
Сардор физиология.pptx
- Количество слайдов: 24
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қалыпты физиология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: “Секреция қызметі” Орындаған: Гуламов С. Ш. 206 топ ЖМФ Қабылдаған: Тишбек Г. А. Қарағанды 2012 ж
Жоспары: v Ішкі секреция бездері. v Гормондар. v Гипофиз. v Гуморальдық және жүйкелік-гуморальдық реттелу v Аралас бездер. v Ұйқыбез. v Жыныс бездері v Эндокриндік бездер физиологиясы v Қорытынды
Ішкі секреция бездері. Гормондар. Гипофиз. Эпифиз Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік мүшелер жүйесі (гр. «endon» - ішкі, «сrino» - бөлемін) биологиялық белсенді заттар бөлетін мүшелерге жатады. Ішкі секреция бездерінің жасушаларын ұсақ қантамырлар мен лимфа қылтамырлары торлайды. Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан, сұйыктық бірден қанға өтеді. Сондықтан мұндай бездерді ішкі секреция бездері деп атайды.
Ішкі секреция бездеріне жататындар: гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, тимус, эпифиз, бүйрек үсті бездері және т. б. Ұйқыбез бен жыныс бездері - аралас бездер. Олар әрі ішкі, әрі сыртқы секрециялық қызмет аткарады. Бұл бездерден бөлінетін заттар канға да және басқа мүшелерге де өтеді. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді.
Гормондар (гр. «һоrmae» - қоздырамын, козғалыска келтіремін) - ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялық белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі май тектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлінін, қан, лимфа, ұлпа сұйыктығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық - аралық дағы гипоталамус (гр. «һуро» - асты, төменгі жағы, «tаlаmое» - бөлме). Оны көру төмпешік асты бөлімі деп те атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар - нейрогор-явтт аталады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат
Гипофиз (гр. «һурорһуsіs» - өсінді) аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да салмағы 0, 5 -0, 6 г-ға жетеді. Гипофиз - безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7 -еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген.
Қызметі: 1) гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі. Өсу гормоны дененің, өсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді; 2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді; 3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді; 4) сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді; 5) бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді; 6) кандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды.
Эпифиз - пішіні домалақша без, салмағы 0, 2 г. Ол ортаңғы ми мен аралық мидың ортасында орналасқан. Одан мелатонин гормоны бөлінеді. Ол ағзадағы тәуліктік ырғаққа, басқа ішкі секреция бездерінің және қандағы калий мөлшеріне әсер етеді. [1]
Қалқанша без (glandula thyroidea, лат. glandula - без, гр. thyreos — қалқан) - шеткі ішкі секреция безі. Қалқанша без сырты дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Қапшықтан қалқанша без ішіне таралатын дәнекер ұлпалы перделіктер без паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелер көптеген көпіршіктерден ( фолликулдардан) тұрады. Фолликул қуысын құрамында күрделі протеин — тироглобулин болатын қоймалжың зат — коллоид толтырып тұрады. Фолликул қабырғасын екі түрлі клеткалар құрайды. Тироциттер және парафолликулалы немесе К-жасушалар. Тироциттер ұлпалардың дамуына, өсуіне, протеиндердің, көмірсулардың, майлардың, йодтың алмасуына әсер ететін, құрамында йод болатын тироксин және трийодтиронин гормондарын бөліп шығарады. Азық құрамында йод жетіспесе, онда жануарлар организмінде эндомиялық зоб ауруы өршиді. Парафолликулалы клеткалар қандағы кальцийдің мөлшерін азайтатын, құрамында йод болмайтын кальцитонин гормонын бөледі.
Адам мойнындағы қалқанша бездің орналасқан жерін көрсететін схема
Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Қалқанша без барлық омыртқалы жануарларда болатын ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірісі. Қалқанша без көмекейдің алдыңғы жағына орналаскан. Ересек адамдарда оның салмағы шамамен 30 -60 г, пішіні таға тәрізді, бірімен-бірі өзара байланысқан екі бөліктен тұрады. Қалқанша безде іші шырышты затқа толы қуыстар бар. Шырышты заттан тироксин гормоны бөлінеді, ал оның құрамында йод болады. 50 жастан әрі қарай калқанша бездің салмағы мен мөлшері кішірейеді. Жаңа туған баланың қалқанша безінің салмағы 1 -2 г.
Гуморальдық және жүйкелік-гуморальдық реттелу Аралас бездер сөл де, гормон да бөледі. Сөлді арнайы өзектері арқылы басқа жерде орналасқан мүшелерге, ал гормондарды тікелей қанға бөледі. Сондықтан бұл бездер әрі сыртқы, әрі ішкі секреция бездеріне жатады. Аралас бездерге ұйқыбез бен жыныс бездері жатады.
Ұйқыбездің құрылысы: ұйқыбез бозғылдау қызғылт түсті, ұзындығы 15 -22 см, құрсақ қуысының сол жағында асқазанның астына таман орналасады. Ұйқыбездің сыртқы секрециялық (экзокриндік) қызметі: өзінен бөлінетін ұйқыбез сөлі (панкреатин) өзекшесі арқылы тікелей ұлтабарға құйылады. Ішкі секрециялық (эндокриндік) қызметі: ұйқыбездің әр жерінде топтанып орналасқан ерекше жасушалар жиынтығына байланысты. Мұндай топтанып орналасқан жасушалар ұйқыбездің жалпы салмағының 2 -10%-ын құрайды. Жасушалар тобы әсіресе ұйқыбездің төменгі ұшында көбірек орналасқан. Адамның ұйқыбезінде мұндай жасушалар тобының саны 1 800 000 -ға жетеді, олардың өзегі болмайды. Жасушалар тобының диаметрі 100 мкм-ден 500 мкм-ге дейін, пішіндері домалақ, сопақша және т. б. Сәби және жас кезде ағзаның өсуіне әсер ететін инсулин гормоны, ал қартайғанда глюкагон гормоны көбірек бөлінеді. Ұйқыбездің экзокриндік қызметі асқорыту ферментін бөлу болса, эндокриндік қызметі инсулин, глюкагон гормондарын бөлумен байланысты.
Қызметі: инсулин ( латынша аралша, топ) - қарапайым нәруыз, қандағы глюкозаны реттейтін гормон. Инсулин гормонын Канада ғалымдары 1921 жылы жасанды жолмен бөліп алған. Инсулин жасушалардың жарғақшасы арқылы глюкозанын өтуін жылдамдатады және оның біраз бөлігін гликогенге айналдырады.
Жыныс бездерінің сыртқы секрециялық белгісі: ер адамдардың жыныс бездерінде жыныс жасушалары - сперматозоидтар, әйелдер-де жұмыртқа жасушасы түзіледі. ішкі секрециялық белгісі: жыныс бездерінде түзілген жыныс гормондары бірден қанға бөлінеді. Ер адамдардан бөлінетін жыныс гормондары - андрогендер (грекше - еркек), оның негізгісі - тестостерон. Әйелдердің жыныс гормондары экстрогендер деп аталады. Қызметі: ер адамдардың жыныс гормоны еркектерге тән белгілердің дамуына әсер етеді (дауыстың жуандауы, сақалмұрттың шығуы, бұлшықеттерінің даму ерекшеліктері және т. б. ). Андрогендер - бауыр, бүйрек, бұлшықеттегі нәруыздың түзілуін күшейтеді.
Орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Әйелдердің жыныс гормондары әйелдерге тән жыныс белгілерінің дамуын реттейді ( жіңішке дауыс, бетке сақал-мұрттың шықпауы; сүт бездері мен жатырдың дамуы, қаңқа сүйектерінің ерекшеліктері және т. б. ). Жыныс гормондары жетіспесе, сүйектің өсуі баяулап, дене өспейді, тек аяқ-қолдары тым ұзарып кетеді. Адам денесінде ішкі секрециялық бездерден басқа сыртқы секрециялық бездер де болады. Оларға жататындар: тер, жас, сілекей, сүт бездері мен бауыр және т. б. бездер. Бұл бездердің жасушаларында түзілген сұйықтық арнайы өзекшелер арқылы сыртқа шығарылады (тер, сілекей, сүт, өт және т. б. ). Ер адам ағзасында үнемі аз мөлшерде әйел гормондары, ал әйелдерде - еркек гормондары өндіріледі. Егер олардың арақатынасы бұзылса, еркек әйел пішінді бола бастайды, ал әйелге мұрт және сақал өсуі мүмкін. Ішкі секреция бездерінің біріне-бірінің әсері. Гуморальдық және жүйкелік- гуморальдық реттелу. Ішкі секреция бездері жұмысының бірімен-бірі өзара күрделі байланысы негізінен мына факторлармен анықталады: әрбір мүшенің жұмысына әр түрлі бездерден бөлінетін бірнеше гормондар бір мезгілде әсер етеді; бір бездің гормоны басқа бездің жұмысына әсерін тигізеді. Мысалы, гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормоны бүйрекүсті бездерінің қыртыс қабатының дамуына әсер етеді.
Эндокриндік бездер физиологиясы Эндокриндік бездердің (гректің endon – ішкі, сrіnео – бөлемін немесе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Эндокриндік бездер жүйесін орталық жүйке жүйесінен жоғары құрылым ретінде, ағзалар мен олардың жүйелерінің, соның ішінде орталық жүйке жүйесінің де негізгі реттеушісі ретінде қарастырған.
Гипоталамус – гипофиздік жүйе Гипоталамус-гипофиз жүйесінде сонғы жылдары нейрондарды реттейтін пептидтер тобы ашылды. Олар эндорфин, энкефалин, нейротензин, Р заты және басқа қосымша гормондық жүйелер. Қазіргі кезде гастро-интестиналды гормондар (ГИГ) – асқорыту жолының көп гормондар тобы зерттеліп жатыр.
Гипоталамустың түзетін заттары гормон емес, прогормон болып саналады. Гипофиздің артқы бөлімінде олар әбден жетіліп гормонға айналады, яғни гипофиздің артқы бөлімі мен гипоталамус біртұтас құрылымдық және әрекеттік құрылым болып саналады. Гипофиздің алдыңғы және ортаңғы бөлімдері гипоталамуспен қан тамырлары арқылы, яғни гуморалды жолмен байланысады. Виллизи шеңберінен тарайтын жоғарғы гипофиз артериясы алдымен ілмектер мен түйіндерден тұратын алғашқы капиллярлы торды түзеді.
Қолданылған әдебиеттер: 1. Х. Қ. Сәтбаева; 2. А. А. Өтепбергенов; 3. Google материалдары;
Назар аударғаныңғыз үшін рақмет
Сардор физиология.pptx