмдi пайдалану мен сатып алуды міндеттi түрде орталықсыздандыру бөлігінде байыпты өзгерiстер жүргiзу қажеттiгi көрсетiлген. Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған осы мемлекеттiк бағдарламасы Қазақстанның 2030 жылғы кезеңге дейiнгi Даму стратегиясын, арқылы жүзеге асады
Пайдаланылған әдебиеттер ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОДЕКСІ 2. Ю.П.Лисицын. Общественное здоровье и здравоохранение 3. www.google.kz 4. www.yandex.ru
33516-6_ta_1179_yryp.ppt
- Количество слайдов: 15

