Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан
sayasi_ғylymnyң_damu_tarihy_ghәne____negіzgі_kezeңderі_srs.ppt
- Размер: 169.5 Кб
- Автор:
- Количество слайдов: 14
Описание презентации Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан по слайдам
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасы СӨЖСӨЖ Орындаған: Бегалина Ж. Т. 117 топ ЖМФ Тексерген: Аға оқытушы Темірқұлов О. Ж. Қарағанды, 2009 ж
Саяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері Құлдық дәуірдегі саяси ой – пікірлер: Тарихта белгілі ең алғаш өрелі өркениеттіліктің ошағы болып, құлпырып гүлдену Ежелгі Шығыс – Мысыр( Египет), Вавилон ( Ирак), Үндістан, Қытай, Парсы ( Иран) елдерінде келеді. XVXV ғасырда дейін Шығыс мәдениеті Батыс мәдениетінен шоқтығы көш жоғары болып, өркениеттің үлгісін көрсетті.
Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қатты дамыды. Онда қоғам Шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама – қарсы өрістеді. Греция ол кезде бытыраңқы күн кешкен ел еді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар құрды. Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар көп. Бірақ біз солардың ішінде ең көрнекті екі өкіліне – Платон мен Аристотельге тоқталамыз.
Платон – б. з. б 427 -347 жылдарында өмір сүрді. Шын аты Аристокл. Жасында спортпен көп шұғылданды, жоғары көрсеткіштерге де жетті. Платонның 200 -дей еңбектері бар. Олардың ішінде біздің ғылымға тікелей қатысы бар шығармалары “ Мемлекет” , “ Саясатшы” , “ Заңдар” , “ Софист” , “ Парменид” және т. б. Платонның ойынша, адамдар қажеттіліктерін жеке – дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндірулері, үй салулары және т. т жасаулары керек.
Олардың бәрі бірігіп қана қажеттіліктерін өтей алады. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемдекет пайда болады. Мемлекет адамдарды алаламай, байына да, кедейіне де, азына да, көбіне де қарамай – бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек. Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы кикілжіңдерді, дау – жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады. Соған орай әкімдер мен жауынгерлерде жеке меншік пен отбасы болмауын қалады.
Ертедегі гректердің саяси ой – пікірлерін одан әрі дамытып, фәлсафасын шыңына жеткізген ұлы ойшыл Аристотель(б. з. б. 384 -322 ж. ж. ) болды. Саясаттануға қатысты “ “ Саясат” , “ Афиналық полития” , “ Этика” , “ “ Риторика” деген еңбектері бар. Аристотель саясатқа кең мағына берген. Аристотельдің ойынша, мемлекет – қауымның дамыған түрі, ал қауым – отбасының дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді.
Аристотель — әкім қаншалықты жақсы болғанымен сезімге, ашу – ызаға берілмей қоймайды, ал заң болса байсалдылығын, парасаттылығын жоймайды. Платон айтқан қоғамдық меншікке қарсы шығып жеке меншікті қолдады. Ол аса байып немесе шектен кедейленіп кетуін құптамады.
Орта ғасыр мен қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар Орта ғасырлардағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік – католиктік шіркеудің, папалықтың және ақсүйек феодалдардың арасында қоғамдағы басқарушы рөл үшін қиян – кескі болып тұрды. Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин( 354– 430 ) еді. Оның саяси көзқарастары “ Құдай қаласы туралы” деген еңбегінде баяндалады.
Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский ( 1225 -1274) болды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке – дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді.
Оның саяси көзқарастары “ Билеушілердің басқаруы туралы” , “ “ Теологияның жиынтығы” деген еңбектерінде қаралды. Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсінуінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билік етуі тиіс.
Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли ( 1469 -1527) Оның атақты шығармалары “ Патша” , “ “ Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар” , “ Флоренцияның тарихы”. Макиавелли діни көзқарастарға қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Ол мемлекет деген атауды ғылымға бірінші болып енгізді.
Мемлекетті билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың қарым – қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады. Саясатшы әділдік пен адамгершілік емес, алға қойған саяси мақсат тұрғысынан қарады. Ол мақсатқа жету үшін амал, айланың қай түрін болса да қолдануға кеңес берді. Қаталдық өзіңе бағыныштылардың пайдасы үшін бір –ақ рет қолданылуы керек.
Жаңа замандағы саяси ой Бұл дәуірдің көрнекті қкілдерің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс ( 1588 -1697) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлекеті ұнатты.
Францияның ойшыл – ағартушысы Жан Жак Руссо ( 1712 -1778) ұсақ буржуазияның, шаруалардың мүдделерін қорғады. Ол еркіндік пен теңдікті ең жоғарғы игілік деп санады. Еркіндіктің кепілі теңдік, ал теңдік саясатта ғана емес, мүлікте де болуға тиіс. Руссо тікелей халық билігін ұсынды. Егер елдің жері үлкен болса, халықтың өкілдігін қолдануға болады.